|
Тәрбиеші балаларға
интерактивті тақтаға назар аударуын
сұрайды.
Көктем туалы слайд
көрсетіледі.
Тәрбиеші балалардан қай
мезгілді тамашалағандарын
сұрайды.
-Балалар қазір қай
мезгіл?
Көктем
мезгілі.
-Көктем мезгілі неше айдан
тұрады?
-Үш айдан
тұрады.
Балалар көктем айларының
атауын атайықшы?
-Наурыз,сәуір,мамыр.
-Көктем мезгілінде қандай
өзгерістер болады?
-Күн жылынады,құстар қайта
оралады,адамдар жеңіл киінеді, ағаштар бүршік атады, жәндіктер жер
бетіне шығады т.б
Жарайсыңдар, балалар, міне
көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен. Ал
көктемнің осы айы нешінші
айы?
Екінші айы
- Осы ай қалай деп
аталады?
Сәуір айы
- Иә, бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар. Ол - ғарышкерлер
мерекесі.
Балалар бүгінгі біздің оқу
іс-әрекетіміз Ғарышкерлер,ғарыш әлемі туралы
болмақ.
Ғажайып сәт:Балалар бізге
ғаламтордан хат келді.Бұл хатты ғаламтор арқылы Балапан
телеарнасынан Али мен Ая жіберген екен. Слайд
көрсетіледі.
Балалар Али мен Аяның
тапсырмасын орындауға
дайынсыңдарма?
1-тапсырма .Ғарышкер дегеніміз
кімдер балалар?
Слайд
көрсетіледі
- Ғарышкер аспан әлеміне
ұшатын адамдар.
Иә, ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан
әлеміне ұшатын адамдар.Аспан әлемінде де
,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламшарында өмір
сүреміз.
2-тапсырма
-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін
білесіңдер?
- Ұшақ,зымыран, ғарыш
кемесі.
-Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен
ұшады екен.Оны ғарыш кемесі деп атаймыз.Олар ғарышқа ұшып
барып,аспан әлемін
зерттейді.
3-тапсырма.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Олар
кімдер?
Мына суретте өзіміздің қазақ
ғарышкерлері-Т.Әубәкіров және Т.Мусабаев деген ағаларымыз.Бұл
кісілер еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық
қаһармандары. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы.Ғарышкерлердің бәрі осы
жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің
Қазақстанда,оның ішінде Қызылорда облысында орналасқан.Мына суретте
ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы скафандр киген.Ғарышта ауа
жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге
болады Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар
бар.
Ойын «Бұл
не?» дидактикалық ойын. Үлестірмелі
материалдармен
4-тапсырма .Аспан әлемінде
жұлдыздардан басқа нелер
бар?
Жарайсыңдар балалар, ендеше
аспан әлемі суреттерін
саламыз.
Бастырма әдісі бойынша
суреттер саламыз,ол үшін алдымен мен сендерге көкөністер
бастырмасынан пішіндер дайындап келдім.Ал күннің суретін
саусақтарыңды сары түсті бояуға батырып
салады.
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын
қадағалайды,балаларға жеке бағыт -бағдар
береді.
Тәрбиеші жұмыс соңында
балалардың еңбегін
мадақтайды.
Сергіту
сәті
-Аспан, аспан, арайлым Саған
жиі қараймын. Сені көзбен шоламын Мен ғарышкер боламын. Таудай биік
талабым, Мен бармақтай баламын, Көктің жүзін барлайтын, Үлкен ғалым
боламын!
|