жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Ғарыш әлемінде"
"Ғарышқа саяхат"
Жарияланды 24-04-2012, 09:54 Категориясы: Бала-бақша
Айналамен таныстыру
« ҒАРЫШҚА САЯХАТ»
Мақсаты: білімділік:
Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін
мерекелерді
естеріне түсіре отырып әңгімелету.Ғарыш,ғарышкер туралы
түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Сөздік қорларын
байыту.
Дамытушылық:
Есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін,зейіндерін,көріп тану
қабілеттерін дамыту
дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын шарықтату.
Тәрбиелік:
Табиғат сұлулығын сезінуге,оны
қорғауға,батылдыққа,адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:
Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау, көңіл-күйді көтеру,сурет бойынша
әңгіме,ойша саяхат,ойын.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,құрастыру
Көрнекіліктері:
Көктемгі табиғат құбылыстарының атрибуттары,геометриялық
пішіндер,
суреттер және интерактивті тақта
Сөздік қоры:
Ғарыш,ғарышкер,ғалам.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай
тақпақтар жаттату.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Амандасу:
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар,балалар.
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз.
Қайырлы таң!
Жора-жолдас,ұл мен қыз.
Ой туғызу: Балалар бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып
кетіпсіңдер.Сендер «мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
( Балалардың жауабы)
Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?
- Наурыз айы
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы наурыз айында біз қандай
мерекелерді тойладық?
( Балалардың жауабы )
- Балалар,кәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре
отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады?
- Иә,көрсетейік.Балалар бетперделерін киіп әрқайсысы өз орындарына
жайғасады.
Әуен орындалып,күн күркірейді.Бұлт бейнесіндегі балалар шығады:
Бұлттар:
Жер анаға көмегім
Жаңбыр болып төгемін,
Төмендеймін,көлбеймін
Бөгелмеймін,өрлеймін.
Тамшылар:
Бұлттар, бұлттар ойнашы,
Күркіреп,дүркіреп
Бұлттар, бұлттар ойнашы,
Сіркіреп,дүркіреп.
Бұлттар:
Нөсер, нөсер төк-төк
Болсын егін көп-көп.
Сулар:
Сылдыр, сылдыр,сылдырлап,
Су ағады сыңғырлап.
Бау - бақшаны аралап.
Су ағады жағалап.
Тамшылар кетіп,бұлттың арасынан Күн шығады:
Құшағын ашып шуақты
Күнмін алтын сияқты.
Кемпірқосақ:
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл,жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Құстар:
Көкке қанат қағамыз,
Көктем әнін саламыз.
Гүлдер:
Бәйшешекпіз құлпырған
Көрік берер далаға
Күй ойналып,наурыз мерекесінде жүргендей қимыл жасайды.
Жарайсыңдар, балалар, міне көктем мезгілі өзінің осындай керемет
ерекшеліктерімен
қуантады екен.
- Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
- Екінші айы.
- Осы ай қалай деп аталады?
- Сәуір айы деп аталады.
- Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар.Ол – ғарышкерлер
мерекесі.
Қандай мереке?
- Ғарышкерлер мерекесі.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір
сүреміз
Қандай ғаламда өмір сүреміз?
- Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Ұшақ,тікұшақ,зымыран.
- Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш
кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін
зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.
Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу.
Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген
кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ
ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген
ағаларымыз.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық
қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен
азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ
жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады,балалар?
- Күн,ай,бұлттар болады.
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар
аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен.Мынау Байқоңыр ғарыш
айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр
ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда
облысында орналасқан.
Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр
киген.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай
арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой.Қане
есімізге түсірейікші,кім айтады Балалардың тақпақтары.
Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын
Ғарыш сондай алыс па?
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның
Батыр болам -
Көк аспанда сүйемін.
Жұлдыздарға барып - келіп жүремін.
Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
Иә,ұшқымыз келеді.
Ендеше,мына зымыранға қарайықшы.Дене бөлшектері қандай геометриялық
пішіндерге ұқсайды?
Төртбұрышқа,шаршыға,үшбұрышқа,дөңгелекке.
Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?
Ендеше,мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар.Соларды мына
тақтадағы суретке қарап тұрып,құрастырайық.
Балалардың ұжымдық жұмысы.
Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды.
Енді қиялымызға ерік беріп,
бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.
Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей.Қонуға
дайындаламыз.3,2,1.Қондық.
Балалар,біз «таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз.Міне
қараңдаршы,
бұл ғаламның суы да,талдары да біртүрлі екен,ия. Мынау не?
Құстың ұясы.
Иә, ол төменде жатыр.Ал көбелектері қайда ұшып жүр?
Суда ұшып жүр.
Иә,бұл ғаламда бәрі керісінше екен.Қане бұларды өзіміздің
жеріміздегідей әр нәрсені өз орнына орналастырайық.
«Өз орнын тап» ойыны:
Жарайсыңдар, балалар.Қане ұшуды жалғастырайық.
Міне,біз тағы бір ғаламға жақындап қалдық.Қане қонамыз.
Мынау кім, балалар?
Робот
Иә,біздер онда роботтар ғаламына келген екенбіз. Қане
сәлемдесейік.
Робот: Са-ла-мат-сың-дар ма, ба-ла-лар,сен-дер қай ға-лам-нан
кел-дің-дер?
Балалар: Жер ғаламынан келдік.
Робот: Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?
Балалар: Қазақ жері деп аталады
Робот: Иә, сен-дер-дің ға-лам-да-рың-нан кел-ген а-дам-дар, о-сы
жер-де зерт-теу жұ-мыс-та-рын жүр-гізеді.Мен де осы жер-де жұ-мыс
іс-тей-мін. Ма-ған та-мақ-тың, су-дың, ауа-ның еш қажеті жоқ.
Сон-дық-тан мен осы жер-де үне-мі жүремін. Ал,ба-ла-лар ме-нің әлі
жұ-мысым көп, сау бо-лың-дар. Робот кетеді.
Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз болған сияқты.Осында
көргенімізді жердегі достарымызға,апайларымызға айтып
берейік.Қане,ұшуға
дайындалайық. 3,2,1.Ұштық.
Рефлексия: - Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Кімдер туралы білдік?
Сендерге не ұнады?
Балалардың жауаптарын тыңдап,қорытындылау.
Жоба: «Әжеге қонаққа»
Түрі: (Қысқа мерзімді)
Қатысушылары: “Балапан” 2 сәбилер тобы,
тәрбиешілер, ата - аналар.
Мақсаты: Берілген қасиеттері бар
тұлғаны тәрбиелеу. Білімді, шеберлікті, дағдылануды
меңгерту.
Міндеттері: Балаларды ұлттық мәдениетке
қатынастыру. Ұлттық сюжетке әуестендіру. Ұлттық мәдениетке
қызығушылықтарын білдіруге тәрбиелеу.
Балалардың ойын тәжірибесін байыту. Балалардың
өзара байланысты ойын міндеттерін орындалатындай, ойын жағдайларын
жасау.
Ересектер және құрдастарымен оң қарым қатынаста машықтануына
тәрбиелеу. Балалардың жас шамасына қарай сюжеттік – рөлдік ойындар
элементтерімен мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту.
Өзектілігі:
Баланың жеке сапасы әрқайсы кезеңде жетекші болып
табылатын қоршаған адамдармен өзара қарым қатынас ерекшелігін, оның
қызығушылығын белгілейді, белсенділік әрекетшілдігін
қалыптастырады. Мектепке дейінгі жаста мұндай жетекші әрекетшілдік
ойын болып табылады. Ойын арқылы бала ересектер өміріне кіреді,
рухани құндылығын меңгереді, әлеуметтік тәжірибе жинайды. Бала
ойыннан алғашқы ұжымдық ойлау сабағын алады деп түсінуге
болады
Жоба кезеңдері:
I. Даярлық кезеңі:
Әңгімелесу.
Суреттерді қарау
Ұлттық киімдер, ыдыс - аяқтар және салт - дәстүрлермен
таныстыру.
Киіз үйді безендіру.
Муляждарды жасау қазы, бауырсақ, құрт, ірімшік.
Киіз үй көркі
Қазақтың ұлттық киімдері
Өр Алтайға барғанда.
Көл жағасы тамаша!
II - Негізгі
Ойын орнын ұйымдастыру.
Ойын жағдайлары: «Қонаққа даярлық», «Әжеге сыйлықтар даярлау»,
«Көлік таңдап, жолға шығамыз».
Жолға дайындық
Ал, жүрелік!
Әжеме сағынып келгенде.
Әжеге сыйлықтар.
Үй жануарларын тамашалау
Дастарқан жасайық.
Әжеме қолқанат етейік.
Малдарды жайылымға шығарайық
Әженің көмекшілері
Әжемнің қою қоңыр шайын – ай!
III - қортынды
«Сыйлық тарату», «Қоштасу»
Рахмет, балалар, менің ауылыма келіп мені қуанттыңдар, мен де
сендерді құр қол кетпесін деп сыйлықтар бергім келіп тұр.
Әже біздің кететін уақытымызда болып қалды, сау болыңыз.
Сыйлықтар таратылуда.
Әжеме естелікке фотосурет.
Әже қоңырау шалды.
Әже: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қалдарың қалай,
амансыңдар ма балапандарым. Маған ауылға қонаққа келіндер. Мен
сендерді қатты сағындым.
Тәрбиеші: - Балалар, біз әжеге сыйлыққа не алып
барамыз?
Балалар: -
Әжемізге сыйлыққа ұялы телефон, білезік алайық. Сәлемдемеге қант,
шай, жемістер алуға болады.
Тәрбиеші: - Балалар, әжеге ауылға бару үшін қандай көлікті
таңдасақ екен?
Балалар: - Ауылға автобуспен барайық.
Тәрбиеші: -
Автобусқа кіргенде біз не алуымыз керек?
Балалар: - Ақша төлеп билет аламыз.
Тәрбиеші: -
Кім жүргізуші болады? Кім билет сатушы болады?
Міне біз әндетіп, ауылға да жетіп қалдық. Енді түсейік.
Ауылдың ауасы қандай таза, терең тыныс алып дем алайық. Құстардың
сайраған дауысы қандай тамаша. Суы қандай тұнық. Жасыл шөптер
жайқалып, гүлдер құлпырып кетіпті ғой.
Тәрбиеші: -
Балалар, табиғат туралы кім тақпақ біледі?
Бала: Табиғат ана құшағын аялаймыз,
Қорғау үшін күш жігер аямаймыз,
Ол болмаса сен жоқсын осыны ұқ.
Адамзат! Табиғатты аялайық!
Алдарынан Әже шығады.
Балалар: -
Әже сәлеметсіз бе? Қалыңыз қалай? Біз автобуспен
келдік.
Әже: -
Сәлеметсіңдер ме, балаларым маған қонаққа келіп қалыпсыңдар, жоғары
шығындар. Сендерге арнап айран ұйытып, құрт жасап қойып едім.
Мұндағы қымыз, шұбаттан ауыз тиіндер.
Балалар: -
Әжетай біз сізге көп сыйлықтар алып келдік. Сізге сыйлықтар ұнайды
деп ойлаймыз.
- Міне, сізге телефон алып келдік, бізбен ылғи хабарласып
жүресіз.
- Әже, біз көп тақпақтар білеміз. Сізге айтып берейік,
тыңдаңыз.
Әжем менің әліде, Бөбегіңнің тілегін
Ұқсамайды кәріге Қабыл алшы, әжетай.
Шай қайнатып береді Ұзақ өмір, жүз жасап,
Қажет болған кісіге. Жүрші әже қамықпай.
Әже: -
Рахмет балапандарым. Мен сендерге шай қайнатайын, бауырсақ
пісірейін.
Балалар: - Әже
малдың бәрі өріске жайылып кеткен бе?
Әже: -
Иә, балаларым мына жақын маңда қозылар, бұзаулар қалып еді, оларға
су құйып, жем салу керек.
Балалар:-
Әже сіз шаршаған боларсыз, біз сізге көмектесеміз. Біз балабақшада
үй жануарлары туралы тақпақтар жаттадық.
Ауылдың қойы бар, Ешкі қойды бастаған,
Қойы бардың тоны бар. Қойды артына тастаған.
Сауса тәтті сүті бар, Ешкі деген жануар,
Сойса дәмді еті бар. Сауса сүті бұлақтай.
Шөре - шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағын.
Әже: -
Рахмет, қандай жақсы тақпақтар айттыңдар.
Қыздар дастарқан әзірлейді, ұлдар малдарға жем береді, су құяды,
қораға қамап береді.
Балалар әженің дәмді шайын ішіп, жаттаған әндерін айтып
береді.
Ән «Әжетай»
Әже балаларға дайындаған сыйлықтарын таратады.
Балалар:- Әже, біздің қайтатын уақытымыз болды. Айран,
шайыңыз өте дәмді екен. Рахмет сізге, енді сіз қонаққа келіңіз. Сау
болыңыз!
Әже: -
Сендерге рахмет, сендер болмасаңдар қайтер едім. Тағы ауылға келіп
тұрындар. Бәріне сәлем айтыңдар.
Балалар автобусқа отырып қалаға қайтады.
Ғажайып
ғарыш
Мақсаты: Балаларға Ғарыш және
ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту.
Сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, зымыран
суреті, үн таспа.
Әдіс -
тәсілдер: Жұмбақ шешу, тақпақтар, ойын,
сұрақтар.
Жүру
барысы: Шаттық
шеңбер:
Сәлем саған жер анам,
Сәлем саған алтын күн.
Сәлеметсіздер ме апайлар,
Сіздерді көргеніме қуанам.
Тәрбиеші: Балалар кім айтады қазір
жылдың қай мезгілі?
Ал көктемнің қай айы?
Сәуір айында қандай мерекелер бар?
Бүгін балалар ғарышкерлердің мерекесі, он екінші сәуір ғарышкерлер
күні, биыл ғарышқа ұшқан күнге 53 жыл болды. Бүкіл халық бүгін
мерекені тойлап жатыр. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым
келіп тұр.
Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын.
\ғарышкер\
Олай болса балалар ғарышқа ұшатын адамды кім
дейміз?
Балалар ғарышқа не үшін ұшады?
Иә, аспан әлемін, планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін
ұшады.
Слайд: аспан әлемі
Ең бірінші болып ғарышқа кім ұшты:
Юри Гагарин (слайд)
Ал қазақ жерлерінен кімдер ұшты?
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев (слайд).
Ал балалар ғарышқа не арқылы ұшады?
Зымыран қалай ұшады? (слайд )
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран
ішінен шығады ма?
Иә шығады, өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі
планетанызерттеп ашық аспанда жүреді.
Слайд ғарыштағы сурет.
Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр
деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын
киім.
Балалар ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады,
не жейді, от жағып пісіре ме?
Жоқ оларға әдейі арналған зымыранмен тамақ әкелінеді, тамақ оларға
жабық түрде, езілген түрде, тіс пастасының қорабы сияқты қорапта
беріледі, шай, суда солай әкелінеді, соны сығып жейді. Балалар
сендер ғарышкер болғыларың келеме?
Б. ж.
Білесіңдер ме ғарышкер болу үшін ең алдымен
шынығу керек дейді, енді бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап
алайық.
Әуен арқылы жаттығу жасату.
Ал, екіншіден өте білімді болу керек екен, мен сендердің
білімдеріңді тексеремін, ол үшін мынадай ойын
ойнаймыз.
Ойын: «Зымыранды
құрастыр»
Мына жерде бөліктер бар оны құрастырып шығару
үшін бірнеше сұрақтарға жауап беруіміз керек, әр бөліктің артында
сұрақтар берілген.
1. Ғарышкер сөзіне сөйлем құрастыр.
2. Зымыран сөзін буынға бөл.
3. А
4. Апта күндерін ата.
5. Бір жылда неше ай бар?
Мінекей зымыран құрастырдық, зымыран дайын, денеміз шынықты,
білімімізді тексердік, ал енді ғарышқа ұшамыз, дайынбыз ба?
Ендеше скафандрды үстімізге киейік, зымыранға отырайық (қолмен
қозғалыс көрсетеді), балалар жоғарыға ұшу үшін сиқырлы сөз айту
керек көзді жұмып.
Бір, екі, үш
Ғарышқа тез ұш.
Слайд аспан әлемі.
Көзімізді ашайық, мінекей балалар біз аспандамыз, енді ән
шырқайық.
Ән: «Мен ғарышкер
боламын»
Балалар қараңдаршы жұлдыздар қандай көп, әр түрлі планеталар бар,
білесіңдер ме аспаннан жерге қарағанда жеріміз доп сияқты дөңгелек,
біз сол дөңгелек жерде тұрамыз.
Енді балалар жерге оралайық, ол үшін сиқырлы сөзімізді айтып, көзді
жұму керек.
Міне біз жердеміз, осылай ғарышқа ұшады екен.
Қорытынды:
Балалар сонда ғарышқа қай күні ұшқан?
Кімдер ұшты?
Балаларымыздың ғарышкер ағаларына арналған тақпақтары
бар.
Тақпақтар
Балалар сендерге көп рахмет, бүгінгі сабағымыз
аяқталды барлығыңда өте жақсы қатыстыңдар, енді апайларға сау бол
айтайық.
Ғарыш
Тіл дамыту сабағы
Тақырыбы: «Ғарыш»
Мақсаты:
Ғарыш әлемі туралы түсініктерін жетілдіру. Ғарыш
әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру.
Ғарышкерлерге деген қызығушылықтарын
қалыптастыру;
Қажетті құралдар:
Сюжетті суреттер, тараптпа материал, түрлі -
түсті картон, желім, ақ парақ, үлгілер,
зымырандар.
Өту барысы:
Жылулық шеңбер.
-
Сәлем, саған күн!
- Сәлем, саған күн шуағы!
- Сәлем, достар! Сәлем достар!
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар жартылай шеңбер жасап тәрбиешінің қасында
тұрады.
- Балалар, бізге хат келді. сонымен ғарышқа тұрғындары бізден көмек
сұрайды. Ғарышқа ұшу үшін бізге жұмбақ шешу
керек.
Жұмбақ
Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
- Балалар, сонымен ғарышқа немен ұшамыз? Сендерде белгілер бар,
қызыл белгілер бар, қызыл белгілер бар балалар қызыл зымыранға ал
көк белгілері бар көк зымыранға отырады.
Көзімізді жұмамыз 5 - тен 1 - ге дейін санаймыз:
5, 4, 3, 2, 1 – ұштық.
Қызыл зымыран Марс планетасына қонады, мұнда тұрғындардың ұшақтары
жарамай қалды. Біз оларда зымыран жасауға үйретеміз. Үлгілерге
қарап зымыранды жасаймыз.
Көк зымыран Юпитер планетасына қонады. Зұлымдар планета тұрғындарын
мұзға айналдырды, көмек көрсету үшін тапсырмалар орындау керек.
Сұрақтарға жауап бер.
- Балалар, сендер зымыран көрдіңдер ме?
- Зымыран қайда ұшады? /Ғарышқа/
- Зымыранмен ұшатын адам қалай аталады? /Ғарышкер/
- Балалар қалай ойлайсыңдар, ғарышқа кез келген адам ұша ала ма?
Неліктен? /Ғарышқа кез келген адам ұша алмайды, ол үшін денсаулығы
мықты, ақылды, арнайы білімі бар адам болу керек/
- Ғарышкерлер киетін арнайы киім бар ма? Ол қалай аталады?
- Ғарышкерлерге скафандр не үшін қажет? /Ғарышта дем алатын ауа
жоқ, көлеңке жоқ, суық, күн тұрған жақ өте ыстық болады сондықтан
осыдан сақталу үшін, ғарышкерлер скафандр киеді/.
Дұрыс жауабын тап, дөңгелекті боя.
Қазақстанның бірінші ғарышкері кім?
Юрий Гагарин □
Тоқтар Әубәкіров □
Талғат Мұсабаев □
Тоқтар Әубәкіров туралы не білесің?
Ғарышкердің арнайы киімін боя.
Сергіту сәті:
Музыка әуенімен қимылдар жасау. /Балалар ғарышта
кездеседі, роботпенбірге қимылдар жасайды/.
- Балалар, енді қызыл зымыран Юпитерге ұшып барады, ал көк зымыран
Марсқа көмекке ұшады.
- Балалар планета тұрғындары сендерге рахмет айтады, сендерге
арнайы сыйлықтар бар.
- Зымырандарымызға отырамыз:
5, 4, 3, 2, 1
Байқоңыр - ғарыш айлағы
Сабақтың
тақырыбы: Байқоңыр – ғарыш айлағы.
Сабақтың
мақсаты: Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Ғарыш айлағы
– Байқоңыр туралы білім беру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын
қалыптастыру.
Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Байқоңырдың, ғарышкерлердің, зымыранның
суреттері, слайд.
Сабақтың
жүрісі:
Тәрбиеші:
- Балалар, біздің тұратын жеріміз – Жер планетасы деп аталады.
Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл – аспан әлемі - ғарыш. Біз
өзіміздің Жер планетасында тату - тәтті өмір сүреміз. Қане, бәріміз
Жермен, Күнмен, достарымызбен амандасайықшы.
Амансың ба, алтын Күн!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
- Көліктердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Жер көлігі (машиналар, велосипед, мотоцикл), су көлігі (кеме,
қайық), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, зымыран).
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ерте заманнан адамдар әуеде құс сияқты
ұшуды армандаған, сондықтан аспанға көтерілудің түрлі жолдарын
ойластырған. Ең алдымен, әуе шарлары пайда болды. Келе - келе ұшақ,
тікұшақ пайда болды. Ұшақтар адам тасымалдауға арналған. Ал
тікұшақтармен ауыр жүктерді тасиды.
- Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Дұрыс шешуге тырысайық:
Аспанда бір алып құс,
Ызғып ұшып барады.
Қарап тұрсаң ғажайып,
Соңында із қалады.
(Зымыран)
- Аспанда нелер болады, балалар?
- Күн, ай, бұлттар болады.
- Дұрыс айтасыңдар, ал зымыран бізге не үшін қажет? Зымыранмен
кімдер ұшады? Зымырандар ұшатын орынды не деп атаймыз? (Балалардың
жауаптары тыңдалады).
- Зымыранмен ғарышкерлер ұшады. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан
әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен
танысамыз. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атаймыз.
Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан.
Байқоңыр ғарыш айлағы - Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің
Қызылорда облысында орналасқан. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден
ғарышқа ұшады. Ең алғаш 1961 жылы 12 сәуірде ғарышқа ұшқан Ресей
азаматы Ю.
А. Гагарин болды. Ю. А. Гагариннен бұрын екі ит – Белка және
Стрелка ұшырылған.
- Ал, Қазақстаннан ең алғаш ғарышқа ұшқан кімдерді білесіңдер?
Қазақстаннан алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер
– Тоқтар
Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев. Олар ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары. Олар - ержүрек, батыр,
халық қаһармандары. Осы кісілер сияқты батыл, ержүрек болу үшін,
білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ғарышкерлер ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп,
арнайы білім алады. Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жақта
қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады. Сондықтан
осылардан сақтану үшін ғарышкерлер «скафандр» деп аталатын арнайы
киім киеді. Скафандрдың арқасында ауа толтырылған баллоны, жермен
және өзара байланысқа арналған байланыс құралдары болады
(бейнефильм көрсету).
Сөздік
жұмысы:
Айлақ – ғарышқа ұшуға арналған қолайлы
алаң.
Ғарыш – аспан әлемі.
Сергіту сәті: Аспан, аспан, арайлым,
Саған жиі қараймын.
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын.
Әліппе - дәптермен
жұмыс
- Балалар, сендер ғарыш, аспан әлемі туралы білдіңдер. Қалай
ойлайсыңдар, ғарышқа қандай көлікпен барамыз екен? Ұшақпен бе,
тікұшақпен бе әлде зымыранмен бе?
- Ғарышқа зымыранмен барамыз.
- Ендеше, ойланып, қиялдарыңдағы зымыранның суретін дәптер бетіне
салып көріңдер. Ол үшін алдымен аспан әлемі, ғарыш жайлы бір сәт
көз алдымызға елестетіп көрейік (жағымды әуен ойналып
тұрады).
Сабақты
қорытындылау.
Дидактикалық ойын: «Ғарышқа
ұшу». Ойынның шарты: Балалар зымыранмен ғарышқа ұшып,
жұлдыздың тапсырмасын орындап, сұрақтарға жауап береді:
- Аспан денелеріне нелер жатады?
- Ғарышқа ұшқан ғарышкерлерді ата.
- Скафандр деген не?
- Ғарышқа қандай көлікпен ұшады?
- Ғарышкер, ғарыш, Байқоңыр туралы туралы қандай тақпақ
білесің?
- Міне көрдіңдер ме, балалар, сендер білімді, ақылды екендеріңді
көрсетіп, сұрақтарға өте жақсы жауап беріп, жұмбақ шешіп, суретті
жақсы салып, сабаққа жақсы қатыстыңдар!
Жарайсыңдар!
« ҒАРЫШҚА САЯХАТ»
Айналамен
таныстыру
"Ғарышқа
саяхат"
Мақсаты:
білімділік:
Көктем туралы білімдерін
толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді
естеріне түсіре отырып әңгімелету.Ғарыш,ғарышкер туралы
түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Сөздік қорларын
байыту.
Дамытушылық:
Есте сақтау
қабілеттерін,ой-өрістерін,зейіндерін,көріп тану қабілеттерін
дамыту
дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын
шарықтату.
Тәрбиелік:
Табиғат сұлулығын сезінуге,оны
қорғауға,батылдыққа,адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:
Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой
қозғау, көңіл-күйді көтеру,сурет бойынша әңгіме,ойша
саяхат,ойын.
Пәнаралық
байланыс: Тіл
дамыту,құрастыру
Көрнекіліктері:
Көктемгі табиғат
құбылыстарының атрибуттары,геометриялық пішіндер,
суреттер және интерактивті тақта
Сөздік
қоры:
Ғарыш,ғарышкер,ғалам.
Алдын-ала жүргізілген
жұмыс: Балаларға ғарышкерлер
мерекесіне орай тақпақтар жаттату.
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің барысы:
Амандасу:
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!
Достасқан бар,балалар.
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз.
Қайырлы таң!
Жора-жолдас,ұл мен қыз.
Ой туғызу:
Балалар бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып
кетіпсіңдер.Сендер «мереке» деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
( Балалардың жауабы)
Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын
еді?
- Наурыз айы
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы наурыз айында біз қандай
мерекелерді тойладық?
( Балалардың жауабы )
- Балалар,кәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін
есімізге түсіре отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады?
- Иә,көрсетейік.Балалар бетперделерін киіп әрқайсысы өз орындарына
жайғасады.
Әуен орындалып,күн күркірейді.Бұлт бейнесіндегі балалар
шығады:
Бұлттар:
Жер
анаға көмегім
Жаңбыр болып төгемін,
Төмендеймін,көлбеймін
Бөгелмеймін,өрлеймін.
Тамшылар:
Бұлттар, бұлттар ойнашы,
Күркіреп,дүркіреп
Бұлттар, бұлттар ойнашы,
Сіркіреп,дүркіреп.
Бұлттар:
Нөсер, нөсер төк-төк
Болсын егін көп-көп.
Сулар:
Сылдыр, сылдыр,сылдырлап,
Су ағады сыңғырлап.
Бау - бақшаны аралап.
Су ағады жағалап.
Тамшылар кетіп,бұлттың арасынан Күн шығады:
Құшағын ашып шуақты
Күнмін алтын сияқты.
Кемпірқосақ:
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл,жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Құстар:
Көкке қанат қағамыз,
Көктем әнін саламыз.
Гүлдер:
Бәйшешекпіз құлпырған
Көрік берер далаға
Күй ойналып,наурыз мерекесінде жүргендей қимыл жасайды.
Жарайсыңдар, балалар, міне көктем мезгілі өзінің осындай керемет
ерекшеліктерімен
қуантады екен.
- Ал көктемнің осы айы нешінші айы?
- Екінші айы.
- Осы ай қалай деп аталады?
- Сәуір айы деп аталады.
- Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар.Ол – ғарышкерлер
мерекесі.
Қандай мереке?
- Ғарышкерлер мерекесі.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір
сүреміз
Қандай ғаламда өмір сүреміз?
- Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Ұшақ,тікұшақ,зымыран.
- Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш
кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін
зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз.
Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу.
Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген
кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан
кезі.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ
ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген
ағаларымыз.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық
қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен
азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ
жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады,балалар?
- Күн,ай,бұлттар болады.
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар
аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен.Мынау Байқоңыр ғарыш
айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр
ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда
облысында орналасқан.
Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр
киген.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай
арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой.Қане
есімізге түсірейікші,кім айтады .
Балалардың
тақпақтары.
Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын
Ғарыш сондай алыс па?
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның
Батыр болам -
Көк аспанда сүйемін.
Жұлдыздарға барып - келіп жүремін.
Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
Иә,ұшқымыз келеді.
Ендеше,мына зымыранға қарайықшы.Дене бөлшектері қандай геометриялық
пішіндерге ұқсайды?
Төртбұрышқа,шаршыға,үшбұрышқа,дөңгелекке.
Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?
Ендеше,мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар.Соларды мына
тақтадағы суретке қарап тұрып,құрастырайық.
Балалардың ұжымдық жұмысы.
Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды.
Енді қиялымызға ерік беріп,
бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.
Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам
көрінгендей.Қонуға
дайындаламыз.3,2,1.Қондық.
Балалар,біз «таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз.Міне
қараңдаршы,
бұл ғаламның суы да,талдары да біртүрлі екен,ия. Мынау не?
Құстың ұясы.
Иә, ол төменде жатыр.Ал көбелектері қайда ұшып жүр?
Суда ұшып жүр.
Иә,бұл ғаламда бәрі керісінше екен.Қане бұларды өзіміздің
жеріміздегідей әр нәрсені өз орнына
орналастырайық.
«Өз орнын тап» ойыны:
Жарайсыңдар, балалар.Қане ұшуды
жалғастырайық.
Міне,біз тағы бір ғаламға жақындап қалдық.Қане қонамыз.
Мынау кім, балалар?
Робот
Иә,біздер онда роботтар ғаламына келген екенбіз.
Қане сәлемдесейік.
Робот: Са-ла-мат-сың-дар ма, ба-ла-лар,сен-дер қай
ға-лам-нан кел-дің-дер?
Балалар: Жер
ғаламынан келдік.
Робот:
Сен-дер-дің жер-ле-рің қа-лай деп а-та-ла-ды?
Балалар: Қазақ жері деп аталады
Робот: Иә,
сен-дер-дің ға-лам-да-рың-нан кел-ген а-дам-дар, о-сы жер-де
зерт-теу жұ-мыс-та-рын жүр-гізеді.Мен де осы жер-де жұ-мыс
іс-тей-мін. Ма-ған та-мақ-тың, су-дың, ауа-ның еш қажеті жоқ.
Сон-дық-тан мен осы жер-де үне-мі жүремін. Ал,ба-ла-лар ме-нің әлі
жұ-мысым көп, сау бо-лың-дар. Робот кетеді.
Балалар, біздің де қайтатын уақытымыз болған сияқты.Осында
көргенімізді жердегі достарымызға,апайларымызға айтып
берейік.Қане,ұшуға
дайындалайық. 3,2,1.Ұштық.
Рефлексия: -
Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Кімдер туралы білдік?
Сендерге не ұнады?
Балалардың жауаптарын тыңдап,қорытындылау.
Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын
Ғарыш сондай алыс па?
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның
Батыр болам -
Көк аспанда сүйемін.
Жұлдыздарға барып
- келіп
жүремін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген