Сабақтын
мақсаты:
|
Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы
жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; Отанды
сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды
өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі
тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа
түсетін ел жанды, ел азаматы етіп
тәрбиелеу.
|
Сабақтын
ортасы
20
минут
|
Тәуелсіздік -
ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол
жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің
қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін
қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер
танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан
Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және
әрқашанда айтып өтеміз.
«Қазақстан»
егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері
тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі
керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт
түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам
өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады.
Жас арудың
жанарында - Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында - Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында - Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да - Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да - Желтоқсан.
Ия, ол күн
тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың
16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10-да бар жоғы 18 минутта 26
жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаев түсіріліп,
орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған
еді.
Алаңға шығып
өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына
солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді
аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды
жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін
үзді.
Арада қанша
жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған
еліміздің көкшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік
шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай қайратты жастардың
қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған
қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың
батасымен келді! Желтоқсанда опат болған боздақтарымыз тірі
болғанда, отыз бес пен қырықтың арасындағы қылшылдаған азамат
болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл
аға-әпкелер!
Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9
желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы”
атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз”
тапсырылды. Сабира, Ләззат, Ерболға “Ақтау
жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі
жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша
күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет
сынды ағаларымыз көп еңбек етті.
|
Слайд арқылы
мәлімет беру
|
Сабақтың
соңы
5мин
|
Рефлексия:
Кері
байланыс: «Стикерлер»
Оқушылар
стикерлерге жеке ойларын жазады:
Менің келесі
сабақта нені білгім келеді?
Қорытынды:
Сабағымызды
аяқтай сіздерді Отанымыздың келе жатқан атаулы мерекесімен
құттықтап, бүгінгі тәрбие сағатымызды М.Жұмабаевтың «Мен жастарға
сенемін» атты өлеңімен қортындылағым
келеді:
Арыстандай
айбатты,
Жолбарыстай
қайратты,
Қырандай
күшті қанатты –
Мен жастарға
сенемін!
Мен сенемін
жастарға:
Алаштың атын
аспанға
Шығарар олар
бір таңда,
Мен жастарға
сенемін!
|
|