Ғарыш әлеміне саяхат

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарыш әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Ғажайып ғарыш әлемі» Мақсаты: Балалардың Ғарыш туралы білімдерін кеңейту, Күн жүйесі туралы түсініктерін жаңғырту, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру. Қол моторикасын, шығармашылығын, қиялын шыңдау, зейінін дамыту, дәстүрлі емес сурет салу әдісін қолдану, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, арт-терапия элементтерін пайдалана отырып, бала денсаулығын жақсарту, жаңашылдыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ғажайып ғарыш әлемі»

Мақсаты: Балалардың Ғарыш туралы білімдерін кеңейту, Күн жүйесі туралы түсініктерін жаңғырту, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру. Қол моторикасын, шығармашылығын, қиялын шыңдау, зейінін дамыту, дәстүрлі емес сурет салу әдісін қолдану, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, арт-терапия элементтерін пайдалана отырып, бала денсаулығын жақсарту, жаңашылдыққа баулу.

Балалар, қарандаршы, біз міне ғарыш әлеміне де келіп жеттік.

Кандай әдемі!

Балалар, ғарыш әлемі өте қызықты, таңғажайып, сиқырға толы әлем.

Бүгінгі біздің саяхатымыз өте қызықты әрі әсерлі болмақ.

Балалар, біз қандай ғаламшардан келдік?

Дұрыс айтасындар балалар, біз ғарышқа қандай құрылғымен келдік?

Жарайсыздар, енді осы зымыранды кубиктер арқылы құрастырып көрейік.

Балалар үлкен кубиктер арқылы зымыранның сүретін құрастырады.

Ал, ендеше, балалар өзімізді ғарышкер сезініп зымыранды басқарып көрейік, ол үшін бізге «Кім жылдам» ойыны көмектеседі.

Балалар, жарайсыңдар, қандай керемет!

Балалар, ғарышқа ұшатын адамды біз қалай атаймыз?

Балалар қарандаршы, мына жерге біздің мақтанышымыз ғарышкерлердің суретін іліп қойған.

-Балалар, айтыңыздаршы ғарышқа ең алғаш ұшқан адам кім?

-Юрий Гагарин

-Дұрыс, ал біздің қазақ ғарышкер ағаларымызды танисындарма?

-Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айынбетов.

Жарайсындар балалар! Ғарышкер болу үшін қандай болу керек ?





Таңғажайып сәт: Ғарышкер күтіп алады.

Сәлеметсіздер ме балалар, мен ғарышкермін.

Мен сендерді аспан әлемімен таныстырайын: Күн - қызған газды шар, яғни ол өте ыстық.

Ал ғаламшарлар осы күнді айналып жүреді. Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар - Меркурий. Меркурий - ең кішкентай ғаламшар.Ол күнге жақын орналасқандықтан, ол жерде тіршілік жоқ, себебі ол жерде өте ыстық.

Шолпан - екінші ғаламшар. Оны жерден бақылау өте қиын, өйткені ол бұлтқа оранған.

Жер- тіршілік дамыған бірден-бір ғаламшар ретінде белгілі.

Марс - жерден кейінгі орналасқан 4-ші ғаламшар. Түсіне қарай оны "қызыл планета" деп те атайды.

Юпитер- ең үлкен ғаламшар. Салмағы жағынан басқа ғаламшарларға қарағанда 2 есе үлкен.

Сатурн - денесіне бірнеше сақина тағып алған сияқты, бұл сақиналар мұз кесектері мен майда тастардан құралған.

Уран - күннен қашықта орналасқандықтан - өте суық планета. Жерден өте алыста орналасқан сонлдықтан, әлі дұрыс зерттелмеген.

Нептун - сегізінші ғаламшар. Бұл ғаламшардың бетінде үлкен қараңғы шеңберлер бар. Оларды астрономдар - дауыл деп ойлайды. Плутон - ең кішкентай және соңғы ғаламшар. Оның атын Плутон деп 12 жасар бала қойған екен. Барлығы 9 ғаламшар бар екен. Ал Жер 3-ші болып орналасқан.


Планеталарды «Фонарик» әдісі арқылы бейнелейміз.

(Бізге қажетті заттар фонарик, контейнер, планеталардың суреті, бисер қызыл, жасыл, көк, сары).

Балалар, астрономдар жұлдыздарды зерттеп, олардың шоғырланған бейнесіне қарап, атау берген. Міне қараңыздаршы, мына суреттегі жұлдыздарға «жетіқарақшы» деп ат берген.

Балалар проектордан түскен жұлдыздарға телескоп арқылы қарайды.

Осы орайда «Геоборд» әдісі арқылы қазір біздер жұмыс жасаймыз, ол үшін біздерге мына тақтайшаларда орнатылған түтікшелерге резинкаларды пайдалана отырып жұлдыздардың бейнесін бейнелейміз.

Балалар жарайсыңдар, сендердің осындай білімді,тапқыр болғандарың мені қуантты. Еліміздің болашақ батырлары, білімді азаматтары сендер сияқты балалардан шығады.



Бүгінгі заман талабына сай, болашақ ұрпақ рухани бай, зияткерлік білімді етіп тәрбиелеуде балабақшада жаңа технологияларды пайдалану маңызды роль атқарады.

Қазіргі заман жоғары технологиялар дәуірі. Соның бірі 3D голографиялық проекторлар үлкен танымалдылыққа ие, әрине ондай құрылғылар өте қымбат тұрады. Сондай голограмманы өз қолымызбен дайындауға болады.

Аспан әлемін жақсылап көріп сезіну үшін осы технологияны пайдаландым.

Қорытынды:

Ғарышты зерттеуге менің де қызығушылығым жоғары. Оның тылсым сырлары кез келген адамды өзіне тартып тұратыны белгілі. Осы жобаға өз үлесімді қоссам деген үмітпен, осы ғылыми жобамды дайындап отырмын.

Өз сөзімді аяқтай келе, бірер шумақ өлеңмен қорытуды жөн көрдім:

Ашылмаған сырлары мол ғарышты,

Зерттесем деп мен қызығып келемін,

Өз еліме деген үлкен борышты,

Мен осылай тигіземін деп сенемін!

Назарларыңызға рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2024
175
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі