400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ғарыш әлеміне саяхат»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Маңғыстау облысы білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің “Жауқазын”бөбекжайы”жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

БЕКІТЕМІН:

«Жауқазын» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК

директоры у.м.а:_____________П.С.Шараева




«Ғарыш әлеміне саяхат»

(Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті)





Тәрбиеші:Жанбосын Ә

Мисаева А






Жетібай ауылы

2025 жыл

Уақыты: 29.04.2025

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау.

Білімділік: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Балалардың ғарышкерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:Фонарик,қағаздар,қылқаламдар,түрлі-түсті жіптер

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғуашылық










Ұйымдастыру-іздестіру




































































Рефлексивті-түзетушілік

Шаттық шеңбері

Ғарыш көгі кең екен,

Жұлдызы көп тізілген,

Біз де бір күн барамыз,

Арман қанат ізінен!

Зымыранмен ұшамыз,

Аспан сырын ашамыз,

Білім алып күн сайын,

Ғарышкер боп шығамыз!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Атайықшы...

-Ал қазір қай ай?

-Сәуір айында қандай мереке бар?

-Ал сендер ғарышкер болғыларың келеме?

-Ғарыш әлемін көргілерің келеме?

-Ендеше, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әркетімізде ғарыш әлеміне саяхат жасаймыз.

-Балалар бір дауыс шығады,ненің дауысы екен.

Ішке баяу жүріспен ғарышкер кіреді.

-Сәлеметсіздер ме? Балалар маған хат жазған сендер ме?

-Хаттарыңда ғарышкер болғымыз келеді,ғарышқа саяхаттағымыз келеді деп жазыпсыңдар! Менімен ғарышқа саяхаттағыларың келеме?

-Ғарышкер келген зымыранымен таныстырады.Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киiмдер киедi.Скафандр деп аталатын киiм – ғарышқа ұшуға лайықталған киiм.

Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте ыстық, ал ғарышкерлерге

скафандр деген киім көмектеседі, арнайы ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.

Балалар біз Жер ғаламшарында өмір сүреміз. Біз жерді басып жүрміз. Ал жоғарыда біздің үстімізде аспан,шексіз ғарыш бар.

-Ғарыш әлеміне ұшу үшін ,көзімізді жұмайық.

Балалар көздеріңді аша қойыңдар.

-Ғарышта 8 ғаламшар бар.Олар Меркурий,Шолпан,Жер,Қызылжұлдыз,Есекқырған,Қоңырқай,Уран,Нептун.

1.Меркурий-асықпайтын ыстық ғаламшар.

2. Жер- тау,тастары бар жасыл ғаламшар.

3. Қызылжұлдыз- қызыл ең суық ғаламшар.

4. Қоңырқай- сақинасы бар мұзбен тастан тұратын ғаламшар.

5. Нептун- соңындағы күнге ұзақ ғаламшар.

Ең үлкен жұлдыз бар, ол Күн деп аталады. Күн ол үлкен, жарқырап тұрған, ыстық шар.

Ай болса жермен қатар жүреді.

-Ал ғарышқа кімдер ұшады? Дұрыс, ғарышкерлер.

Ең бірінші болып ғарышты зерттеуге ұшқан ресейлік ғарышкер екен. Ол (Ю. Гагарин) Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты. Олар: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев,

А. Айымбетов.


Ендеше тапсырмаларды орындауға жерге оралайық.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

-Балалар екі топқа бөлініп, әр топ өздеріне ат қояды.

I. Тапсырма:

1-топ: Ғаламшарларды суға салу арқылы әр ғаламшарға тән заттарды табу.

2-топ: Түрлі-түсті жіп арқылы қол маторикасын дамыту.


Сергіту сәті:


II.Тапсырма: «Зымыран»

Суға зымыранды ұшыру.


III.Тапсырма:

1-топ: Фонарик арқылы аспанға немесе жерге тән заттарды анықтап айту.

2-топ: қағаз бетіне су тигізу арқылы ғаламшарларды атау.

IV.Тапсырма: «Телескоп»

Телескоп арқылы аспан денелерін атап айтады.

Ой,балалар жарайсыңдар!

Сендер ғарыш туралы көптеген мәліметтер алдыңдар. Енді денсаулықтарың мықты болып, үлкен болып өсулерің қалды.

Балалар, сендер өте білімді екенсіңдер. Мен сендерге өте риза болдым. Менің ғарыш әлеміне оралуым керек. Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші:

- Бізге қонаққа кім келді?

- Ғарышқа немен саяхаттадық?

- Қандай ғаламшармен таныстыңдар?



Балалар сөздерді айтып, қимылмен көрсетеді.







Көктем мезгілі.

Үш ай бар.

Наурыз.Сәуір.Мамыр.

Сәуір айы.

Ғарышкерлер күні.

Ия.

Ия.








Ия.



Ия.




Балалар мұқият,қызыға тыңдайды.






Балалар көзін жұмады.










Балалар таңдана қарайды.









ия,көрдік




Ғарышкерлер.











Тапсырмаларды орындайды.


Бірге қайталайды.



Балалар өздеріне ұнаған атты қояды.


Топқа бөлінеді





Балалар бір сергіп алады.


Барлығы бірге орындайды





Тапсырмаларды мұқият қарап жауап береді



Телескоптан қарап қортындылайды



Ғарышкермен қоштасады


Ғарышкер келді


Зымыранмен.

Жер,Меркурий,

Қызылжұлдыз,

Есекқырған,Қоңырқай, Нептун


Күтілетін нәтиже:

Меңгереді: ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде түрлі іс -қимылдар жеке меңгереді;

Түсінеді: ғарыш әлемінде ғаламшарларды толық түсінеді;

Қолданады:тәрбиеленушілер көзбен көріп,тапсырмаларды орындайды;














Меркурий, Шолпан, Жер,Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран,Нептун.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
8 қыркүйек
127
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі