Материалдар / Ғарыш әлеміне саяхат . Тәрбие сағаты 1-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғарыш әлеміне саяхат . Тәрбие сағаты 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру. Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2023
869
5 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

17.04.2023

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты:
1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
2.Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
3. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Әдісі: СТО, саяхат.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер
Барысы: І. Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.

Мен ғарышкер боламын.
Мұғалім: - Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ю. Гагарин  тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 56 жыл уақыт өтті. Олай болса біздер экипаж болып топқа бөлінеміз.

1-топ «Ю.Гагарин »тобы

2-топ « Талғат Әубәкіров »тобы

3-топ «Талғат Мұсабаев»тобы

4-топ «Айдын АЙЫМБЕТОВ» тобы

Мұғалім: Бүгін біз ғарышқа саяхат жасайтын боламыз.

ІІ. Мағынаны тану

Ол үшін әуелі бейнебаян тамашалайық. 
Ғарыш туралы жаттау сұрау.

Үш тілде аспан денелерін сұрап шығу.

Постер қорғау. Әр экипаж мүшелері өз тобының аты нені білдіреді сол туралы постер қорғайды.

Конвертте сұрақтар берілген ,сол сұрақтарға жауап береміз.

1.Алғашқы қазақ ғарышкері /Т.Әубәкіров/

2.Алғашқы әйел-ғарышкер кім? /В.Терешкова/

3.Ғарышқа ұшу кезіндегі ғарышкердің киімі / /скафандр /

4.Ғарышқа адамнан бұрын не ұшырылды? /белка,стрелка/

5. Ғарышкерлер туралы өлеңді жатқа айту.

6.Аспан сөзінің орысша,ағылшынша айтылуы /небо-sky/

7. Ғарышқа ұшатын ракеталар қай ғарыш

айлағынан ұшырылады? /Байқоңыр/

8.Алғашқы ғарышқа ұшу ұзақтығы қанша уақытқа созылды?/108 минут/

Енді алдымыздағы қағаз қиындыларынан зымыранның суретін салу.

Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін өзі балалық шағын өткізген аяулы мекенін көк жүзінен көру арман болды. Балаң жігіт, ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. 

Ғарышқа ұшуы

Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.

Талғат Мусабаев 1994 жылы Союз ТМ-19 ғарышқа 1-ші рет ұшқанда 126 күн өткізген.

1998 жылы Союз ТМ-27 зымыранымен ғарышқа 2-ші рет ұшқанда 208 күн өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.

2001 жылы ғарышқа Союз ТМ-32 зымыранымен 3 -ші рет ұшқанда 8 күн ғарышта өткізген.


Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса ғой Марсқа. – дегендей ғарышқа ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. 
Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Айдын Айыметов

Бүгінде 43 жасар Айдын Айымбетов  «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшқан үшінші қазақ ұлтының өкілі. Жалпы алғанда, Айдынның қызмет жолы тұтастай тек әуе және ғарыш қызметімен байланысты, яғни ол осы салаға кездейсоқ келген адам емес, өз ісінің маманы.

2015жыл қыркүйектің 2-і күні қазақстандық ғарышкер Айдын Аймбетов ғарышқа сапар шекті. Он күнге созылған сапар барысында ол бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттейді.

Бұл Қазақстан тарихында мәңгі қалатын айтулы оқиғалардың бірі болды. Өйткені, А.Айымбетовтың бұл сапары Қазақстанды ғарыштық өнімдерді сатып алушы елден, ғаламды зерттеуші мемлекетке айналары сөзсіз.    

Тұңғыш қазақ ғарышкер.

Әубәкіров ағаның,

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға Гагарин,

Салған жолды жалғаған.

Тоқтар ағам- жан ағам,

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан Аумай қалғым келеді.

Арман қуып жасынан,

Көктен көзін алмаған.

Ұшқыш болды жас ұлан,

Аспанда еркін самғаған.

Бабасындай асауға,

Салған құрық-бұғалық,

Ұшақтарды сынауға, Артқан еді құмарлық.

Жұмбақ әлем,

Жұмбақ жұлдыз,

Олар көп.

Ғарышкерлер,

Біреуіне қонар кеп,

Қонып тұрып,

Адам ойы мазасыз,

Сұрар тағы,

Бұдан әрі не бар?- деп

Әрқашан ерлікке құштармыз,

Қажымас, дарынды жастармыз.

Жол салып ақмаңдай айға да,

Достарды жұлдызға бастармыз.

Қанат берді еліміз,

Ұлы Отанның ері біз.

Ертең- ақ Марсқа барамыз,

Ұшамыз біз айға да,

Ұшамыз біз ғарышқа,

Ғарышкер де боламыз.

Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.

4.Юпитердің тапсырмасы . Сөзжұмбақ шешу.

Т А Л
 Ғ А Т
Т О Қ Т
 А Р
Ю
 Р И Й
Б А Й Қ О Ң
 Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й
 К А
З
 Е Р Т Т Е У
Б А Т Ы
 Р
1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?

Қызықты мәлімет.Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.

*Ғарышкер қандай болу керек?

*Ғарышкер мен ұшқыштың айырмашылығы неде?

Рефлексия. Егер мен ғарышкер болсам...?

Қорытынды:

Әр адам ғарышқа саяхаттағысы келеді.Әр адам ұшқыш болғысы келеді. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, ғарыш туралы көп мәліметтер керек.Осымен ғарышқа саяхатымыз аяқталды.

“Сіздерден бізге бір тілек…” Келген қонақтардың тілегін тыңдау.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!