400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарыш әлемінің білгірі

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшісіне, география пәнінің мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Ғарыш әлемінің білгірі

Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.

Кеш жоспары:

І бөлім: Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат. ( слайдтар )

ІІ бөлім: Білім сайысы.

Мұғалім

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі 12 сәуір - ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз!

ХХ – ғасыр. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғи – қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттарымен енген бұл кезеңнің біздің халқымызға берген екі үлкен сыйы бар: Оның біріншісі – қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да қатыгез екпініне қайыспай шыдас беруі арқылы « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі – « ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген балалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұланының барып қайтуы.


Ерте заманнан – ақ адам баласы аспанға назар аударып келеді. Ал қазір аспан туралы тиянақты білім алып, әлем кеңістігін игере бастады. Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты бақылайтын жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңістігін зерттей бастады.

Елдігінің жұрнағы қалмаса да,

Құмар болды даңғаза, далбасаға

«Менікі, - деп, Байқоңыр!» кеуде қақты,

Маңайына бір қазақ бармаса да...

Сын сағаты соққанда арамызға –

Туған ұлдар аз емес бағымызға,

Талғат Сізді ғарыштан құттықтады,

Тоқтар тұрды жарасып жаныңызда.


Қазақ ғарышкерлері ( слайд ).


Мұғалім

Ғарыш күніне арналған сайысымызды бастаймыз.

Сайыскерлерімізді шақырмас бұрын кеш барысын қадағалап отыратын, әділ баға беретін әділ - қазылар тобымен таныстырып өтейік


Сайыс жоспары:

І кезең: Таныстыру.

ІІ кезең: Викториналық сұрақтар.

ІІІ кезең: ребустар.

ІV. Топ бір – біріне өздері дайындап келген жұмыстарын ұсынады. Сергіту сәті. Көрермендерге сұрақ

V. Капитандар сайысы.


І кезең: Таныстыру.

Топтардың таныстыруы (жоғарғы ұпай 5 )


ІІ кезең: Викториналық сұрақтар. ( әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады )

І топқа

1. 1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)

2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. (Күнтізбе )

3. Күнге ең жақын планета (Меркурий)

4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер)

5. Ертедегі гректер планетаны қалай атаған? («қыдырма» шырақтар деп )

ІІ топқа

6. Көктемгі күн мен түннің теңелу уақыты? (21 наурыз )

7. Дененің қозғалыстағы бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді (орын ауыстыру )

8. S / t қандай физ. Шаманы анықтау формуласы? (жылдамдық)

9. Күштің өлшем бірлігі (Ньютон)

10. Грек тілінен аударғанда бу және сфера деген сөздерден құралған сөз (атмосфера )

ІІI топқа

1. Күн жүйесінің геоцентрлік моделін кім ұсынды? (К. Птолемей)

2. Ғылыми деректермен негізденген жорамал не деп аталады? (Гипотеза)

3. Марстың серіктерін атаңдар. (Фобос және Деймос)

4. Алып планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун )

5. Қай планеталар өз осінен айналу бағыты өзге планеталардың айналу бағытына қарама – қарсы? (Шолпан және Уран )

IV. топқа

6. Меркурийдің қазақша атауы (Шолпан)

7. Күннің жүретін жолы (Эклиптика )

8. Дене пішінің немесе Өлшемдерінің өзгеруі (Деформация)

9. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (барометр)

10. Энергияның пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі (су көлігі)


ІІІ кезең: Ребустар.( дұрыс шешілген ребусқа 1 ұпай беріледі.)

Мұғалім

«Байқоңыр» кешені – адамзат тарихындағы ең алғаш ғарыш айлағы. Осының өзі біздің елімізді «космостық гавань» деп ұлықтауға құқық береді. Байқоңыр кешеніне балама алатын ғарыш айлағы жер бетінде жоқ. Ресей федерациясы «Байқоңыр» арқылы өзінің мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып жатыр және коммерциялық космос аппараттарын ұшыруда.

Дәл осы жерден 1961 жылы 12 сәуірде Юрий Гагарин тұңғыш рет ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Васток» кемесі 28000 шақырым шамасындағы жылдамдықпен ұшты.

Ғарышта ғарышкерлер міндетін ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда ғарышкерлер тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Өз елімізден шыққан ғарышкерлер - Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевта ғарышқа ұшып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Талғат Мұсабаев «Союз ТМ - 27» ғарыш кемесінің басшысы болып, ғарышта 200 күнге жуық жүрді. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар ғылыми зерттеулер жүргізуге басшылық жасады.


ІV. Топ бір – біріне өздері дайындап келген тақырыпқа байланысты сұрақтарын қояды. ( әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады )

Сергіту сәті. Көрермендерге сұрақ

1.Алғашқы ғарышқа ұшу ұзақтығы қанша уақытқа созылды?( 108 минут)

2. Таңғы немесе кешкі жарық жұлдыз қандай планетаның аты? (Шолпан – Венера)

3. Музыкалы сұрақ: «Жұлдыз» деген сөзі бар қандай өлең жолын білесіз?

4. Ғарышқа адамзат ұшқанға дейін не жіберді, аттарын білесіңдер ме? (Иттер: Лайка, Белка, Стрелка, Пчелка, Мушка, Звездочка, Чернушка, Уголек, Ветерок – 9)

5. Ғарышқа ұшатын ракеталар біздің облысымыздағы қай ғарыш айлағынан ұшырылады? (Байқоңыр)

6. Әйелдер арасынан 1963 жылы алғашқы рет ғарышқа кім ұшты? (Валентина Терешкова)

7. Космос корабльдерінде тамақтар қайда сақталады?(Тюбиктерде)

8. Ғарышкергедене жаттығулары үшін гантельдер керек пе?( Жоқ, өйткені космоста олар өз салмақтарын жоғалтады )

9. Ғарышка ұшу кезінде космонавт киетін киім қалай аталады ? ( Скафандр)

V. Капитандар сайысы. ( әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріліп отырады )


1. Айға тұңғыш рет 1969 ж. кімдер аяқ басты? ( М. Армстронг пен Э. Олдрин )

2. Жер тобындағы планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)

3. Неше шоқжұлдыз бар? (12)

4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)

5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты (Атмосфера)


1. Күзгі күн мен түннің теңелу уақыты? (23 қыркүйек)

2. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (Ю. А. Гагарин)

3. Алғашқы әйел – ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)

4. Жұлдыздар жүйесін қалай аталады? (Галактика)

5. Алғаш жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)


Сайыстың қорытынды сөзі әділ – қазыларға беріледі. Жеңімпазды анықтайды, марапаттайды.

Мұғалім:

Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін.

Жырға бөле әр төбесін.

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер

Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған кешімізді аяқтаймыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 маусым
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі