Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ғарыш әлемінінің құпиясы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Ғарыш әлемінің құпиясы
Сынып: 5 «Ғ»
Күні: 20.11.2018ж
Мақсаты:
-
Ғарыш әлемі жайлы және 2 қазан — ғарышкерлер күні екенін түсіндіру.
-
Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлеріне тоқталу.
-
Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту.
-
Адамзаттың ортақ үйі — Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, ғарыш суреттері, балалардың салған суреттері.
Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақтың барысы:
-
Саламатсыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Ғарыш әлемінің құпиясы» атты ашық тәрбие сағатымды ашық деп жариялаймын. Балалар, сендер қазір қайда тұрып жатсындар?
-
Маңғыстау жерінде, яғни жер атты планетада мекен етіп жатырмыз. Тек қана Қазақстан мемлекеті емес, сонымен қатар басқа да шет мемлекеттер осы жерді мекендейді, олар біздің көршілес елдеріміз.
-
Балалар, ғарыш әлеміне саяхат жасауға дайынбыз ба? Ендеше, мына видео роликке назар аударайық.
«Жер-біздің планета» видеоролигі ұсынылады.
-
Балалар, біздің мемлекетіміз басқа мемлекеттер сияқты жер шарында орналасқан, яғни жер планетасында.
Күн жүйесінің орталық денесі Күн – жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері – салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді.
Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар – Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.
Алып планеталар – Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т.б.) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады.
-
Ал сендер «Жер» қайда мекендейтінін білесіңдер ме? Ендеше жердің өзінен сұрайық.
Бірге: Жер! Жер! Жер! Бізге өзін туралы айтып берші.
1-оқушы: Естіп тұрмын. Бірақ менің уақытым жоқ болса да, мен сендерге жауап берейін. Мен күні-түні демалыссыз, күнді айналып, қозғалыста боламын. Тыңдаңдар! Менің туған аймағым күн жүйесі. Аймағымда тоғыз көше бар.
2-слайд бойынша әңгімелеу. Күнге жақын планета бұл- меркурий, екінші көшеде Венера, үшінші көшеде мен- жер планетасы, төртінші көшеде қызыл планета –марс, бесінші көшеде планеталардың алпауыты — Юпитер, алтыншы сақиналы планета- Сатурн, содан кейін Уран, сегізінші планета Нептун, күн жылуы аз баратын планета плутон. Біз барлығымыз күн жүйесінде үздіксіз қозғалыста, және әрқайсысымыз өз орбитамызда мыңжылдаған жылдар бойы айналамыз.
3-слайд: Менің қозғалысым. Мен сағат тіліне қарама-қарсы күнді айналамын. Мен өз осьімде және күнді айналамын . Менің серігім ай. Ол мені айналып тұрады. 30 күнде Ай мені толық айналып шығады. Сөйтіп күн мен түн алмасып отырады. Менің күнді толық айналып шыққаным 1 жыл болып саналады.
2-оқушы: Жер, Жер күн жүйесінің аймағы қай қалашықта орналасқан?
1-оқушы: Галактика деп аталатын қалашықта. Галактикада менің ауданым сияқты мекендер көп, біз солардың біріміз.
Мұғалім: Ендеше балалар, тақтаға назар аударайық.(Планеталар қозғалысы)
Бұл балалар, ғаламшарлардың түрлері көп, олар 18 мың ғалам әлемінде орналасқан. Олардың саны, шегі жоқ. Аспан әлемін ойша аралау, шолу жасау мүмкін емес, ол сондай алып мекен. Ғарыш әлемі осы.
- Балалар, бұл әлемді зерттейтін адамдарды кім дейді?
Аспан денелері туралы ғылымды – астрономия деп атайды. Ал адамдарды астрономдар дейді. Ежелден адамдардың арманы - ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу.
Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты адам. Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек.
12 сәуірді бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді. Ғарышкердің денсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек. Ғарышқа ұшып, аспан денелерін бақылауда алдымен иттер ұшырылды. Ит адамның- ақылшы досы деп сенім артқан.
3-оқушы: 11-слайдты баяндайды.
Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.
Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.
Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.
Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылып, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді.
4-оқушы: Космос кеңістігін ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерттеу нәтижесінде 1961 жылдың 12 сәуірінде Юрий Алексеевич Гагарин космосқа сапар шекті.
Кеңес Одағының ғарышкері Гагарин Юрий Алексеевичтің өмірінен сыр шертсек.
Юрий Гагарин 1934 жылдың 9 наурыз күні Смоленск облысы, Гжатск қаласында дүниеге келген. 1949 жылы мектепті бітіре отырып, осы жылы Люберецкое училищесіне ұшқыш мамандығы бойынша түсті. Одан кейін Саратовский техникумына оқуға түседі. 1954 жылдың 25 қазанынан бастап Саратовской аэроклубында жаттыға бастайды.
1957 жылы Юрий Гагарин, Валентина Ивановнамен үйленіп, олардың отбасында Лена және Галя атты екі қыз тәрбиелейді. 1959 жылы Юрий жаңа ұшқыштар техникасына байланысты ұшқыштар қатарына үміткер реті 310нде өтініш — рапорт жазады. 12 сәуір күні Гагарин бірінші жерден ұшуын «Восток» ғарыш кемесінде бастады. Осы ғарышқа алғаш ұшу оған Кеңес Одағының Батыры атағын алып келді. 1962 жылдың 12 сәуірінен бастап 12 сәуір – ғарышкерлер мерекесі болып жарияланды. 1964 жылы Кеңес ғарыш әскерлерінің командирі болып бекіді.
1968 жылы 27 наурызда Киржачск ауданының Новоселово ауылының маңындағы жаттығу кезінде қайтыс болды. Кремлевск жарындағы Қызыл алаңда жерленген. (видеоролик көрсетіледі)
Мұғалім: Қазақ елі егемендік алғаннан кейін тарихи қадам жасаған болатын.
5-оқушы: Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы — Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы. 1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.
1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ — 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіді.
Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991ж ж. қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минөт.23
6-оқушы: Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.
1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.
Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге.
Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Мұғалім: Балалар қазір ғарыш кемесінің ұшуына назар аударайық.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы. Ғарышкерлер немен тамақтанады және тамақтарын қалай сақтайды ?
(Космос және адамзат видеоролигі көрсетіледі) Жер төңірегіндегі орбитаға шығарылып, әр түрлі ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге арналған ғарыштық аппарат- жасанды жер серігі деп аталады.
Балалардың тақпақтары айтылады.
Тұңғыш қазақ ғарышкер.
Әубәкіров ағаның,
Даңқы көкке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам- жан ағам,
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.
Арман қуып жасынан,
Көктен көзін алмаған.
Ұшқыш болды жас ұлан,
Аспанда еркін самғаған.
Бабасындай асауға,
Салған құрық-бұғалық,
Ұшақтарды сынауға,
Артқан еді құмарлық.
Жұмбақ әлем,
Жұмбақ жұлдыз,
Олар көп.
Ғарышкерлер,
Біреуіне қонар кеп,
Қонып тұрып,
Адам ойы мазасыз,
Сұрар тағы,
Бұдан әрі не бар?- деп
Әрқашан ерлікке құштармыз,
Қажымас, дарынды жастармыз.
Жол салып ақмаңдай айға да,
Достарды жұлдызға бастармыз.
Қанат берді еліміз,
Ұлы Отанның ері біз.
Ертең- ақ Марсқа барамыз,
Ұшамыз біз айға да,
Ұшамыз біз ғарышқа,
Ғарышкер де боламыз.
Видеоролик «Астана ғарыштан»
Қазақстанда тұнгыш бір ұл,
Сүйінші!-деп әлемге жар салайық.
Ғарышқа ұшты халайық,
Бүкіл елдің арманы үшін,
Көк жүзінде самғау үшін,
Максттарға жету үшін,
Өту үшін белдерден,
Әлі көп-көп танысармыз,
Танысармыз ерлермен.
Баптайтын ол жыры тағы,
Жүрегімізді жылатады.
Тоқтар батыр кәдімгі,
Алпамыстың ұрпағы.
Кабанбайдың ұланы,
Бөгенбайдың кыраны.
Айтылатын мәнгілік,
Қазағымнын жыр-әні.
Ерлікпенен жыр егіз,
Оны жастан білеміз.
Біз Тоқтардың есімін
Ту ғып ұстап жүреміз.
Ағаларым бар менің,
Ғарышқа ұшып самғаған.
Мен де сондай болсам деп,
Армандаймын әркашан
Нұрлы біздің заманда халық істер,
Жер бетінде жасадың алып істер.
Арман болған аспанға,айға енді,
Ғарышкерлер күніменен.
Көк туымызды тігеміз сіздерменен,
Арта берсін,қазагымның нұр таңы.
Қорытынды:
Ғарышкер болғысы келетіндерге!
Барлығы да армандаудан басталатыныын ұмытпаңдар.
Армандаудан қорықпаңдар!
Жалқаулыққа салынбаңдар!
Сәттілік тілеймін!
ЮПИТЕР
МЕРКУРИЙ
УРАН
НЕПТУН
ПЛУТОН
МАРС
ВЕНЕРА
САТУРН
ЖЕР
КҮН
АЙ