400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарыш дегеніміз не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: жаратылыстану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып:1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Ғарыш дегеніміз не ?

Сабаққа негізделген оқу мақсаты(мақсаттары)

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ғарыш туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Ғарыш туралы аңыз және кинодан көргендерін айтады

Кейбір оқушылар: Астрономия аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсіндіреді

Тілдік мақсат:

Оқушылар:өз ойларын жеткізе алады, жұпта, топта жұмыс жасай алады, өз жұмысын қорғай алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: астрономия, ғарыш – космос, шоқжұлдыз – созвездие

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар

  • Ғарыш деген не деп ойлайсың?

  • Ғарышты кімдер, қай ғылым зерттейді екен?

  • Не үшін зерттейді ғарышты?

Сіз неліктен .... айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар

Топтық жұмыс барысында сурет салады, сөз құрайды, ғарыш денелерінің аттарын жазады

Алдыңғы оқу


Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

2мин







3 мин

Сәлемдесу

Саламатсыздар ма, здравствуйте, hello

Қызығушылықты ояту, мақсатқа жетелеу

Аспан,аспан,арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

  • Өлең не туралы, баланың арманы не?

Ұ;Жұмбақтар шешу

Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,

Екеуі қызықтырған талайыңды.

Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,

Тұрады нұрға малып маңайыңды. (АЙ,КҮН)

Тақиям толған сөк,

Ерте тұрсам дым да жоқ.(ЖҰЛДЫЗ)

Түбі көк дария, Іші мұнара, (АСПАН)
- Біз бүгін қандай тақырыппен танысамыз деп ойлайсыздар?

-Не үйренеміз? (Оқушылардың жауабы)




Өлең






«777 жұмбақ» кітабы






Ортасы

1 минут

3 минут



3 минут






5 минут
















2 минут










10 минут






3 минут


Ж; «1 минут» әдісі

Ғарыш туралы білетініңді көршіңмен бөліс

«Ашық микрофон» әдісі

  • Ғарыш туралы не білесіңдер?

(Оқушылар микрофонға шығып,өз білетіндерін айтады)

МК;«Виртуалды саяхат» (бейнежазба көру)

  • Сенің қиялыңдағы ғарыш бейнежазбадағыға ұқсады ма?

  • Ғарыш деген не деп ойлайсың?

  • Ғарышты кімдер, қай ғылым зерттейді екен?

  • Не үшін зерттейді ғарышты?

Оқулықпен жұмыс

32-33 беттегі мәліметтерді оқушыларға оқыту

Ғарыш – бұл шексіз кеңістік.Онда ғаламшарлар, жұлдыздар және басқа да ғарыш денелері бар.

Астрономия – аспан денелерін, олардың құрылысын, қозғалысын зерттейтін ғылым.

Шоқжұлдыз.Адамдар аспанда шоғырланып, әртүрлі өрнек құрап тұрған жарық жұлдыздарды – шоқжұлдыздарды байқаған. Содан кейін оларға атау берген. Мысалы, Таразы, Егіздер, Шаян және басқалар. Шоқжұлдыздар көмегімен бағдарлау жеңіл болды.

Сен білесің бе?

«Астрономия» сөзі гректің «астрон» (жұлдыз), «номос» (заң) деген екі сөзінен шыққан. Ол « жұлдыздар заңы» деп аударылады.


Сергіту сəті (əуен ойнайды).

Ал балалар, тұрайық,

Көкке мойын бұрайық.

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Ғарышкерлер сияқты

Бой сергітіп алайық.


Т; Топтық жұмыс

1-топ «Ғарыш әлемі» постер құру

2-топ «Менің қиялымдағы ғарыш» сурет салу

3-топ Аспан денелерінің аттарын жазу

4-топ «Шоқжұлдыз құрастыр»

Әр топ өз жұмысын қорғайды


Қ; «Бинго» ойыны

Бағалау критерийі:Білім алушы

Ғарыштық денелерді атайды.

Артық сөздерді табады

Дескриптор:Білім алушы

ғарыштық денелердің атауын оқып,сызады;

артық сөздерді оқиды

Тек ғарыш денелерінің аттарын сызып таста

ЖҰЛДЫЗ

КҮН

ШОҚЖҰЛДЫЗ

ЗЕРТТЕУ

АДАМ

ҒАЛАМШАР

ЖЕР СЕРІГІ

КОМЕТА

ЖАҢАЛЫҚ

  • Қандай сөздер сылмай қалды?

  • Бұл сөздер келесі сабақтың тақырыбына қатысты сөздер. Келесі сабақта адамның ғарышты қалай зерттеп, қандай жаңалықтар ашқанын білеміз.



Микрофон




Бейнежазба «Космос и зв.небо» видео энциклопедия




Оқулық 32-33 бет













Үнтаспа










Суреттер,желім ватман, түсті қарындаштар, ақ бет, маркер












Қимақағаз



Аяқталуы


6 минут









2 минут

(Ө,Қ) Рефлексия.

«Кубизм»

КІМ? Ғарышты кімдер зерттейді?

НЕ? Аспан денелеріне нелер жатады?

НЕГЕ? Неге адамдар аспан әлемін зерттеген?

ҚАНДАЙ? Қандай шоқжұлдызда Үркер жұлдызы орналасқан?

ҚАЛАЙ? Адамдар ғарышқа қалай жетті деп ойлайсыңдар?

СЕНІҢ ОЙЫҢША... Ғарышкерлер неге скафандр киеді?

Бағалау

Күн, ай, жұлдыз

Күн – барлығын түсіндім

Жұлдыз – ойлар көп, әлі жинақтауым керек

Ай – қараңғы, ештеңе түсінбедім


Қырларына сұрақтар жазылған кубик








Күн,жұлдыз, айдың суреті

Қосымша ақпарат

Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жосп-сыз? – Жұптық жұмыс кезінде көрші көршіге көмектеседі. Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Топтық жұмыс кезінде жұмысты басқарады.

Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Үйренгендерін «Топтық жұмыс», «Бинго» ойыны және «Кубизм» әдісімен тексеремін. Бағалау күн, жұлдыз, ай – өзіндік бағалауға, топтық бағалауға – үш шапалақ

Пәнаралық байланыс. Сауат ашу, көркем еңбек Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс. Сергіту сәті, бейнекөрсетілім Құндылықтардағы байланыс




Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған сралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектеетін не білдім?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1345
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі