жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғарыш дегеніміз не?
Пәні: Жаратылыстану |
Мектеп: №146 мектеп-лицей |
|||||||
Күні: 12.02.2020 |
Мұғалім: Артыкбаева Г.Ж. |
|||||||
Сыныбы: 1 «Б» |
Қатысқаны: 32 Қатыспағаны:0 |
|||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ғарыш дегеніміз не? |
|||||||
Оқу мақсаттары: |
1.4.1.1
астрономияны ғарыш туралы ғылым
ретінде сипаттау; |
|||||||
Бөлім: |
4.Жер және ғарыш. |
|||||||
Бөлімше: |
4.1. Ғарыш. |
|||||||
Ортақ тақырып: |
«Саяхат» ортақ тақырыбы аясында. |
|||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
|
|||||||
Бағалау критерийлері: |
|
|||||||
Тілдік мақсаттар: Тыңдалым:
Айтылым:
Жазылым:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сөздік қор: Astronomy [əˈstrɑːnəmi] астрономия Space[speɪs]-космос-ғарыш Сonstellation [kɑːnstəˈleɪʃn]-созвездие-шоқжұлдыз Planet [plænɪt]-планета-ғаламшар The sun [sʌn]-солнце-күн Earth [ɜːrθ]-земля-жер Moon [muːn]-луна-ай |
||||||||
Құндылықтарды дарыту: |
Шығармашылық қабілетін дамыту. Әлемді тануға баулу. |
|||||||
Пәнаралық байланыс: |
Математика, әдебиет, дүниетану, көркемеңбек, АКТ. |
|||||||
АКТ қолдану дағдысы: |
Бейнероликтер, слайдтар, аудио жазба. |
|||||||
Бастапқы білім: |
Жер туралы түсініктері қалыптасқан, жердің пішінін, материктер мен мұхиттарды біледі. |
|||||||
Сабақтың барысы: |
||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтың басы (5мин.)
Сабақтың ортасы (30мин.)
Сабақтың соңы (5мин.) |
Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер: (Ұ) 1.Психологиялық ахуал. Шаттық шеңбері: Біз балдырған баламыз, Айтқан тілді аламыз. Біз бақытты баламыз, Өнер, білім аламыз! 2. «Қара жәшік» тәсілі бойынша үй тапсырмасын пысықтау. (ҚБ) (Қара жәшіктің ішіне кубик рубик, ойыншық жануар, ойыншық мәшине салу) 1-тапсырма: Адамдар қандай қозғалыстар жасайды? (Адамдардың қандай қозғалыс жасайтынын айтып, кубик рубикті құрау.) 2-тапсырма: Жануарлар қалай қозғалады? (Жануарлардың қалай қозғалатынын айтып, қозғалыстың не үшін керектігін айту.) 3-тапсырма: Денелер қалай қозғалады? (Денелерді қозғалысқа келтіру үшін, не істеуге болатынын көрсету.) Дескриптор:
3.(ТБ) Ғаламшарлардың суреттері бар шоколадтарды алып, үш топқа бөлінеді. (Жер, Марс, Юпитер) -Балалар, денелер өздігінен қозғала алмайтынын түсіндік. Бірақ, бір жерден екінші жерге ауысуын қозғалыс дейміз. Ендеше, менің қара жәшігімде шоколадтар бар. Сол денелерді қозғалысқа келтірсек қалай қарайсыңдар? Олай болса, қалаған шоколадтарыңды алып, Жер, Марс, Юпитер топтарына бөлініп отырайық. (Т) «Қара жәшік» тәсілі арқылы 3 топқа бөлемін. (Саралаудың «Жіктеу» тәсілін аралас гендерлік топ құруда пайдаланамын) 1-топ «Жер» 2-топ «Марс» 3-топ «Юпитер» 4. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Слайдтан 4.Бөлім. Жер және ғарыш. Жаңа сабақта қолданылатын тірек сөздермен таныстыру. (Оқулықпен жұмыс) Astronomy [əˈstrɑːnəmi] астрономия Space[speɪs]-космос-ғарыш Сonstellation [kɑːnstəˈleɪʃn]-созвездие-шоқжұлдыз Planet [plænɪt]-планета-ғаламшар The sun [sʌn]-солнце-күн Earth [ɜːrθ]-земля-жер Moon [muːn]-луна-ай
Ғарыш дегеніміз не? Ғарыш – бұл шексіз кеңістік. Онда қараңғы және суық болады. Онда ғаламшарлар, жұлдыздар және басқа да ғарыш денелері бар. Ғарыш денелеріне ғаламшарлар, Жер серіктері, жұлдыздар, кометалар, астероидтар жатады. Астраномия – аспан денелерін, олардың құрылысын, қозғалысын зерттейтін ғылым. Арнайы құралсыз аспаннан нені көруге болады? Адамдар аспандағы шоғырланып, әртүрлі өрнек құрап тұрған жарық жұлдыздарды – шоқжұлдызды байқаған. Содан кейін оларға атау берген: Таразы, Шаян, Торпақ т.б. Шоқжұлдыздардың көмегімен бағдарлау жеңіл болған. 5. Белсенді оқытудың «Көрсету және модельдеу», «Түсіндіру және сипаттау» әдісі арқылы жалпылама пайымдау үшін қолданылатын мысалдарды көрсету. Күн жүйесі, ғаламшарлар, шоқжұлдыздар туралы мағлұмат айту, оқу. (Тақтада ілінген галактикаға оқушылар Күн жүйесінде орналасқан ғаламшарларды ретімен қойып, қызықты мәліметтер ұсынады.) (ҚБ) Жетелеуші сұрақтар: -Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар? -Күннің түсі қандай? -Күнге ең жақын ғаламшар қалай аталады? -Шолпан туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер? -Жердің пішіні қандай? -Марс туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер? -Ең алып планета қалай аталады? -Сатурн несімен ерекшеленеді? -Күннен қашықтығы бойынша сегізінші ғаламшар қалай аталады? -Нептун туралы қандай қызықты мәліметтер білесіңдер? Дескриптор: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың орналасу ретін айта алады; Ғарыш ұғымын түсінеді; Жай көзбен көрінетін аспан жұлдыздары туралы айта алады; Шоқжұлдыздар ұғымын түсінеді. 6. Сергіту сəті (əуен ойнайды). Оқушылар қимыл әрекеттерді көрсетеді. Ал балалар, тұрайық, Көкке мойын бұрайық. Алақанды ұрайық. Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Ғарышкерлер сияқты Бой сергітіп алайық. 7. «Ғарышқа саяхат» ойынын ұйымдастыру. Оқушылар ғаламшарлардың суреттерін ұстап тұрады. Топтан ойыншы шығып кубик рубикті лақтырады. Жоғары жағындағы ғаламшардың сұрағына жауап береді. Мақсаты: Білімді тиянақтау, қорытындылау. (Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін тиімді пайдаланамын. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сұрақ қою барысында жан-жақты әрі нақты көмек беремін.). Жетелеуші сұрақтар: -Қанша ғаламшар бар? -Тіршілік көзі бар ғаламшарды ата. -Біз табиғатты қорғау үшін не істеуіміз керек? 7. Белсенді оқытудың «Көрсету және модельдеу» тәсілі арқылы ғаламшарларды орналасу ретін анықтай отырып, оларды гуащьпен бояп, мәліметтерді айтады, сипаттайды, бөліп көрсетеді. Саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы оқушылардың қандай нәтижелерге жеткенін, қандай білім игергенін саралау. Оқушылар өздерінің мықты жақтарын көрсетеді. Жетелеуші сұрақтар: -Ғаламшарларды орналасу ретімен атап бер. -Ең алып ғаламшардың түсі қандай? -Жердің адам өміріндегі маңыздылығын, орнын, ерекшелігін айт. Дескриптор: -Ғаламшарлар туралы қызықты мәлімет ұсынады; -Ғаламшарларды бояйды; -Ғаламшарлардың орналасу ретін жатқа айтады. Үйге тапсырма: Оқулықтың 51 бетіндегі зерттейік айдары бойынша тапсырманы орындау. Шоқжұлдыздардың біреуін таңдап, аңыз кітапша әзірлеп келу. «Зерттейік» әдісі –жекелеген жұмыс Аңыздар кітабын дайындау үшін бір шоқжұлдызды таңдап алу. Шоқжұлдыз туралы аңыз оқу. Қажетті мәліметтерді жинап, суретін салып, мұқабасын жасау. (ҚБ) Дескриптор: *Шоқжұлдызды таңдай алады; ажырата алады. *Мәлімет жинап, сурет салып, мұқабасын жасай алады. Мақсаты: Аңыз кітапша жасау арқылы өз ойларын сыни тұрғыдан дәлелдейді. Кері байланыс: «Ұшақ ұшыру» тәсілі арқылы топтардан сұрақтарға жауап алу. 1.Бүгін сабақта нені түсіндің? 2.Сабақ саған несімен ұнады? 3.Қандай тапсырманы орындаған ұнады? (Ө) Рефлексия: «Ғарышқа саяхат» тәсілі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көрсетеді.
|
Ресурстар: Қара жәшік, кубик рубик, мәшине, ойыншық жануар, ғаламшардың суреттері мен макеттері.
Оқулық Суреттер Слайдтар
|
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген