400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ғарыш еліне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ғарыш еліне саяхат»- Воскобович ойын технологиясының элементтерін пайдалану әдісі негізінде құрылған оқу қызметі. Воскобович ойын технологиясының элементтерін қолдану арқылы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттері дамып, сабаққа деген қызығушылықтары артады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру дағдылары: Таным

Бөлімі: Математика негіздері

Тақырыбы: «Ғарыш еліне саяхат»

Білімділік: балалардың өз жас ерекшеліктеріне сай сан, санау, түстер, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау сияқты біліктілік дағдыларын жетілдіру, өлшем бірліктерін (ұзын-қысқа) анықтап, ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: елестету, ойлау арқылы қиялдарын, танымдылық қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке және өз жұмыстарын қорытындылап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс -тәсілдер: ойын, Воскобович технологиясының элементтері, әңгімелеу, сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар: сандар, коврограф жиыны, Воскобович кейіпкерлері, игровизор, мини-ларчиктер, ғаламшарлар макеті, жұлдызшалар.

Барысы:-Балалар, сендер саяхатқа шығуды ұнатасыңдар ма? Бүгін біз сендермен ғарышқа ұшамыз.

-Ғарышқа ұшатын адамдарды кім дейді? -Ендеше бүгін біз кішкентай ғарышкерлер боламыз. Аспан әлемінде керемет кілемше бар екен. Аты-коврограф.Сол сиқырлы коврографты көріп қайтамыз.

-Қазір көзімізді жұмып, денемізді бос ұстаймыз (музыка ойналады, Ғарыш әлеміне тап болу)

-Балалар, қараңдаршы. Қандай керемет! - Біз сендермен Меркурий планетасына тап болдық.Меркурий-Күнге өте жақын орналасқан екен. Бұл планетада «Геометриялық пішіндер» өмір сүреді. -Қараңдаршы, мына жерде бір жұлдыз жерге ағып түсіпті (алып қарау).

-Балалар, бұл жұлдыздың тапсырмасы бар екен.Ол тапсырманы коврографта орындау керек. Орындап көреміз бе? Алдымен коврографтың жануарларын еске түсіріп алайық.

1-тапс:

-4 торкөзді пайдаланып шаршы құрастыру;

-6 торкөзді тіктөртбұрыш құрастыру;

-3 торкөзден тұратын үшбұрыш құрастыру.

Бұл пішіндердің барлығын коврографтың«Павлин» бөлігіне орналастыру.

-Жарайсыңдар, балалар. Келесі біз Марс планетасына аттанамыз.Ол Жерден 2 есе кіші планетаның бірі. Марс планетасында кішкентай Гномдар мен піл Ляп-Ляп өмір сүреді.Бұл жерде де тапсырма бар екен (жұлдызды алып қарау)

2-тапс: «Ляп-Ляп қонаққа барады» (Пони бөлігіне орындау)

Ш: гномдар Ляп-Ляпты қонаққа шақырды. Олар Ляп-Ляпқа жолды түсіндірді:оңға 2 торкөз, 1 торкөз төмен, 5 торкөз оңға, 1 торкөз жоғары, 3 торкөз оңға қарай жүр деді. Ляп-Ляп әр гномға 7 шар алды. Сол шарларды түстеріне байланысты гномдарға сыйлау. Шардың жіптерінің ұзындықтарын өлшеу. Әр өлшемді санмен көрсету (2-3 бала коврографта, басқалары орындарында орындайды)

-Жарайсыңдар, балалар. Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Келесі Сатурн планетасына аттанамыз (Сатурн планетасында балаларды Жұлдызшы қарсы алады):

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздің елде қайдан жүрсіңдер?

Т:-Сәлеметсіз бе. Біз Ғарыш әлемінде керемет коврограф кілемшесі бар деп естіп келдік. Сол кілемшемен біраз жұмыс істеп келе жатырмыз.

Жұлдызшы: Олай болса шаршаған шығарсыңдар. Менімен бірге бой жазып алыңдар.

Сергіту сәті: «Жұлдызшылар» биі

Т: -Жақсы болып қалды ғой. Ал біз енді ары қарай жолға шығайық (Жұлдызшымен қоштасу)

-Балалар, келесі бізді Юпитер планетасы тосып тұр. Юпитер-ең үлкен ғаламшардың бірі. Юпитер планетасында ғажайып сандар өмір сүреді екен. Бұл жерде де тапсырма бар сияқты (жұлдызды алып қарау).

3-тапс: «Тұрғындарды орналастыр» (Лань бөлігіне)

Ш: әр үйдің шатырына сандар жазылады. Сол санға сәйкес дөңгелектерді орналастырып, оң мен сол жақтағы дөңгелектерді салыстыру, тиісті таңбаны қою.

-Саяхатты жалғастырамыз. Келесі планета-Жер планетасы. Жер-Күн жүйесінің үшінші планетасы. Бұл ғаламшарда өрмекші Чок-Чок өмір сүреді.-Балалар, мына жерде тағы бір тапсырма бар екен.

4-тапс: «Чок-Чоктың туған күні»

Ш: бүгін өрмекші Чок-Чоктың туған күні. Міне, кеш те болды. Ал оған әлі ешкім сыйлық сыйламапты. Оның көңіл-күйі болмай тұр. Чок-чокқа сыйлық сыйлаймыз ба? Ендеше түрлі түсті баулардан, дөңгелектерден сыйлық жасайық. Тапсырманы Лев бөлігіне орналастырамыз.

-Ары қарай мен сендерді Айға ұшуды ұсынамын.Бірақ Ай-ол планета емес, ол Жердің серігі.Балалар, қараңдар, кімді көріп тұрсыңдар?

-Иә, бұл біздің таныс Лунтик қой. Лунтиктің де сендерге дайындаған тапсырмасы бар екен. Орындаймыз ба?

5-тапс: «Лунтиктің есептері»

-Табақта 3 алма, қолымда 2 алма, қосқанда барлығы, болады қанша алма?

-Дүкеннің сөресінде 6 бөлке нан болды. Оның 4-уі сатылды. Сөреде неше бөлке нан қалды?

Рефлексивті – түзетушілік:

-Балалар, сендерге бүгінгші саяхатымыз ұнады ма? Сендер бүгін барлықтарың жақсы еңбектеніп, көп жұлдызша жинадыңдар. Ендеше сол жұлдызшалардан құс жолын бейнелейік. Енді балалар өзімізді сол құс жолында тұрғандай сезінейік. Әрқашан да құстар сияқты қанаттарың талмасын, тек алда болыңдар. Алда енді көтеріңкі көңіл-күймен тобымызға осы жолмен қайтайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.02.2025
160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі