400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғарыш. Ғарышты игеру.

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ:

Мектеп: Бозтал орта мектебі

Күні: 18.02

Мұғалім:

Сынып: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Бөлім:

Сабақтың тақырыбы: Ғарыш. Ғарышты игеру.

Оқу мақсат:

3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.

Көпшілігі орындай алады:

  • Идеяларды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін өз бетінше бақылау жүргізеді және алынған нәтижелерді түсіндіріп, қорытынды жасайды .

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Жер мен Күннің арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндіре алады


Ойлау дағдылары

Айтылым

Бағалау критерийлері

  • Жүргізілген бақылауларға сүйене отырып, идеяларды тексереді, растайды немесе теріске шығарады және қорытынды жасай алады.

Құндылықтарды игерту:

Қоршаған ортаны тани білу, зерттеу, қорытынды жасау

Пәнаралық байланыс:

Әдебиетті оқу, математика


Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Жүргізілген бақылау нәтижелерін түсіндіре алады және сұрақтарға жауап береді

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Ғарыш дегеніміз не?

  • Қазақстан ғарышкерлерін білесің бе?

Қазақстан жеріндегі қандай ғарыш айлағын білесің ?

Осыған дейін меңгерілген білім

Жер мен күннің байланысы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы


10 мин


Сәлемдесу

1.Психологиялық дайындық.

«Армысың, ару күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

2. Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Бүгінгі сабақта ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгіме жүргіземіз.

3. Оқушылардан Ғарыш туралы не білетінін сұрау. (ақпараттарды жазып шығу) Өткен сабақпен байланыс орнату мақсатын Жер мен Күннің байланысы туралы сұрақтар қою.

4. Ғарыш туралы бейнеролик көрсету.

Сұрақ – жауап әдісі




Қағаздар,қорап








Оқулық

Сабақ ортасы


25 мин









(Ж, Ұ) Оқушылардан өздерін оқушы емес, саяхатшы, ғарышкер ретінде сезінуін сұраңыз. Ғарыштың небір қызық сырларына үңілу үшін түрлі-түсті «Жорық картасын» алады. Оқушылар алдын ала алдарына ілінген зымырандағы тапсырмаларды алып, деректер қоры бойынша жұпта талқылайды. Зымыранның әр қанатына материалдар оралған.

(Т) Топта бірге келесі сұрақты талқылайды: Ғарыш әлеміне бірінші ұшқан кім? Қандай ірі ғарыштық аппараттар бар? Қазақстандық ғарышкерлер кім?

(Ұ) Байқоңыр ғарыш айлағы- адамзаттың 1-ғарыш айлағы екендігі, одан «Восток», «Восход», «Союз», «Салют», «Мир», бірнеше дүркін пайдаланылатын «Энергия-Боран» жүйесі мен планетааралық космостық аппараттар және Жердің жасанды серіктері ұшырылатындығы, олардың қарапайым құрылысын көрсететін суреттер немесе бейне клип қараңыз. Олардың әр кайсысының ерекшелігін талқылаңыз. Әр ғарыш кемесін сипаттайтын сөздердің тізімін жазсын.

(Ұ) Мектеп ауласындағы тәжірибе. қарапайым зымыранның ұшуын түсіну мақсатында , тәжірибе көрсетіңіз.

(Ж, Т, Ө, қ) Жоғарыда берілген тапсырмаға балама ретінде Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта ғарыш қалай игеріледі? Әлемді болашақта қалай елестетесіздер? Әлем қалай өзгереді, әлемнің физикалық бейнесі қалай болады деп ойлайсыздар деген сұрақтар айналасында идеялар тақтасын жасау.












карточкалар






бейнежазба







Сабақ соңы

5 мин




Үй тапсырмасы

Сөйлемді аяқта.

«Маған сабақта ..... оңай болды»,

«Маған сабақта ..... қиын болды».

Үй жұмысы: Оқушыларға үйге әр түрлі ғарыш кемелерімен ғарышқа ұшу сапары, онда не көргені туралы әңгіме ойлап табуды ұсыныңыз.

Карточка

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)




Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
751
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі