400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ғарыш қалай игеріледі?

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ:

Мектеп: Бозтал орта мектебі

Күні: 06.02.

Мұғалім:

Сынып: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Бөлім:

Сабақтың тақырыбы: Ғарыш қалай игеріледі?

Оқу мақсат:

3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

ғарышты игеру кезеңдерімен танысады;

Көпшілігі орындай алады:

ғарыш жаңалықтарының маңызын түсінеді

Кейбір оқушылар орындай алады :

Алғаш ғарышқа ұшқан адамдармен танысады


Ойлау дағдылары

Айтылым

Бағалау критерийлері

Жер қабаттарының орналасуын бейнелейді және сәйкес түсті дұрыс таңдайды.

Ғаламшарды қорғау шараларын біледі.

Құндылықтарды игерту:

Жаңалықтарды ашуға құштарлық

Пәнаралық байланыс:

Әдебиетті оқу, математика


Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жылдар бойынша оқиғаларды дұрыс орналастырып, ғарыш туралы сұрақтарға жауап береді. Ғарыштық технологиялар туралы өз білімін ортаға салады және басқалармен ой бөліседі.

Осыған дейін меңгерілген білім

Жер қабаттарын біледі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы


10 мин


Ұйымдастыру.

Жұмбақтар шешу.

  1. Аспанда бір айна бар,

Әлемді көріп айналар.

  1. Кейде орта, кейде толы бір тегене,

Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,

Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,

Балалар, ойлап қара, бұл немене?

  1. Төңірегі тең көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп,

Жас та сиған, кәрі сиған,

Астына оның бәрі сиған.

  1. Ұшады қанатсыз
    Зырлайды аяқсыз.

  2. Ұшқыш емес, бірақ ол
    Аспанда қалықтап ұшады
    Оны кім деп ойлайсың?

«Жедел жауап». Оқушылардың ғарыш туралы алғашқы білімдерін тексеру.

1. Сен түнгі аспаннан қандай шоқжұлдыздарды көре аласың?

2. Күн адамға не береді?

3. Күн жүйесінің ғаламшарларын ата.

4. Айдың қозғалысы ғаламшарлардың қозғалысынан қалай ерекшеленеді?

5. Ғаламшарлардың ең үлкені қайсысы?

6. Қай ғаламшар Күнге ең жақын орналасқан? Ең алысы қайсысы?

7. Қай ғаламшарлар Жерге жақын орналасқан?

8. Неліктен басқа ғаламшарларда тіршілік жоқ?

Сұрақ – жауап әдісі




Қағаздар,қорап








оқулық

Сабақ ортасы


25 мин









Сабақтың тақырыбын оқушылардың өздеріне тапқызып, мақсатымен таныстыру.

  1. Зертте. Топтық жұмыс

Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топ мүшелерінің назарын оқулықтағы инфографикаға аудару. Оның көмегімен сұрақтарға жауап беру және оқиғаларды ретімен орналастыру.

1. Ғарышқа алғаш рет қандай дене ұшырылды? Ол қай кезде ұшты?

2. Ғарышқа адамға дейін не ұшырылды?

3. Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

4. Алғаш рет Айдың бетінде «серуендеген» кім?

5. Орбиталық стансы не үшін қажет?

2. Қосымша ақпараттармен жұмыс жасау. Оқушыларға энциклопедиялар тарату.

Ойын «Сұрақ-жауап». Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Әр топ мүшесі энциклопедияларды оқи отырып, 1 парақшаға (карточкаға) сұрақ, екінші парақшаға оның жауабын жазады. Сұрақ және жауап жазылған парақшаларын ортаға қойып араластырады да, карта сияқты таратады. 1 оқушы сұрақ жазылған парақшаны оқып, ортаға тастайды. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауап жазылған парақша кімде болса, сол оқушы парақшаны ортаға тастайды. Әр сұрақтың жауабы табылғанша ойын жалғаса береді.

  1. Сен білесің бе?

Ғарышқа ұшу кезінде зымыран көтеретін жүктің салмағы өте маңызды. Ол отын шығынының мөлшері мен зымыранның алатын жылдамдығына байланысты болады. Егер ол ғарыштық жылдамдыққа (8 км/с) жетпесе, онда зымыран орбитаға шыға алмайды. Нақ сол үшін ғарышкерлерге қойылған негізгі талаптардың бірі ғарышкердің салмағы мен бойының биіктігі болған. Сондай талаптар ғарышкер иттерге де қойылған.

  1. Ғарыш зерттеулері бізге не берді?

Оқушыларға сұрақ қою.

  • Сендер теледидар көруді ұнатасыңдар ма?

  • Бейнесюжеттердің ғарыш арқылы берілетінін білесіңдер ме?

  • Телефон, ғаламтор тағы басқа қызметтерді адам не арқылы қабылдайды?

Жер айналасындағы орбитада орналасқан теледидарлық серіктер атқарады. Теледидарлық станса серікке сигнал жібереді, ал ол тиісті жерге сигналды қайта жібереді. Сонымен қатар, серіктердің метеорологиялық және бақылау серіктері деген түрлері болатынын айту. Ақпарат беру жасанды серік арқылы іске асатынын түсіндіру. Интернет тек адамзат ғарышқа жасанды серіктер жіберуді үйренгеннен кейін ғана пайда болғанын айту.

  1. Бізге ғарыштық жаңалықтар не үшін керек?

  • Қақпағы бар кішкене қалташадағы немесе тюбиктегі азық-түлікті көрдіңдер ме?

  • Бұл тамақтар кімдерге арнап ойластырылған?

Бұл жаңалықтар ғарышкерлерге байланысты ойлап табылғанын, мұндай тағамдарды ғарышкерлердің ғарышта өмір сүруі кезінде тамақтануы үшін жасалғанын айту.

  1. Ойлан.

Егер мүмкіндік болса, оқушыларға ғарышкерлер туралы бейнеролик көрсету. Егер ондай мүмкіндік болмаса, суреттерді қолдану. Ұзақ сапар жасаған ғарышкерлер қонудан кейін қол-аяқтарын әрең қозғалта алатындарына назар аударту. Ғарышкерлердің ондай күйлерінің себебін оқушылармен талқылау. (Бұлшық еттер көп қимылдамағандықтан әлсірейді.) Ұзақ сапарлар кезінде ғарышкерлер тағы қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін топта талқылап, басқа топтармен ой бөлісу.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері. 71, 72- жұмыс парағы. 15, 16-б.













карточкалар






бейнежазба










Сабақ соңы

5 мин




Үй тапсырмасы

Рефлексия

Shape1

  • Мен бәрін түсіндім!

  • Мен тырыстым.

  • Маған мұқият болу керек!

Тест

Қосымша ақпарат



Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)









Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?




Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?


Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?



Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
888
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі