Материалдар / Ғарышкер ағалар 1 сынып

Ғарышкер ағалар 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұңғыш ғарышкерлерімен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні

08.04.2024ж

Класы, жетекші

1 «А» \ Әбиева Б.Қ

Сабақтың тақырыбы

Ғарышкер ағалар.

Мақсаты

Тұңғыш ғарышкерлерімен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.

- Қоғам игілігі үшін қызмет ету;

- Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру;

- Оқушылардың патриоттық сезімін ояту;

Күтілетін нәтижелер

Ғарыш,ғарышкерлер

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта, суреттер,

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу

Құндылықтар

Талап: Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)


Тұсаукесер


 Ұйымдастыру бөлімі
1 Психологиялық дайындық.

Туған жерді сүю -парыз,
Сүю үшін білу –парыз.

Қасиетін ұғу –парыз,
Күзетінде тұру-парыз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді. Психологиялық ахуал Оқушылар дың пікірі тыңдалады



Негізгі бөлім

(30мин)



2. Мағынаны тану.

Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер.

Сөзжұмбақ шешу.

Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т
А Р
Ю
Р И Й
Б А Й Қ О Ң
Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й
К А
З
Е Р Т Т Е У
Б А Т Ы
Р

1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды

Ғарышкер ит - Лайка
Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.
Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.

Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді. Ю. Гагарин  тұнғыш рет ғарышқа жол салған.

Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы - Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы
1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры. 
1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991ж ж. қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі —
7 күн 22 сағат 13 минөт.
Ғарышкер - Талғат Мұсабаев
Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиеті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.
1994 жылы ғарышқа бірінші рет ұшқанда (Союз ТМ – 19) 126күн ғарышта өткізген.
1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген.
Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдын ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.
Ұшқанда американ ғарышкері Л.Эйартс пен Ресей ғарышкері шуваш ұлтының өкілі Николай Батуринмен бірге.
2001 жылы ғарышқа үшінші рет ұшқанда (Союз – ТМ – 32) 8 күн ғарышта өткізген.

Оқушылардың тақпақтары:

А.Алихан: Тоқтар менен Талғат

Ғарышқа ұшты самғап

Ел мерейін өсірді,

Көк пен жеді жалғап.

Сымбат: Ғалым болам десеңіз,

Білімді жина басынан

Ғарышқа ұшам десеңіз

Шынықтыр дене жасыңнан.

Сұлу: Аспан,аспан арайлым,

Саған жиі қараймын,

Сені көзюен шоламын,

Мен ғарышкер боламын.

Ақторғын: Сөз болғанда бұл ағай,

Ал ұяла бастаңдар,

Түске дейін шыдамай

Сабағынан қашқандар.

Сергіту сәті

Аспан денелері туралы мақал - мәтелдер

1.Таразы туса , таң суиды. Сүмбіле туса су суиды .
2.Ай  жарқырап күн  болмас , өтірік жарқырап  
шын болмас .
3.Ашылатын күн  айқұлақтанып
батады .
4.Айдың шалқалап туғаны -
боран - шашынның болғаны .
5.Үркер суға  түссе құт,  жерге түссе
жұт болады .
6. Жұлдыз жиі болса  ,күн  
ашық болады .
7. Адассаң  
темір қазыққа  қара .
8.Күн қораланса ,күрегіңді ,
ай қораланса аяғыңды сайла .
9.Құйрықты жұлдыз  көрінсе ,
құт кетеді.
10.Тірліктің жемісі күнде ,  
тамыры жерде .
11. Айдың жарығы төңірегіне түседі ,
өзіне түспеиді .
12.Үркер жерге түспе
й жер  қызбайды .


https://www.youtube.com/watch?v=n5p9vdpWAVg

Сөзжұмбақты шешеді









Слайд

Оқушылар бейнероликті тамашалайды, талқылайды










Сұрақтарға жауап беру






Қорытынды

(5мин.)




Сұрақ-жауап:

-Ең бірінші болып адамнан бұрын ғарышқа қандай жануар ұшты?

-Егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім?

- Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит?












Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!