400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарышкердер күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарышкерлер туралы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:13.04.2023

Тобы: «Тұлпар» ересек тобы

Білім беру саласы: Сөйлеуді дамыту,математика

Тақырыбы: «Ғарышкерлер күні»

Мақсаты: Балаларға ғарыш,ғарышкер туралы түсінік беру

Күнделікті өмірмен тығыз ұштастыра отырып балалардың ой қиялын дамыту,сөздік қорын,тілін байыту,қызығушылықтарын арттырып,Отанын,елін,жерін сүйуге тәрбиелеу.

Билингвальды компонент:Ғарыш-космос,ғарышкер – косманавт,зымыран- ракета

Көрнекі құралдар: Зымыран,ғарышкерлердің суреттері.

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері:

Сәлем саған жер анам,
Сәлем саған алтын күн.
Сәлеметсіздер ме апайлар,
Сіздерді көрсем қуанам.
Тәрбиеші:

Балалар кім айтады қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем

Тәрбиеші:
Ал көктемнің қай айы?

Балалар: Сәуір

Тәрбиеші:
Сәуір айында қандай мерекелер бар?

Балалар:

Ғарышкерлер күні

Дұрыс айтасыңдар бүгін 12-cәуір ғарышкерлер күні.

Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка,стрелка деген итті ғарышқа ұшырған екен. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізіп, ғарышқа адамның да баруға болатынын білген.
Ең алғаш ғарышқа ұшқан Ресей азаматы ол Юрий Гагарин. Ол 1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет «Восток» ғарыш кемесімен Байқоңыр ғарыш алаңынан ғарышқа ұшты.

1991 жылы Қазақстаннан алғаш ғарышқа ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ұшты. Екінші болып ғарышқа қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары, еліміздің мақтанышы.
Ғарышқа ұшар алдында олар әртүрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады.
Ғарышта адам демалатын ауа жоқ, көлеңке жағы қатты суық, күн түсіп тұрған жағы өте ыстық болады екен. Ғарышкерлер үстеріне арнайы киім киеді. Ол скафандр деп аталады. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ болғандықтан тек осы арнайы киіммен жүре алады екен

\Ғарышкерлерді таныстыру суреттер арқылы\

\Біреу хат алып келеді\

Ой балалар бізге хат келіп тұр.\жұмбақ және мозайка\

Жерде болса тұрағым,
Марсқа ұшып тұрамын.
\ғарышкер\..

Аспанда бір айна бар,
Әлемді көріп айналар.
Күн

Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Ай


Үй үстінде ұсақ тас.
Жұлдыз


Қар астында қыстады,
Жасылмен бөркін тастады.  (Жер)



Тәрбиеші: Керемет балалар! Жарайсыңдар балалар бізге тапсырма алып келепті соны бірге орындасақ\мозайка құрастыру\

Балалар орындаған тапсырмаларына жұлдызша беру



Тақпақтар

Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса марсқа. \Амина\

Арнүр атты баламын

Таудай менің талабым

Үлкен болып өскенде

Мен ғарышкер боламын \Арнұр\



Балабақшам Жанель

Әлпештейді аялайды

Біздің топтың балдары

Ғарышкер болуды армандайды. \Айнура\





 

Сергіту сәті:

Ойын:

«Ұшты-ұшты»

«Ұшты-ұшты» зымыран ұшты.

«Ұшты-ұшты» қалам ұшты.

«Ұшты-ұшты» торғай ұшты.

«Ұшты-ұшты» кітап ұшты.

Тәрбиеші:

Жарайсыңдар балалар! Балалар жаңағы хат пен бірге бізге тосын сый келіпті қазір барлықтарыңа таратып беремін.

Қорытынды:

Нені білді: Аспан әлемін ғарышқа ұшатын адамды - ғарышкерлер деп атайтынын;

Нені игереді: Ойындар арқылы аспан әлеміне үшатын ауа көліктерін меңгереді;

Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемесімен ұшатынын, ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан ғарышкер Юрий Гагарин, Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы мәліметтерді.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.04.2023
383
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі