400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарышкерлер күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша және МАД тобының тәрбиешісілеріне арналған ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Тақырыбы: Ғарышқа саяхат (кіріктерілген сабақ)
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау. Ермексазды қолдана отырып, тапсырманы ұқыпты, таза орындау қабілеттерін дамыту.

Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, таныстыру, сұрақ - жауап, мүсіндеу

Іс-әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жабырқайды даламыз,

Жайнай берсін бақшамыз

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

- Аттарын атап беріңдерші?

-    Қазір жылдың қай мезгілі?

-    Көктем мезгілінде неше ай бар?

-    Аттарын атап беріңдерші?

- Көктем мезгілінің ерекшелігі?

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

Өте жақсы балалар!

Осы тамаша көңіл-күйлерімізбен сабағымызды бастайық!


Балалар шаттық шеңберге тұрып, өлең жолдарына сай қимыл-қозғалысын жасайды,


- Төрт мезгіл бар.

- Көктем,жаз, күз,қыс.

-  Көктем мезгілі

-  Үш ай бар?

-  наурыз,сәуір,мамыр

- күнжылына бастайды, ағаштар бүршік атады, жаңбыр жауады,т.б.

- Тамаша



.


Ұйымдастыру-

шылық – ізденушілік

Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Күміс қанат сұңқарды,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттанда тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (Ғарышкер)

Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі күннің сабағы 12-сәуір ғарышкерлер күніне арналады. Әңгімемізді бастамас бұрын, мен сендермен мамандықтар жайында әңгімелескім келеді. Балалар, айтыңдаршы, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар. Мұғалім, дәрігер, құрылысшы, жүргізуші, өрт сөндіруші, дүкенші, шаштараз тағы басқа көп мамандар бар екен. Әр бір мамандық адамзатқа өте қажет екен.

дәрігер - адамдарды емдейді, мұғалім – балаларды оқытады, жүргізуші – көліктер жүргізеді, өрт сөндіруші – өрт сөндіреді. Міне балалар, әр бір мамандық қажет екен.


Ал бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз – бұл ғарышкер. Балалар 1961 жылы 12 сәуірде тұнғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 – сәуір Ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді.

Ю. Гагарин тұнғыш рет ғарышқа жол салған, сол күннен бері 51 жыл уақыт өтті. Осы жарты ғасыр ішінде ғарышта әртүрлі елден жүздеген ғарышкерлер болып, көптеген зерттеу жұмыстарын атқарды. Солардың ішінде біздің Қазақстан еліміздің батырлары да бар. Ол ғарышқа ұшқан тұнғыш қазақ Тоқтар Әубәкіров ағаларың. Ол ғарышқа бір емес, үш рет ұшқан Талғат Мұсабаев ағаларың. Биыл Тоқтар ағамыздың да ғарышқа ұшқанына 21 жыл толады. Ендеше осы біздің Қазақстан елінің азаматтарын Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевты әрқашан мақтан етіп жоғары бағалауымыз керек.

Балалар, мына суретке назар аударыңдаршы, бұл суретте біздің Қазақстан Республикасының тұнғыш ғарышкерлері – Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, тұнғыш ғарышқа ұшып ғарыш саласында қызмет жасады.

- Балалар біз бүгін қызықты саяхатқа шығамыз.

Айтыңдаршы біз қайда өмір сүреміз? Біз нені басып жүрміз?

Ал жоғарыда біздің үстімізде не бар? (аспан, ғарыш) Дұрыс балалар.
- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме? Сендерге ұнай ма? Маған да ұнайды. Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Ал ғарышқа немен ұшуға болады екен?
- Балалар, кәне, тексерейікші сендер ғарышқа ұшу үшін дайынсыңдар ма? . Дайынбыз ба? (монитордан зымыранның ұшуға дайындалып, ұшқан көрінісі көрсетіледі)
Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Ол үшін қолымызды ішімізге қоямыз, ауаны мұрынмызбен жұтып, ауызымыздан шығарамыз. Ал енді ұшамыз. Ал міне керекті жерімізге де жеттік.

Аспан әлемі

Сәлеметсіздерме балалар. Аспан әлеміне қош келдіңіздер!Балалар аспан әлемімен таныссыздарма?

Аспан әлеміне нелер бар?

Аспан әлеміне немен келдіңіздер?

Аспан әлемін таныстырып өту.

Балалар сендермен мен жұмыс жасағым келіп тұр. Менімен жұмыс жасайсыздарма?

Балалар олай болса, біздер аспан әлемін қағаз бетіне түсіреміз.

«Ғарыш әлемі» атты жабыстыру сабағын өтеміз.

Балалар суреттеп жұмыс жасайды. (яғни аппликация)
Жарайсыңдар. Балалар аспан әлемі сендерге ұнадыма?





-ғарышкер








Балалардың жауабы.















Балалар ғарыш туралы мағлұмат алады. Ғарыш әлемімен танысады.





























Балалар сұрақтарға жауап береді.









Балалар көздерін жұмып, аспан әлеміне саяхатқа барады.










Аспан әлемімен танысады? Сұрақтарға жауап береді.

Балалар тапсырманы орындайды?

Рефлексиялық –түзетушілік

Ал енді орнымызға отырып жерге қайтайық. Белбеуімізді тағайық, ал кеттік! Ал біздің зымыранымыз жерге жеткенше, көзімізді жұмып, музыкалық әуен тыңдайық.
Жақсы, балалар, міне жерге де келіп жеттік. Белбеуімізді шешейік. Орнымыздан тұрайық. Міне балалар өз тобымызға да оралдық. Ой, балалар бізді мына жерде қонақтарымыз қарсы алып жатыр. Кәне, қолымызды бұлғайық. Жақсы біз қайда барып келдік? Ал енді сол ғарышта не көрдік, не білдік? Балаларды мадақтау,мақтау



Балалар осы жиыннан алған әсерлерін, не үйренгендерін айтады?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі