Ғарышкерлер күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарышкерлер күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарышкерлер күніне ашық ҰІӘ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы:

Бөлімі:

Тақырыбы: «12-сәуір Ғарышкерлер күні!»

Мақсаты: Балаларды ғарыш әлемімен таныстыру. Ғарышкерлер туралы мәлімет беру. Оның ішінде: ғарыштық ұшулар, Байқоңыр ғарыш айлағы турасында.

Көрнекі-құралдар: иллюстрациялық суреттер, қағаз қиындылары және т.б

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, таныстыру, сұрақ-жауап, тақпақтар, дидактикалық ойын, шығармашылық тапсырмалар, пысықтау сұрақтары.

Билингвалды компонент: Ғарыш-космос. Ғарышкер-космоновт. Зымыран-ракета

Тәрбиеші: Балалар біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетіміз өте ерекше болмақ. Себебі біз бүгін аспан әлеміне саяхат жасап, ғарыш кеңістігімен танысатын боламыз. Балалар біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған іс-әрекетімізге қонақтар келген екен, қанекей, қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері;

Бақыт деген-

Осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып

Тұрайықшы кел бері

Бақыт деген-

Көрмей қалса мұңайып

Мені іздейтін

Адал жүрек сендегі



Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар біз бүгінгі ашық сабағымызда ғарыш әлеміне саязат жасап қызықты мәліметтер білетін боламыз. Балалар біз сендермен күнделікті далаға серуенге шығамыз ия, серуенге шығып ашық аспанға қарағанда не көреміз балалар?

-Ия,дұрыс айтасыңдар балалар күнді көреміз. Балалар күн қандай? Үлкен бе әлде кішкентай ма?

-Ия, балалар күн өте үлкен. Ол біздің ғаламшарымызға жарық сәулесін түсіріп, жылуын беріп тұр. Балалар аспан әлемінде күнді айнала 8 ғаламшар жүретінін білесіңдер ме?

Ал, сендер ол ғаламшарлардың атауын білесіңдер ме?

-Олай болса барлығымыз бірге ғаламшарлардың атауын дұрыстап атап шығайық.

(Қонаққа Ай келеді)

-Сәлеметсіңдерме балалар! Мен Аймын. Түнгі аспанның әміршісі. Қараңғы түнге жарық сәуле беруші Ай боламын. Балалар мен сендерден көмек сұрай келдім. Менің қасымда жарқыраған жұлдыздарым жоқ олар терең ұйқыға кетіпті ал мен оларсыз түнде жарық сәулені молынан түсіре алмаймын. Ұйқы әміршісіне барып жұлдыздарымды ұйқыларынан оятуын сұрап өтініп едім, ол маған мына тапсырмаларды берді. Егерде осы тапсырмаларды дұрыс орындайтын болсаң жұлдыздарың ұйқыларынан оянып жарқырай түседі деді. Сендер маған тапсырмаларды орындауға көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: сәлеметсіз бе! Ия біз сізге тапсырмаларды орындап, жұлдыздарыңызды табуға көмектесеміз.

1-тапсырма: Сәлеметсіздер ме аспан әлеміне қызығушы жас саяхатшылар. Сендерге арналған бірінші тапсырмам маған ғарыш туралы немесе ғарышкерлер туралы тақпақ айтып берсеңдер.

(Тақпақ)

Әубәкіров ағаның

Даңқы көкке самғаған

Тоқтар аға Гагарин

саған жолды жалғаған (Оспан)



тоқтар ұшты ғарышқа

талғат болды ғарышта

таңқалдырып қазағым

тағы ұшса ғой Марсқа (Ұлпан)



біздің Тоқтар ағамыз

ұшты шЫрқап ғарышқа

ертең бізде барамыз

Айға, Шолпан,Марсқа (Әлихан)



Аспан,аспан, арайлым

Саған жиі қараймын

Сені көзбен шоламын

Мен ғарышкер боламын (Хор)





2-тапсырма; Балалар сендер 1-тапсырманы керемет орындап шыққандарыңа сенімдімін. Менің сендерге дайындаған 2-тапсырмам бар. Сендерге өте қызықты дидактикалық ойын дайындап қойдым. Бірге ойын ойнап зеректіктерің мен жылдамдықтарыңды сынап көріңдер.

(Ай қоштасады)

-Рахмет сендерге балалар!! Менің жарқыраған кішкентай ғана жұлдыздарымды тауып бердіңдер. Менің де кететін уақытым болды. Өз ұяма батып ұйқыға кетейін күнде шығып келеді. Сау болыңдар балалар!!

Тәрбиеші:

Балалар досымыз Айға көмектесіп жұлдыздарын қайтарып бердік. Ендігі кезекте бойымызды сергітіп билеп алсақ қалай қарайсыңдар.

Сергіту сәті:

Ғарышты зерттеп

Ұшайық бірге

Зымыран менен

Жетейік күнге

Күнге ең жақын

Кіші ғаламшар

Ол меркурий ғой

Білесің бе?

Зерттейміз

Ұшамыз

Көреміз

Балапанимен

Тәрбиеші: балалар бойымызды сергітіп билеп алдық ендігі кезекте ғарыштық ғажайыптарды өз қолымызбен жасап, шығармашылық қабілеттерімізді шыңдай түсейік.

1-топ: Зымыранның қиындыларын ретімен жапсыру.

2-топ: Ғаламшардың макетін түрлі бояулармен бояу.

3-топ: Ғарышкерлердің қиынды суреттерін біріктіріп құрастыру.



Пысықтау сұрақтары:

  1. Балалар ғарышқа зымыранмен ұшатын адамды кім деп атаймыз?

  2. Балалар ғарышкер ғарышқа немен ұшады?

  3. Балалар ғарышкердің арнайы киімінің атауы қалай аталады?

  4. Балалар аспанда жарқыраған нелер бар?







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2025
15
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі