Материалдар / Ғарышкерлер күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғарышкерлер күні

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға қосымша білім ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: 12-сәуір ғарышкерлер күні

Мақсаты: Тұңғыш ғарышкерлерімен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу.

Туған жерді сүю -парыз,
Сүю үшін білу –парыз.
Қасиетін ұғу –парыз,
Күзетінде тұру-парыз.
(Мұзафар Әлімбаев)

Ғарышкер ит - Лайка
Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.

1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.

Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.

Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болсағ, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді.

Юрий Гагарин адамзат баласындағы тұңғыш ғарышкер 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты
Мемлекеті - КСРО

Мансабы - ұшқыш-ғарышкер

Әскери атағы - Полковник

Экспедициялары - Восток-1(12-ші Сәуір)

Ғарышта болған уақыты - 1 сағ 48 минут

Туылған күні - 1937 ж. наурыздың 9-ы,

Туылған жері - Клушкино ауылы, Гжатский ауданы, КСРО

Қайтыс болған күні - 1968 ж. наурыздың 27-сі,

Қайтыс болған жері - Киржач қала манында, Владиморск облысы, РКФСР, КСРО

Сыйлықтары - Кеңес Ода
ғының Батыры

Әубәкіров, Тоқтар Оңғарбайұлы - Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы
1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры. 
1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991ж ж. қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минөт.
Марапаттары:
Қазақстанның: «Халық Қаһарманы» атағы

«Қазақстанның ғарышкер – ұшқышы» атағы

«Отан» ордені 1995 жыл

Кеңес Одағының: «Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені 1987 жыл

«Герой Советского Союза» (Кеңес Одағының Ері) атағы 1988 жыл

«Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медальі 1988 жыл

«Ленин» ордені 1988 жыл

«Заслуженный Летчик – испытатель СССР» (КСРО еңбегі сіңірген сынаушы ұшқыш 1990 жыл

«Летчик – космонавт СССР» (КСРО ғарышкер – ұшқышы) 1991 жыл

«Октябрьская революция» (Қазан революциясы) ордені 1991 жыл

Ресейдің: «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдызы) 1995 жыл

Австрия Республикасының: «Алтын Крест» ордені 1988 жыл

«Алтын Крест» ордені 1993 жыл

Ғарышкер - Талғат Мұсабаев
Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиеті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.
1994 жылы ғарышқа бірінші рет ұшқанда (Союз ТМ – 19) 126күн ғарышта өткізген.
1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген.
Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдын ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынған.
Ұшқанда американ ғарышкері Л.Эйартс пен Ресей ғарышкері шуваш ұлтының өкілі Николай Батуринмен бірге.
2001 жылы ғарышқа үшінші рет ұшқанда (Союз – ТМ – 32) 8 күн ғарышта өткізген.
Марапаттары:
Қазақстан Республикасы

«Халық Қаһарманы» атағы (1995)

«Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» атағы (1995)

«Отан» ордені (1998)

«Барыс» 1-ші дәрежелі ордені

«Астана» медалі (1999)

Ресей Федерациясы:

«Дружба народов» ордені (1991)

«Герой Российской Федерации» атағы (1994)

«Лётчик-Космонавт РФ» (1994)

«За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998)

«За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені

Аустрия Республикасы:

Аустрия Республикасының ордені

Америка Құрама Штаттары:

«Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998)

Айдын – үшінші ғарышкер
Айдын Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Талдықорған облысы, қазіргі Алматы облысы Талдықорған ауданы Заря Коммунизм ауылында (қазіргі Өтенай ауылы) туылған. 
1989 жылы және 1993 жылы «ұшқыш - инженер» біліктілігін ала отырып, Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін аяқтады. 2002 жылы 9 қарашада ресейлік өкілдердің қатысуымен Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттарды іріктеу бойынша ҚР Үкіметінің жанындағы Ведомствоаралық комиссия отырысында А. Айымбетовті Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағына енгізу ұсынылды.
2012 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1304 қаулысымен А. Айымбетовке Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді.
Марапаттары:
Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке
• «Халық қаһарманы» атағы (14.10.2015)
• Алтын Жұлдыз айрықша ерекшелік белгісі
• «Отан» ордені (2015)
Қорытынтынды:
Балалар, әңгіме ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін. 
Жырға бөле әр төбесін. 
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер 
Көтерді қазағымның мәртебесін, - деп, ғарышкерлер күніне арналған әңгімемізді аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!