жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ғарышкерлерге тағзым!
Сабақтың тақырыбы:12-сәуір –ғарышкерлер күні
Сабақтың мақсаты: а) Еліміздің мақтаныштары қазақ ғарышкерлерімен таныстыру
ә) Оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін кеңейту
б)Ел мақтанышы болуға тәрбиелеу
Көрнекі құралдары:Ғарышкерлердің суреті,Байқоңыр суреті.»Ғарышкер» ребус
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі
Армысың шапағатты күніміз.
Армысың мейірімді жеріміз..
Армысың табиғат-анамыз.
Келді сізге өзіңіздің балаңыз.
2
Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын
сөзжұмбақ шешіп тақырыбымызды біліп
алайық.
1Көгі жүр дейді 2 Қанаты бар ұшпайды
Қызылы тұр дейді. Су астында қыстайды
3 Бейбітшілік құсы деп 4 Күндіз бәрі қашады
Атайды оны барша жұрт. Түнде аспанды басады.
5 Құс сияқты құс емес
Самғап ұшқан биікке
Қақпайды бір қанатын
Жүрсе де тым биікте.
6 Көрсе бәрін өзгенің 7 Киелі бір жануар
Көре алмайды өздерін. Үстінде екі тауы бар
8 Қиналмай көтеріп
Өзінен ауырды
Жорғалап кетеді
Жүкшідей кәдімгі
|
б |
а |
Ғ |
д |
а |
р |
ш |
а |
м |
||
|
|
|
б |
А |
л |
ы |
қ |
|
|||
к |
ө |
г |
е |
Р |
ш |
і |
н |
||||
ж |
ұ |
л |
д |
Ы |
З |
|
|
|
|
|
|
|
|
ұ |
Ш |
а |
қ |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
К |
ө |
з |
|
||||
|
т |
ү |
й |
Е |
|
||||||
қ |
ұ |
м |
ы |
Р |
с |
қ |
а |
|
|
|
|
-Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз ғарыш туралы екен
Ғарыш әлеміне саяхат
Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді?
Өз ойларын сұрау.
Ғарыш айлағы дегеніміз не?
Ғарыш айлағы дегеніміз-бұл зымыран ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.
Қазақстпнның ғарыш айлағы бар ма?
Қалай аталады?
Байқоңыр
Мұғалім:Жарайсыңдар балалар.
Адам ерте кезден-ақ әлем денелерінің жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ол әзірге жер төңірегіндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты Атақты ұшқыш Ю.А.Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген әрі суық әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғаш рет тіршілік иесінің жүрегі соқты.Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып аман есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды.Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан 2 сұр тышқан әртүрлі жәндіктер өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылды Олар жерді 17 рет айналып оралды.
Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю.А.Гагарин ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Біздің заманды «Космос дәуірі» деп атайды. Жердің жасанды серіктерінің ұшырылғаны Айға, Шолпанға, Марсқа қарай самғаған зымырандар, ер жүрек ұшқыштардың ғарышқа жасаған саяхаттары жайлы беріліп тұратын хабарға қанықпыз.
Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді, ғарыштан түсірілген суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын ала сақтануға мүмкіндік береді. Олар арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Жердің ішкі құрылысын зерттеуге, дәл географиялық карталар жасауға, пайдалы қазбалар іздеуге, егіннің шығымын болжауға, тағы басқа жұмыстарға кеңінен пайдаланылуда.
Қазақстан жерінде ғарыш кемесін ұшыратын әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан.
Ғарыш кемесі - әрі үй, әрі ғылыми лаборотория. Мұнда ғарышкерлер тұрып жұмыс істейді. Адамдардың ұшқанына көп уақыт болмаса да ғарыш кемесінің бірнеше түрі жасалды. Ю.А.Гагарин бір орынды «Восток» кемесімен ғарышқа ұшқан болатын, одан кейінде бұл кеме бірнеше рет ғарышқа барып қайтты. Кейін «Союз», «Салют», «Прогресс» және «Мир» ғарыш кемелері орбитаға көтеріліп ғарыш станциясын құрды.
Арада 30 жыл өткеннен кейін, 1991 жылы қазан айының 2-сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады. Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты
Тұңғыш аға ғарышкер.
Әубәкіров ағаның
Даңқы көкке самғаған
Тоқтар аға
Гагарин
Самғап жолды жалғаған
Тоқтар аға жан ағам
Бұрыннан да ер еді.
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.
Ұшқыш болғым келеді.
Көңілі- дария ойы- аспан
Асқар шыңнан бойы асқан
Ай күнімен аспанның
Әзілдескен сырласқан
Ұшқыш болғым келеді
Күнге күліп күй тартқан
Айға ән тындатқан
Бақыт жырын жырласа
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді
Мұздай болат киінген
Батпан қару үйірген
Қоргап бақыт ұясын
Тас түлектей түйілген
Ұшқыш болғым келеді
Ар намысын ақтаған
Жүрекке сыр жаттаған
Туған елдің ұясын
Жән – тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келеді
Еш адамға жалықпас
Гүлге толмас құшағы
Сонда да бір жалықпас
Күни –түни ұшады,
Ол кеткенде қыс еді.
Жер беті енді көк теңбіл
Қашан жерге түседі?
Шыдамды еді неткен бұл
Самғап биік туы көкте
Сорғалайды қырандар
Олар білсен ғарышқа
Оқтай ұшқан зымырандар
Оны көрген алып дер
Жарқылдаған от қандай
Шіркін болсам ғарышкер
Талғат пенен Тоқтардай
Байқоңыр
Ғарышкерлер мекені
Қазақ жері Байқоңыр
Қай жер саған жетеді
Ғажап жерім Байқоңыр
Ғарыш сондай алыспа
Аспан аспан арайлым
саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын.
Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның.
Арман қуып жасына
Көктен көзін алмаға
Ұшқыш болды жасұлан
Аспанда еркін самғаған.
Тағы да істе ғажап тың
Тоқтар түсіп жарыс
Туған ұлы қазақтың
Тұңғыш ұшты ғарышқа
Бабасындай асауға
Салған құрық- бұғал
Самолеттер сынауға
Артқан онда құмарлық.
Сынақшы ұщқыш жұмысы
Қауіпті де Отан-деп
Ерлікке асып сонда ісі
Батыр қыран атанды.
Апта түгел ай өтті
Ол ғарышқа ұшқалы
Сонша неткен сай епті
Сонша неткен күшті әрі.
Суреттермен жұмыс:
А) Суретте Т.Әубәкіров
Ә) Әңгіме оқып беру
Сергіту сәті
Аспан аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын.
Ал енді өздерің жаттап келген ғарыш туралы тақпақтарыңды тыңдайық
1-оқушы: 2-оқушы:
Мөлдір тұнық көк аспан, Мақтанышы даламның
Сол аспанға жарасқан. Байқоңырдың құшағы.
Самолеттей сұңқармен, Ұрпақтары ғаламның
Ұшқан құспен таласқан, Осы жерден ұшады.
Ұшқыш болғым келеді.
3-оқушы: 4-оқушы:
Күлімдейді күміс күн, Байқоңырдан ұшқанға
Құштарында көз тігіп. Барлық әлем қарады,
Кемесіне ғарыштың Дос құшақтар аспанға
Байқоңырда кезігіп. Көтеріліп барады.
5-оқушы:
Ғарышкерлер мекені
Қазақ жері Байқоңыр,
Қай жер саған жетеді?
Ғажап жерім Байқоңыр!
6-оқушы:
Сен емессің көкке ұшқанның алғашқы да соңғысы,
Тоқтар, Талғат – туған елдің ғарыштағы төл құсы.
Келді ме әлде тебіренген ата-баба рухы?
Ұрпағының көзімен ғаламды бір шолғысы.
7-оқушы:
Ел жүрегін елжіретіп, босатып мұң-шерінен,
Абай әнін өзің шырқап сонау ғарыш төрінен.
Зымыраған қанатына көк тәңірі жар болсын.
Бар қазақтың ақ тілегі бірге ұшып жүр сенімен.
8-оқушы:
Ар-намысын ақтаған,
Жүрекке сыр сақтаған.
Туған елін, ұясын
Жан тәнімен сақтаған
Ұшқыш болғым келеді.
9-оқушы: 10-оқушы:
Көңіл-дария, ойы-аспан, Күнге күліп, күй тартқан,
Асқар шыңнан бойы асқан. Айға әнін тыңдатқан.
Ай күнімен аспанның Бақыт жырын жырласа
Әзілдескен, сырласқан. Таң Шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді. Ұшқыш болғым келеді.
11-оқушы: 12-оқушы:
Жат жерлерге қонбаған, Мұздай болат киінген,
Жатқа көңілі толмаған. Батпан қару үйірген.
Асыл затты сұңқардай Қорғап бақыт ұясын,
Өз ұясын қоғаған Тас түлектей түйінген
Ұшқыш болғым келеді. Ұшқыш болғым келеді.
13-оқушы:
Тоқтар ұшса қуанды ауыл қандай
Тына қалды Сарыарқа дауылданбай
Біз Тоқтарды көреміз ер Төлеген
Батыр Мәлік, дауылпаз Бауыржандай.
Дәптермен жұмыс:
Ғарыш станциясының суретін салу
Ал енді жұмбақ шешіп жаңылтпаш жаттайық
Ғарышкер ұшты ғарышқа
Ғарышқа ұшты ғарышкер
Айтшы ғарыш алыс па?
Балалар сендер ғарышқа ұщқыларың келе ма?
Ия ұшқымыз келеді.
Ендеше мына зымыранға қарайықшы.
Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
Төртбұрышқа, үшбұрышқа шаршыға дөңгелекке.
Қорытынды
Жарайсыңдар
Бекіту
Ойын егер мен ғарышкер болсам.....
Егер сен ғарышкер болсаң не істер едің?
4-5 оқушыдан өз ойын сұрау
1 Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері кім?
2 Қазақстанда ғарыш айлағы қалай аталады?
3 Ғарышкерлер қандай болуы керек?
4 Адамдардан бұрын ғарышқа нелер ұшқан?
Балалар сабақ ұнады ма?
Қандай әсер алдыңдар?
Ал, болашақта кім боласыңдар?
Тотастыру
Ғарышкер мұғалім
Кім
болам!
Тігінші шопан
дәрігер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген