400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғарышқа жол жерден басталады.

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Ғарышқа жол жерден басталады.

Күні: 12.12.18 ж

Сыныбы: 8

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу масаттары

8.1.6.1 – коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диолог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.

8.3.5.1 – оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін /аннотация, тезис/ жазу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: диалогте ғылыми деректер мен терминді орынды қолданылады;

Көпшілігі: ақпараттық мәтінді мақалаға айналдырады.

Кейбірі: стиль түрлерін анықтап, тілдік құралдарын талдайды.

Бағалау критерийлері:

коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диолог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.

Тілдік мақсат:

Аннотация, ғарыш кемелері, ровер

Оқушылардың ойлау қабілеттері:

білу, түсіну, қолдану, синтездеу

Алдыңғы оқу

Ғарышты зерттеген астрономдар.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы


6 минут









Тыңдалым, оқылым алды


5 минут

Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу.

«Шаттық шеңбері» арқылы психологиялық ахуал қалыптастыру


«Жалауша » әдісі. Оқушыларға берілген жалаушаларда Арман, Бақыт, Қуаныш деген сөздер арқылы 3 топқа бөлемін

1 топ – Арман

2 топ – Бақыт

3 топ – Қуаныш


Қызығушылықты ояту.

Оқушыларға төмендегі сұрақтар таратылады. Олар жұбымен ақылдасып, ортақ жауапты айтады.

Ең алғаш ғарышқа кім жол салды деп ойлайсың?

Адамзат үшін ғарышты иегру неліктен маңызды?

Ғарыштану ғылымы мен технологиясы келешекте жер бетіндегі адамзаттың өміріне қалай әсер етуі мүмкін?



Суреттер









Тыңдалым,

оқылым кезі

15 минут



Тапсырма. Мәтіндерден жаңа сөздерді тауып, олардың мағынасын зерттейді. Жаңа сөздер екенін ереже арқылы дәлелдеп, ол сөздердің ғылымының қай саласының дамуына байланысты туындағанын негіздейді. Мағыналарын түсіндірме сөздік арқылы анықтайды. Термин сөздер мен неологизмдердің ережесін еске түсіреді. Төменде берілген кестеге есімді және етістікті тіркесті, нақты деректерді анықтап жазады.


Есімді тіркес

Етістікті тіркес

Нақты дерек

Қасиетті Жер – Ана

Ғарышқа ұшу

1991 ж 2 қазанда қазақ ғарышкерлігінде жаңа парақ ашылды.


Бүгінде «ғарыш» сөзі қай – қайсымызға да түсінікті. Адам баласының ғарышқа ұшу ынтасы пайда болды. Әдеттегі әуе кемесі ғарышқа көтеріле алмайды. Арнайы ғарыш кемесіне арналған ғарыш айлағы қажет болды. Ондай ғарыш айлағы өзіміздің өзіміздің жерінен таңдалды. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының аяғында әлемге әйгілі «Байқоңыр» ғарыш айлағы бой көтерді. Жердің ең алғашқы серігі, тұңғыш ғарышкер де осы «Байқоңырдан» ғарышқа жол тартты. Адамзат қасиетті Жер – Анамызды кеңістіктен көргелі бері өткен жылдар ішінде көптеген жетістіктерге жетті. Адам баласы Айға қонып, оның бетінде көптеген зерттеу жұмысын жүргізді. 1991 жылы 2 қазанда қазақ ғарышкерлігінде жаңа парақ ашылды. Сынақшы – ұшқыш Тоқтар Әубәкіровтен киін ел мақтанышына айналған Талғат Мұсабаев болды. Қазақстанның 3 ші ғарышкері – Айдын Айымбетов.




Сұрақ: 1. Мәтінде не туралы, қандай ақпарат берілген?

2.Не түсіндіңдер?

3.Білетіндерің болды ма?

4.Қандай тың мәліметтер алдыңдар?

5.Сұрақтарың бар ма?


Дескрипторлар

1.Мәтіннен жаңа сөздерді таба алады.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.


Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы сабақты қаншалықты меңгергендерін анықтаймын.

Қызыл: «түсінбедім»

Сары: «сенімді емеспін»

Жасыл: «түсіндім»












10 минут





















Топпен жұмыс «Ғарышқа саяхат» ойыны.

Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп, әр топтағы оқушылар ғарышкер, саяхатшы, тілші және суретші рөлдерін таңдап алады. Ойын бойынша нұсқаулық беріледі:

Топтық жұмыста топ мүшелері белсенді жұмыс істеуі керек.

Бір – бірінің пікірін құрметтеуі керек.

Топтағы оқушылар бір – бірін қолдай білуі қажет.

Өзге топтарға кедергі келтірмеулері тиіс. Рөлдерде ойнайтын оқушылардың міндеті:

1. Ғарышкер өз жұмыстары немесе «ашқан жаңалықтары» бойынша есеп дайындайды.

2. Саяхатшы ғарыштағы сапары жайлы күнделік жазады.

3. Тілші өзі көрген, куә болған жайлар туралы репортаж дайындайды.

4. Суретші ғарыш сапары жайлы сурет салады. Ойын барасында оқушылар бір – бірімен пікір алмасып, өздерінің жұмыстары туралы ойларымен бөліседі. Ойынның соңында әр топ өз жұмыстарымен таныстырады.

Дескрипторлар

1.Нұсқаулықпен танысады.

2. Оқушылар ғарышкер, саяхатшы, тілші және суретші рөлдерге бөлінеді,


Қалыптастырушы бағалау: «Бармақ» әдісімен бағалайды.




















Сабақтың соңы

Кері байланыс

3 минут






«Бес саусақ» әдісі арқылы жүзеге асады. Ол үшін оқушылар параққа алақандарын қойып, оның жиегін қаламмен айналдырып өтеді. Содан соң сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады: Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды? Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта / жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай біліммен тәжірибе алдым? Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? неліктен? Кәшкентай бөбек – көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Ақ парақтар мен маркерлер


Үйге тапсырма

1 минут

56 – беттегі 5 – тапсырма.




































Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Оқушыны қолдау үшін саралау.Диалогтік саралауды пайдаланамын.

-сөздер қай кезде бірге қай кезде бөлек жазылады?

Қабілеті жақсы оқушыға қосымша тапсырманы күрделендіремін. Зевс, зәйтүн майы деген сөздермен сөйлем құрайды.

Бірінші тапсырма бойынша «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың мәтін мазмұнын қаншалықты меңгергенін білу үшін алдым. Оқушылардың білім деңгейін анықтап отырамын.

Екінші тапсырма «Мадақтау» әдісін алған мақсатым – білім алушыларды пәнге қызықтыра отыра, тапсырмаларды орындау ынтасын арттыру.

Үшінші тапсырма бойынша «Екі жұлдыз бір тілек» кері байланысы оқушылардың жазба жұмыстарын орындау барысында берілген талаптарды қаншалықты орындай алғанын анықтау үшін тиімді болды.



Тарих, география.

Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Белсенді әдіс – тәсілдерді орынды қолдануымның нәтижесінде сабағымның мақсатына жете аламын, себебі, жоспарымдағы тәсілдер оқушының ойлау деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Тапсырманы орындауда қиындыққа тірелетін оқушыларға арналған саралау жұмыстарын да қарастырдым. Сонымен қатар ҚМЖ – ның әр сатысын нақты жоспарлап, уақытты ұтымды пайдаланамын.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Топпен жұмыс «Қатесін тап» әдісі.

Тапсырма: мәтіндегі орфографиялық нормаға сай емес сөздерді түзеп жаз.

2: «Бір сөзбен» кері байланыс әдісі.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
3950
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі