Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ғарышқа математикамен бірге

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін беркіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ғарышқа математикамен бірге

«Ойнада ойлан» 

Сабақтың тақырыбы: «Ғарышқа математикамен бірге» 

Салтанат Қостанаева. «Райхан» балабақшасының 
Естиярлар тобының тәрбиешісі. 

Сабақтың тақырыбы: «Ғарышқа математикамен бірге» 

Сабақтың мақсаты: балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін беркіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Қисынды есептерді шығара отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру. 
Сабақтың әдістері: саяхат, қисынды есептер, дидактикалық ойындар. 
Қажетті құралдар: зымыран, «жұлдызды қалашық», ғаламшарлар, жұлдызшалар, жатпланеталықтар бейнесі, қисынды есептер. 
Алдын-ала жұмыс: ғаламшарлармен танысу, жатпланеталықтар ұғымымен танысу. 
Сабақтың барысы: 
-Балалар біздер бүгінгі сабақта ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, яғни ғарышкерлер боламыз. 
- Ғарышқа бару үшін бізге не керек? 
- Зымыран. 
-Олай болса біздер барлығымыз бірлесіп зымыран құрастырайық. 
Балалар геометриялық пішіндерді пайдалана отырып, тақтаға зымыран суретін құрастырады. 
- Зымыран құрастыру кезінде қандай пішіндерді пайдаландық. 
- Үшбұрыш – төбесі, кеудесі – төртбұрыш, 2 қанаты көпбұрыш –деп балалар жауап береді. 
- Міне, балалар зымыранымыз да дайын. Енді біздер «Жұлдызды қалашықта» даярлықтан өтуіміз керек. Ол үшін бізге «Жұлдызды қалашық» мынадай тапсырма даярлаған екен. Тапсырма аты: «Орныңды тап». Бұнда біздер «Жұлдызды қалашықтағы» үйлерді дұрыс орналастыра білуіміз керек. Сіздердің алдарыңда үйлер тұр, үйлер артында сандар тығылып тұр, сол сандар арқылы шытырман жолдан өтіп өз орыныңды табуың керек. 
- Өте жақсы ғарышкерлер, сіздер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді дайындалыңдар ғарыш әлеміне ұшуға рұқсат берілді. 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік! (музыка ойналады) 
- Ғарышқа да келдік. Біздің алдымызда аспан әлемі және ғаламшарлар. Ғаламшарлардың біздерге даярлаған құпия тапсырмалары бар. 
Тақтаға аспан әлеміндегі ғаламшарлар көрінісі бейнеленген сурет ілінеді. 
1. Күн: кемпірқосақта неше түс бар? (7) 
2. Жер: бағдаршамда неше көз бар? (3) 
3. Ай: қолғапта неше саусақ бар? (5) 
4. Шолпан: адамда қанша көз бар? (2) 
5. Марс: жұлдыздың неше бұрышы бар? (5) 
6. Сатурн: аспанда неше күн бар? (1) 
7. Нептун: бір жылда неше ай бар? (12) 
8. Плутон: бір аптада неше күн бар? (7) 
9. Уран: адамда қанша саусақ бар? (10) 
-Балалар ғаламшар тапсырмаларын мүлтіксіз орындадық. Енді өзімізге естелік ретінде ғаламшардан жұлдыздар алып кетейік. Ол үшін сіздердің алдарыңдағы даярланған конверттер ішінен пішіндерді пайдалана отырып жұлдыздар құрастыру керек. 
Құрастыру жұмысы болады. Жәй әуенде музыка ойналып тұрады. 
Тәрбиеші: - Балалар, өте әдемі жұлдыздар құрастырылды. Жұлдыздар қандай пішіндерден тұрады екен? 
Балалар: - 5 үшбұрыш, 1 бесбұрыш. 
Өте жақсы. Жұлдыздарымызды қалташаларымызға салып алайық. Мында қараңдар балалар біздер жұлдыздарымызды құрастырумен айналысып жатқанымызда біздің ғаламшарға жатпланеталықтар келіп қалыпты. Мынау солардың іздері ғой. (музыка ойналады). Жатпланеталықтар құпиясын ашу үшін іздерді рет санымен орналастырып көрейік. 
Балалар табан іздеріне салынған сандарды рет санымен қатар орналастырады. 
- Балалар сіздер рет санымен сандарды орналастырдыңдар бірақ сандар құпиясы ашылған жоқ. Олай болса барлығымыз бірлесіп, күш жинап ,жаттығу жұмысын жасап көрелік. 
Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды. 
- Күшімізді жинап келдік,қайтадан іздер құпиясын ашуға кіріселік. 
- Олай болса сандарды жұбымен қойып шығайық. 
Балалар сандарды жұбымен қояды. 
- Өте жақсы. Бізге арнап жатпланеталықтар іздері келесі тапсырманы беріп отыр. (Қисынды есептер ) 
- 1- тапсырма: (суреттерін іле отырып) Мен жүріп келе жатып, еменнің тасасынан екі ұзын құйрық және төрт ұзын құлақ көрдім. Олар нелер және нешеу? (2 түлкі, 2 қоян) 
- 2- тапсырма: Дарбаза артынан 8 дөңгелек көрініп тұр. Дарбазаның артында неше машина тұр деп ойлайсың? ( 2 машина) 
- 3 тапсырма: Екі мысықтың аяғы нешеу? ( 8) 
- 4 тапсырма: Үш сиырдың мүйізі нешеу? (6) 
- Балалар, өте жақсы сіздер бұл тапсырманы да жақсы орындай білдіңдер. Қараңдаршы біздің ғаламшардан іздер ғайып болып кетті ғой. 
- Балалар сіздерге енді соңғы тапсырма беріліп отыр. Біздің ғаламшарда жатпланеталықтардың 3 түрі бар екен. Мына алдарыңдағы суреттің әр қатарында 1 түрі жетіспейді соны дәл тауып орналастыруымыз керек. 
Дидактикалық ойын «Не жетіспейді». 
- Барлық тапсырманы жақсы орындадық, енді балабақшамызға қайтуға жиналайық. Қане бәріміз бірге: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 Кеттік. (музыка ойналады) Балалар балабақшаға жетеді. 
Тәрбиеші: - Балалар сіздердің білімдерің арқасында, бүгінгі ғарышқа сапарымыз сәтті аяқталды. Сіздерге көп рахмет. 
Балаларды мадақтау, бағалау.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12