400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ғарышқа қалай ұшады?

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ:

Мектеп: Бозтал орта мектебі

Күні: 11.02

Мұғалім:

Сынып: 3

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Бөлім:

Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа қалай ұшады?

Оқу мақсат:

3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу;

3.4.2.2 адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру;

3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелейді.

Көпшілігі орындай алады:

  • Идеяларды тексеру, растау немесе теріске шығару үшін өз бетінше бақылау жүргізеді және алынған нәтижелерді түсіндіріп, қорытынды жасайды .

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Жер мен Күннің арасындағы байланыстың маңыздылығын түсіндіре алады

Ойлау дағдылары

Айтылым

Бағалау критерийлері

Ғарышты игеру кезендерін біледі;

Ғарыш жаңалықтарының маңызын түсінеді.

Құндылықтарды игерту:

Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиетті оқу, математика


Тілдік мақсаттар:

Тірек сөздерді пайдалана отырып, адамзат дауындағы ғарыштың маңызын түсіндіре алады.


Осыған дейін меңгерілген білім

Күннің пайдасы мен зияны, Жердің табиғи серігі, Күн жүйесінің ғаламшарлары мен ғарыштағы уақыт пен арақашықтықтың ерекшелігі туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы


10 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару мақсатында «Шаттық шеңберінде» бір-біріне тілек айтқызу. Олар бір-біріне үш сын есім айтады.

Жеделхат. «Сиқырлы хаттар» ойыны арқылы алдыңғы сабақты қайталау.

Топтарға біріктіру. Хаттардың түсіне қарай оқушыларды шағын топтарға біріктіру.

Әліпбидің көмегімен жедел хаттғы шифрды оқу тапсырылады.

1 16 6 1 34 15 37

6 1 23 37 14 8 23

41 23 12 13

5 1 5 1 23 12 18

3 20 16 6 1 18

Жауабы: Алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин болған.

ҚБ.Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Ұшу аппараттары.

Мақсаты: Ғарышқа ұшу аппатараттарының ерекшелігін анықтау. тапсырманы орындау барысында оқушылар өз білімдеріне сүйене отырып, ойлау және талдау қабілеттеріне сүйенеді. Жетекші сұрақтар арқылы ғарышқа қандай ұшақтармен ұшуға болатынын анықтайды. Сұрақтар:

-Қандай ұшу аппараттарын білесіңдер?

-Тікұшақпен ғарышқа жетуге болады ма?

-Ұшақпен ше?

-Әуе шарымен ғарышқа ұшуға болады ма? Неге? Себебін түсіндір.

-Зымыран арқылы ше? Ойыңмен бөліс.

-Ғарыштық жылдамдық дегенді қалай түсінесіңдер?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сұрақ – жауап әдісі




Қағаздар,қорап








Оқулық

Сабақ ортасы


25 мин









Зымыран қалай ұшады?

Мақсаты: Зымырандарға реактивті қозғалтқыш орнатылатынын түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс жасай отырып, шардың, зымыранның және кальмардың қозғалуын талдап, салыстыру.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Реактивті қозғалтқыштың жұмыс істеу қағидасын, оның жыл­дамдығы мен ұшу қашықтығының массасына тәуелді болатынын байқау.

Ресурстарды тарату. Топтардың санына сәйкес үрленген шарлар, жіптер, кішкентай сабан талы, скотч, сантиметрлік таспа, ермексаз тарату қажет.

Зерттеу сұрағы:

-Реактивті қозғалтқыш қалай жұмыс істейді?

- Реактивті қозғалтқыштың жылдамдығы қандай?

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық:

-Шарды үрлеп, жіппен байлап, оны скотчтың көмегімен түтікшені бекіту және оған жіпті өткізу;

-Жіпті қойылған орындықтардың арқалықтары­на байлау.

-Шарды орындықтардың біреуіне ығыстыру, жіпті шешіп жіберу.

-Шардың ұшу ұзақтығын сантиметрлік таспамен өлшеу.

-Шарға ермексаздың бір үзімін жапсырып, тәжірибені қайталау.

-Өз бақылауларын зерттеушінің күнделігіне жазу.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушыға немесе оқушылар тобына шардың көлемі мен пішінін өзгертсе не болатынын анықтауды тапсыру.

Зерттеу жұмысын қорытындылау, дайындаған плакаттарын ілу.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Ғарыш үйі. Оқушылар ғарышқа ұшу кезіндегі ғарышкерлердің мекен ететін орындары туралы әңгімелеу. Ғарышкерлер ғарышта ұзақ болған кезде орби­талық стансыларда өмір сүретінін және онда олар ғылыми эксперименттер жүргізетінін, ғарыш пен ғаламша­рымыздағы үдерістерді бақылайтынын айтып беру.

Ойлан. Ғарышкерлер орбиталық стансыда жүргізетін эксперименттері туралы ақпарат беру. Жетекші сұрақтар арқылы ғарышта жасалатын экспериметтерінің маңызын анықтау.

-Ғарышта эксперимент не үшін жүргізіледі? Ол не үшін керек?

-Эксперименттің болашақта қандай пайдасы болуы мүмкін?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Сен білесің бе?

Орбиталық стансы күн батареялары өндіретін электр энергиясымен қамтамасыз етілетінін, батарея көлемінің үлкендігі соншалықты, олардың бетіне сегіз баскетбол алаңы сыйып кететінін әңгімелеу. Ол батыстан шығысқа қарай жылдам ұшып келе жатқан жарық жұлдыз сияқты көрінетінін айту.

Сергіту сәті. Дене жаттуғуларын бейнероликке қарап орындау.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

15-жұмыс парағы. «Ғарышқа қалай ұшады?», 17-б.

Менің ғарыштағы үйім. Оқушылар өздерінің ғарыштағы үйлерінің суретін салады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Ғарыш стансасының суретін салады;

-Оқиғаларды еске түсіреді.

16-жұмыс парағы. «Ғарышқа ұшу», 18-б.

Тұжырымдарды тексер. Оқушылар сабақтан алған білімдерін бекіте түседі.

Реактивті қозғалтқыш. Бұл тапсырмада оқушы­лар сыныпта өткізілген зерттеу нәтижесін диаграмма түрінде жазады. Тік бағандарға ұшу қашықтығын бел­гілейді, көлденең бағандарға шарлардың салмақта­рын көрсетеді.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Ғарышта ауаның болмайтынын біледі;

  • Адамдардың ғарышта өсімдік өсіргенін біледі.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.












карточкалар






бейнежазба







Сабақ соңы

5 мин


Үй тапсырмасы

Кері байланыс.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сабақтан алған әсерлерін сткерге жазады.

Карточка

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)




Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
1936
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі