400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ғарышқа сапар. Ғ дыбысы әріпі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп алды даярлық сыныптарына керек әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Сауат ашу


Мектеп: №62 мнектеп-лицейі


Күні: 31.01.2019ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Бисенова А.

Сынып: МАД ІІ топ

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ғарышқа сапар. Ғ дыбысы әріпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.1.2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: дыбыс, ғ дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратады.

Ғ дыбысы – ұяң дауыссыз аттарын атай алады, сөздегі ғ дыбысының орнын ажыратады. Ғ əрпінің баспа түрін жазады.


Оқушылардың басым бөлігі: Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратып, талдау жасай алады. Ғ дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ғ дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, ғ əрпінің элементтерін жазады.


Кейбір оқушылар: Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. Ғ дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Бағалау критерийі

1 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратып, дұрыс дыбыстай алады.

2 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдай, оларды сөздер ішінен бөліп жəне сөзсіз жеке айта алады.

Құндылықтарға баулу

Өз бетінше топта бірлесе жұмыс жасауға, сыйластыққа, жауапкершілікті сезінуге қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Математика- «Пішіндер»

Жаратылыстану- «Ғарышқа сапар»

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Алдыңғы оқу


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин



1.Ұйымдастыру кезеңі атмосферасын қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Ұжымдық жұмыс.

Алдыңғы білімді еске түсіру.

«Ашық микрофон» әдісі

1.Дыбыс дегеніміз не?

2.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

3.Әріп дегеніміз не?

4. Әріптердің қандай түрлері бар?

5.Дауысты дыбыс деген не?

6.Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

.

«Ашық сұрақ» әдісі арқылы тақырыпты ашу.


АКТ



Сабақтың ортасы

20мин














































Видио жазба көрсету.


-Балалар, біздің тұратын жеріміз –жер планетасы деп аталады екен.Төбемізде әдемі аспан әлемі бар. Бұл аспан әлемі –ғарыш.

Сендер білесіңдер ме,ғарыш әлемін зертейтін адамды қалай атайды?

-Ғарышты,жұлдыздарды зерттейтін адамдарды астрономдар деп атайды.

Астрономдар аспанды телескоп деп аталатын арнайы құралмен бақылайды.

Ұжымдық жұмыс.

1.Тыңда.

Ғаламат ерлік көп қандай,

Ғажайып неткен ел еді!

Ғарыштан келген Тоқтардай

Ғарышкер болғым келеді.

Е.Дүйсенбайұлы.


Кері байланыс: «Ашық сұрақ»әдісі.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы «Ғарышқа сапар». Ғ дыбысы әрпі.

-Олай болса ғ дыбысын айтып көрейік.

- Ғ дыбысы қандай дыбыс?

-Не себепті дауыссыз дыбыс?

-Қандай текшемен белгіленеді?

-Ғ дыбысы- дауыссыз дыбыс. Себебі, өкпеден шыққан дыбыс ауыз қуысынан кедергіге ұшырап шығып тұр.

3. Ғғ дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.

Ғ әріпі неге ұқсайды?

Мозайка тастары арқылы Ғ дыбысының әріп таңбасын салу.


«Бұлттан сөздер жауғанда» ойыны.

Ғарыш , астроном сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Жеке жұмыс.

«Сәйкестендір»әдісі

Ұшатын, ұшпайтын қасиеттеріне қарап, заттарды бір-бірімен қосады.

Кері байланыс: «Ашық сұрақ» әдісі.

Дескриптор:

  1. Сөздердегі Ғ дыбысы естілген буынды табады.

  2. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды

  3. Ғ дыбысының орнын анықтайды.


ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.


Топтық жұмыс

«Қар жинау» ойыны.

Қар ұлпаларынан сөз құрау

І топ «Шағала» сөзі

ІІ топ «Сағат» сөзі

ІІІ топ «Ғарыш» сөзі




АКТ




Дидактикалық материалдар


















АКТ


















Сабақтың соңы

5 минут





Рефлексия

«Ашық сұрақ» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Стикерлер


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?





Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

1.1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылды.

Барлық оқушыларға Ғ дыбысы – ұяң дауыссыз аттарын атау, сөздегі ғ дыбысының орнын ажырату. Ғ əрпінің баспа түрін жазу тапсырмалары берілді.

Сынып оқушыларының басым бөлігіне Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз) ажыратып, талдау жасай алу. Ғ дыбысына сөз құрау. Сөздегі дыбыс санын, ондағы ғ дыбысының орнын ажырату

ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға алған білімін сабақ барысында қолдану тапсырмалары арқылы олардың білімдерін кеңейту.



«Басбармақ» әдісі

«Ашық сұрақ» әдісі.


«Бұлттан сөздер жауғанда» ойыны.

«Ашық микрофон» әдісі

«Қар жинау» ойыны.


Акт-ны пайдаланғанда ток көздерінен, қалам ұштарынан, парта бұрыштарынан сақтана білу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

SMART –ты негізге ала отырып, түрлі тапсырмаларды орындату барысында оқу

2: Кері байланыс кезінде төмен оқушылырдың ішкі уәжін сыртқа шығару оңай болды

  1. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары белсенді тапсырманың бірі болды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Топтық және жұптық жұмыстар бірлескен оқу дағдысын қалыптасуға жақсы әсер етті




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі