Материалдар / Ғарышқа сапар/Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғарышқа сапар/Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: ғарыш туралы білімдерін кеңейту. Міндеті: 1.Ой өрістері мен ойлау қабілеттерін дамыту; 2.Шығармашылық қабілеттерін шыңдау,ғарышты бағындырғандар туралы білу; 3.Патриоттық тәрбие қалыптастыру,елін жерін сүюге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2023
430
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ғарышқа сапар»

Мақсаты: ғарыш туралы білімдерін кеңейту.

Міндеті:

1.Ой өрістері мен ойлау қабілеттерін дамыту;

2.Шығармашылық қабілеттерін шыңдау,ғарышты бағындырғандар туралы білу;

3.Патриоттық тәрбие қалыптастыру,елін жерін сүюге тәрбиелеу.

Ресурстар:жұлдыздар,арнайы тігілген костюмдар,зымыран макеті;жұлдыздар;ойынға керекті заттар

Әдіс:тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап, ойындар,сөзжұмбақ,құрастырмақ;

Тәрбие сағатының барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

-Көңілді музыкамен акт залына кіру.

Мұғалім:

-Сәлеметсіздерме,қымбатты балалар мен ата-аналар,ұстаздар!

Балалар,тәрбиелік іс-шарамызды бастамас бұрын сіздерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ шешу:

Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/

Ұшқыш емес, бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/

Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ғарышқа сапар»деп аталады.

Бүгін 12-сәуір Ғарышкерлер күні екені естеріңде болар.Адам баласы осы күні ғарышты бағындырды.

Аспан, аспан шайдай ашық,

Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық.

Құс жолы, ғарыш көкке туған жерден

Телмірем жандай ғашық.

Қолға келіп қонса жұлдыз,

Жанға серік болса жұлдыз.

Ғарышқа қанат қақты самғап

Туған жерден қаншама ұл-қыз,-деп ақын жырлаған

II.Негізгі бөлім.

Мұғалім:

-Сіздерде ғарышқа сапар жасағыларыңыз келетінін білемін.Ғарышкер қандай болуы керек? Ғарышкер батыр,спортшы,денсаулығы мықты,білімді болуы керек.Ғарышқы ұшқыларыңыз келсе әртүрлі сыннан сүрінбей өту керек.

-Дайынсыздар ма?

- Иә!

Саяхатты бастайық...

1. Байқоңырға саяхат.

/Ғарыш туралы түсінік беру,сұрақ-жауап/

Презентация ««Ғарышқа сапар»»

Ән: «Мен ғарышкер боламын»

Тақпақтарға кезек беру.

1. Көкке ұшамын - Қасымжомарт
Ұшқыш болар баламын.
Соңына ерем
Ер ғарышкер ағаның.

2. Санжар атты баламын,Санжар
Таудай менің талабым.
Үлкен болып өскенде
Мен ғарышкер боламын

3. Ғарышкерлер көп шіркін, Мүсілім
Тоқтар, Айдың, Талғаттай
Мен де болсам ғарышкер
Мақтан тұтар еліме
4.Аспан, жұлдыз , ай ды да. Әділет
Зерттеп біліп жүретін
Жұлдыздармен тілдесіп
Елім үшін самғаймын
Алыстағы аспанға

5. Әубәкіров ағаның, Ерасыл
Даңқы көпке самғаған.
Тоқтар аға Гагарин,
Салған жолды жалғаған.
6.Тоқтар ағам жан ағам, Еркебұлан
Бұрыннан да ер еді.
Мен де батыр ағадай,
Ұшқым келет ғарышқа.
7. Оқуды жақсы оқысам, Әділхан
Білімді ойға тоқысам.
Алла мені қолдаса,
Жетермін мен ғарышқа

8. Аспан, аспан арайлым. Әлихан
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын.

«Зымыран» биі

-II бөлім.

Ойындарға арналады

-Балалар аспан әлемінде қанша жұлдыз бар деп ойлайсыңдар? (Өз ойлары) Ия,сан жетпес екен.Жыл сайын 50 жұлдыз пайда болады.Жұлдыз үлкен болған сайын оның өмірі де қысқа болады екен.Жұдыздар отты шарлар.Олардың түрлері сан алуан.

Жұлдыздар неге кішкентай болып көрінеді?

-Олар тым алыста.

-Жақсы,мен сендерге жұлдызды жұмбақ жасырайын ал сендер тауып көріңдер.

1.Жұмбақтар шешу

1. Күмбез сынды кең сарай,

Еш жерде жоқ тең сарай. (Аспан)

2. Әлемнің екі күзетшісі:

Бірі – күндіз тынығады,

Бірі – түнде тынығады. (Күн мен ай)

3. Күндіз білінбейді,

Түнде күлімдейді. (Жұлдыз)

4.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(Күн)
5.Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
6.Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (Зымыран)
7.Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)

8. Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Күткен жанды кім дейді? (Ғарышкер)

Ғаламшар дегеніміз-массасы ауыр ғарыш денесі.Оның пішіні шар тәрізді.Ол күнді айнала қозғалады.Ендеше ғаламшарлардың әніне кезек берейік.

«Ғаламшарлар әні»

2.«Жұлдыздарды жина» ойыны

(Жерге көп жұлдыздар шашамын, кім көп жинаса сол жеңімпаз болады 5/6 бала)

3. «Ғарышкердің таңғы асы» эстафета

(Балаларға трубочки беріледі,екі қатарға 5/5 бөлініп екі ыдыстағы(0,5) шырынды бітіру керек,кезек-кезек жүгіріп барып,кім бітірсе сол жеңеді)

«Ғарыш» биі қыздар.

4. «Кімнің зымыраны бірінші?» ойыны
Қағаздан жасалған зымыранды жіпке байланған қарындашпен жоғары шығару,балалар орындықта тұрады.Кім орап болады сол жеңімпаз.

ӘН: «Отан»

5.«Ғарышқа өзіңмен не аласың?» ойыны.(Екі комплект суреттер тізбесі үстел үстінде тұрады:кітап,қалам,блокнот,құмшекер,үтік,плеер музыкасымен, скафандр,тюбиктегі шырын,футболка, шұжық,телевизор,тоңазытқыш. Осы заттарды екі топтан 2/2 адам жабыстырады.

«Туған жер» әні

8.«Зымыранмен Жерді айналып ұшу» эстафетасы

(Екі қатарға тұрып барлық бала зымырандықолдан-қолға беріп, алыстағы тұрған Глобусты айналып жүгіріп келеді.2глобус,2зымыран)

9. «Өзге ғаламшарлықты бейнеле»

Екі ватман қағазға көзді байлап қойып сурет салу.Нәтижесінде қызықты сурет шығады.

«Ғарышкерлер» биі ұлдар

III.Қорыту

Балалар біздің мерекемізде аяқталуға жақын.Құттықтаймын!Сіздер барлық сыннан сүрінбей өттіңіздер «Болашақ ғарышкер» медалімен марапаттаймыз.Ғарышкер батыр да ержүрек,денсаулығы мықты,білімді адам екеніне көздеріңіз жеткен болар.Ендеше жақсы оқып,спортпен айналысып тәрбиелі бала болып өсейік.

Марапаттау.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!