Материалдар / Ғарышқа саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғарышқа саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды сыныптары мен топтарына арналған ұйымдастырылған іс-әрекет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Тамыз 2024
133
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Балауса» мектепалды тобының ашық ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы


Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат»

Мақсаты: Барлық білім беру дағдысын қамту арқылы балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау,аспан әлемі туралы түсінік беру ,балалардың сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, үлкен-кіші ұғымдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Ғажайып саяхат арқылы балалар қиялдарын шыңдау. Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.

Әдіс-тәсілдері : Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, мадақтау.

Көрнекілігі: Аспан әлемі суреттер, планеталар, күн, ай, жұлдыздар, ғарышкерлер суреті. Макеттер. Интербелсенді тақта.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Жылулық шеңбері.
Аспанға қарап ай көрдім,
Төмен қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім!

-Ал балалар айтыңдаршы бізде кәзір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Сәуір айында балалар қандай мереке бар?

-Өте дұрыс айтасындар балалар, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ғарышкерлер күні.

-Балалар сендер ғарыш әлеміне барғыларың келе ме?

-Ендеше жүріңдер, барлығымыз ғарыш әлеміне саяхатқа барайық.

Балалар жылулық шеңберіне тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды.










-Қәзір жылдың көктем мезгілі

-Көктем мезгілінің үш айы бар





-Ғарышкерлер күні.


-Иә.



Ғарыш әлеміне саяхатқа келеді.

Ұйымдастыру-ізденістік

Интербелсенді тақтамен 8 ғаламшармен таныстыра отырып, әр ғаламшардың тапсырмасын орындатады.







  1. Меркурийдің тапсырмасы.

Күнде оған қараймын,

Қара шашты тараймын.

Үш көзді батыр,

Жолды аңдып жатыр.

  1. Шолпанның тапсырмасы.

Қызыл, сары, жасылды,

Көкте бір зат асылды.

Орманда оның тұрағы,

Тоқ-тоқ етіп тұрады.

  1. Жердің тапсырмасы.

Өзі кірді ашады,

Суға салсам қашады.

Аяғы бар, басы бар,

Аяғында тасы бар

  1. Марстың тапсырмасы.

Суретке қарап мақал-мәтелді табу.

  1. Юпитердің тапсырмасы.

Мақал-мәтел.

  1. Сатурнның тапсырмасы.

Мақал-мәтел.

  1. Уранның тапсырмасы.

Ертегіні көлеңкесінен тану.

  1. Нептунның тапсырмасы.

Ертегіні клеңкесінен табу.


Ғарышкерлермен таныстырады.

Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа ұшатын адамдар. 
Аспан әлемінде де,көптеген ғаламдар бар. 
Біз жер ғаламында өмір сүреміз. 
Қай ғаламда өмір сүреміз?  
-Жарайсыңдар,балалар 
Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады. 
Ғарышқа қазақ ғарышкерлеріде ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ 
Ғарышкерлері-ТоқтарӘубәкіров және Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов деген ағаларымыз. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары .Олар ержүрек, батыр ,халық қаһармандары. 
Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін, білімді,тәртіпт үлкен азамат болуымыз керек. 
Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар,шоқ жұлдыздар 
бар. 
-Аспанда тағы нелер болады,балалар? 
-Күн,ай,,бұлттар болады. 
Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы киім скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай 
арнайы киіммен ғана жүруге болады. 

-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер? 

Тосын сәт. Ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыз келеді.


-Тамаша балалар, енді балалар біраз шаршаған болармыз Талғат ағамызбен билеп алсақ қалай қарайсыңдар.

-Талғат ағамыздың тапсырмасы бар екен соны орындайық.

1. Конфеттегі есептерді шешіп, қорапқа салу.

2. Дыбыстық талдау жасау.


Балаларды 5 топқа бөліп, шығармашылық жұмыстармен таныстыру.

  1. Ғарышкерлерді табу

  2. Ғаламшарларды түсіне апарып жабыстыру.

  3. Зымыран құрастыру.

  4. Саңырауқұлақтың басын санмен сәйкестендіру.

  5. Алмадағы санмен құрттың үстіндегі нүктені сәйкестендіру.

-Тамаша балалар сендер барлық тапсырмаларды орындай білдіндер сендерге ғарышқа саяхатымыз ұнады ма?

-Балалар сендер өте білімді балалар екенсіндер сендерге ризамын және менің сендерге сыйлығым бар мына ғарыш әлеміне саяхатқа келіп тапсырмаларды орындағандарын үшін сендердің әрқайсыларын жарық жұлдыз болындар деп мына жұлдыздарды сендерге таратып берейін. Ғарышкермен қоштасады.

Олай болса өзіміздің жерімізге оралайық.













-Айна.


-Бағдаршам.



-Кемпірқосақ


-Тоқылдақ.


- Жер ғаламында өмір сүреміз.


-Сабын.


-Тасбақа



-Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

-

-Бала тілі бал.


Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

-Мақта қыз бен мысық ертегісі.


-Жеті лақ ертегісі.















Балалардың жауаптары.


-Жер ғаламшарында.

















Күн,ай, бұлттар,жұлдыздар болады.













-Ұшақ, тікұшақ,зымыран. 


-Балалар қуанып қарсы алады.

Тақпақтар айтады.




-Балалар билейді.




Балалар интербелсенді тақтада тапсырмаларды орындайды.


















Балалар тәрбиешінің айтқан тапсырманы мұқият тындап жұмысқа кіріседі.

Әрбір суретті жалғай отырып неліктен олай орналастырғандарын атап береді.



Балалар тапсырманы орындайды.











Балалар өте риза болады.

-Иә қатты ұнады және де тапсырмалар да қызықты болды.










Ұшуға дайынбыз.

Рефлексивті-түзетушілік

-Балалар біз бүгін қайда саяхат жасадық?

- Бүгін қандай күн екен?

-Алғашқы ғарышкерлер кім екен?

Балаларды мадақтау

Ғарыш әлеміне


Ғарышкерлер күні


Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Ю.А.Гагарин

Балалар өте риза болады.



Күтілетін нәтиже:

Игерді: Ғарышкерлердің өмірін,аспан әлемі туралы;

Қалыптасқан әдет: ұйымдастырылған іс-әрекетіне деген қызығушылығы.

Біледі: Берілген тапсырмаларды ұқыпты орындауды.




































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!