Ғарышқа саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғарышқа саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер үшін керек, тәжирібе бөлісу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Білім беру саласы

«Таным»

Бөлімі

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы

Зымыран

Мақсаты

- таныс геометриялық пішіндерді (дөңгелек,үшбұрыш)бір – бірінен ажыратып,атай білуге үйрету;

- Тәулік мезгілін ажырата білуге дағдыларын қалыптастыру,қанша- сонша ұғымдарын меңгеруге,бір және көп затты таба білу дағдыларын дамыту.

- ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар,

көрнекіліктер

үнтаспа,аспан әлемінің (ай,күн, жұлдыз) үлкен суреті,зымыранның макеті,үшбұрыш,тіктөртбұрыш,дөңгелек қағаз пішіндері.

Билингвальды компонент

аспан – небо,ай – луна,күн – солнце,жұлдыз – звезда, зымыран – ракета.



Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

- Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сендерді көргеніме өте

қуаныштымын.Кәне ,бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық.Бір – біріміздің қолымыздан ұстап,бәріміз :

«Қайырлы таң!дейік.

Арайланып таң атты,

Алтын шапақ таратты,

Қайырлы таң,балалар!

Аман Отан – панамыз,

Аман Ата –анамыз,

Қайырлы таң ,балалар!

Қайырлы таң қонақтар!



Үнтаспадан естілген дыбысты

тыңдайды.




Тәрбиешімен бірге тақпақты қайталайды.

Ұйымдастыру – ізденістіру

(Сыртан дыбыс естіледі.Зымыран ұшып келеді)

- Балалар бұл не ?

- Осы зымыранның ішінде біреу бар сияқты,кәне ішін ашып қарайықшы.

(есігін ашып ішінен Ай бала шығады)

- Балалар бұл не ?

Біздің Айбаламыз көңілсіз екен неге?

Өйткені ол адасып,біздің жерге ұшып келіпті .

- Ол қандай планетаның тұрғыны,қалай ойлайсыңдар?

- Ай балаға көмектесеміз бе өз туған Айына жетуге ?

- Олай болса балалар тездетіп,шеңберге тұрамызда Айбаланың зымыранымен ғарышқа саяхатқа шығамыз.

«Ғарышқа ұшамыз» ойыны

Еденде зымыранның макеті тұрады, әуен ойналады. Балалардың көздерін жұмғызады. Көздерін ашқанда ғарыш әлеміне ұшып келеді (тақтаға ғарыш әлемінің үлкен суретін іледі).

I ғарыш бекеті – Күн планетасы.

«Қанша сонша» дидактикалық ойыны

Күннің қандай пішінге ұқсайтынын сұрайды.Қанша жолақша болса, сонша күннің шуағын қоюды ұсынады

- Біздің күніміз жарық және әдемі болу үшін біз оған сәулелерін қосамыз.

Неше жолақ бірінші қатарда?

Санап беріңдерші? Қанша жолақ – сонша күн сәулелерін қоямыз.

II ғарыш бекеті. - «Уақыт»

«Уакыт» дидактикалык ойыны

Таңертеңнен кейін не болады?

- Ал түстен кейін? Кештен соң қандай мезгіл келеді?

Реттімен суреттерді орналыстырып беруге ұсынады.

Сергіту сәті

Музыка қойып, таспа бойынша қимылын келтірулерін сұрайды.

III – бекеті «Ай мен жұлдыздары»

«Дұрыс сана» дидактикалық ойыны

Жоғарыда жіпке ілініп тұрған ай мен жұлдыздарды (3) санатады, салыстыртады, қандай пішінге ұқсайтындарын сұрайды.

Тәрбиеші айды жоғарғы сөреге, жұлдыздарды төменгі сөреге қояды.

Ай мен жұлдыздарды қайта санатып, салыстыртады.

Сұрақтар қояды:

- Неше ай бар?

- Неше жұлдыз бар?

- Не көп? Не аз?

-Балалар біз қайда келдік ?

- Ол ненің туған планетасы?

Ендеше біз Ай баланы өз планетасында қалдырамыз да,онымен қоштасамыз.

Біздің де өз үйімізге, жерімізге қайтатын уақыт болды, бірақ немен біз үйге жетеміз? Біз өзімізге зымыран жасап алу керекпіз.

«Зымыран» дидактикалық ойыны

Үйге кайту үшін пішіндерден зымыран құрастыру керектігін түсіндіреді. Құрастыру барысында

жетелеуші сұрақтар қойып отырады:

- Зымыранды, қандай пішіннен құрастырдыңдар ?

- Пішіндердің түстері қандай?

Балаларды құрастырған зымыранның жанына тұрғызып, бірге айтқызады:

- Үш, екі, бір. Үйге келдік!


Балалар тыңдайды ,естіді.


Бұл зымыран.




Ол Ай бала (Лунтик)




Ол Ай тұрғыны.


Ия көмектесеміз.


Көздерін жұмып санайды: -

«Үш, екі, бір! Ұштық!»

Көздерін ашып, ғарыштың суретін тамашалайды.






Ойланып, сұрақтарға жауап береді.

Тапсырмаларды орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Жолақшаны санап, сонша күннің шуағын қояды.



Сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы орындайды.









Жоғарыға назар аударады, айды,жұлдыздарды көреді. Санайды,салыстырады.








Сұрақтарға жауап береді.




Ай планетасына.

Ай бала Айдың тұрғыны.











Ойланып, сұрақтарға жауап береді.

Үш пішіннен зымыран құрас-

тырады. Ойланады, пайымдай-

ды, сұрақтарға жауап береді.


Зымыранның жанына тұрып,

сөздерді бірге айтады.

Рефлексивті - түзетушілік

Сұрақтар қойып, тақырыпты қорытады.

- Біз бүгін қайда бардық? Немен бардық?

- Нені көрдік? Неге көмектестік?

- Балалар бүгінгі саяхаттан алған әсерлеріңді ,көңіл –күйлеріңді ,қарындашты қолдарыңа алып,Ай баланың бейнесіне күлкі немесе қайғы салуға болады. (көрсетеді өзі)

Бір – бірден балалардан сұрайды не салғанын.Неге (күлкі,қайғы) салды.

Осы бүгінгі біздің жақсы көңіл күйіміздің белгісі деп Ай баланы қонақтар апайларымызға сыйлаймыз.


Ғарышқа,зымыранмен бардық.

Ай,жұлдыздар,күн.

Ай балаға көмектестік.

Сұрақтарға жауап береді








Сыйлықтарын береді.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

өздеріне таныс дөңгелек, үшбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді танып,

«таңертең», «күндіз», «кешке», «түнде» ұғымдарын түсініп, ажырата білуді.

Нені игереді

қима қағаздан зымыран пішінін құрастыруды

Нені біледі

таныс геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратуды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2018
385
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі