Материалдар / Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ

Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Т/А. 8.1.3.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау; Ж.8.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу ӘТН. 8.4.4.1 - сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Пән: Қазақ тілі

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні: 10.12.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Ханов Ш.У

Сынып:

8 «а», «ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Тақырыбы:

Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ

Оқу мақсаттары

Т/А. 8.1.3.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

Ж.8.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

ӘТН. 8.4.4.1 - сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану

Бағалау критерийі

  • Мәтіннен алынған үзінділерге сүйене отырып, мәселені болжайды

  • Мәтіннің баяндау желісін сақтап, мәтіннің әрбөлігінен алынған ақпараттардан жинақы

мәтін (аннотация, тезис) жазады

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Топтық жұмыстың нәтижесінде өз білімін жетілдіреді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағыт.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

Пәнаралық

байланыс

Физика, астрономия,өзін-өзі тану, тарих сабақтарымен байланыс

Алдыңғы білім

Үлкен мәтіндерді қысқартып, жинақы мәтін жазды.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып. Үй жұмысын тексеру.

ҚБ: «Қол шапалақ.», «Мұғалімнің мадақтамасы»

Сабақтың мақсаттары мен бағалау критерилерін ,дескрипторларын таныстырып өту.


https://www.google.kz/search?


Суреттер google.kz сайтынан алынды


Сабақтың ортасы

10 мин





15 мин


5 мин






























































Сабақтың соңы

5 мин


Тапсырма

Мәтін үзіндісін тыңдаңыз.

...Тоқтар Әубәкіров 1946 жылдың 27 шілдесінде Қарқаралы топырағында дүние есігін ашыпты.Әкесі Әубікір мен анасы Қамия шетінеген 9 ұлдан кейінгі перзентіне «Тоқтар» деп ат қойыпты.

Тоқтар күш-жігерін айғай мен төбелеске емес,іске, білімге салудың дұрыстығын ерте сезінді. Намыспен оқыды. Жақсы оқыды. Жұмысты да жақсы істеді. Таңертеңнен кешке дейін зауытта жұмыс істеп, кешкісін мектепте оқыды. Суреті зауыттағы озат жұмысшылардың «Құрмет тақтасынан» ешқашан түспеді. Мәскеуге оқуға кетер алдында: «Зауыттың озат жұмысшысы Тоқтар Әубәкіровтың аты-жөні алтын әріптермен облыстың «Құрмет тақтасына» жазылсын!» деген бұйрық келген.

Балалық қиялына қанат бітіріп ,тар жол, тайғақ кешуден тайсалмаған Тоқтар ұшқыштық ұшқыр арманына да қол жеткізді. Әскери училищені тәмәмдап, Амурдағы Комсомольск қаласында әскери қызметін жалғастырады. Төрт жылдай СУ-15 ұшағында қарымды қабілетін көрсетіп, Қиыр Шығыстың «Ең үздік ұшқышы» атағын иеленеді.

(а) Мәтінде не туралы айтылады? Қандай мәселе көтерілуі мүмкін?

Мәтін жалғасын тыңдаңыз.

Қара домалақ қазақтың баласы сынақшы-ұшқыш болуға бекініп, қайта-қайта сұранды. Күндердің күнінде үміті азайған Тоқтар Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаевқа мынадай хат жазады: «Мен, Тоқтар Әубәкіров,аға лейтенантпын. Сынақшы-ұшқыш болғым келеді. Оған денсаулығым да, білімім де жетеді. Барлық сынақты ойдағыдай тапсырдым. Бірақ Қорғаныс министірлігі мені жіберетін емес. Қазақтың бір баласы сынақшы-ұшқыш болса несі жаман? Маған осындай мүмкіндік жасауға қол ұшын беріңіз!...»

...Әп-сәтте КСРО Қорғаныс министрі А.Гречконың тікелей тапсырмасымен Тоқтар Әубәкіров мәскеудегі Авиация өнеркәсібі министрлігіне қарасты «МиГ» авиация фирмасына ауыстырылды. Тоқтар Кеңес одағының тарихында тұңғыш рет жерге қонбай ,әуе кеңістігінде ұшаққа 2 мәрте жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын іске асырды. Реактивті ұшақтардың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан сүрінбей өткізді... Қыр-сыры беймәлім «МиГ» ұшақтарымен аса қауіпті ұшу сынақтарын өткізіп, алып кеменің тар палубасына асқан дәлдікпен, шексіз шеберлікпен қолайлы қондырып, сосын лезде қайтара ұшып шығуды мүлтіксіз атқарған ерлігі үшін Тоқтар Әубәкіров 1988 жылдың 31 қазанында «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.


(ә) Сіздіңше, автор не айтқысы келді?

Мәтін жалғасын тыңдаңыз.


Тоқтар Әубәкіров ҚР Президентінен шақырту алады.Елбасы : «…Зар жылап жүрген қазақпыз. 30 жыл бiздiң жерiмiзден ғарышқа басқалар ұшып жатыр, әлi күнге дейiн бiр қазақ жоқ…» – дедi. “Қоянды қамыс өлтiредi, жiгiттi намыс өлтiредi” деген, мемлекет басшысының жігерлі сөздеріне қарсы айтар уәждің мәнсіздігін түсініп, Тоқтар келісімін бердi…

Мұның өзі оңай шаруа болған жоқ.Кеңестік ғарыш саласының шенеуніктері қазақтың ғарышқа талпынысын тыжырына қабылдап, қазақ ғарышкерінің ұшуін кейінге шегере берген... Бірақ бірбеткей қазақ басшысының : «Енді қазақ ұшады.Қазақ ұшпаса, «байқоңыр» жабылады!»-дегенін Тоқтар өз құлағымен естіді.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері сапарға аттанып бара жатты.

Екі иығына екі кісі мінгендей алып тұлғалы Тоқтар ӘУБӘКІРОВ қазақ елінің басшысына қазақ тілінде: «Сапарға дайынмын!» деп, баянат жасады. Командир: «Кеттік!» дегенде,Тоқтардың айтқаны: «Ал қазағым, сен үшін жануға да, ұшуға да дайынмын!!!» деген сөздер болды.

Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа сапары қазақ үшін 1961 жылғы Юрий гагариннің ғарышқа ұшуынан бір мысқал да кем түспеді. Сол бір жүректер толқыған, шаттық шалқыған әсерлі сәттерде Н.Назарбаев: «Алғаш рет өзіміз болып бірінші ғарышкерді сапарға шығарып салдық.байқоңыр өзінің шын мәніндегі мақсатын бүгін орындады!..-деді.

Тоқтар Әубәкіровпен қалың қазақ та,иісі түркі де, дүниежүзінің миллиартаған мұсылман қауымы мақтана алады.!


(б) Сіздің болжамыңыз шындыққа сәйкес келді ме? Салыстырыңыз.


Менің болжамым

Шын мәнісінде




Дескриптор

- мәтін үзіндісіне сүйене отырып, мәтінде

-көтерілетін мәселені болжайды;

- болжамын мәтін мазмұнымен салыстырады.

ҚБ: «Қол шапалақ.», «Мұғалімнің мадақтамасы»

Тапсырма

Мәтінді оқыңыз.


...Тоқтар Әубәкіров 1946 жылдың 27 шілдесінде Қарқаралы топырағында дүние есігін ашыпты.Әкесі Әубікір мен анасы Қамия шетінеген 9 ұлдан кейінгі перзентіне «Тоқтар» деп ат қойыпты.

Тоқтар күш-жігерін айғай мен төбелеске емес,іске, білімге салудың дұрыстығын ерте сезінді. Намыспен оқыды. Жақсы оқыды. Жұмысты да жақсы істеді. Таңертеңнен кешке дейін зауытта жұмыс істеп, кешкісін мектепте оқыды. Суреті зауыттағы озат жұмысшылардың «Құрмет тақтасынан» ешқашан түспеді. Мәскеуге оқуға кетер алдында: «Зауыттың озат жұмысшысы Тоқтар Әубәкіровтың аты-жөні алтын әріптермен облыстың «Құрмет тақтасына» жазылсын!» деген бұйрық келген.

Балалық қиялына қанат бітіріп ,тар жол, тайғақ кешуден тайсалмаған Тоқтар ұшқыштық ұшқыр арманына да қол жеткізді. Әскери училищені тәмәмдап, Амурдағы Комсомольск қаласында әскери қызметін жалғастырады. Төрт жылдай СУ-15 ұшағында қарымды қабілетін көрсетіп, Қиыр Шығыстың «Ең үздік ұшқышы» атағын иеленеді.

Қара домалақ қазақтың баласы сынақшы-ұшқыш болуға бекініп, қайта-қайта сұранды. Күндердің күнінде үміті азайған Тоқтар Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаевқа мынадай хат жазады: «Мен, Тоқтар Әубәкіров,аға лейтенантпын. Сынақшы-ұшқыш болғым келеді. Оған денсаулығым да, білімім де жетеді. Барлық сынақты ойдағыдай тапсырдым. Бірақ Қорғаныс министірлігі мені жіберетін емес. Қазақтың бір баласы сынақшы-ұшқыш болса несі жаман? Маған осындай мүмкіндік жасауға қол ұшын беріңіз!...»

...Әп-сәтте КСРО Қорғаныс министрі А.Гречконың тікелей тапсырмасымен Тоқтар Әубәкіров мәскеудегі Авиация өнеркәсібі министрлігіне қарасты «МиГ» авиация фирмасына ауыстырылды. Тоқтар Кеңес одағының тарихында тұңғыш рет жерге қонбай ,әуе кеңістігінде ұшаққа 2 мәрте жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын іске асырды. Реактивті ұшақтардың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан сүрінбей өткізді... Қыр-сыры беймәлім «МиГ» ұшақтарымен аса қауіпті ұшу сынақтарын өткізіп, алып кеменің тар палубасына асқан дәлдікпен, шексіз шеберлікпен қолайлы қондырып, сосын лезде қайтара ұшып шығуды мүлтіксіз атқарған ерлігі үшін Тоқтар Әубәкіров 1988 жылдың 31 қазанында «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.


Тоқтар Әубәкіров ҚР Президентінен шақырту алады.Елбасы : «…Зар жылап жүрген қазақпыз. 30 жыл бiздiң жерiмiзден ғарышқа басқалар ұшып жатыр, әлi күнге дейiн бiр қазақ жоқ…» – дедi. “Қоянды қамыс өлтiредi, жiгiттi намыс өлтiредi” деген, мемлекет басшысының жігерлі сөздеріне қарсы айтар уәждің мәнсіздігін түсініп, Тоқтар келісімін бердi…

Мұның өзі оңай шаруа болған жоқ.Кеңестік ғарыш саласының шенеуніктері қазақтың ғарышқа талпынысын тыжырына қабылдап, қазақ ғарышкерінің ұшуін кейінге шегере берген... Бірақ бірбеткей қазақ басшысының : «Енді қазақ ұшады.Қазақ ұшпаса, «байқоңыр» жабылады!»-дегенін Тоқтар өз құлағымен естіді.

Қазақтың тұңғыш ғарышкері сапарға аттанып бара жатты.

Екі иығына екі кісі мінгендей алып тұлғалы Тоқтар ӘУБӘКІРОВ қазақ елінің басшысына қазақ тілінде: «Сапарға дайынмын!» деп, баянат жасады. Командир: «Кеттік!» дегенде,Тоқтардың айтқаны: «Ал қазағым, сен үшін жануға да, ұшуға да дайынмын!!!» деген сөздер болды.

Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа сапары қазақ үшін 1961 жылғы Юрий гагариннің ғарышқа ұшуынан бір мысқал да кем түспеді. Сол бір жүректер толқыған, шаттық шалқыған әсерлі сәттерде Н.Назарбаев: «Алғаш рет өзіміз болып бірінші ғарышкерді сапарға шығарып салдық.байқоңыр өзінің шын мәніндегі мақсатын бүгін орындады!..-деді.

Тоқтар Әубәкіровпен қалың қазақ та,иісі түркі де, дүниежүзінің миллиартаған мұсылман қауымы мақтана алады.!



Шығарманың мазмұнын сақтай отырып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан аннотация жазыңыз.

_____________________________________________________________________________

Дескриптор Білім алушы

-мәтін мазмұнын сақтайды;

-мәтіннің әр бөлігінен ақпарат алады;

-шығарма бойынша аннотация жазады

ҚБ: «Қол шапалақ.», «Мұғалімнің мадақтамасы»











































Анықтама бұрышы

Аннотация (латыншадан аударғанда ескерту, аңдату)

-кітаптың не шығарманың мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.




















Жазбаша/ауызша кері байланыс




Үй тапсырмасы

99-бет № 6 тапсырма.


Қосымша мағлұматтар

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


ЖИ арқылы жасау
16 Қаңтар 2019
2437
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі