Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ 8-сынып

Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ 8-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

Ғарышты игеру жетістіктері

Мектеп:

«А.Қарсақбаев ОМ» КММ

Мұғалімнің аты-жөні:

Беркинова Аида Сабитовна

Күні:

09.12.2024

Пәні

Қазақ тілі

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу

8.4.4.1 сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану.

Сабақ мақсаты

«Ғарышқа ұшқан алғашқы қазақ» тақырыбындағы мәтіндегі ғылыми деректерді полилогта орынды қолдану, сөз тіркесінің ерекшеліктерін түсініп қолдану;

Бағалау критерийі

  • Жағдаятқа сай ғылыми, халықаралық, ғылыми дерекерді орынды қолданады

  • Полилогта өз ойына дәлел келтіреді

  • Айтылым барысында ойын жүйелі жеткізеді

  • Сөз тіркесінің ерекшеліктерін ажыратады, дұрыс қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.

«ЖАЛАУШАЛАР» әдісі.

( 3 түсті жалауша)

Жалаушаның түсіне қарай топтастыру.

«Тұлғаны таны»

І.ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ

1-оқылым мәтінін оқыңар.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Т. Әубәкіровтың бала кезі мен ғарышқа ұшқанға дейінгі өмір жолынан не байқадыңдар?

  • Елбасының Тоқтарға жасаған ұсынынан нені аңғардыңдар?

  • «Ал, қазағым, сен үшін жануға да, ұшуға да дайынмын!» деген сөздер нені аңғартады?

  • Тоқтар Әубәкіровтей батыр болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар жалаушаның түсіне қарай топтастыру.


Суреттегі тұлға туралы білетін мәліметтерін ортаға салып, бүгінгі тақырыппен байланысын анықтайды.



Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.




Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.














«Оқушылардың қошеметі» әдісі.

















Сабақтың ортасы














































































ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.

Оқушылар « ХАБАР NEWS» сайтынан алынған «Айдын Айымбетов ғарышта бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізеді» тақырыбындағы мәтінді тыңдайды.

https://www.youtube.com/watch?v=xhmh71XlQS4

«Түртіп алу» стратегиясы. Оқушылар тыңдалым тапсырмасын тыңдап отырып, дәптерлеріне ғылыми, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді жазып алып отырады.

1-тапсырма. Тыңдалым мәтінінен ғылми терминді, халықаралық терминді және ғылыми деректерді түртіп алыңыз.

Дескриптор:

  • Тыңдалым мәтініннен ғылыми деректерді, халықаралық терминдерді жазып алады;

  • Ғылыми деректерді анықтайды;

  • Ойларын дәлелдейді.

ҚБ

2-тапсырма. Полилог. Полилогқа қатыспас бұрын оқушылардан полилог туралы түсініктерін тексеріп алған жөн.Оқушылар жауап бере алмаған жағдайда мұғалім көмекке келеді.

  1. Полилог деген не?

  2. Полилогтың негізгі мақсаты қандай?

  3. Полилогта қандай жағдайларға жол берілмейді?

  4. Полилогта қандай тіркестер жиі қолданылады?

1-топ берілген пікірмен келісетінін жеткізеді, 2-топ берілген пікірмен келіспейтінін айтады. Полилогта топтың барлық мүшелері өз пікірін айтуға қатысады. Бір оқушы бастайды, қалғандары сол ойды дамытып, дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарастарын жеткізеді.Сөйлеу барысында дәптерлеріне жазып алған ғылыми, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді қолданып сөйлейді. Полилогта ойдың басы, ойды дамыту, ойды қорыту құрылымы сақталу керек.

1-2 -топ «Ғарышты зерттеу - экономиканы жақсартудың бір жолы» тақырыбында полилогқа қатысады.

Дескриптор:

  1. Полилогта ғылыми, халықаралық, ғылыми деректерді орынды қолданады

  2. Ойына дәлелдер келтіреді.

  3. Сөйлеу барысында ойын жүйелі жеткізеді.

Топаралық бағалау

ӘТН.

1-тапсырма. Тақырыпқа сай ғылыми, халықаралық терминдер және ғылыми деректерді жазып шығыңыздар. Сіздерге 1 минут беріледі. 1 минутта көп термин жазған топ жеңімпаз атанады.


2-тапсырма. Оқылым мәтінінен қиысуға 7-8 мысал келтіріңдер.

Дескриптор:

  • Тақырыпқа сай ғылыми, халықаралық және ғылыми деректерді жазады.

  • Мәтіннен қиысуға 7-8 мысал келтіреді.

ҚБ.

ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН. «Өте қысқа мәтін» әдісі

«Біздер жер бетінде жүргенде жер ананың шеті мен шегі жоқ кең дүние деп елестетеміз ғой. Ал ғарыштан қарағанда жердің тұңғиық кеңістік тұрған қорғансыз планеталардың бірі екенін байқайсың. Ғарыш кемесінің иллюминаторынан қарағанда жершарын аялаудың қаншалықты маңызы зор екенін түсіндім.» Ғарышкердің ойын дамытып жазыңыз.Жазу барысында ғылыми, халықаралық терминдер, ғылыми деректерді қолдан отырып жазыңыз. Мәтінді жазуға 5минут беріледі

Дескриптор:

  • Ғылыми,халықаралық терминдер мен ғылыми деректерді орынды қолданады

  • Берілген ойды дамытып жазады.

  • Мәтін құрылымын сақтайды.

  • Қиыса байланысқан сөз тіркестерін қолданады.

Өзін-өзі бағалу. Оқушы бағалау критерийі бойынша өзін бағалайды. Мұғалім мысал ретінде бір оқушының жұмысын дауыстатып оқытып, өзіне бағалатады.

Оқушылар « ХАБАР NEWS» сайтынан алынған «Айдын Айымбетов ғарышта бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізеді» тақырыбындағы мәтінді тыңдайды.

Оқушылар тыңдалым тапсырмасын тыңдап отырып, дәптерлеріне ғылыми, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді жазып алып отырады.


Полилогқа қатысады. Полилогта ғылыми, халықаралық, ғылыми деректерді орынды қолданады

Ойына дәлелдер келтіреді.

Сөйлеу барысында ойын жүйелі жеткізеді.












Грамматикалық тақырыпты меңгереді.



Тақырыпқа сай ғылыми, халықаралық және ғылыми деректерді жазады.

Мәтіннен қиысуға 7-8 мысал келтіреді.



Ғылыми,халықаралық терминдер мен ғылыми деректерді орынды қолданады.

Берілген ойды дамытып жазады..

Мәтін құрылымын сақтайды.

Қиыса байланысқан сөз тіркестерін қолданады.




























«Дауыс беру» әдісі. Алғашқы топтар полилогқа қатысып жатқанда қалған топтар дауыс беруге дайындалып отырады. Жауаптары бағалау критерийіне сай әрі өте ұтымды пікірлер айтқан топқа өз дауысын бере алады

















«Оқушылардың қошеметі» әдісі.








Өзін-өзі бағалу. Оқушы бағалау критерийі бойынша өзін бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=xhmh71XlQS4

Айдын Айымбетов ғарышта бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізеді


ХАБАР NEWS































































Сабақтың соңы


Рефлексия

«Білгім келеді» әдісі

Топтар А3 парағына тақырып, мақсат, бағалау бойынша білгісі келетін ақпараттарын жазып, «Білгім келеді» қиындысының астына іледі. Мұғалім қалауы бойынша бір топтан ауызша ойларын тыңдауға болады.


Үйге тапсырма: 6-тапсырма

Жазбаша әрі ауызша кері байланыс



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2024
305
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі