Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттер мен оқушыларға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ №20

16.11.2016

География 8 сынып

Сабақтың тақырыбы

Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор

Сабақтың мақсаты, міндеті

Оқушыларға ғарыштық климат қалыптастырушы факторлар туралы түсінік беру

Оқыту нәтижелері

Күн радиациясының түрлерімен танысады

Сілтеме

Қазақстанның физикалық географиясы 8

Негізгі идеясы

Қазақстанның климатының ерекшеліктерін түсінеді

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Жұмыс дәптері

Оқуды және оқыту үшін бағалау

Ресурстар

Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карта

Сабақ жоспары

1.Ұйымдастыру: Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2.Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

3.Рефлексия

4.Үйге тапсырма





Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдас

тыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Оқушылардың оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аудару.

Сәлемдеседі.

Оқу құралдарын дайындап, сабаққа кіріседі.


Білу

Сұрақ-жауап

1. Рудасыз және жанатын пайдалы қазбалар өндірілетін географиялық орындарды Қазақстанның физикалық картасынан көрсету.



Рудасыз пайдалы қазбалар

Кен орындары

Таралған аймақтары

Фосфорит

Қаратау, Шолақтау, Ақсай, Жаңатас

Оңтүстік Қазақстан,

Тұз


Каспий маңы ойпаты, Батыс Сібір жазығы


Асбест

Жітіқара, Жезқазған, Бөгетсай, Хантау

Қостанай, Қарағанды, Мұғалжар таулары


Сұрақтарға жауап береді.

Кестемен жұмыс

Түсіну

Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады: күн радиациясы, атмосфералық циркуляция, жердің төсеніш беті.

Күн радиациясы , күннің сәуле шығаруы – Күннің электрмагниттік және корпускулалық сәуле шығаруы.

Жер бетіне дейін тура (жерге бұлтсыз ашық жағдайда атмосферадан көктей өтіп жететін Күн сәулелері) және шашыранды (атмосферадағы шаң-тозаңнан, бұлттан шашыраған Күн сәулесі) радиация түрінде жетеді. Тура және шашыранды радиацияның жиынтығы жиынтық радиация деп аталады. Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ, су, қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынады, оны жұтылған радиация деп атайды. Ал біраз бөлігін кері шағылыстырады, оны шағылысқан радиация деп атаймыз.


Негізгі ойларды дәптерге түсіріп отырады.

Қолдану



Shape3 Shape2 Shape1

Климат қалыптастырушы факторлар



Shape4

Shape6 Shape5

Атмосфералық циркуляция

Күн радиациясы





Shape7

Жердің төсеніш беті










Тірек – сызбаны дәптерге түсіреді

Талдау

Shape16 Shape15 Shape12 Shape13 Shape14 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8

Шағылысқан күн радиациясы

Шашыранды күн радиациясы

Тұтылған күн радиациясы

Тура күн радиациясы

Жиынтық күн радиациясы


Тірек-сызбамен жұмыс

Жинақтау

1. Картадан Петропавл, Астана, Қарағанды, Жезқазған, Тараз, Шымкент қалаларының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңдар

2. Қазақстан климатының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

3. Бірдей ендікте орналасқан Қостанай және Мәскеу қалаларында не себептен күн сәулесінің түсу ұзақтығы әртүрлі?

4. Бірдей ендікте жатқан Алматы және Владивосток қалаларында жылдық жиынтық радиациясының мөлшері не себептен әртүрлі екенін түсіндіріңдер

5. Жиынтық күн радиациясының келуі қандай факторларға байланысты?

6. Жер беті жұтатын радиация мөлшеріне ықпал ететін негізгі факторларды атаңдар.

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білуі, сабақ барысындағы белсенділіктеріне қарай бағаланады.


Рефлексия


Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?

Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.

Үйге тапсырма

§20. Ғарыштық климат қалыптастырушы фактор

[82-85 беттер аралығын оқып келу]

Кескін картаға жиынтық күн радиациясын түсіру

Тапсырманы белгілеп алады




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2019
716
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі