«Ғасыр дерті»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ғасыр дерті»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ғасыр дерті»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағат жоспары

Сыныбы:11 «А» Сынып жетекші:Утенбаева М

Тақырыбы: «Ғасыр дерті»

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.
3.Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.


Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйренеді.

Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайады


Қолданылатын ресурстар:

. Көрнекіліктері: интерактивті тақта, плакаттар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.
Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру және «Темекінің», «Ішімдіктің», «Нашақорлықтың», адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына шығарма жаздыру, қабырға газеттерін шығару, сурет салу, сыныпты безендіру.

Әдіс-тәсілдер


Сабақты ұйымдастыру

Сыныптың психологиялық ахуалын құру, топқа бөлу шеберлігі.

Тақырыпты ашу сұрақтары

Сыныпты Болашақ, Салауат, Денсаулық деп үш топқа бөлеміз

Психологиялық тренинг: «Мен өзіме сенемін!» 
(Оқушылардың арасында жағымды орта, көңіл- күй қалыптастыру)
Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!
Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін!

Кезеңдері

Берілетін тапсырмалар

Жұмыс түрі

Үй та тапсырмасын сұрау.

Синтез, жинақтау деңгейіндегі тапсырмалар.

ІІ кезең: «Бәйге»
Әр топқа сұрақтар беріледі. Сұраққа жауап дайындауға 2 минут беріледі.
І топқа:
1-сұрақ: Жасөспірімдер арасында шылым шегушілік туралы не айтасыз?
Шылым шегуді қоюға бола ма?
Жауап: - Кей балалар темекі тартуды есею деп санайды. Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді, не біреу ықпал етеді. Бірақ, олар өз денсаулығына өздері зиян келтірушілер. Темекіні тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты өткізіп, спортпен шұғылданса, темекіні тастау оп-оңай. Сонда ғана өзіңді-өзің жаман ортаға итермейсің.
2-сұрақ: Адам денсаулығына ең қажетті зат не деп ойлайсыңдар?
ІІ топқа:
1.Алкаголь ем бе, әлдекімдер айтқандай жүрек ауруына пайдалы ма?
Жауап: --Жоқ. Бұл пікірді тартушылар көбіне –көп арақ зауытының иелері. Олар өз өнімдерінің көбірек тарап , пайдаға батуды ғана көздейді. Ал шындығына келгенде, арақ ішушінің инфаркт алуы аз ұшыраспайды.Арақтың қай түрінің болса да сырқатқа дәрі ретінде қолданылмайтындығын Мұхаммед пайғамбарымыздың хадисіндегі : «Арақтың ем емес екендігі сөзсіз, керісінше дерт, яғни ауру әкелуші»- дегені шегелей түседі.
2. Денсаулықтың достарын атап шық.
ІІІ топқа:
1.Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді. Оның себебі неде?
Жауап: - Нашақорлықпен ауратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ляззат ал үшін, кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Сөйтіп, денелерін улап тастайды нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды.
2. Денсаулықтың қастарын атап шық.

топтық

Жаңа сабақ.

Мазмұнын ашатын топтық, жұптық тапсырмалар беру.

V кезең «Уланбасын өмірің» көрініс қою.
- Бұл бөлімде әр топ өз көріністерін көрсетеді.
1- топ «Зиянды әдеттер » планетасы
2- топ «Есірткіден аулақ бол»
3- топ «Спортшы жігіт »
1 . «Болашақ» тобы: «Зиянды әдеттер » планетасы
Адам: Уһ, жаным –ай! Енді қайда барсам екен? Қай жерге барып жаным рақат табар екен! Не етсем екен!
Арақ: Мен мөлдірмін! Мені ішіп рақаттан. Көңіл - күйің көтеріліп, өмірің қызық болады. Кел менімен дос бол! Менімен дос болсаң қайғыруды ұмытасың, жеңілдейсің.
Темекі: Ал мен сымбатты да әдемімін, иісім қандай жағымды. Менің әсерімнен рахаттанасың. Менің досым бол, кел!
Наша: Бәрінен де мен күштімін. Ең рақаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені шегіп, күш- жігерің артады, көңіл күйің көтеріледі. Мен сені еш уақытта тастамаймын, адал дос боламын. Кел, менімен дос бол!
Денсаулық планетасының тұрғыны:
- Тоқтатыңдар! Ей, жауыздар, сырты жылтыр, іші қотыр жауыздар! Кетіңдер, кетіңдер ары, босқа ерікпеңдер. Менің адамымның алда көрер қызығына сендер кедергі боласыңдар! Егер сендерге еріп, жеңіл жол іздеп, еріп кете берсе, өмірге қандай болашақ ұрпақ әкелмек! Жүр, одан да менімен жүрсең адам боласың! Адам деген асыл атыңды мұндай жауыз заттармен кірлетпе!
2- топ «Денсаулық» тобының көрінісін тамашалаңыздар!
Көрініс: «Есірткіден аулақ бол!»
Автор: Ерте, ерте , ертеде, 
Дәл қазіргі заманда, 
Арман деген баланы
Еркелетіп өсірді.
Сұрағанын әперді, 
Оқу деген ойда жоқ, 
Өсе келе ол бала, 
Жамандыққа бойлайды.
Өз бойына жолатты
Есірткі деген пәлені.
Бала: (Рэп стиліндегі әуен қойылады)
Керек емес, үйретпе, 
Оқымаймын ереже.
Еркесімін әкемнің, 
Кенжесімін атамның, 
Қалтам толы ақшаға, 
Ауырмайды басым басқаға.
(«Аппақ гүлдер» әуені қойылады)
Тыныш еді өмірім, 
Көріп сені өзгердім.
Сүйіп сені көңілім жұлдыздырға тең келдім.
Сөз таппаймын айтуға, 
Сені бойға алғанда, 
Түсімде де жүрсің ғой, 
Темекі мен есірткіні ұсынып.
(Билеп жүріп құлайды. )
Дәрігер:
Тамырын у мен суарып, 
Инемен таза денеңді
Тесуге неге келістің?
Көк түтінмен уланып, 
Ащы суды неге іштің?
Төсекке асыл азамат
Аурумын деп құлапсың.
3-топ «Салауат» тобының көрінісін тамашалайық.
Спортшы жігіт жаттығу жасап, шынығып жүр. Оның жанына темекі тартып, қолдарына ішімдік бар достары келеді. Арада 5 жыл уақыт өткен соң, олар кездеседі.
Спортшы жігіт әлем чемпионы атанған, ал баяғы темекі ішкіш, ішімдік құмар достары азып –тозған, түрлері адам шошитындай халге түскен. Спортшы жігіт сөйлейді.
Спортшы жігіт:
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа, 
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді, 
Құр айтпаған ғұлама данамызда.
Сақта халқым, денсаулығын аналардың, 
Болсын десең дені сау ұрпақтарың.
VI кезең: «Ғасыр тағдыры үшін, күресейік!». Сурет байқауы. 
Әр топ суреттерін тақырып бойынша қорғайды.
1. «Болашақ»тобы: Суреттің тақырыбы: «Темекіден түтін сорсаң улайсың, өзіңді-өзің
жіпсіз байлап шырмайсың.»
2.«Денсаулық»тобы: Суреттің тақырыбы: « Болар бала кісілікке үйір, тозар бала
ішімдікке үйір.»
3. «Салауат» тобы. Суреттің тақырыбы: «Есірткіге жолама, жетелейді молаға.»

топтық















топтық

Үйге тапсырма

Синтез, жинақтау деңгейіндегі

Қызықтыратын, өз қалауымен ізденетін тапсырма беру. (эссе, шығарма жазу дәлелімен)

Шылым шегудің қысқа мерзім ішіндегі теріс зардаптары:

    • қан тамырларының және ми тамырларының спазмы;

    • қан қысымының көтерілуі;

    • жүрек соғысының жиілеуі;

    • мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығының темекі түтінінен тітіркенуі;

    • темекі түтінінен көздің шырышты қабығының тітіркенуі;

    • иісті газдың қанға еніп кетуі;

    • темекі шайырының өкпеде шөгіп қалуы;

    • ауаны улау, ластау.

Шылым шегудің ұзақ мерзімді зардаптары:

    • түрлі инфекцияларға кіру қақпасы болатын тістің, еріннің, тілдің, таңдайдың, көмейдің, тамақтың шырышты қабығының бүлінуі;

    • иіс сезудің, дәм сезудің нашарлауы;

    • бетке әжімнің ерте түсуі;

    • тістің сарғаюы, ауыздан жағымсыз иістің пайда болуы;

    • организмнің ауруға қарсыласуының төмендеуі;

    • темекішілдің созылмалы бронхиті;

    • өкпе эмфиземасы;

    • жүрек-қан тамыр аурулары;

    • асқазан-ішек жолдары аурулары;

    • ерін, ауыз қуысының, өкпе, өңеш, асқазан, көмей, қуық рагы (обасы);

    • Рейно ауруы (аяқ-қол гангренасы).


топтық












Бағалау.

Критериалды түрде

  1. Жаттығу: «Кәнеки, есепте».

Оқушыларға бір қорап сигарет қанша тұратынын ойларына түсіруді ұсыныңыз. Егер сіз күніне бір қорап сигарет тартатын болсаңыз, қанша ақша жұмсайтыныңызды есептеңіз:

  1. Бір аптаның ішінде.

  2. Бір айдың ішінде.

  3. Бір жылда.

  4. Үш жылда.

  5. Бес жылда.

Оқушылардың әрқайсысы есептеп, осы ақшаға сигареттң орнына не сатып ала алар еді деген сұраққа жауап берсін.

  • Өмірге адам бір ақ рет келеді, 
    Жастық шағың өміріңнің кемелі.
    Күте білсең саулығыңды өрелі, 
    Табиғаттың бергеннен көп берері

топтық



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі