400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс жөніндегі түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ


Сабақтың аты

§20 Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс

Сынып: 8

Сабақ 19

:

Жалпы мақсаты

Газ бен бу ұлғайғандағы жұмысы жайлы мағлұмат беру

Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс ының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйрету

Бірін-бірі бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс ы жайлы мағлұмат алады

Газ бен бу ұлғайғандағы жұмыс ының формуласын қолдана отырып есептер шығара білуге үйренеді

Бірін-бірі бағалай алатын болады

Жоспар

Басталуы

Қызығушылықты ояту

Оқушылар бір бірлеріне "Серпілген сауал" әдісі бойынша сұрақтар қояды. Сол арқылы Векторлар тарауын қорытындылаймыз. Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызамын.

Үй тапсырмасын сұрау арқылы сұрақ-жауап Миға шабуыл

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау апқылы оқушыларды диалогқа түсіру


Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Қайнау дегенді қалай түсінесің?

  2. Термодинамиканың І заңы қалай тұжырымдалады?

  3. Оның математикалық өрнегін жазыңдар

Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Термодинамикалық параметрлердің өзгерісінде қандай физикалық шамалар пайда болады?

  2. Қандай термодинамикалық процесті білесіңдер?

  3. Әр түрлі термодинамикалық процестер үшін термодинамиканың І заңын жазыңдар

Өткен сабақтан есте қалған ұғымдарды еске түсіріп, содан 3 сөйлемді тақтаға жазып сол сөйлемдерді кезек-кезек оқытып, топқа бөліну: І топ-мұз кесегін ерітіп,ІІ топ-әтірдің қақпағын ашып иісін шығару, ІІІ топ- балауыз кесегін жағып, енді осы өзгерістерді қайта қалпына келтіруге бола ма? Осы құбылыс негізінде мәңгі қозғалтқыш жасау мүмкін бе? Сонымен бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз


Ортасы

Мағынаны тану

Әр топқа қосымша мәліметтер және оқулықтарын беремін. сол арқылы "Өкіл" әдісін пайдаланып тарауды толық қорытындылаймыз. 3 топ бір бірін бағалайды

Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі:

Жүйеге берілген жылу  оның ішкі энергиясының өзгеруіне және жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады.

Термодинамикалық  жүйе ретінде  цилиндрдің  поршені астында  орналасқан газды  аламыз. Жылжымалы  поршень  цилиндр қабырғасын  бойлай   үйкеліссіз орын ауыстырады. Бастапқы күйде газдың температурасы қоршаған ортаның  температурасына  тең. Поршеньге  түсетін ішкі  және сыртқы  қысым р бірдей болғандықтан, поршень  тыныштықта тұрады. Газға  біраз жылу жылу мөлшерін берейік. Газ ұлғая бастайды және поршень  h қашықтыққа жоғары көтеріледі.

Изопроцестердің 3 түрі бар:

Қысым тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті изобаралық    процесс деп атайды.

Изобаралық ұлғаю кезінде газдың сыртқы күштерге қарсы атқарған жұмысы газ қысымын оның соңғы және бастапқы көлемдерінің айырымына көбейткенге тең.

 (а-сурет) изобаралық ұлғаю кезіндегі газдың жұмысын график түрінде көрсетілуі.

Изобаралық процесс үшін термодинамикнаың І заңы:

Газдың көлемі тұрақты, ал температура мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесті изохоралық процесс деп атайды. (ә) –сурет.

Изохоралық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Температура тұрақты, ал қысым мен көлем өзгеретін термодинамикалық процесті изотермалық процесс деп атайды. (б) –сурет.

Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Психологиялық есте сақтау жаттығуы:     (1 минут)

«Есте сақтаңыз, ұмытпаңыз, қателеспеңіз!!!»

Аталған үш процесстің «Изо»  сөзінен соң әріптерге мән берейік, изо  Баралық процесс – Б әрпі Р әрпіне ұқсайды, демек, бұл процессте р – қысым тұрақты болады;

Изо Хоралық процессте Х әрпінің  үстіңгі бөлшегін аламыз V ға ұқсайды, демек,  V – көлем тұрақты болатын процесс;

Изо Термалық процесс демек, Т- температура тұрақты болатын процесс. Осылайша бір-бірінен ажырата, айыра аламыз.

Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық процесс деп атайды.

Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Адаибаталық процесті графикте адиабата деп аталатын қисықпен көрсетуге болады:

Термодинамикалық процестерді жаз? 


Жабық ыдысқа 200 Дж жылу бергенде оның ішкі энергиясы қаншаға өзгерді ? 


Изахоралық және адиабаталық процестерді салыстыр? 


Термодинамиканың І заңының формуласының изопроцестерде өзгеруін жаз? 


Изопроцестердің техника үшін маңызы қаншалықты? 

Үлестірме қағаз

1-топ.:

2 -топ:

3 -топ:

Аяқталуы

Ой қозғау

Сабақ соңында тарау бойынша сұрақтар қою арқылы тарауды қорытындылаймыз

«Конверттегі есептер»

  1. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты.Газдың атқарған жұмысы?

  2. Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды.Осы кезде газ 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы?

«Стоп- кадр» әдісімен термодинамиканың ІІ заңына сүйеніп, осы процестердің 1 бөлігін бейнелейді, ал басқа топтар анықтайды

.


Үйге

Бақылау жұмысына дайындық жасау


бағалау



Соңғы 5 есеп бойынша:

4 -5 есеп -5

2-3 есеп - 4

1 есеп -3


Кері байланыс


Сабақта сәтті шыққан тұстарым : 


  1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызуым
     


  2. Оқушылардың топтық жұмысты меңгеруі
     


  3. Өздігінен білім алу қалыптасты
     


Сабақта сәтсіз шыққан тұстарым: 


  1. Уақытты ұтымды пайдалана алмауым
     


  2. Оқушылардың
     қысқа жауап қайтару 


  3. Кейбір топтағы оқушылардың тақырыпты ашуда әлсіздік жасауы
     


Сәтсіздікті жою жолдарым: 


  1. Тапсырмаларды берілген уақыт аясында жасауға жұмылдыру
     


  2. Оқушыларды көп сөйлетуді қажет ететін қосымша сұрақтарды қою
     


  3. Оқушылардың қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызу және шектеуді болдырмау
     





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
934
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі