жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Газ қазандықтарды
«Бейнеу политехникалық колледжі» МКҚК
Келісемін Бекітемін
Директордың ғылыми және Директордың оқу ісі жөніндегі
оқу әдістемелік жұмыстары орынбасары
жөніндегі орынбасары ___________ Қ. Орынбаев
__________ А. Узбекова «____»_______2018ж
«____» _______2018ж
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Газ қазандықтары»
Пәні:КП «Ұста дәнекерлеу» практикасы
Мамандығы:Газ объектілері құрал-жабдығын
пайдалану технигі 3-курс
Арнайы пән мұғалімі: Мукангалиев А Ш
Бейнеу 2018ж
Сабақтың тақырыбы: Газ қазандықтары
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік мақсаты: газ қазандықтары туралы жалпы
білім бере отырып,технологиялық жүйесімен
және практикалық маңызымен таныстыру.
б) Дамытушылық мақсаты: газ қазандықтары жайлы білімдерін
тереңдетіп, білімділік дағдыларын дамыту,
өз ойын жеткізе білуге, маңыздысын іріктеп
алуға, талдау жасауға,кәсіби білімдерін
жетілдіру,жұмыс жасап үйрету.
в) Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен білім алуға және алған білімдерін
іс жүзінде қолдана білуге, пәнге деген
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Интербелсенді тақта, слайдтар,
видеороликтер, сызба көрістер.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, химия,металдар технологиясы
және конструкциялық материалдар.
І.Ұйымдастыру бөлімі:
а) Студенттермен амандасу. Студенттердің сабаққа қатысын, құрал- жабдықтарын, сынып тазалылығын тексеру.
ә) Үй тапсырмасы: Газ жанарғылары
б) Жаңа сабақ.Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. Жаңа сабақ түсіндіру. Жаңа сабақты практикамен ұштастыру.Сабақты қорытындылау.
в)Сабақты бекіту.
Студенттерді бағалау. Үй тапсырмасын беру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын сұрауда студенттерді екі топқа бөліп, «Кім жылдам»ойыны арқылы берілген тақырыпты яғни газ жанарғыларын сұрақтар қою арқылы пысықтаймыз!
Сұрақтар:
Газ жанарғысы дегеніміз не?
Газ жанарғыларының негізгі функциялары?
Барлық жанарғыларға қойылатын жалпы талаптар?
Зауыттық емес жанарғыларды пайдалануға бола ма?
Жанарғылардың жұмыс ерекшелігі?
Газ жанарғыларының жылу қуаттары нешеге бөлінеді және атаңыз?
Жанарғылардың түрлері нешеу және атап беріңіз?
Диффузиялы жанарғылар дегеніміз не және қайда қолданылады?
Инжекциялы жанарғылар дегеніміз не?
Инжекциялы жанарғының негізгі элементі?
Бұлардың барлығы қандай қысымды жанарғылар?
Сонымен Диффузиялы және Инжекциялы жанарғылардың кең қолданыс тапқаны қайсысы және кең қолданыс таппағаны қайсысы?
ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбы: Газ қазандықтары
Жылу энергиясы болып адамның өмірге қажеттілігін қамтамасыз ететін энергияның негізгі түрін айтады. Жылу энергиясын негізінен электр энергиясын алуға әр түрлі қызметтегі мекемелердің технологиялық қажеттілігі үшін тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін және жылыту үшін қолданады.
Жылу энергиясын өндіретін және оны тұтынушыға су буы немесе ыстық су түрінде жеткізілуді қамтамасыз ететін құрылғылар кешені жылумен қамту жүйесі деп аталады. Жылумен қамту жүйесі еліміздің шаруашылығын құрайтын маңызды салаларының бірі болып алынады.
Жылу энергиясымен қамтамасыз етудің біріккен жүйесін құрайтын салаларының бірі-қазан қондырғылары (котельные установки )
Қазан қондырғысы- бұл жылу энергиясын ыстық су немесе су буы күйінде өндіретін механизмдер мен тораптар жиынтығы.
Жылу энергиясын өндіретін қондырғылар үшін алқашқы энергия көзі есебінен органикалық және ядролық отындар, күн энергиясы,өндірістік мекемелердің жылулық қасиеттері бар және жанғыш қалдықтары алынады.
Агрегаттық күйлеріне қарай органикалық отынның барлық түрі қатты сұйық газ тәрізді болып бөлінеді.
Газ тәрізді отынның негізгі түрі - табиғи газ. Оның тұтыну бөлігі 55 пайызды құрайды. Сондықтан эниргиялық отынның бұл түрін тиімді пайдалану ірі халық шаруашылығының отын энергитикалық ресурстарының (тиімділігін) экономикалық мәселері бойынша тиімділігін қамтамасыз етеді. Табиғи газ отын ның экономикалық тиімді түрі және жан жақты қолданыла отырып, еңбек өнімділігін арттырады, жаңа жоғарғы қарқынды жабдықтардың туып дамуына жол береді. Техникалық процестердің туындауына жол береді.отынның меншікті шығынын төмендетеді.
Газ тәрізді отынды білікті түрде пайдалану (жану) өндірістік обьектінің жергілікті пункттердің ауа ресурсын ластанудан қорғайды.
Газдың меншікті шығынын төмендету жаңа технологиялық процестердің барынша экономикалық жабдықтардың қолданылуымен жүзеге асады. Газдалған (газифицированный) қазан агрегаты қазіргі заманғы конструкциялы газогорелкілі құрылғыларрды пайдалану еліміздің энергия қорын қамтамасыз етуді жолға қойды.
Қазандар негізінен қызметіне қарай мынадай типтерге бөлінеді.
- Энергетикалық - электр энергиясына түрленетін буды өндіруге арналған.( булар электростанциялардың құрамына кіреді.)
- Жылулық - жылыту жүйелерін, вентиляция ыстық сумен қамтуды жүзеге асыратын қазандар.
- Өндірістік - жылыту қазандарды техникалық жылумен қамту жүйелері жылумен,ыстық сумен қамту үшін т.б қолданылады.
- Өндірістік-технологиялық қазандар негізінен жылумен қамтамасыз ету үшін т.б жылыту қазандарының негізінен су қыздырады қазандармен жабдықталады.Олар ыстық су өндіреді.Өндірістік қазандарды-бу мен су буын өндіретін қазандармен жабдықталды.
Жылумен қамту обьектілеріне қарай қазандарды орталық және автономды деп бөлінеді.
Орталық қазан қондырғысы - сыртқы жылу желілерінен тұратын қазандармен байланысқан бірнеше ғимараттармен қоғамдық орындарға арналған.
Автономды қазандар деп - (жеке ) бір ғана ғимаратты немесе қоғамдық орынды жылытуға ға арналған қазандарды айтамыз.
Сонымен бірге резервтік отындар түрлері негізгі отын түрге (газды) жоспарлы түрде ұзақ мерзімге тоқтата тұрған жағдайда қолдануға арналған (мазутты) қазанды аварияны жағдайда түруға арналған (қысқа мерзімге ) қазан арналған.
1-сурет. Газ қазандық қондырғыларының технологиялық сұлбасы
1-бункер,2-коллектор,3-газ жанарғы(горелки),4-барабан, 5-айналымы (циркуляция) құбырша,6-қазанның жану ошағы,7-буды қыздырғыш,8-экономайзер,9-ауа жылытқыш, 10-ауа сорғыш,11-күлтұтқыш,12-түтінсорғыш,13-түтінқұбыры.
Қазан қондырғысының негізгі және көмекші жабдықтары.
Жалпы жағдайда газды қазан қондырғысы - бұл қазан мен көмекші жабдықтар жиынтығы. Ол негізінен мынадай негізгі құрылғылардан тұрады Қазан агрегатынан, экономайзерден ауажылытқыштан тұрады. Қазандар осы агрегаттардың ең негізгі бөлігі болып табылады.
Егерде қазан тек қана буды өндіретін болса, онда ол - бу қазандары. Ыстық су өндіретін болса- су ысытушы қазандар, ал бір мезгілде су буын және ыстық суды бірге өндіретін болса онда бұл қазандар –біріккен, яғни комбинированный болып табылады. Қазан агрегатында газ тәрізді отынның жануы нәтижесінде түзілген қалдық газдар (түтін) жылу беттерін жуып отырып, өзінің ең соңғы жылу мөлшерін бере отырып, қазан агрегатынан шығып кетеді.
Сонымен бірге қазан агрегатында жылу беттері(поверхности нагрева)
Экономайзер қызмет атқарады. Бұл экономайзер қазанға келетін ауыз суды немесе желілік (сетевая вода) суды жылытып жіберіп отырады.
Ауажылытқыш құрылғы - мұнда жану ошағына келетін отынның жануы үщін қажет ауаны жылытып жіберуге арналған құрылғы.
Жергіліікті жағдайларға байланысты бұл екі құрылығ кей жағдайда орнатылмайды немесе біреуі орнатылады.
Осы аталған негізі жабдықтармен қоса жылу қазаныныда көмекші жабдықтар да қызмет атқарады. Оның құрамына : тартып үрлегіш құрылғы, вентилятор, ауыз су немесе желілік су сораптары, суды дайындайтын қондырғылар , құбырлыа жүйесі сонымне бірге КИП иА жабдықтары, басқару және ретттеу құрылғылары жатады.
Тартып үрлегіш құрылғы - газ жүретін түтікте қалдық салқын газдарды атмосфераға шығаруға арналған. Бұған : дымосос, дымавая труба жатады.
Қоректендіру сораптары - қазан агрегатына қажет ауыз суды жеткізуші сораптар.
Үрлегіш қондырғылар - вентилятордан ауаүрлегіш (воздуховод) тұрады.
Қазан қондырғысын отынмен қамтамсыз ету үшін отыншаруашылығы (топливоподачи) жүйесі қызмет атқарады. Ол магистральды құбырдан газды горелкіге дейінгі құрылғылардан түрады.
Қазанның горелкісі – отынның жануы үшін қазан ошағына қажет ауа мен отынды (газды) жеткізуге арналған құрылғы.
Қазан агрегатын жылыту және желдету.Газдалған қазан агрегатын жылыту және желдету санитарлық нормаларға сай болу керек . Өндірістік мекемелер үшін желдету жүйесі ауа жолымен жүзеге асады. Көмекші ғимаратты жылыту жүйесі 130 С дейінгі темп-ғы жергілікті қыздырғыш приборлармен жүзеге асады.
ІV.Теория мен практиканы ұштастыру мақсатында қолмен доғалы пісіру әдісі арқылы газ қазандығын дәнекерлеу аспабымен жұмыс жасау.
Қосымша тапсырма: 1) Газ құбыры бойындағы крандарды тексеру,майлау.
2)Газ есептеуіштердің газ шығуын,жұмысын тексеру.
V.Сабақты бекіту:
1.Қазандар негізінен қызметіне қарай нешеге бөлінеді,атап айтып беріңіздер?
2.Қазан қондырғысының негізгі және көмекші жабдықтарына нелер жатады атаңыздар?
3.Экономайзер қандай қызмет атқарады?
VІ.Студенттерді бағалау. Студенттердің үйге берілген тақырып бойынша
берілген сұрақтарға жауап беруіне және қолмен доғалы пісіру әдісі арқылы газ қазандығын дәнекерлеу аспабымен жұмыс жасауына қарай бағалаймын.
VІІ.Үйге тапсырма: Газ қазандықтары жайлы жалпы мағлұматтар оқу және газ қазандығын дәнекерлеу аспабымен жұмысты қайталап жасап үйрену.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген