400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Газ тарату механизімін бөлшектеу және құрау

Материал туралы қысқаша түсінік
Қозғалтқыштың ГТМ қызметі мен жұмысы. Газ тарату механизмі (ГТМ) — жанармай қоспасын қабылдауды және цилиндрлерден пайдаланылған газдарды шығаруды қамтамасыз ететін механизм. Иінді біліктің айналу жиілігіне және басқа факторларға байланысты тұрақты газ тарату фазалары да, реттелетін фазалары да болуы мүмкін. Көбінесе таратқыш біліктен немесе таратқыш білік жетегінің бірнеше біліктерінен, рокерлерден, серіппелерден, клапандардан, гидрокомпенсаторлардан және т.б. бөлшектеден тұрады. Кейбір конструкцияларда тарату жүйесі айналмалы немесе тербелмелі тарату жеңдерімен немесе катушкалармен ұсынылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазахстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігі

(министрліктің немесе ведомствоның атауы)

Абай облысы Білім басқармасы «Көлік колледжі» коммуналдық

мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

(білім беру ұйымының атауы)


Тәжірибелік жұмыс №7


Газ тарату механизімін бөлшектеу және құрау.

(тәжірибелік жұмыстың тақырыбы)


Модуль /пән атауы: Автокөліктерді жөндеу

Оқытушысы: Аймуханбетов Б.Е.

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 3 курс, 31 ТЭМк

Сабақтың түрі: тәжірибелік жұмыс

Сабақ мақсаты:

- білімділік: ГТМ жайлы жалпы түсінік беру.

- дамытушылық: ГТМ ақаулықтарының түрлері мен сипаттамасын ажырата білу

- тәрбиелік: Келешектегі мамандығы бойынша жұмыстарды атқаруды үйрету. .-3 стр. 1я-1ть скручивание шатунаояние верхней и нижней головки шатуна.

Компетенцияларды меңгеру тиіс:

БҚ 1. Өзінің жеке мүмкіндіктерін жүзеге асыру талабы, білімі мен кәсіби біліктілігін үнемі көтеруге дайындығы.

КҚ 3. Автокөліктердің тиімді және пайдалы жұмыс істеуін қамтамассыз ету.

КҚ 5. Автомобильдің жүрісін басқаруға арналған құрылғылармен жұмыс істей білу.

Сабақ көрнекіліктері: кілттер жинағы, шынайы қозғалтқыш стенді, м/м презентация, уйретуге арналған бейнеролик, шынайы КШМ бөлшектері

Әдебиеттер: Румянцев С.И. Автокөлік жөндеу.

Пәнаралық байланыстар: автокөлік құрылысы, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету


Сабақтың құрылысы:

№

Сабақтың құрылысының элементтері

Время

I.

Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу және олардың сырт пішініне көңіл аудару, аудиторияның тазалығын тексеріп, оқу-құрал жабдықтарын, көрнекті құралдарды дайындау

3 мин

II

Кіріспе сұрақтар

5 мин

III.

Тәжірибелік жұмысты орындау

55 мин

IV

Жұмысты безендіру

5 мин

V

Сабақтың қорытындысы

2 мин



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасу және олардың сырт пішініне көңіл аудару, аудиторияның тазалығын тексеріп, оқу-құрал жабдықтарын, көрнекті құралдарды дайындау.

II. Өткен тақырыптан дайындығын тексеру.

  1. Қозғалтқыштың КШМ бөлшектерін анықтап, қызметі мен жұмысын баяндап беру. («Қара капшық» ойыны – кара каптың ішіндегі КШМ бөлшектерін қолмен ұстап анықтау және сол бөлшектің қызметі мен жұмысын баяндау.)

III. Тәжірибелік жұмысты орындау

Жоспар:

  1. Рено қозғатқышының ГТМ белдігін орнату (Қосымша 1)

  2. ВАЗ 2016 қозғатқышының клапандарын реттеу (Қосымша 2)

Қозғалтқыштың ГТМ қызметі мен жұмысы.

Газ тарату механизмі (ГТМ) — жанармай қоспасын қабылдауды және цилиндрлерден пайдаланылған газдарды шығаруды қамтамасыз ететін механизм.

Иінді біліктің айналу жиілігіне және басқа факторларға байланысты тұрақты газ тарату фазалары да, реттелетін фазалары да болуы мүмкін.

Көбінесе таратқыш біліктен немесе таратқыш білік жетегінің бірнеше біліктерінен, рокерлерден, серіппелерден, клапандардан, гидрокомпенсаторлардан және т.б. бөлшектеден тұрады. Кейбір конструкцияларда тарату жүйесі айналмалы немесе тербелмелі тарату жеңдерімен немесе катушкалармен ұсынылған.

  1. Рено автокөлігінің қозғалтқышының ГТМ белдігін орнату.

  2. Қозғалтқыштың клапандарын реттеу.

IV. Жаңа тақырыпқа байланысты қорытынды сұрақтар қою.

  1. ГТМ қызметі қандай?

  2. ГТМ қандай бөлшектерден тұрады?

  3. Газ тарату фазасын орнату кезіндегі қиыншылықтар?

  4. Клапан реттеу кезіндегі қиыншылықтар?

  5. ГТМ ақаулықтарының сипаттамалары?

V. Үйге тапсырма беру

С.И. Румянцев «Автокөліктерді жөндеу» 43-49 бет

VI. Сабақтың қорытындысы

Студенттердің сабаққа қатысуын бағалау, түсініксіз сұрақтарға жауап беру.


Қолданылған негізгі әдебиеттер

  1. А.Г. Боднев. Автомобильдерді жөндеу бойынша лабораториялық практикум М; «Транспорт» -1989 ж.

  2. https://autoepoch.ru/remont-i-obsluzhivanie-avto/regulirovka-klapanov-vaz-2106.html



Оқытушы : /Аймуханбетов Б.Е./

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі