Түркістан
облысы
Мақтаарал
ауданы
№14 колледж
МКҚК
АШЫҚ
САБАҚ
Тақырыбы:
Газ тарату
механизмі
Арнайы пән оқытушысы: Қожабаев
Б.С.
Атакент
кеті
2019
ж
Газ тарату
механизмі
Дәрістің
жоспары:
4.1. Газ тарату механизмінің
жұмысы;
4.2. Газ тарату механизмінің
ақаулары.
Дәрістің қысқаша
мазмұны
4.1 Газ тарату механизмінің
жұмысы
Газ тарату механизмі
цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельді моторда) немесе жанғыш қоспа
(бензинді моторда) жеткізу және цилиндрдегі пайдаланылған газды
шығару қызметін
атқарады.
Клапандар енгізу және шығару
тесіктерін ашып-жауып тұрады, ал бұлар цилиндрлердің енгізу және
шығару түтіктерімен
жалғастырады.
Газ тарату механизмінің екі
түрі бар (сурет 4.1),
жоғары және бүйірге орналасқан
клапандар.
а) тарату білігімен клапандары
төмен орналасқан; б) клапандар жоғары ал тарату білігі төмен
орналасқан, в) тарату білігімен клапандары жоғары
орналасқан
4.1 – сурет – Газ тарату
механизмінің түрлері
Газ тарату механизмінің
құрамына енгізу және шығару клапандары, таратқыш біліктен
клапандарға қозғалыс бергіш бөлшектер, таратқыш білік пен
шестернкалар кіреді.
Иінді білік шестернялардың
көмегімен таратқыш білікті айналдырады. Таратқыш білік рычактар
арқылы қозғалысты шығару және кіргізу клапандарына жеткізіп
ашылып жабады.
Иінді білік бензин
қозғалтқыштарында 1 секунд ішінде 100-150 айналыс жасайды, ал
дизельдерде 1 секундта 70 рет айналып үлгереді, немесе поршень 1
секундта 70-150 рет төмен және жоғары жылжып үлгіреді. Клапандардың
ашылып жабылу аралық уақыты 0,07-0,2 секунд қана. Немесе осы аз
уақыт ішінде цилиндр ауа немесе жанғыш қоспаны кіргізіп және оны
жанып болғаннан кейін шығарып жіберуге мүмкіндік жасауы
қажет.
Сондықтан сору клапаны поршень
жоғарғы шекті нүк-теге (ЖШН) жетпей ашылады, төменгі шекті нүктеден
(ТШН) өткеннен кейін жабылады (сурет
4.2).
Сол сияқты шығару клапаны да
ерте ашылып шекті нүктеден өткеннен кейін
жабылады.
4.2 – сурет – Газ тарату
диаграммасы
Клапан стержені ажарланған.
Стержень ұшы шынықтырылған, соның нәтижесінде оның күйентесі
әсерінен баяу тозады. Клапандар жақсы жабысып орналасуы үшін
олардың әрқайсысы ұя қырнағына (фаскасына) 1,5-2 мм ендікте
үйкеленіп тұрады.
Клапанның жоғарғы бөлігіндегі
стерженьде конусты сухариктер орналастыруға арналған қырнақ,
болады, сол қырнақтың көмегімен клапан серіппе табақшасына берік
ұстатылады. Сухариктер жартылай қақ бөлінген конус сақина тәрізді.
Кейбір қозғалтқышта жоғарғы тірек шайбалар мен сухариктердің
аралығында втулка болады, ол сухариктерді қысып ұстап, төменгі
сүйір ұшымен табақша түбіне
тіреледі.
Күйенте болаттан жасалған екі
иінді рычаг. Оның орта тұсындағы жуандау жерінде тесігі
болады, сол тесікке втулка кигізіледі. Күйенте иінінің біреуінде
(ұзынында) шынықтырылған соққыш болады, ол клапанды басады, ал
екіншісінде — бұрандалы тесік бар, оған реттеуіш винт бұрап
кигізіледі.
Соның көмегімен клапан мен
күйенте соққышының аралығында саңылау жасалады және де мұның өзі
клапандардың нығыз жабылуын қамтамасыз етеді. Күйенте осьте еркін
тербеліп тұрады, ал осьтің өзі блок қалпакшасына бұрап кіргізілген
тіреуге орнатылады. Таяныш серіппе мен тоқтатқыш сақина күйентені
осьтік ығысудан
сақтайды.
Штанга түрткіштегі күшті
күйентеге беруге арналған. Штанга бітеу болат шыбыктан немесе іші
қуыс болат стерженьнен жасалады. Штанганың ұшында ажарланған,
қыздырып өңделген ұштық болады. Төменгі үштықтың формасы шар
тәрізді. Ол түрткіштің шар тәрізді ойығына тіреледі. Жоғарғы ұштың
шар формалы немесе ойығының беті шар тәрізді болуы мүмкін. Оған
күйентеге бұрап кіргізілген реттеуіш винттің қалпақшасы
тіреледі.
Таратқыш білік мойнының
біреуінде блок каналына май жіберетін саңылау болады, май осы
саңылау арқылы күйентеге беріледі. Саңылау блок каналымен сәйкес
келгенде май
жіберіледі.
Таратқыш шестерня көпшілік
қозғалтқыштарда ол алдыңғы бөлігіндегі арнайы картерде орналасады.
Ол иінді білікпен ілінісе отырып таратқыш білікті, отын насосының
білігіне, май насосына және басқа да механизмдерді іске қосады.
Шестерня болаттан немесе текстолиттен жасалады. Шуылын азайту үшін
олар қиғаш тісті етіп
жасалған.
4.2 Газ тарату механизмінің
ақаулары
Қозғалтқышты пайдаланған кезде
газ тарату механизмі деталь-дарының үйкелетін беттері тозып олардың
түйіндескен беттеріндегі саңылау арта түседі. Сонымен қоса ыстық
газдың, соққы күштің, бөлінген күйенің әсерінен клапандардың
ершікке орнығуы
бұзылады.
Газ тарату механизмінің
негізгі ақаулары мыналар: клапан фаскасының және оның бағыттауыш
втулкасының, күйенте соққышы мен реттегіш винт қалпақшасының,
штанга мен түрткіш ұштығының, таратқыш біліктің жұдырықшасы мен
мойынының, таратқыш біліктің тірек втулкасы мен таратқыш шестерня
тістерінің тозуы, клапан серіппесінің серпімділігінің жойылуы. Бұл
аталған ақаулардан тарсыл пайда болады, оның қуаты кеміп,
тиімділігі
төмендейді.
Газ тарату механизмінің
бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін цилиндрлер қалпақшасын,
күйенте білікшесі тірегін және басқа бөлшектерді тексеріп,
бекітілген түстарын қатайтып бүрау, клапандар мен күйентелердің
механизмінің аралықтарындағы саңылауды тексеру және ретке келтіру
қажет.
Автомобиль қозғалтқыштарының
клапандар мен күйентелер арасындағы саңылау өзгерсе, қуатты
кемітіп, отынның меншікті шығынын
арттырады.
Бақылау
сұрақтары
1 Газ тарататын механизм не
үшін қолданылады?
2 Клапандар мен күйентелер
арасындағы саңылау не үшін
қажет?
3 Иінді білік шестернясының
диаметрі тарату білігі шестернясының диаметрінен екі есе кіші
болатындығы неліктен?
4 Клапандар қандай материалдан
жасалған және олардың айырмашылығы
неде?
5 Таратқыш шестерняларды
таңбасы бойынша орнатудың мақсаты
неде?
6 Газ тарататын механизм жұмыс
істегенде қандай операцияларды
атқарады?
7 Клапандарды қалайша ретке
келтіреді?
8 Мотор істеп түрған кезде газ
тарату фазасын қалай және неге
өзгертеді?