жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Газбен қамтамасыз ету жүйесіндегі қысым реттегіштер түрлері және олардың атқаратын қызметі
ОҚО, Түркістан қаласы, №21 Колледждің өндірістік оқыту шебері Ниязбеков Жақсылық Айтжанұлы
Сабақтың тақырыбы : Газбен қамтамасыз ету жүйесіндегі қысым
реттегіштер түрлері және олардың атқаратын қызметі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге газбен қамтамасыз ету жүйесіндегі қолданылатын қысым реттегіштер түрлерімен таныстыру, олардың құрылысымен және атқаратын қызметтері туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке және еңбек тәртібіне баулу.
Дамытушылық: Өзіндік кәсіби қабілетімен бірге ой-өрістерін жетілдіру.
Сабақ түрі: Өндірістік оқыту сабағы және білім мен дағдыларды жетілдіру.
Оқыту әдісі: ауызша (әңгімелесу, түсіндіру, техникалық құжатпен жұмыс істеу);
көрнекілікті қолдану (шебердің әдіс-тәсілімен қоса өзінің жұмыс тәжірибиелін көрсету, оқу-көрнекі құралдары, слайдтар,бейнеролик);
практикалық әдістер (кешенді оқу-өндірістік жұмыстары).
Оқыту құралдары:
-
Қысым реттегіш түрлері, әртүрлі өлшемдегі кілттер, паронитті аралық төсем қағазы, зімпара қағазы, герметикалық сықпа пастасы;
-
Дидактикалық материалдар (жұмыс дәптері, нұсқаулы-техникалық картасы, презентация).
-
Жабдықтар: (интерактивті тақта).
Ішкі пән байланысы:
-
Материалтану;
-
Еңбек қорғау;
-
Арнайы технология
Сабақ өткізілетің орыны: Газ слесары шеберханасы.
Тақырыпты өтіп, студенттер білу керек:
білуі керек:
Газбен қамтамасыз ету жүйесіндегі қысым реттегіштер түрлерін және олардың
атқаратын қызметін, құрылысын
және қандай материалдардан жасалуын.
істей алуы
тиіс:
Газбен қамтамасыз ету
жүйесіндегі қысым реттегіштерді бөлшектеп құрастыру, ондағы
ақауларды анықтау, оларды болғызбау әдісін білу және жою. Слесарлық
операцияларды сапалы орындау.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I.Ұйымдастыру бөлімі :
1. Студенттермен амандасу.
2. Студенттердің сабаққа келуін және дайындықтарын тексеру.
3. Арнайы киімдерін тексеру (қауіпсідік техникасына қойылған талаптарына
сәйкес болуы).
II. Өтілген тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау:
А) Ө/о сабақтарында және арнайы технология пәндер бойынша оқылған
материалдар бойынша студенттердің білімін тексеру.
«ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА» тапсырма ретінде өз тандауын жасап, қойылған сұрақтарға жауап беру. Слайд.
1. Маркасы СППК4-160 клапанының екінші орындалымы жұмысшы температурасы +600 ºС- та жұмысшы қысымы қанша мПа жұмыс істеуге арналған?
Жауабы: Маркасы СППК4-160 клапанының екінші орындалымы жұмысшы
температурасы +600 ºС-та жұмысшы қысымы Рж – 13,25 мПа жұмыс істеуге арналған.
2. Маркалары СППКМ-100 және СППКМР-100 клапандарының шартты қысымы қанша мПа есептелген?
Жауабы: Маркалары СППКМ-100 және СППКМР-100 клапандарының шартты қысымы Рш – 10 мПа есептелген.
3. СППКМР-100 клапанының бірінші орындалымы жұмысшы қысымы Рж қанша мПа жұмыс істеуге есептелген?
Жауабы: СППКМР-100 клапанының бірінші орындалымы жұмысшы қысымы Рж – 4,25 мПа жұмыс істеуге есептелген.
4.Маркасы СППКМР-100 клапанының екінші орындалымы қандай жұмысшы температурада, ал жұмысшы қысымы қанша мПа жұмыс істеуге есептелген?
Жауабы: Маркасы СППКМР-100 клапанының екінші орындалымы +600 ºС жұмысшы температурада, ал жұмысшы қысымы Рж – 7,55 мПа жұмыс істеуге есептелген.
5. Маркалары СППКМ-100 және СППКМР-100 клапандары қандай шартты диаметрлерде шығарылады?
Жауабы: Маркалары СППКМ-100 және СППКМР-100 клапандары шартты диаметрлері Дш – 25/32 мм. шығарылады.
III. Сергіту сәті. Слайд
IV. Сабақтың тақырыбын мен мақсаты хабарлау. Слайд
Газбен қамтамасыз ету жүйесінде жұмыстың гидравликалық режимін басқару қысым реттегіштердің көмегімен жүзеге асады. Қысым реттегіштер газды тұтынудың жоғарғы деңгейіне қарамастан импульсті қабылдау нүктесінде автоматты түрде тұрақты қысымды ұстап тұрады.
Қысымды реттеу кезеңінде бастапқы, яғни жоғарғы қысымды, яғни соңғы, төменгі қысымға төмендетіп отырады.
Өткізгіштік қабілетіне, бастапқы және соңғы қысымына, міндетіне және орнату орнына қарай реттегіштер конструктивті орындалымымен, формасымен және өлшемдерімен ерекшеленеді. Жұмыс істеу жүйесіне қарай реттегіштер – тікелей және жанама әсерлі болып; дроссельдік клапан конструкциясына қарай – бір отырғызғышты немесе екі отырғызғышты клапанды болып; басқару элементтерінің конструкциясына қарай – жүкті, пружиналы, пневматикалық, гидравликалық болып; импульстік элементтер конструкциясына қарай – мембраналы, сильфонды, поршеньді болып; реттелетін қысымына қарай: жоғарғыдан (0,6 мПа) жоғарғыға (0,3) дейін немесе орташаға (5 кПа жоғары - 0,3 мПа –дейін) немесе төменгіге (5 кПа дейін) қысымдарға реттеу жүргізеді.
Қысым реттегіштер реттеу процессінің тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек, шығу қысымы басылып немесе тербеліп (затухающим) бара жатқандай тұрақты амплитудалық толқында болуы керек.
Автоматты қысым реттегіштер реттеуші және сезуші (реагирующий) құрылғылардан тұрады. Сезуші құрылғының негізгі бөлімі – сезгіш элемент (мембрана), ал реттеу құрылғының негізгі бөлімі – реттеу органы (қысым реттегіштерде дроссельді орган). Қысым реттегіштерде дроссельдік орган ретінде көбінесе әртүрлі конструкциядағы клапандар және дроссельдік бекітпелер сирек қолданылады. Сезгіш элемент және реттеу органы өзара бір-бірімен атқарушы байланыспен жалғанады. 7.1 суретте көрсетілгендей қысым реттегіш және шартты газ жүйесі, реттеу обьектісі болып табылады.
Астатикалық қысым реттегіш. 7.1 сурет.

1 – реттеуші (дроссель) орган, 2 – мембраналы-жүкті тетік,
3 – импульстік түтікше, 4 – реттелетін объект – көшелік газ жүйесі.
Қысым реттегішке дейінгі қысым Р1 – деп белгіленіп, ал қысым реттегіштен кейінгі қысым Р2 – деп белгіленеді. «Өзінен кейін» типті автоматты реттегіште Р2 реттелген параметр болып есептеледі. Жүйедегі бекітілген жұмыс бойынша газ жүйесіндегі газдың мөлшері М тұрақты болып қалады, ал газдың ағып келуі М ағып келу (приток) алынатын газ мөлшеріне тең болады, яғни газдың ағып кетуі М ағып кету (сток). Сонымен жүйенің тепе-теңдік шарты М ағып келу = М ағып кету теңдігі болып табылады. Егер де ағып келу және ағып кету теңдігі бұзылса, тұтыну режимінің өзгеру әсері, яғни М ағып келу # М ағып кету болып, онда реттелетін қысым Р2 өзгеретін болады.
Егер де мембранаға әсер ететін күш балансы бұзылса, онда клапан газ ағынын М ағып келу өзгертіп, әсер етуші үлкен күш жағына қарай жылжиды. Сонымен 7.1 суретте көрсетілген қысым реттегіштің клапанына әсер етуші күшті қарастырамыз. Бұл күштерді үш топқа бөлуге болады: белсенді, өлшемдер реттелетін параметрлер белгілерімен байланысқан, яғни қарсы тұратын, белсенді күштерді теңестіреді; қосымша күштер: яғни жылжымалы бөліктердің салмақ күші, клапанға біржақтама күштер, қозғалыс кезінде пайда болған үйкеліс күштер; сонымен қатар инерциялық күштер.
7.1 суретте көрсетілген қысым реттегіште мембраналық-жүктемелік тетік(2) болады. Тетіктің белсенді (активная) күші – импульстік трубкамен (3) берілетін бұл күшті газ қысымы Р2 - ден мембрана қабылдап, клапан штогына береді. Бұл күшті қайта қоюшы (перестановочной) Nпер деп атап, Nпер= Р2Ғакт тең болады. Ғакт – мембрананың белсенді (активная) беті. Белсенді күшті жүк (2) теңестіріп тұрады. Қайта қоюшы (перестановочной) Nпер күші реттелетін қысым мөлшеріне байланысты болады. Егер де қысым реттегіштің ретке (настройка) келтірілген мөлшерінен Р2 мөлшері көп немесе аз болса, онда күш баланстары бұзылады да, қысым реттегіш реттеу жұмысына кіріседі. Мысалы, газдық жүйе және қысым реттегіш тепе-теңдік М ағып келу = М ағып кету жағдайында тұр. Бір уақытта газды тұтыну бірден көтерілді де, мөлшерлер М ағып кету М ағып келуден көп бола бастады. Демек, газ жүйесінің тепе-теңдігі бұзылды, газдың ағып кетуі жүйедегі газдың ағып келуінен көп болды, сөйтіп жүйедегі Р2 қысымы төмендеуімен белсенділік күші (перестановочной) Nпер де төмендеп, баланс бұзылды. Сонымен клапанға да әсер етіп тұрған күш балансы бұзылды, сөйтіп жүк әсерімен клапан төмен түсе бастады. осы кезде газдың ағып келуі арта бастады, яғни Р2 қысымы көтерілді. Сөйтіп газдың ағып келуі газдың ағып кетуіне тең болып, газ жүйесі қайтадан тепе-теңдікке түсті. Осындай принциппен жұмыс істейтін қысым реттегіштерді астатикалық деп атайды. Бұндай қысым реттегіштер жүйедегі өзгерістен кейін жүқ мөлшеріне және реттеуші органның қандай жағдайда тұрғанына қарамастан реттелетін қысымды белгіленген белгіге қайта келтіріп алады. Сонымен астатикалық реттеуде жүйенің тепе-теңдігі тек реттелетін параметрмен берілген белгіде орындалады.
Егер реттегіште өздігінен теңесу (самовыравнивание) қасиеті болса, онда реттеу жүйесі басылып немесе тербеліп (затухающим) бара жатқандай болады, бірақ реттеу тұрақты болады.
Өздігінен теңесу (самовыравнивание) - дегеніміз жүйенің тепе-теңдігі бұзылған соң, жүйе қайтадан газдың ағып келуі мен газдың ағып кетуінің арасындағы тепе-теңдікті өзі қалпына келтіру, бірақ реттелу параметрін басқа белгіде қалпына келтіреді. Бұндай өздігінен теңесу жағдайы төменгі қысымды газ жүйесінде болады. Егер төменгі қысымды жүйеде газ шығынын көбейтсе, онда газ қысымы азаяды, осының салдарынан газдың ағып келуі қысқарады да, тепе-теңдік басқаша төменгі газ қысымында орнайды. Сондықтан газ жүйесін қалыптастыру үшін, яғни реттеу жүйесін басылып немесе тербеліп (затухающим) бара жатқандай ету үшін қысым реттегішке қалыптастырушы құрылғы орнатады. Бұндай реттеуді статикалық деп атайды. Егер қысым реттегіштегі жүкті пружинамен ауыстырса, онда статикалық қысым реттегіш болады, 7.3 суретте көрсетілгендей, пружина қалыптастырушы құрылғы болады.
Статикалық қысым реттегіш. 7.3
сурет.
1 – реттеуші (дроссель) орган, 2 – мембраналы-пружиналық тетік, 3 – импульстік түтікше,
4 – реттелетін объект – көшелік газ жүйесі,
Қысым реттегіштер тікелей әсерлі және жанама әсерлі түріне бөлінеді. Тікелей әсерлі қысым реттегіш дегеніміз дроссельдік құрылғы қозғалысына мембрана әсер етіп тұрады, ал мембрананың қозғалуына реттелетін қысым әсер етіп, қозғалысқа түсіріп тұрады. Демек тікелей әсерлі қысым реттегіште реттеуші орган (клапан) сыртқы көзден энергияны пайдаланбай, сезгіш элементте (мембранада) пайда болған күшпен қозғалысқа түсіп отырады. Бұндай қысым реттегіште тетіктердің күштік элементі әрі сезгіш элемент жұмысын атқарады. Бұл реттегіштер құрылысы жағынан қарапайым, жұмыс істеуде сенімді және газбен қамтамасыз ету жүйесінде кеңінен қолданылады. Бұл қысым реттегіштерге РДСГжәне балтика; РД-64, РД-32М, РД-50М қысым реттегіштері жатады.

Жанама әсерлі қысым реттегіште сезгіш элементте пайда болатын күштер, командалық элементті іске қосады, яғни командалық прибордан мембранаға әсер еткен газ қысымының күштерін теңестіру тікелей жүкпен, пружинамен немесе тұрақты газ қысымымен емес, командалық прибор деп аталатын қосалқы құрылғы бекітіп берген газ қысымымен іске асады.
Бұл реттегіштерге РДУК-2, РДУ типті қысым реттегіштер жатады.

Бейнематериал көрсету.
Ү. Өтілген сабақты пысықтау.
1. Газбен қамтамасыз ету жүйесінде жұмыстың гидравликалық режимін басқару қандай жабдықтың көмегімен жүзеге асады?
Жауабы:Газбен қамтамасыз ету жүйесінде жұмыстың гидравликалық режимін басқару қысым реттегіштердің көмегімен жүзеге асады.
2. Автоматты қысым реттегіштер қандай құрылғылардан тұрады?
Жауабы: Автоматты қысым реттегіштер реттеуші және сезуші (реагирующий)
құрылғылардан тұрады.
3. Қысымды реттеудің астатикалық және статикалық түрін түсіндіріңдер?
Жауабы: Газдың ағып келуі газдың ағып кетуіне тең болып, газ жүйесі қайтадан тепе- теңдікке түседі. Бұндай реттеуді астатикалық деп атайды Ал газ жүйесін қалыптастыру үшін, яғни реттеу жүйесін басылып немесе тербеліп (затухающим) бара жатқандай ету үшін қысым реттегішке қалыптастырушы құрылғы орнатады. Бұндай реттеуді статикалық деп атайды
4. Жүйенің өздігінен теңесуі – дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Жауабы: Өздігінен теңесу - дегеніміз жүйенің тепе-теңдігі бұзылған соң, жүйе қайтадан газдың ағып келуі мен газдың ағып кетуінің арасындағы тепе-теңдікті өз қалпына келтіру, бірақ реттелу параметрін басқа белгіде қалпына келтіреді.
5. Қысым реттегіштер қандай түрлерге бөлінеді?
Жауабы: Қысым реттегіштер тікелей әсерлі және жанама әсерлі түріне бөлінеді.
YI.Ағымдағы нұсқаулар
Оқушыларды звеноларға бөліп тапсырма беру.
Бірінші қарау:
-
Жұмыс орынын тексеру, құрал-жабдықтармен дұрыс пайдалануды тексеру мақсатымен жүріп қарау.
-
Пайдалану амалдарын дұрыстығын, ҚТ ережесін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыруды назар аудару.
Екінші қарау:
-
Тапсырманы игере алмаған студенттерге бақылау көрсету.
-
Студенттердің өз гигиенасын қарау және жұмыстың сапасына назар аудару.
Үшінші қарау:
-
Жұмысты қабылдау.
VII. Қорытынды нұсқау
-
Сабақ қорытындысын жасау.
-
Сұраққа жауап берген студенттерге және тәжірибе тапсырмаларға баға қою.
-
Жақсы жұмыс істеген студенттерді белгілеу және нашар студентке көмек көрсету.
-
Жұмыс орнындарын және құралдарды қабылдау.
-
Жұмыс орнын жинау.
VIII.Үй тапсырмасы:
ІХ. Үйге тапсырма беру.
Газбен қамтамасыз ету.
Авт. Ионин. А.А.
135 бет.
Газ жүйелері және құрылғылар.
Авт. Жила. В.
72 бет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген