Материалдар / "Газдалған сусынның зияны"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Газдалған сусынның зияны"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға газдалған сусынның зиянын ұғындыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы, Жылыой ауданы

«№23 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ



Shape1

«Газды сусындардың зияны»







Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секциясы: Адам денсаулығы және қоршаған орта

Орындаушы: Жаңа Қаратон кенті,№23 Жалпы орта білім беретін мектептің 4 «Б» оқушысы Табылды Хасан Жасұланұлы

Секция жетекшісі: «Педагог-зерттеуші», Бастауыш сынып мұғалімі Әділхан Арайлым Жұмажанқызы





2022-2023 оқу жылы

Пікір

Оқушы газды сусынның зиянын зерттеу мақсатында өз тәжірибесін кіріктіре отырып ізденіс нәтижесінде ғылыми жұмыс жазуға бел байлады. Оқушы ғылыми жұмыстың тақырыбын ашуға жұмыстанған. Тақырыпқа қатысты әдебиеттерді оқып, саралап, жүйелей, зерделей білген. Жұмыста қазіргі кезде қоғам дертіне айналған газды сусындар туралы зерделеп, ақпарат көздерінен қосалқы мәліметтерді пайдалана отырып,өз ойын қосып тақырыпты кеңінен аша білген. Әр адам үшін ең бірінші маңыздылығы ол-денсаулық. Өйткені, «денсаулық адамның бірінші байлығы» , деп бекер айтылмаған.

Сонымен қатар оқушы газды сусындарының зиянын айқын көрсете білген. Оған өзінің жасаған тәжірибелері дәлел болмақ.

Оқушы бұл бастаған жаңа жобасын жылдан жылға толықтырып,өңдеп,жаңа жетістіктерге жетеді деген сенім білдіріп,сәттілік тілеймін! Жұмыс толығымен өз мәнін ,мазмұнын жан-жақты қамтып,нәтижелі жаңалығы ашылған деп бағалаймын.







Мектеп директоры: Аязбаева З.М.

Жетекші: Әділхан А.Ж













Мазмұны

1.     Кіріспе.

1.1. Ғылыми жұмыстың өзектілігі.

1.2.  Жұмыс мақсаты.

1.3.  Міндеттері.

1.4.  Алға қойған міндеттерге жету жолдары.

1.5.  Қажетті қор көздері.

2.     Негізгі бөлім.

2.1   Тақырыптың теориялық сараптамасы.

2. 2  Зерттеу бөлімі.

3.     Қорытынды.

4.     Қолданылған әдебиеттері.

5.     Қосымша























І.Кіріспе

І.1. Тақырыптың өзектілігі

Күн жылынғалы  ішетініміз газды  сусындар. Ал оның «у» екенін білеміз бе? Дүкендер мен сауда сөрелеріне бара қалсаң олардың жеті атасын көресің. Түрі мен түсі әртүрлі бұл шөлқандырар сусындардың біздің ағзамызға әсері қандай, пайдалы ма, әлде зиян ба? Ішіп тұрып, осы сұрақ мені мазалады. Осыдан кеп мен осы сусындарды зерттемекке бел будым. Ғаламтордан ең алғашқы оқыған мәліметім: әлемде 180 мың адам осы сусынның зияндығынан қайтыс болады екен. Осы мәліметті оқи отырып, зерттеу жұмысымның өзекті мәселе екеніне көзім жетіп, қызыға түстім.

Жазда сусындардың нағыз саудасы қызатын кез. Күн ыстықта шөлдеген адамның салқын сусынға деген тәуелділігі арта түседі. Жалпы ағзаның 60%-ын су құрайтыны белгілі. Ендеше бойдағы тепе-теңдікті сақтау үшін күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұру қажет. Су тек сұйық зат қана емес, жасуша үшін қорек ортасы, ағзадан улы заттарды, қалдықтарды және артық тұздарды шығарады. Адамдардың өмір сүруі үшін ең қажетті зат. Сондықтан Адамзат әртүрлі сусындар дайындауға үйренді. Осылай газдалған сусындарда пайда болды.

Газдалған сусын көмірқышқыл газымен қаныққан, минералды және ароматты тәтті судан тұратын салқындатылған сусын. Газдалған су әлсіз, орта және қатты газдалған болуы мүмкін. Дүкендер мен дүңгіршектерде біздерге үнемі тәтті, түрлі түсті, газдалған сусындарды алуға ұсыныс жасайды. Сонымен бірге, телеэкраннан да газдалған сусындар туралы жарнамаларды жиі көзіміз шалады. Онда сусындардың қалай шөлді қандыратыны туралы,олардың керемет дәмдері туралы айтып жатады. Газет пен журнал беттерінен де  «керемет сусын» жайында жарнамалар беріліп жатады.

 І.2.Жобамның мақсаты: – Газдалған сусындардың адам ағзасына пайдасы мен зиянды әсерін зерттеу.

Жобамның нышаны: газдалған сусындардың құрамы мен қасиеттері.

Зерттеу заттары: газдалған сусындар– минеральды су «Сары ағаш», Кока-кола, Спрайт.

І.3.Жұмыс міндеттері

  • Әлеуметтік желі көздерінен, әдебиеттерден осы тақырыпқа байланысты мәліметтерді оқып, алған жаңалықтарды жинақтап тіркеу.

  • Газдалған сусындардың құрамымен оқып танысу.

  • Адам ағзасына олардың әсерін қарастыру.

Қолданған әдістер:

  • Әдебиеттермен жұмыс

  • Тәжірибе жұмыстары.

  • Бақылау.

  • Компьютерде әрлеу.





IІ.Негізгі бөлім

IІ.1.Тақырыптың теориялық сараптамасы.

 Газдалған сусындар. Жалпы мағұлмат. Жіктелуі.

Қазіргі заманда газдалған сусындардың түрлері өте көп. Оларды екі мынадай үлкен топқа біріктіруге болады: минералды сусындар және лимонадтар. «Лимонад» сөзі итальяның,  «limonata», лимонды су сөзінен шыққан. Қазірде барлық газдалған, тәтті және көпіршікті суларды осылай атайды. Газдалған сусындар 0,3-0,6% көмірқышықылмен концентрацияланған. Көмірқышқылы сусынның рН төмендетуге және кейбір микроорганизмдердің бактериалық күшін жоюға әсер етеді.Балғын және дәмді күйін сусындар, температураны 10 – 12 градусқа дейін төмендеткенде жақсы сақтайды. Газдалған сусындардың биологиялық бағасы оны витаминдегенде артады.

Минералды сулар —  құрамында белгілі минералды тұздары, газы, органикалық заттары бар табиғи, жер асты сулары болып есептеледі. Шындығында минералды судың ешқандай қауіпті ештеңесі жоқ сияқты.

Лимонад — тәтті алкоголсіз, газдалған сусын. Салқындату қасиеті бар. Лимон жемісінің шырынынан дайындалады, ал кейбіреулер кез- келген сусынды лимонад деп шатасып айтады.

 Спрайт — The Coca-Cola Company компаниясы шығарған газдалған, алкогольсіз сусын. Сусынның аты XX ғасырдың 40- жылдарында шыққан болатын. Ол кезде Coca-Cola жарнамалайтын компанияда  Малыш Спрайт – күміс шашты, екі езуі құлағында, басында шляпа орнында сусынның тығынын киген эльф көпшіліктің көзайымы болды.Бұл кейіпкер көпшілікке ұнаған соң оның атын жаңадан шыққан лимон дәмі бар газдалған сусынға беріп, оны «Sprite»деп атады. 1961 жылдың қазан айында шыққан бұл сусын қазіргі кезде әлемнің 190 елінде сатылады.

Фанта (нем. Fanta) — Кока-Кола компаниясынан шыққан газдалған, салқындатылған сусын.  Қазіргі кеде бүкіл әлемде 90 түрлі сусындар түрі шығарылады, бірақ оның барлығы өз елдерінің аймақтық маркаларымен шығарылады. Ең алғашқы сусын 1940 жылдарда, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германияда шығарылды.

Кока — кола— TheCoca-ColaCompany компаниясы шығарған, газалған, алкоголсіз сусын, әлемде 2006-2010 жылдардағы  ең қымбат, ең танымал сусындардың бірі. 1902 жылдарда айналымы $120 мыңға тең кока- кола АҚШ-та ең белгілі сусындардың бір түрі болып есептелді. Сусынның аты бастапқыда кофеин орнына қолданылған, кола жаңғақшаларына сәйкес аталынған.алғашқыда коланың негізгі құрамы кофеинге бай кола жаңғақтарынан және құрамында кокаин бар кока бұтақтарынан тұрды. Кокаиннің зияны белгілі болғаннан бастап сусын құрамынан оны алып тастады, бірақ қазіргі кезге дейін кола құрамында кока өсімдігінің ештеңесі болмаса да аты сақталып қалды. Бір стакан кола құрамында 6 қасық қант болады, ол өзіне тән дәмді ванилин, цимтов майынан, гвоздикадан және лимоннан алады. Россиядан, Қазақстаннан шығатын «кола» сөзі бар сусындардың ешқайсысының да құрамында кола экстрактары кездеспейді, оларда тек қана дәмдеуіштер, бояуыштар және күйдірілген қант бар.





Газдалған сусындардың құрамы.

Газдалған сусын  — газбен қаныққан сусын. Сусынның түрін көбейтіп тарату  үшін, газдалған суға жемістердің, шөптердің экстрактарын қосады: «дюшес»-  алмұрт қосылған, «лимонад» — лимон, кола –ол жаңғақ,тархун- шөпке байланысты, сол сияқты, апельсин, мандарин, бүлдірген т.б. Химиктер кейінгі кезде өзі арзан жасанды дәмдегіш қоспалар ойлап тапты. Ендеше құрамында табиғи жемістері жоқ, « жемісті газды» сусындарды жасауға да болады екен.

Жасанды дәмдеуіш қоспалардың барлығы сусындарға әртүрлі дәм береді.Бірақ олардың құрамында табиғи жемістердің қоспасы жоқ. Ендеше, оларда біздің ағзамызға пайдалы да ештеңе жоқ деген сөз. Газдалған сусындар да ароматты дәм болуы үшін оған арнайы дәмдеуіштер, бояғыш заттар және сақталу мерзімін ұзарту үшін консерванттар қосады.

Газдалған сусындардың негізгі құрамы —  қант. Ол барлық сусындарда болады, 3,5- тен 6 қасық қантқа дейін әрбір стаканда кездеседі. Бұл тісті тіс жегісіне апарып соқтыратыны белгілі. Сонымен бірге шөлді қандырамын деп, адам тәтті суды көбірек пайдаланады. Мен балалардан сұрастырғанымда, кімде тіс жегісі бар ,солардың кейбіреуінің біраздан соң тістері аурады екен. Бұл әрбір сусынның құрамдарының әртүлі екенін және олардың әсері де әртүрлі болатындығын көрсетеді.

Тәтті газдалған сусындардың стандарт құрамы:

Қант – газдалған сусындарда өте көп мөлшерде кездеседі, бір стаканда алты қасыққа дейін қант болады.

Аспартам— қантқа қарағанда 160—200 есе тәтті, иісі жоқ, суда жақсы ериді.Температура 30°С-тан жоғарлағанда, ол аз концентірлі улы затқа айналады.

Бояуыштар және дәмдеуіштер – газдалған су құрамында кездеседі, бауырда ыдырайды. Олар зиянды емес болуы мүмкін, бірақ бәрібір бауырға күш түсіреді. Сонымен бірге, бауыр сахарозаны глюкозаға ыдыратып, глюкозадан гликоген жасайды. Сондықтан гепатиттің әр түрімен ауыратын адамдарға ондай сусындарды ішуге болмайды. Бояуыштардың ішінде ең көп тарағаны «желтый-5». Ол адамдарда әртүрлі аллергиялық реакцияларды, түшкіруден бөртпелер шығуға, тіпті бронхалы демікпеге дейін шалдықтыруы мүмкін. Табиғи қызыл бояуыш және кармин де адам өміріне қауіпті аллергиялық реакциялар тудырады.

Кофеин – кейбір газдалған сусындарға қосылатын қоспа. Ол жүйке жүйелерін қосымша қоздырады, сондықтан ондай сусындарды балаларға ішуге тиым салады. Кофеин сонымен бірге сол сусынға адамның құштарлығын тудырады. Газдалған сусындардың құрамында оның мөлшері онша көп болмаса да, көмірқышқыл газынан оның әсері көбейеді.

Консерванттар  – лимон немесе ортофосфор қышқылы. Олар асқазанның сілемейлі қабықшасын қоздырып, гастриттің , тіпті ойық жараның пайда болуына әкеліп соқтырады. Ортофосфор қышқылы сүйек құрамындағы кальциді жойып жібереді. Кальций жетіспегенде адамда остеопороз ауруы пайда болады. Барлық газды сусындарда натрий бензоаты (Е 211) кездеседі. Ол С дәруменімен қосылып,бензол бөліп шығарады. Солнымен бірге адам ДНК бұзады.

Калий ацесульфаты аспартамның қасиеттерін көрсетеді. Кейбір сыншылар сусындарды шығарушы компанияларды олардың құрамының қосымша зиян келтіретіндіктерін, адам ағзасына зияндығын толық зерттемейтіндіктерін айтып сынап жатады.

    Көмірқышқыл газы сумен жақсы әрекеттесіп, суда ериді. Көмірқышқыл газы консервант түрінде қолданылады. Өнім қаптамасында ол Е290 кодымен белгіленеді. Кейбіреулер газ көпіршіктері сусынды жақсы қандырады десе, кейбіреулері ол көпіршіктердің ауызда ыңғайсыз жағдай тудыратындығын айтып жатады.  Көмірқышқыл газының өзі негізі зиянсыз, бірақ ол ішті кептіруі мүмкін. Ол әсіресе ішек құрылысы ауыратын адамдарға зиян болып табылады. Мысалы, кока – кола сусынының құрамы мынадай: қант, бояуыш,қантты колер(Е150), кармазин (азорубин) (E122), ортофосфор қышқылы (E338), кофеин, табиғи дәмдеуіштер.

Газдалған сусындардың адам ағзасына әсері.

Адам ағзасының 60% судан тұрады. Судың балансын сақтау үшін біз күнделікті су қабылдаймыз. Кейбіреулері кофе, кейбіреулері шәй, енді біреулері газды сусындарды пайдаланып жатады. Кез- келген сусынның негізгі құрамы су болып табылады. Сусындарда судан басқа біздің ағзамызға әсері бар басқа да заттар кездеседі. Ол әсердің зияны да бар, пайдасы да бар, қабылдаған сусын мөлшеріне байланысты.

Газдалған сусындар шөлді қандырмайды, ол өзіне құштарлық тудыратындығы дәлелденген. Сұйықты көп мөлшерде қабылдау, ағзадағы сулы- тұзды балансты бұзады. Оның әсерінен май алмасуында да өзгерістер болып, қандағы холестерин мөлшері көбейіп кетеді. Осыдан барып атеросклероз және жүрек-қан тамырларының ауруларына әкеліп соғуы мүмкін.

Газдалған сусындарда сергіткіш зат ретінде кофеин қосылады. Ол балаларда қосымша жүйке жүйесінің қозуын туындатады. Сонымен бірге кофеин сол сусынға құштарлық сезімін пайда болдырады.

Осы газдалған сусындардан біздің денсаулығымызға  тигізіп жатқан аурулар түрін атап айтсақ:

     Артық салмақ пен диабет

Әр газдалған сусында қант пен қышқылдар кездеседі. Бұл элементтер асқазанға қатты әсер етеді. Газдалған сусын ішкен адамның тәбеті қашады әрі олар шөлді қандырмайды. Ал тәтті-қышқылды элементтер асқазанға түскен бойда майға айналып, артық салмақтың қосылуы мен қант диабеті ауруының пайда болуына ықпал етеді. Қант диабетімен ауыратын жандар газдалған сусын орнына минералды су пайдаланғаны жөн.

      Тіс кариесі

Газдалған сусындар тіс түсінің қараюы мен кариес түсуіне жол береді. Сусын құрамындағы қышқылды элементтер тіс эмалін әлсіретеді. Сондай-ақ, тіс ауруларының тууына әсер етеді.

      Сүйектер

Газдалған сусын құрамында лимон (Е330), алма т.б жеміс-жидектердің қышқылы мен ортофосфор қышқылы (Е338) кездеседі. Бұл элементтер сүйектегі кальций мөлшерін азайтады. Сол себептен сүйек әлсіреп, сынғыш келеді.

     Асқазан мен ішек құрылысы

Кез келген газдалған сусын құрамында көмірқышқылы газ кездеседі. Ол сусынның ұзақ сақталуына ықпал етеді. Мұндай сусындар асқазан секрециясының қабынуына, ішек сөлінің пайда болуына, созылып, ішек ауруларының пайда болуына әсер етеді. Гастрит, ішек жарасы және т.б. асқазан ауруына шалдыққан жандар газдалған сусын орнына газдалмаған минералды су, көк шәй ішкен жөн.

Диетолог мамандар ересек адамға күнделікті 3 стакан шырын, ал балаларға 1 стакан тамақ алдында 30-40 минут бұрын ішу керек деседі. Шырын ас қорыту жүйесін жақсартады екен. Көп мөлшерде пайдаланылған шырын бүйрекке, сондай-ақ, аяқ-қолдың сарсып  ісуіне әсер етеді. Шырын құрамындағы кейбір элементтерден аллергия пайда болуы мүмкін. Сондықтан да, сусын  сатып  алмас бұрын шөлмек сыртындағы зат белгіні мұқият оқып, құрамына мән беріңіз.

Кока-кола сусынын шеттен тыс тұтынудан кейін:

10 минут  10 қасық қант ағзаға түседі (күнделікті ұсынылатын қалыпты мөлшер). Көп көлемде қабылданған қант сіздің жүрегіңізді айнытпайды. Себебі фосфор қышқылы оны кері қайтарады.

20 минут

Қан құрамында инсулин мөлшері күрт шарықтайды. Бауыр денедегі артық қантты майға айналдырады.

40 минут

Денеге кофеин тарап болады. Көз қарашығы үлкейеді. Қан қысымы жоғарылайды. Өйткені бауыр қанға үлкен көлемде қант жібереді. Ағзадағы  рецепторларды тоқтатады. Адам ұйқысырай бастайды.

45 минут

Сіздің денеңіз дофомин гормонын көп өңдіре бастайды. Ол мидың жұмысын бәсеңдетеді.Героин де тап осылай жұмыс істейді.

1 сағаттан соң

Фосфор қышқылы метоболизмді үдете отырып, ішектегі кальцийді, магнийді және цинкті бір-бірімен байланыстырады. Кальций несеп ағар арқылы сыртқа шығып кетеді.

 

1 сағаттан аса

Несеп арқылы сүйектегі кальций, магний, цинк және одан бөлек натрий мен су электролиті ағады.   Яғни биздің ағзамызға қажетті заттарды несеп арқылы ығыстырып шығарады.

Жаңа зерттеу нәтижесі аты әлемге танымал кола сусыны қатерлі ісікке шалдығу қауіпін жақындататынын көрсетті. Мұның бәріне кола құрамындағы қажетсіз қоспа бөлшегі себеп болып отыр екен.

        АҚШ-тағы BWH ауруханасы және Brown университетінің ғалымдары тарапынан 2149 адам қатысқан зерттеулерден мынадай қорытынды шығарылды:

Газды сусындарға қосылатын бензоат натрия өнімнің жарамдылық мерзімін ұзартатын химиялық тұз болып табылады. Бұл элемент екзема, астма және өзге де тері ауруларына себеп болуы мүмкін.

Газды сусындардағы қышқылдар мен шекерлер тіс эмалін кетіреді, тіс және тіс абсцесіне жол ашады.

Газды сусындарға жоғары мөлшерде жүгерінің фруктозалы шырыны қосылады. Бұл зат жүрек және қант диабеті ауруларына себеп болатын зат алмасу процесінің нашарлау қауіпін арттырады.

Ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда бүйректегі тасқа және басқа да бүйрек ауруларына жол ашатын жоғары мөлшерде фосфор қышқылы қосылады.

Газды сусындардың ыдыстарында, пластикалық бөтелкелерде едәуір мөлшерде ВРА элементтерінен құралған қатерлі ісік тудыратын қабат түзіледі.

Газды сусындарды ішкеннен 20 минуттан кейін қанның құрамындағы шекер мөлшері артады. Соған байланысты шекер мөлшерін төмендету мақсатында ағзамыз өзінен инсулин шығара бастайды. Бауыр бұл шекерді жылдам түрде майға айналдырады.

Әрбір газды сусын семіру қауіпін 1,6 есе арттырады.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының 70 пайызы семіздікке байланысты.

Қант диабетіне шалдығу қауіпі 80 пайызға көп.

Газды сусындардың құрамында фосфор қышқылы мен жоғары мөлшерде фосфат бар. Зәр жолымен сыртқа шығатын фосфор, өзімен бірге ағзаға қажетті кальций элементтерін алып кетеді.

Газды сусындар ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда остеопороз қауіпін арттырып, сүйектің сынуына жол ашады.

Уильям Кенневелл–Австралия тұр­ғыны. Ол 25 жасыта. «Кока-коладан» зиян шекті. 
Қалай дейсіз ғой? Бала кезінен бері «Кока-колаға» құмары қанбаған Уильям күн сайын бірнеше литр су­сынды ішіп жүріп, ақырында оның зар­дабын тартты. Ал «Кока-кокалаға» құмарлық қайдан пайда болды?

Мен су ішкенді жек көремін. Осы уақытқа дейін оның орнына «Коланы» пайдаланып келдім. Күніне 6-8 литр «кола» ішіп жүрдім. Міне соның нәти­жесі, – дейді ол опырылып қалған тісін көр­сетіп.

Қазір ол қызыл иек етіне жасанды тіс салып жүр. 13 тісі жоқ жас жігіт мұ­ның бәрін «қоңырқай, қызыл қою» реңді су­сын­нан көреді. Дәрігерге кө­рінуге келген ол ауыз қуысы тамы­рын­дағы қан­ның бұ­зыл­ғанын естиді.

Мұның бәрін басқа жұртты сақ­тандыру үшін жасадым. Дәрігерлер ке­зінде маған газды сусыннан бас тарт­пасаң, денсаулықтың зардап шегетінін ескерткен. Мен тыңдаған жоқпын. Өкі­нішті, – деп еске алады ол.

II.2. Практикалық бөлім

1-тәжірибе 20 тамыз 2022 жыл. Сағат 15:30

Мен газды сусынның адам ағзасына зиянын тексеру мақсатына «coca cola» мен жұмыртқадан тәжірибе жасап көрдім. Ол үшін маған кола ,жұмыртқа және бос ыдыс қажет. Жұмыртқаны 1 тәулікке кола құйылған ыдысқа салып,бетін жауып қойып қойдым.

1 тәуліктен соң кола мен жұмыртқа салынған ыдысты тексеріп көрдім. Аппақ жұмыртқа коланың бояуынан қарайып кеткен және сыртқы қабаты жұқарып сынғыш күйге түскен. Демек газды сысын асқазанымыз бен тістерімізге ,сүйектерімізе осылай зиянын тигізеді деген сөз.

2әжірибе 8 қыркүйек 2022 жыл. Сағат 15:17



                         Кока-коланың басқа да қасиеттері

  1. Кока-коланың ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар. Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар.

  2. Кока-коланы жаз кезінде шыбын-шіркей шаққанда, сол шаққан орынға құйып жіберсе, бірден әсер етеді.

  3. Кока-кола терезені, автокөлікті ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!