400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Газдардағы изопроцесстер" тақырыбына виртуалды зертханалық жұмыс ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Үш параметрдің (Р,V, Т) біреуі тұрақты болып, қалған екі параметрінің арасындағы байланысты анықтайтын заңдарды зертханалық тұжырымдау. Тәуелділік графиктерін алу. Газ заңдарының өзара байланысын көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ жоспары «Газдардағы изопроцесстер» виртуалды зертханалық жұмыс

Ашық сабақ "Зат есім" 7 сынып. Тәрбие сағаты "Елін сүйген елбасы" 6 сынып


Сабақ жоспары №

Пән: Физика


Курс тақырыбы: Молекулалық физика


Сабақ тақырыбы: Мультимедиялық ресурстарды қолдану арқылы «Газдардағы изопроцесстер» тақырыбына виртуалды зертханалық жұмыс


Оқушылыр білу керек:

Табиғатты танудағы эксперимент пен теорияны, физикалық заңдарды, әлемнің физикалық бейнесін; мкт-ның негіздерін, идеал газды, газ заңдарын, изопроцесстерді, температураның физикалық мағынасын;


Оқушылыр жасай білу керек:

Изопроцестерді координаталардағы графиктеріне қарай анықтай алу; температураның мәнін Целсий шкаласынан Кельвин шкаласына және керісінше айналдыра білу; будың, сұйықтықтың қасиеттері, ылғалдылықты психрометрдің көмегімен анықтай білу.


Сабақтың мақсаты:

Оқытушылық

Үш параметрдің (Р,V, Т) біреуі тұрақты болып, қалған екі параметрінің арасындағы байланысты анықтайтын заңдарды зертханалық тұжырымдау. Тәуелділік графиктерін алу. Газ заңдарының өзара байланысын көрсету.


Дамытушылық

Оқушылардың газ заңдары туралы түсініктерін дамыту, оны техникада қолдан білуге дағдыландыру, теориялық білімнің қажеттілігін жеткізіп түсіндіру. Техникалық ойлау қабілетін,  есте сақтау және танымдылық белсенділігін арттыру. Оқушылардың кіші топта және жеке жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.


Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Көпшіл, ұйымшыл болуға баулу, өзін-өзі басқаруға, бақылауға,байқағыштыққа жетелеу. Эксперименттік тапсырмаларды орындату арқылы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.


Сабақтың типі: Аралас сабақ


Сабақтың түрі: Виртуалды зертханалық сабақ


Сабақта пайдаланатын әдістер:

  • Баяндау

  • сұрақ-жауап

  • түсіндірмелі

  • иллюстрациялық

  • презентация

  • видеокөрсетілім

  • виртуалды зертханалық жұмыс

  • топпен жұмыс


Сабақтың жабдықталуы: виртуалды зертханалық жұмыстар (TermoDynamics) орнатылған компьютерлер, мультимедиялық проектор және экран, ноутбук, электронды оқулық, презентация-слайдтар, видеокөрсетілімдер, электронды тапсырмалар;.


Оқытудың техникалық құралдары мультимедииялық проектор


Пән аралық байланыстар:

Қамтамасыз ететін: математика, информатика, химия


Әдебиет:

Б. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев «Физика», 10 сынып

Program Files\Physicon\Open Physic-TermoDynamics;


Сабақтың мазмұны


№

Сабақтың элементтері, оқу мәселелері, оқыту әдістері мен формалары


1.

Ұйымдастыру кезеңі ( 5 мин)

- Амандасу.

- Оқушыларды түгендеу.

Сабақтың мақсатын ашу:

Газдардағы изопроцесстер - виртуалды зертханалық жұмыс

2.

Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)

1.МКТ негізгі қағидалары

2.Қайнау дегеніміз не? (ЭО арқылы көрсету)

3. Ылғалдылық, түрлері, өлшейтін прибор (видеокөрсетілім- (1/44/ /), кесте)

4. Идеал газ деп қандай газды айтамыз? Қасиеттері қандай?

5. Газ заңдары деген не?

6. Негізгі параметрлері қандай?

7. Изопроцесстер, түрлері (слайдтар арқылы түсіндіру)

8. Изотермиялық процесс

9. Изобаралық процесс

10. Изохоралық процесс

3.

Жаңа тақырыпты игеру, виртуалды зертханалық жұмыс жасау (35 мин)

1.Жұмыстың мақсатымен танысу

2.Теория

3. Қажетті құрал – жабдықтар (виртуалды)

4.Жұмыстың барысы (виртуалды зертханалық жұмыс)

5. Нәтижелерді дәптерге жазу

5.Қорытынды графиктерді алу

6. Пысықтау сұрақтарына жауап беру.

7. Жұмыс орынын жинау (виртуалды)

4.

Жаңа тақырыпты бекіту ( 15 мин)

1.Изопроцесстер, графигі

2. Тест сұрақтарына жауап беру

5.

Үйге тапсырма беру (2 мин)

“Газдардағы изопроцесстер. Газ заңдары” тақырптарын оқып, қайталау.

6.

Сабақ қорытындысы (баға қою) ( 3 мин)

1.Жауап нәтижелері бойынша баға қою


Топ __ Мерзім: ______ 201__ ж

Оқытушы қолы: _________________ Рахимбаева Ж.С.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
841
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі