400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал физика пәні мұғаліміне және басқа да пән мұғалімдеріне керек, себебі ҚМЖ -ның қалай құрастырылғанын және материалдарын көруге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Тексерілді Аршабаева Ж

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысым

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні:

Қаппар Н

Сынып:


7 а


7 ә


7 ж



Күні:

15.01.19 ж


Сабақтың тақырыбы:

Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

7.3.1.1 – заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау

Сабақ мақсаттары:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсаттар



Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Атом

Атом

atom

молекула

молекула

molecule

дене

тело

object

материя

материя

matter

бөлшек

частица

particle

қатты дене

Твердое тело

Rigid bodi

газ

газ

gas

сұйық

жидкость

liquid


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Құндылықтарға баулу

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

- Жаратылыстану 5 cынып –5.3.1. - заттың агрегаттық күйі.

- Химия 7 сынып - 7.4.1.2 -таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;

- Химия 7 сынып - 7.1.1.4 -заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру

Алдыңғы білім

Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылар өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылды. Барлық оқушыларға заттарды құрайтын бөлшектер атауын біліп, заттардың молекулалық құрылысын түсіну тапсырмалары берілді. Сынып оқушыларының басым бөлігіне заттың күйлерін қасиеттеріне қарай ажырата алу тапсырмасы ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға заттардың молекулалық құрылымын молекулалық – кинетикалық теория негізінде өз зерттеулерін ұсыну арқылы олардың білімдерін кеңейту.

Жаңа сабақта Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымын ашып талқылап аламыз. Жаңа сабақты түсіндіріп, әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау 40 мин симайды, сондықтан оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

«Бағалау сендвичі»

«Өзара бағалау»

«Критерийалды бағалау»

«Ойды аяқта»

Ар тапсырма соңына дескрипторлар беремін, соған қарап балдық жүйе арқылы бағалаймын. Тапсырма орындаған балаға жақсы сөздер «жарайсың!», талпындың, өте жақсы деген сынды сөздермен оқушыларға кішкене ынталандырып аламын

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Физика кабинетінде қауіпсіздік ережесін сақтауды, физика сабағында құралды мұғалімнің рұқсатынсыз ұстамауды талап етемін. Осы сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтау. АКТ – ны пайдалану.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың

басы

Ұйымдастыру

5 минут

- оқушылармен сәлемдесу,

- оқушыларды түгелдеу

- сынып бөлмесінің тазалығын тексеру.

-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

-оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сабақ мақсатын қою

1 мин

Мақсат: Сабақ мақсатын оқушылармен бірлесе анықтау.

Мұғалім жаңа оқу мақсаттарын көрсету үшін презентацияны пайдаланады және оқушылармен мақсатқа жетк критерийлерін талқылайды.

Алдыңғы білімді қайталау

3 мин












Жаңа білім

10 минут





Алдыңғы сабақ бойынша қосымша «Білу және түсіну» сұрақтары қойылады. Қосымша ар сұрақтарға қолдарын көтеріп жауап береді.

Үй тапсырмасын тексеру. "Өткенге шолу"

1. Қандай күшті теңәрекетті күш деп атайды?

2. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші неге тең?

3. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің теңәрекетті күші қай жаққа қарай бағытталады.?

4. Формуласы қандай?

Дескриптор:

  • Теңәрекетті күштің анықтамасын біледі.

  • Бір түзудің бойымен бағыттас екі күштің теңәрекетті күшін біледі.

  • Айырмашылықтарын айта алады.

  • Формуласын біледі.


Физика пәнінің ерекшелігін ескере отырып топтар РАФТ тәсілі арқылы жаңа сабақты меңгеретін болады. Әр топ өздерінің атаулары бойынша берілген материал мен суреттер арқылы РАФТ кестесін толтырады. Сол зат күйінің атынан рөлге еніп, тақырыптарын қорғайтын болады.

Дескрипторлар:

  • Ең ұсақ бөлшек атомдар екенін біледі.

  • Әр заттың молекуласы - сол заттың қасиеттерін сипаттайтынын біледі.

  • Сурет бойынша молекулалар құрылысы арқылы заттың күйін анықтай алады

"Сәйкестендіру" тәсілі

Тақтаға әртүрлі заттардың суретін және соған сай зат күйлерінің атауларын жазып магнитпен іліп қоямын. Оқушылар сол атаулар мен суреттерді сәйкестендіріп қойып, жауабын табатын болады.

Дескриптор:

  • Зат күйлерін ажырата алады.

  • Атаулары мен суреттерін сәйкестендіре алады.

  • Кері байланыс: бас бармақ әдісі

Физикалық эксперимент. Stop-кадр тәсілі.

Интербелсенді тақтаға зат күйінің молекула қозғалысының бейнежазбасын қосып, белгілі бір уақытта тоқтатамын. Оқушылар бұл қай зат күйінің молекулалық қозғалысы екенін атап, оны қалай анықтағанын айтады. Сол арқылы оқушылармен диалог құрамын.

Дескриптор:

  • Әр заттың молекуласы - сол заттың қасиеттерін сипаттайтынын біледі.

  • Зат күйлерінің молекулаларының қозғалысын біледі.

  • Бейнекөрсетілім бойынша молекулалар қозғалысы арқылы заттың күйін анықтай алады.

Кері байланыс (Смайликтермен) 

Зат күйлерінің атауы жазылған стикерлер арқылы топқа біріктіру


Газ Сұйық Қатты

Ортасы

10 минут






















Жұптық жұмыс

5мин



















3 мин









І. Топтық жұмыс

«Оқы, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтарға оқулықтан мәтін беріледі оқып талқылайды.

І – топ: Қатты денелердің молекулалық құрылымы туралы мағлұмат береді

ІІ- топ: Сұйықтардың молекулалық құрылымы туралы мағлұмат береді

ІІІ –топ: Газдардың молекулалық құрылымы туралы мағлұмат береді

Барлық топ топтық жұмысты «Графикалық органайзер» әдісін пайдалану арқылы қорғайды.

Кері байланыс:

  1. Топта бірлесіп жұмыс жасаудан не үйрендіңіз?

  2. Топтық жұмыста кімнің құнды идеясы ұнады? Неліктен?

(ҚБ топтардың бірін-бірі бағалауы)

«Бағдаршам» әдісі түрлі түсті стикерлер арқылы

1 сары – позитивті комментарий, не ұнады;

2 жасыл – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

3 қызыл – келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы....


Жұптық жұмыс:«Сәйкестендіру тесті»


Атом


Бір зат молекуласының екінші зат молекуласының аралығына ену құбылысы

Молекула


Молекулалары ретсіз орналасатын қатты денелер

Қатты дене


Химиялық реакциялар кезінде заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі

Кристалл дене


Аққыш, оның меншікті көлемі бар, бірақ меншікті пішіні жоқ

Аморф денелер


Меншікті көлемі де, меншікті пішіні де болмайды

Сұйық


Заттың химиялық қасиет­терін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі

Газ


Көлемін сақтайды және оның белгілі бір пішіні болады

Диффузия


Молекулалары белгілі бір ретпен орналасатын дене

Жұп оқушылар жұмысты орындап болған соң, көрші жұппен алмастырады. Дайын үлгі жауабы арқылы өзара формативті бағалау жүргізіледі.

Жеке жұмыс: «Кестені толтыр»

Заттың агрегаттық күйлерінің атауы

Ерекшелігіне тән қасиеті

Молекулаларының құрылымдық сипаты












Бағалау критерийлері

Дескриптор

Заттардың молекулалық құрылысы негізінде заттың күйлерінің құрылымын сипаттайды

Заттың агрегаттық күйлерін айқындады

Зат күйлерінің ерекшелігіне тән қасиеттерін толтырды

Заттардың молекулалық құрылымын сипаттады


Аяқталуы

Сабақты бекіту

5 минут

Рефлексия: «Ойды аяқта» әдісі арқылы беріледі.

Оқушылар заттың үш күйі түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген суретке жапсыру арқылы бүгінгі сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

Қатты (қызыл түсті стикер)– бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.

Сұйық (көк түсті стикер)– бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.

Газ (жасыл түсті стикер) – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.



Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу, қосымша ақпараттар жинау, зерттеу.

Бағалау


5 минут





Кері байланыс

3 минут


«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?


Қосымша ақпарат

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
7247
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі