"Геймификация-әдістемелік кеңесті оңтайлы ұйымдастыру әдісі"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Геймификация-әдістемелік кеңесті оңтайлы ұйымдастыру әдісі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу ісі орынбасарларына әдістемелік кеңесті оңтайлы ұйымдастыруға жол көрсету. Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ЗАЙСАН АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ЖАРСУ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ










Назарбекова Жадыра Келгенбайкызы




ТАҚЫРЫБЫ: «Геймификация- әдістемелік кеңесті оңтайлы ұйымдастыру

әдісі»


БАҒЫТЫ: «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»


ҚЫЗМЕТІ: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

ШҚО Зайсан ауданы

Жарсу ауылы

Қымызбаев көшесі 16-үй

Тел:87234020978




АВТОРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

ШҚО Зайсан ауданы

Жарсу ауылы

Қызылжар көшесі 4-үй

Тел: 87715127721

nazarbekova.zhadyra@mail.ru












Білім берудегі геймификация оқушылардың жаңа білім алуға деген мотивациясын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе жаңа материалдарды игеруде аса тиімді. Егер геймификация оқушылардың жаңа білім алуына көмектесетін болса, мұғалімдерді оқытуда да осы әдісті неге жүйелі қолданбасқа? Осы сұрақтың жауабы ретінде өз тәжірибемде әдістемелік кеңестерде геймификацияны оңтайлы қолдана отырып, мұғалімдердің білімін кеңейтуді көздедім. Геймификация – бұл заманауи технологиялар, ойын түрінде білім мен дағдыларды тез және тиімді бойға сіңіруге ықпал етеді. Сонымен бірге, бұл жағдайда ойын формасы ойын-сауық емес, жаңа білім алуға арналған құрал екенін ескерген жөн.Себебі, қазіргі білім берудегі трендтер қатарында бар әдіс болғандықтан, заман осы талаптарға лайықты білім беруді көздейтіні анық.




Геймификацияның негізгі қағидаттары нені көздейді?

1. Дербестік. Бұл жерде әр мұғалім соңғы нәтиже үшін өзін жауапты сезінеді.Оқуға талпынып отырған сұрақ төңірегінде жауап іздеп, жауапкершілікпен қарайды.

2. Құзіреттілікті арттыру. Күрделіліктің қарапайымнан кешендіге дейін бірнеше деңгейі бар. Ойын аяқталғаннан кейін мұғалім меңгерген тақырып бойынша толық білімге ие болады.

3. Құндылық. Ойын түріндегі оқыту нақты өмірде және болашақта кәсіби өмірде қолдануға болатын білім алуға көмектеседі. Егер мектептегі мұғалімдердің көпшілігі жас мамандар болатын болса, оларға түсіндірудің тиімді жолы да осы геймификация әдісі болары анық қой.

4. Жедел кері байланыс. Мұғалімдер бірден өз әрекеттеріне жауап алады. Бұл оқу процесін жеделдететін материалды нығайтуға көмектеседі.

5. Бәсекеге қабілетті функция және прогресс оқуға деген қызығушылықты арттырады. Осы тұста қазіргі мамандардың цифрлық құзыреттіліктерінің дамығанын да тілге тиек етпекпіз.




Геймификацияның ерекшеліктері туралы да айтып өтейік.

Геймификация – бұл жаңа білім алуға деген мотивациясын арттыруға көмектесетін құрал. Ұсынылып отырған тақырыбымызға сай төрт түрлі ерекшелікті атап өтуді жөн санадық.

Біріншіден, бүгінгі таңда бүкіл әлемде әртүрлі жастағы адамдар қолданатын заманауи технологиялар мұғалімдердің де өздерінің зияткерлік шеберліктерін дамытуға көмектеседі. Әр ортада түрлі адамдардың болатынын ескере отырып, олардың түрліше қабылдайтынын да естен шығармаған жөн. Ойын арқылы берген білімнің де пайдасының бар екенін біз өз тәжірибемізде пайдалана отырып, қорытынды шығарғанымызды айтар едік.

Екіншіден, заманауи технологиялардың арқасында білім алу, беру процесі ыңғайлы болады. Себебі адам баласы ойын түрін классикалық әдістерге қарағанда жақсырақ қабылдайды. Ол оған еркіндік береді, белгілі жүйеден шығып, пікірін білдіруге ыңғайлылық тудырады.

Үшіншіден, ойын процесі сәтсіздіктерді жеңіл қабылдауға үйренуге мүмкіндік береді. Мұғалім ойын арқылы білім алған кезде өз сәтсіздігін, өтпей қалған тест сұрағын немесе жасай алмаған тапсырмасы болса, өзіне тағы бір мүмкіндіктің берілетініне сеніммен қарайды. Қымсыну, ұялу, өз ойын айтқысы келмеу, көпшіліктің алдында пікірін білдіру жеңіл болатынын да ескерген жөн.Геймификация әдісі арқылы «Жаман шығып қалса қайтем?» деген сұрағына бел шеше кірісе алатынын көреміз. Геймификация бұл психологиялық факторды тегістеуге мүмкіндік береді.

Төртіншіден, ойын процесі мұғалімдерді шығармашылыққа итермелейді және алған пайдалы дағдыларын барынша бекітуге көмектеседі.




Бүгінгі ұсынылып отырған жобамызда геймификация әдістерін қолданудың үш түрлі жолын таңдап алдық.

1. Түрлі бағыттағы оқыту платформаларында. Қазіргі білім кеңістігі мұғалімдер үшін мыңдаған платформаларды ұсынып отыр. Оларды сабақта тиімді қолданып жүрген әріптестеріміз де бар. «Бір сабаққа-Бір платформаны қолдануға талпыну керек» деген талап та қоя бастадық. Енді неге осыны мұғалімдерді оқыту мен үйретуде қолданбасқа деген қарапайым сұрақ туады. Міне осы тұста геймификация әдісі сізге көмекке келіп, таңдау жасай отырып қолдануыңызға мүмкіндік береді.

2. «Ойната отырып оқыту керек» деген тіркесті барлығымыз да естіген болармыз. Балабақшаның негізгі қағидаты да осы болған еді ғой. Егер оң мен солын енді ажыратып келе жатқан сәбидің қалыптасуына ойын арқылы оқыту көмектесе алса, мұғалімдерге педагогиканың қыр-сырын меңгеруіне көмектесетін әдістің геймификация болары да анық қой. Тек қана тиімдісін таңдап алып, қолданыңыз.

3. Тимбилдинг. Ұжымның бірігуін, бір іске бірауыздан бел шеше кіріскенін қаласаңыз тиімді құрал- тренинг екенін білеміз. Тимбилдинг-тұлғаралық ерекшеліктерді ашатын,құндылық қарым-қатынастарды біріктіретін құнды әдіс екенін бағалай отырып, әдістемелік кеңес формасын өзгертуді қаладық.

Өзгертуге,түрлендіруге ниеттеніп отырған тұсымыз әдістемелік кеңестер болғандықтан, таңдалып алынған төмендегідей тақырыптарымызды ұсынамыз.





Сенека айтқандай: « Біз басқаларды үйрете жүріп, өзіміз үйренеміз» Әдістемелік кеңестерді өткізуде оларды түрлендіру үшін іздендік. Жоғарыда берілген тақырыптарды қалай мұғалімге оңтайлы түрде жеткізе аламыз деген сұрақтар төңірегіндегі ойлана жүріп, биылғы жылға арналған өзгерісіміз өзіміз тілімізге тиек етіп отырған геймификация әдісін таңдадық.

«Инклюзивті білім берудің маңызы мен ерекшеліктері» тақырыбында өтетін әдістемелік кеңесте мұғалімдерге меңгеруге тиісті тақырып алдын-ала чатқа жіберілді. Ескерту жасалып, кеңестің өтетін уақыты мен күн тәртібі салынды. Әдістемелік кеңесте «Капитан, палуба» ойыны ойнатылды. Осылайша мұғалімдер топтарға бөлінді. Әдістемелік кеңес ашық орында ешбір орындықсыз, столсыз өткізілді. Топтарға инклюзивті білім беру туралы анықтамалар беріліп, қабырғадағы сөздермен сәйкестендіру ұсынылады. Және берілген тапсырмалар бойынша мұғалімдер топтаса отырып әрекет етеді. Бірін-бірі тыңдайды, мұның да өз маңызы бар екенін ұмытпаған жөн. Себебі, алған білімдері платформа арқылы тексеріледі.

Аттестациядан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есебін тыңдау да -әдістемелік кеңестің маңызды бір тармағы. Биылғы оқу жылында біз «Үнсіз қорғау» түрін таңдап алдық. Мұғалімдер өз тәжірибелерін Canva платформасы арқылы анимация түрінде береді. Тыңдап болған соң, қалған мұғалімдеріміз «хат» түрінде «Пошта жәшігіне» қай санатқа лайық екенін көрсетіп, жолдайды.

Сонымен қатар, әдістемелік кеңесте кітапханашының «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы қорытындысын тыңдаймыз. Ал биылғы таңдап алынған геймификация әдісіміз арқылы біз мектеп мұғалімдерінің арасында «Біздің кітапхана QUIZ» ойынын өткізуді жөн санадық. Мектеп бойынша бізде «Әдебиет әлеміне автор көзімен», «Бір әңгіме-бір ой, бір көрініс», «Абай сөзі-даналық көзі» тақырыптарымен жобалар іске асып жатыр. Атқарылып жатқан шаралардың да бел ортасынлда ұстаздарымыз жүргендіктен, бұл ойында олардың қызығушылығы да жоғары болары анық. Ал оларды «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы топтарға бөліп отырғызу, мұғалімдер көзіндегі әділдікті қалыптастырады.

Әдістемелік кеңестерде геймификация әдістерін оңтайлы қолдану мұғалімдердің де қызығушылығын тудырып, білім алуына көмектесетін құрал болары анық. Қалыптасып қалған дәстүрлі әдістерді түбегейлі өзгертіп жібермесе де, өзіндік жаңалығының боларын сезіндік. Біліктілікті арттыру курстарында сабақтардың қызықты, түсінікті, маңызды болатынының бір себепшісі тренер болатын болса, екіншісі осы геймификация әдістерінің тиімді таңдалып алынуында. Сондықтан өзгеріс жасауға әрқашан талпына білуіміз керек.











«Педагогикалық идеялар» фестиваліне ұсынылған

«Геймификация- әдістемелік кеңесті оңтайлы ұйымдастыру әдісі» тақырыбындағы педагогикалық идеяның

АННОТАЦИЯСЫ

«Геймификация- әдістемелік кеңесті оңтайлы ұйымдастыру әдісі» тақырыбындағы педагогикалық идея мектепте өткізілетін жоспарлы әдістемелік кеңестің формасын өзгертуге бағытталған. Қазіргі білім беру саласындағы заманауи трендтердің бірі- геймификация әдісі. Бұл әдіс оқушылардың білім алу саласында өзін еркін сезінуіне, білімін дамыту үшін өзіне қолайлы ортаны қалыптастыруға көмектесті. Мектепте жұмыс істеп отырған педагогикалық ұжымның ішінде де түрлі мінездегі,әр түрлі бағытта қабылдайтын мұғалімдердің болуын ескере отырып, геймификация әдісін әдістемелік кеңестерге қолдануды көздедік. Идеяны ұсыну мақсатымыз: геймификация әдісінің негізгі идеясынан туындады. Геймификация- әдеттегі мінез-құлықты өзгертуді және оны қызметке тарту үшін бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі процесті өзгертуді көздейді. Біздің де негізгі ойымыз дәстүрлі қалыптасқан әдістемелік кеңес формасын өзгертіп, еркін білім алуға жол көрсету еді. Тәжірибеде қолданып көрдік. Өз жетістігінің болғанын да атап өткен орынды.

Геймификация әдісін әдістемелік кеңесте қолдануда үш түрлі бағыттағы жұмыстарды ұсындық. Алғашқысы, заманауи платформалар арқылы жұмыс жасай отырып, өз бетімен білім алу, тәжірибеде қолдану, өзін-өзі тексеруде пайдалану. Екіншісі, тиімді тәсілдерді қолдану. Үшіншісі, біріккен қызмет шеңберіндегі мақсаттар мен себептерді біріктіретін тимбилдингті қолдану.

Жоғарыда аталған жұмыстарды іске асыру арқылы көздеген мақсатқа жететінімізге сенімдіміз.

















Представлен на фестивале «Педагогические идеи».

Педагогическая идея на тему «Геймификация – метод оптимальной организации методического совета».

АННОТАЦИЯ

Педагогическая идея по теме «Геймификация – метод оптимальной организации методических советов» направлена ​​на изменение формы плановых методических консультаций, проводимых в школе. Одним из современных трендов в сфере образования сегодня является метод геймификации. Этот метод помог студентам чувствовать себя свободно в сфере образования, создать благоприятную среду для развития своих знаний. Учитывая наличие в составе педагогического коллектива, работающего в школе, учителей разных личностей и разной направленности, мы намеревались использовать метод геймификации для методических советов. Наша цель изложения идеи: она возникла из основной идеи метода геймификации. Геймификация направлена ​​на изменение привычного поведения и на изменение давно сложившегося традиционного процесса привлечения к сервису. Нашей главной идеей было изменить традиционную форму методического совета и указать путь к бесплатному образованию. Мы попробовали это на практике. Стоит отметить, что у него был свой успех.

Нами предложены работы по трем различным направлениям применения метода геймификации в методических советах. Первый — это самообучение, практическое применение и самоанализ с использованием современных платформ. Второе – использовать эффективные методы. Третий – использование командообразования, объединяющего цели и мотивы в рамках совместной деятельности.

Мы уверены, что достигнем поставленной цели, реализу вышеперечисленные работы.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2025
16
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі