400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ген модифицирленген өнімдер

Материал туралы қысқаша түсінік
ген модифицирленген өнімдер туралы жалпы түсінік қалыптастыру көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ген модифицирленген өнімдер пайдалы ма, әлде зиянды?

Ген модифицирленген өнімдердің пайдалы немес зиянды жақтарын қарастырмас бұрын ГМӨ дегеніміз не екендігіне тоқталып кетсек.Гендік модификация  дегеніміз биотехнологиялық жолмен суыққа, ыстыққа және де зиянкестерден келетін түрлі жағдайларға төзімді өсімдік өсіру.Мысалы, картоп геніне сарышаян гені  қосылады екен. Картоптың кейбір сортына доңыз гені қосылатын көрінеді. Ал қызанаққа солтүстік камбаласының гені пайдаланылады. Қызанақтың кейбір сортында акуланың азу тісінің гені барын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Қытайдан әкелінетін алмалар да гендік өзгеріске ұшыраған. Жемісті ұзақ уақыт сақтау үшін оның ДНК-сына шаян ДНК-сы қолданылады екен. Ал зиянкес жәндіктер зиян тигізбеуі үшін жүгеріге жыланның уынан алынған белсенді ген енгізілетін көрінеді. Өсімдіктерді генетикалық модификациялау өткен ғасырдың 80-ші жылдарында АҚШ-та басталды. 90-жылдардың басында бұл елдің егістік алқаптарында алғашқы трансгенді дақылдар пайда болды. Бұл дақылдар зиянкес жәндіктерге, сортаң топыраққа, ауа райының құрғақшылығына төзімділігімен және бағасының арзан болуымен, мол өнімділігімен ерекшеленген.

Енді ГМӨ не үшін қажет? ГМӨ-ның қандай пайдасы бар? Гендік модификацияланған өнімдер қоғамдық қажеттіліктен туындап отыр, себебі қазіргі уақытта Жер шарындағы адамдар санының артып кетуі оларға азық-түлік тауып беру мәселесін туындатты. Гендік модификация әдістерін пайдалана отырып, аз уақытта өте мол өнім алуға болады. Ал ежелден келе жатқан селекция әдістері ұзақ уақыт жұмсалатынына байланысты,және қаражатты көп қажет ететіндігінен ғылымнан және өндірістен шеттетілуде.

Гендік инженерия және биотехнология саласы күннен күнге дамып келе жатқан салалардың бірі. Ол біздің өмірімізге күн санап дендеп еніп келеді.Ал модификацияға ұшыраған өнімдердің адам ағзасына қаншалықты әсер ететіні әлі де болса зерттелу үстінде. Сондықтан да бұл жұмыста қарастырылған мәселер ғылымның, медицинаның, күнделікті өмірдің күн тәртібінен түспейтіні анық.

Олар адам ағзасына қалай әсер етеді? Мысалы, өсімдіктердің жасушасының белсенді өсуін туындататын гендер бар.Бұндай гендер түрлі ісіктерді туындатуы мүмкін. Модификацияланған картоп,соя,бұршақ өнімдері ішкі секреция бездерінің қызметін бұзып,аллергиялық ауруларды пайда болдыратыны экспериментальді түрде дәлелденді.

Гендік модификацияланған өнімдердің құрамында адам денсаулығына қауіпті улы заттар болуы мүмкін.

Гендік­ модификацияланған   азық-­түліктер   ХХ   ғасырдың   биология саласындағы үлкен жетістігі. Бірақ, адамзатты қинап отырған негізгі сұрақ – осы  азық ­түліктердің   адам   ағзасына   тигізетін   әсері   болып   отыр.  ГМО қосылған   тағам   өнімдерінің   адам   денсаулығына   тигізетін   зиянды   жақтары ғалымдарды   көптен   алаңдатып   отыр.  Гендік   және   молекулалық технологияларды   меңгерген   өркениетті   мемлекеттердің   бір   бөлігі    ген-дік­ модификацияланған организмдер қосылған азық­-түліктерді 

пайдаланудан  бас тартып,   ондай   өсімдіктерді   өсіруден   бойларын  

аулақ   сала бастады.  

Оған себеп:  ГМО қосылған тағам өнімдерін пайдалану адам организмінде

 аллергия аурулары,   иммунитеттің   түсуі,   ісік   ауруларының   пайда  

болуына септігін тигізеді деп есептейді дәрігер ғалымдар.  Дегенмен,   екінші мәселе, яғни гендік­ модификацияланған   өсімдіктерді   өсіру     талай  

халықтарды аштықтан алып қалудың бірден-­бір   шешімі екендігі де шындық. Бұл өнімдерден түбегейлі бас тартып, келешек ұрпақтың денсаусаулығын, болашағын ойлайтын болсақ, ауыл шаруашылығының дамуына жеткілікті деңгейде көңіл бөлу қажет. Егер ауылшаруашылығының өнімділігін экологиялық таза, ағзаға ешқандай өзгеріссіз жолмен көтеретін болсақ, онда халықты аштықтан алып қалу мәселесі де шешімін тауып, ГМО-ны өндіру мен тұтынудың қажеттілігі де болмайтын еді.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 наурыз
853
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі