Материалдар / Генетика тарауы бойынша есептер жиынтығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Генетика тарауы бойынша есептер жиынтығы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге өте қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
2468
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрастырған: Шайтім Аягөз Қалиарыстанқызы биология пәні мұғалімі


1.Моногибридті будандастыру?

Тұқым қуалауға талдау жасағанда 1-будан ұрпағы бірдей пішінді, бір типтес болғандықтан бұл құбылыс Мендельдің бірінші заңы деп аталады.

Доминантты және рецессивті белгілері бар тұқымдардың F2-де сандық арақатынасы 3:1 болады. Бір жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауы Мендельдің екінші заңы немесе ажыраузаңы деп аталады.

2.Дигибридті будандастыру?

Мендельдің үшінші заңы баламалы белгілердің әр жұбы ұрпақтарға бір-біріне тәуелсіз тарайды, сондықтан 2-ұрпақта белгілі бір сандық қатынастықта белгілердің жаңа комбинациялары бар дарабастар пайда болады деген тұжырымдама жасайды.





3.Викториналық сұрақтар.

1) Генетика дегеніміз не?

Генетика – белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым.

2) Мендель өз тәжірибелерінде асбұршақты алудың себебтерін атап шығыңыз?

І. бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген іріктемелері бар;

ІІ. Өсіруге қолайлы;

ІІІ. Өсімдік өздігінен тозаңданады;

3) Ген деп нені айтады?

Ген – дегеніміз бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі.

4) Мендель ата – ене формаларын қалай атады?

Таза тармақ

5) Мендельдің қанша заңы бар? Оларды атап шық.

Мендельдің үш заңы бар: Басымдық заңы, Ажырау заңы, Тәуелсіз тұқым қуалау заңы.

6) К.Э. Коренс, Г. Де Фриз, Э.Чермак тарихқа қандай атаумен енді?

Мендель заңдылығын жаңадан ашушы адамдар деген атаумен.

7) Өзара әрекеттесу кезінде жаңа белгі беретін гендердің бірлесіп басымдық жасау құбылысы қалай аталады?

Қос басымды болу немесе қос басымдылық

8) Тіркес гендер терминіне анықтама беріңіз?

Тіркес гендер – бұл бір хромосома шегінде болатын гендер.

9) 46 хромосоманың ішінде қанша хромосома Мендель заңына толық бағынады?

44 хромосома Мендель заңына толық бағынады.

10) Моногибридті будандастыру деп нені айтады?

Моногибридті будандастыру – бұл ата-енелер формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру.

Еске түсіру (Жасушалардың бөлінуі Митоз және Мейоз, Коньюгация, кроссинговер)

ІІІ Жаңа тақырыпты меңгеру

Тіркес тұқым қуалауды ғылымға енгізген Томас Хант Морган

Томас Хант Морган (1866-1945) Америкалық генетик. Алғаш рет өз зерттеулерінде жеміс шыбыны дрозофиланы пайдаланды. Морган өз кызметкерлерімен бірігіп, тұқым қуалаушылықтың хромосомалықтеориясын ашып, гендердің хромосомаларда орналасатындығын дәлелдеді. Нобель сыйлығыныңлауреаты (1933 ж.). Бұрынғы КСРО ғылым академиясының құрметті академигі. Оның зерттеу зерзаты жеміс шыбыны дрозофила шыбыны болды.



Тіркес тұқым қуалау. Морган бірінші ұрпақтағы дигетерозиготалы аналық шыбынды қайтадан шала қанатты қара денелі аталық шыбынмен кері будандастырғанда, екінші ұрпақта төрт түрлі фенотиптері бар дарақтар алған. Олардың пайыздық мөлшерлері әр түрлі: 41,5% жетік қанатты сұр денелі, 41,5% шала қанатты қара денелі шыбындар, ал 8,5% шала қанатты сұр денелі және 8,5% жетік қанатты қара денелі шыбындар болған.

Томас Морган тұжырымдамасы:

1. Гендер хромосомада бір сызықтың бойымен тібектеле орналасқан. Әр геннің хромосомада нақтылы орны болады;

2. Бір хромосомада орналасқан гендер тіркесу топтарын құрайды. Тіркесу топтарының саны сол ағзаға тән хромосомалардың гаплоидты санына сәйкес келеді;

3. Гомологты хромосомалардың арасында аллельді гендерінің алмасуы жүреді.

4. Хромосомадағы гендерінің арақашықтығы айқасу жиілігіне тура пропорционалды.

Кроссинговер (ағылш. crossіng-over – айқасу) – гомологтық хромосомалардың ұқсас бөліктері арасындағы ажырау және қайта бірігу нәтижесінде болатын айқасу. Кроссинговер І-ші мейоздыңпрофазасында жүреді және әр түрлі гендердің аллельдерінің жаңа комбинацияларының түзілуіне әкеледі. Мейоз процесінде гомологты хромосомалар әр ядроға ажыраудың алдында бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Осы уақытта екі гомологты хромосомалардың бөліктері үзіліп, олар осы хромосомалардың басқа бөліктерімен айқасып қайта жалғасады. Кроссинговер тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі болып саналады, соның нәтижесінде ұрпақтардың генетик. әр түрлілігі артады. Кроссинговер – популяциядағы комбинативті өзгергіштікті қамтамасыз ететін және табиғи сұрыптауға материал бола алатын маңызды механизм.

Жыныстық гендерді анықтау. Ұрпақтардың жынысы жыныс жасушалардың генетикалық материалымен анықталады. Анығырақ айтқанда болашақ ағзаның жынысы ұрық біте бастаған – зиготаның ұрықтану сәтінде анықталады, сөйтіп дарақтың келесі даму сатыларында өзгермейтін болады. Зиготада 44 аутосомасы бар..

Х - хромосомада болады. Гемофилия ; Түсті ажыратпаушылық ;Қоңыр кіреукелі тіс

У- хромосомада болады. Құлақ қалқанының жиегіндегі түк ; Саусақ арасындағы жарғақ; Қаңқа,бұлшықеттер-дің қарқынды дамуы.

ІV Жаңа тақырыпты бекіту

Есептер шығару.

  • Анасы ІІ топ гомогаметалы, әкесі ІІІ топ гетерогаметалы болған жағдайда, ұрпаңы қандай болуы мүмкін?

  • Тасымалдаушы гетерозиготалы әйелдің генотипі – ХаХв;Дені сау ер адамның генотипі ХаУ;Ұрпағы қандай болуы мүмкін?

  • Анасы ІІ топ гомогаметалы, әкесі ІІІ топ гетерогаметалы болған жағдайда, ұрпағы қандай болуы мүмкін?

  • Шешесінің қан тобы І топ, ікесінікі IV топ болса, балаларында қан топтары тұқым қуалай ма?

Жауабы: 2 баласы ІІ топ, 2 бала ІІІ топ

  • Шешесінің қан тобы ІІІ, ал әкесінікі IV болса, балаларының қан топтары жайлы не айтуға болады?

Жауабы: 1 бала IV топ, 2 бала ІІІ топ, 1 бала ІІ топ

  • Мысықтарда жирен рең басым, қара рең басылыңқы. Еркек мысықтардың хромосомасы ХАУ (жирең), ХаУ (қара). Ал ұрғашы мысық қара (ХаХа) және алабажақ (ХАХа) болған жағдайда қандай ұрпақ алуға болады?

  • Карточкалардағы есептерді шығару:

№ 1 суретті дидактикалық тапсырма.

1-жағдайда екеуі де гүлінің түсі бойынша гетерезиготалы, ал екіншісінде, біреуі ғана гетерезиготалы. Будандастыру сызбанұсқасын жүргізіп, гибридтердің 1-ұрпағының генотипі мен фенотипін анықтаңыздар.

№ 2 суретті дидактикалық тапсырма.

  • Асқабақта тұқым қуалаудың қандай формасы көрсетілғен? Сопақ формасының генотипін анықтаңыз. Қандай аллельдер (доминантты, рецессивті) дискі және ұзынша пішінде кездеседі?


3 суретті дидактикалық тапсырма.

Тышқанда қай түс доминантты? Ак па, сұр ма? Егер ата-аналары берілген белгілері бойынша гомозиготалы болса, онда ата-ана мен ҒІ гибридтердің генотипін атаңыздар. Ғ, х ҒІ2 гибридтің генотипі мен фенотипін анықтаңыздар.



2-топқа №4 суретті дидактикалық тапсырма.

Тыщкан жүнінің қара, ақ, сұр түстерін көрсететін аллельдерді айтыңыздар. Генотипі ААВЬ, АаВВ, ааВВ болатын тышқанның түсін анықтаңыздар.





Сұрақтарға жауап беру:

  • Томас Морган Заңы?

  • Кроссинговер?

  • Жыныстық гендер дегеніміз не? Маңызы неде?

  • Томас Морган заңының Мендель заңдарымен ұйқастылығы неде?

Үйге тапсырма беру:

§41. Тіркес тұқым қуалау заңы.

Хромосома және оның гендері.

Жыныс хромосомаларына есептер құрастырып келу (көз түсі, шаш түсі, дальтонизм, сол қолмен жазуға бейімделген)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!