Генетикалық кодтың қасиеттері.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Генетикалық кодтың қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Генетикалық кодтың үшөрімділігі, көптігі, қасиеті, Генетикалық кодтың әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ

«ЖЕТІСАЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ МКК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

БП-01/4 ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

БП-01/4-ӘП11

Шығарылым:5, 2023ж.

Қайта қарау:4

Беттер 8


«Келісілді»

Колледж әдіскері

____ Г. Жаутикова

12 Оқу сабағының жоспары


Сабақ тақырыбы: Генетикалық кодтың қасиеттері.

Модуль: Жалпы білім беру пәндер

Пән атауы: Биология

Педагог: Матаева Алтынай Кожановна

2025 жылғы " 28 " 02

1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: 1 курс (9 сынып)

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «Блум таксономиясы» (Биологиялық диктант, Тест сұрақтар)

Пәнаралық байланыс: Химия

2. Мақсаты, міндеттері:

Білімділік: Оқушы меңгеруі және білуі тиіс:

-генетикалық кодтың негізгі қасиеттерін түсіндіру.

-«генетикалық код» ұғымымен танысу

Тәрбиелік:

-құрал-жабдықтармен оқулықтарды таза ұстауға үйрету;

-өз ісіне жауапты болуға, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа баулу;

-оқу орнын қадірлеуге тәрбиелеу.

-ой өрісін кеңейту:

-тәжірибе сабағы мен байланыстыра білуге үйрету;

-өз пікірін дұрыс жеткізуіне көңіл бөлу;

-тақырыпты дұрыс баяндай білуіне назар аудару;

Дамытушылық:

-сабақтан алған ақпараттарды талдап үйрену;

-ой өрісін биология пәні бойынша дамыту;

-ғылыми оқу және анықтамалық әдебиеттер мен өзбетінше жұмыс степ білуге еүйрету;

Құндылық:

-сыни және креативті ойлау;

-білуге жаңаны тануға құштар болу;

-дұрыс қарым қатынас орната білу;

2.1. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін,күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар тізбесі

2.2. Күтілетін нәтижелер

Генетикалық кодтың үшөрімділігі, көптігі, қасиеті,

Генетикалық кодтың әмбебаптығы, бірін-бірі жаппайтындығы  

2.3. Қажетті ресурстар: Оқу жұмыс бағдарлама, оқу сабақ жоспар, тақта, стикер, ноутбук, кітап, тақта, бор т.б

3. Сабақты жабдықтау

3.1. Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер




Сабақты жабдықтау

Материалдық: Биология оқулығы 1-2 бөлім 10 сынып, оқу жұмыс бағдарламасы, күн тақырыптық жұмыс.

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Негізі: Е. Очкур, Ж. Құрманғалиева, М. Нұртаева. Биология. Оқулық.10 сынып, 1, 2 бөлім 2019, Мектеп. https://www.okulyk.kz/10-class/#Биология

Қосымша: 1. Н.Г. Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова, Биология, 10 сынып.– Алматы: 2019, Атамұра https://www.okulyk.kz/10-class

3.2.Техникалық құралдар, материалдар

Техникалық-программалық: СD диск, видеоролик, интерактивті тақта


4. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

II. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.

V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

VI. Үйге тапсырма беру -2 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу, формасын тексеру, бөлме

тазалығын тексеру) -3 минут.

Оқытушы оқу бөлмесінің тазалығына, оқушылардың киіміне назар аударады. Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеріп, оларды сабақтың бағдарламасы және мақсатымен таныстыру. Танысу үшін әр студент өзінің ата-жөнін және өзіне тән ең жақсы қасиеттерін айтады.

ІІ. Үй тапсырманы сұрау -35 минут.

Дәріс сабағында оқушылардан өтілген тақырыпты сұрайды. Оқушылардың білім деңгейін биологиялық диктант және сиқырлы таяқша ойыны арқылы тексеріледі.

Биологиялық диктант:

Транскрипция және трансляцияның кезеңдері

1. Транскрипция дегеніміз не?
2. Транскрипция процесі жасушаның қай бөлігінде жүреді?
3. Транскрипция кезінде қандай фермент қолданылады?
4. ДНҚ-ның қандай тізбегі транскрипция үшін матрица ретінде қызмет етеді?
5. Транскрипция кезінде қандай РНҚ түзіледі?

6. Трансляция дегеніміз не?
7. Трансляция қай жерде жүреді?
8. Трансляцияға қандай РНҚ түрлері қатысады?
9. Трансляцияның негізгі үш кезеңін атаңыз.

10. Ақуыз молекуласы қандай құрылымдық бірліктерден тұрады?

11. Транскрипция мен трансляцияның басты айырмашылығы қандай?
12. ДНҚ-дағы тимин (Т) транскрипция кезінде қандай азотты негізге сәйкес келеді?
13. Неліктен РНҚ молекуласы ДНҚ сияқты қос тізбекті емес?

14. тРНҚ-ның негізгі қызметі қандай?
15. Трансляцияның инициация кезеңінде қандай оқиға болады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (іс-әрекетті демонстрациялау) -35 минут.

Жаңа сабақтың жоспары:

Жер бетінде 7 млрд-тан астам адам тұрады. 25-30 млн жұп бір жумырткадан тараған егіздерді санамағанда, генетикалық жағынан дамдар әртүрлі. Бұл адамдардың әрқайсысы ерекше екенін, мінез- құлқы, кабілеттері, темпераменті тағы басқа касиеттерінің қайталанбас тұкым қуалайтын ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Адамдар арасындағы мұндай айырмашылықтар неге байланысты? Әрине, бұл - олардың генотипіндегі, гендер жиынтығындағы айырмашылықтар. Әр адамның генотипі ерекше, сондай-ақ әрбір жануардың немесе өсімдіктің генотипі де әртүрлі болады. Адамның генетикалық белгілері оның организмінде синтезделген нәруыздарда жүзеге асырылады. Демек, бір адамның нәруызының құрылымы екінші бір адамның нәруызынан шамалы болса да ерекшеленеді. Сондықтан да мүшелерді трансплантациялауда қиындықтар туындайды, кейбір өнімдерге, жәндіктердің шағуына, өсімдіктердің тозаңына және т.б. аллергиялық реакциялар дамиды. Бұдан барлық адамда тіпті бірдей нәруыздар кездеспейді деуге де болмайды. Бірдей қызмет атқаратын нәруыздар бірдей болуы немесе бір-бірінен бір-екі аминқышқылы арқылы ерекшеленуі мүмкін. Бірақ жер бетінде барлық нәруызы бірдей болатын адамдар болмайды (біржұмыртқалы егіздерден басқа).

Нәруыздың бастапқы құрылымы туралы ақпарат ДНҚ молекуласының аймағында генде нуклеотидтердің реттілігі түрінде кодталған. Әрбір ДНҚ молекуласында көптеген гендер болады. Организмдегі барлық гендер жиынтығы генотипті құрайды.

Тұқым қуалау ақпаратының кодталуы генетикалық код көмегімен жүзеге асырылады.

Аминқышқылдық код деп аталатын генетикалық код құрамында аденин (А), гуанин (Г), цитозин (Ц) және тимин (Т) сияқты 4 азотты негіздің бірі болатын нуклеотид қалдықтарының орналасу реттілігінің көмегімен ДНҚ-дағы нәруыз аминқышқылдарының орналасу реттілігі туралы ақпаратты жазу жүйесі. Бірақ жіпшелердің бірімен (яғни, РНК) кодталатын ДНҚ-ның екі жіпшелі спиралі нәруыз синтезіне тікелей қатыспағандықтан, код РНҚ тілінде жазылады, онда тимин орнына урацил (У) кіреді. Осы себепті код нуклеотидтер жұбының реттілігі емес, нуклеотидтердің реттілігі деп айтылады. Генетикалық код белгілі бір кодты сөздермен ріледі. кодондармен беріледі.

1961 жылы М. Ниренберг және Г. Маттен ең алғаш рет код терминін түсіндірген. Олар ішек таяқшасынан нәруыз синтезіне қажет рибосома- лар және басқа да заттары бар экстракт алды. Ортаға қажетті м-РНК қосқанда нәруыз синтездеу үшін қажет аминқышқылдарынан нәруыз жинақтай алатын жасушасыз жүйе пайда болды. Олар урацилдерден түратын ортаға синтетикалық РНҚ-ны қосқанда тек фенилаланиннен (полифенилаланин) тұратын нәруыз пайда болғанын анықтады.

Осылайша УУУ нуклеотидтер триплеті (кодон) фенилаланинге сәйкес келетіні белгілі болды. Келесі 5-6 жыл ішінде генетикалық кодтың барлық кодоны анықталды. Генетикалық код 20 аминқышқылының көмегімен жазылган нәруыздық мәтін, яғни нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалайтын ақпараттың нуклеотидтер тізбегі түріндегі біртүтас жазылу

жүйесі. Генетикалық кодтың қасиеттері. Генетикалық кодтың мынадай қасиеттері болады:

Үшөрімділік (триплеттік) -әр аминқышқылына нуклеотидтердің үштігі сәйкес келеді. 43 = 64 кодон бар екенін есептеу қиын емес. Олардың 61-інің мәні бар, ал 3-еуі мәнсіз (терминациялаушы, стоп- кодондар) болып келеді.

Гендердің арасындағы тыныс белгілері - стоп-кодондар деп аталатын триплеттер. Олар бір полипептидтік тізбектің синтезі аяқталғаны жөнінде белгі беріп отырады. а-РНҚ кодондарының шифрін шешу үшін және нәруыз молекулаларының тізбекшелерін (ДНҚ-ға комплементар лы) құру үшін пайдаланатын генетикалық кодтың кестелері бар, бірақ оларды қолдана білу керек.

Кестені пайдалану принципі: бірінші нуклеотид триплетте сол жақ тік қатардан, екінші жоғарғы көлденең қатардан, үшінші оң жак тік қатардан алынады. Осы үш нуклеотидтен келетін сызықтар қиылысқанда қажет аминқышқылының атауы шығады (1-кесте).

Үздіксіздік (нуклеотидтер арасында бөлгіш белгілер жоқ) генішілік тыныс белгілерінің болмауы: ген ішінде әр нуклеотид белгіленетів кодонның қүрамына кіреді. 1961 жылы Сеймур Бензер мен Френсис Крик эксперимент жүзінде кодтың триплеттігін және оның үздіксіздігів (ықшамдық) дәлелдеді.

Генаралық тыныс белгілерінің болуы триплеттер арасында ини циациялаушы кодондардың (нәруыз биосинтезі басталғанын білдіреді), кодон-терминаторлардың (нәруыз биосинтезі аяқталғанын білдіреді) болуы; лидерлік реттіліктен кейін бірінші тұратын АУГ-кодоны да шартты түрде тыныс белгілеріне жатады. Ол бас әріптің қызметів атқарады. Бүл жағдайда ол метионин аминқышқылының өзгеруі формилметионинді (прокариоттарда) кодтайды. Полипептидті код тайтын әр геннің соңында кем дегенде 3 терминациялаушы кодонның немесе стоп-кодоннын: УАА, УАГ, УГА біреуі болады. Олар трансляцияны аяктайды.

Коллинеарлық м-РНҚ кодондары мен нәруыздағы аминқыш қылдарының сызықтық реттілігінің сәйкестігі.

Арнайылық - әр аминқышқылына тек белгілі бір, басқа амин қышқылы үшін қолдана алмайтын кодондар сәйкес келеді.

Бірбағыттылық - кодондар бір бағытта бірінші нуклеотидтен басталып келесілерге қарай оқылады.

Артықтық - бір аминқышқылын бірнеше триплет кодтай ала ды (аминқышқылы 20, мүмкін болатын триплеттер 64, оның ішінде 61-інің мәні бар, яғни орта есеппен алғанда әр аминқышқылына 3 кодон сәйкес келеді); тек метионин (Met) мен триптофан (Тгр) бұл

ережеге бағынбайды. Кодтың артық болуының себебі ең негізгі мәндік жүктемені триплеттегі алдыңғы екі нуклеотид алып жүреді, аз үшіншісі ондай маңызды емес. Осыдан кодтың артықтық ережесі келіп шығады: егер екі кодонда алдыңғы екі нуклеотиді бірдей болса, ал үшінші нуклеотидтері бір класқа (пуриндік немесе пиримидиндік) жататын болса, онда олар бір аминқышқылын кодтайды.

Алайда бұл мінсіз ережеге бағынбайтын екі ерекшелік бар. Бұл изолейцинге емес, метионинге сәйкес келетін АУА кодоны мен трип- тофанға сәйкес болудың орнына терминациялаушы болып табылатын УГА кодоны. Кодтың артық болуының бейімделуде манызы бар. Әмбебаптық генетикалық кодтың жоғарыда аталган қасиеттерінің барлығы тірі организмдерге тән болып келеді (3-кесте).

Соңғы кезде кодтың әмбебаптық принципі 1979 жылы Б.Г. Бе релл адам митохондриясында кодтың артықтығы ережесіне келетін мінсіз код ашқаннан кейін аздап толқымалы болып қалды. Кодтың артықтығы ережесі талап еткендей, митохондриялардың кодында УГА кодоны триптофанга, ал АУА кодоны метионинге сәйкес болады. Шамасы, эволюция басталғанда қарапайым организмдердің бәрінде осы митохондриялардағы секілді код болып, кейін аздаған ауытқуга ұшыраған болса керек.

Код, негізінен, нүктелер мен дефистер арқылы ақпаратты кодтайтын баршаға мәлім Морзе әліпбиіне ұқсайды. Морзе әліпбиі радистердің бәріне әмбебап болып келеді, айырмашылығы тек белгілерді әртүрлі - тілдерге аударуында жатыр. Генетикалық код та тірі организмдердің бөріне төн, тек гендерді түзетін, нақты организмдердің нәруыздарын кодтайтын нуклеотидтердің кезектесу реттілігінде ғана айырма болады.


ІV. Жаңа сабақты бекіту -10 минут.

Генетикалық кодтың қасиеттері

1-вариант

"Есте сақтау" деңгейі

  1. Генетикалық кодтың негізгі қасиеттерінің бірі қандай?
    A) Бір кодон бірнеше аминқышқылды кодтайды
    B) Код тек адамдарға тән
    C) Универсалдық ✅
    D) Кодондар бір-бірімен қабаттасады
    E) Кодондар төрт нуклеотидтен тұрады

  2. Генетикалық кодтың триплеттілігі нені білдіреді?
    A) Әр кодон төрт нуклеотидтен тұрады
    B) Әр кодон үш нуклеотидтен тұрады ✅
    C) Бір аминқышқыл бір нуклеотидпен анықталады
    D) Әр кодон екі нуклеотидтен тұрады
    E) Кодондар қабаттасады

  3. Дегенерация қасиеті дегеніміз не?
    A) Бір аминқышқылды бірнеше кодон кодтайды ✅
    B) Бір кодон бірнеше аминқышқылды кодтайды
    C) Код тек адамдарға тән
    D) Генетикалық кодтың өзгеруі
    E) Кодондардың қабаттасуы

"Түсіну" деңгейі

  1. Егер мРНҚ кодоны – АУГ болса, ол қандай аминқышқылды кодтайды?
    A) Аланин
    B) Глицин
    C) Метионин ✅
    D) Триптофан
    E) Лизин

  2. Егер ДНҚ тізбегі – ТАЦГГТ болса, оған сәйкес мРНҚ қандай?
    A) УАГЦЦА
    B) АУГЦЦА ✅
    C) ТАЦГГТ
    D) ГЦТААГ
    E) ЦГАУУГ

  3. Неліктен генетикалық код әмбебап деп аталады?
    A) Ол барлық тірі организмдерге ортақ ✅
    B) Ол тек адамдарға тән
    C) Ол бірегей және қайталанбайды
    D) Ол тек бактерияларға тән
    E) Ол өсімдіктерге ғана тән

"Қолдану" деңгейі

  1. Егер мРНҚ-да 120 нуклеотид болса, ол қанша аминқышқыл кодтай алады?
    A) 30 ✅
    B) 40
    C) 60
    D) 10
    E) 120

  2. Егер мРНҚ кодоны УГА болса, қандай процесс жүреді?
    A) Транскрипция басталады
    B) Трансляция басталады
    C) Трансляция тоқтайды ✅
    D) ДНҚ репликациясы жүреді
    E) мРНҚ жойылады

  3. Егер ДНҚ тізбегі АТГЦГТ болса, оған сәйкес мРНҚ қандай болады?
    A) ТАЦГЦА
    B) УАЦГЦА ✅
    C) АТГЦГТ
    D) ГЦТААГ
    E) ЦГАУУГ

Генетикалық кодтың қасиеттері

2-вариант

"Есте сақтау" деңгейі

  1. Стоп-кодондардың негізгі қызметі қандай?
    A) Транскрипцияны бастайды
    B) Трансляцияны тоқтатады ✅
    C) Ақуыз синтезін жылдамдатады
    D) Ген мутациясын тудырады
    E) ДНҚ синтезін реттейді

  2. 1. Төмендегі қай кодон стоп-кодон болып табылады?
    A) АУГ
    B) ГГА
    C) УГА ✅
    D) ЦЦА
    E) АГЦ

  3. Генетикалық кодтың спецификалық қасиеті нені білдіреді?
    A) Әр кодон тек бір ғана аминқышқылын кодтайды ✅
    B) Бір кодон бірнеше аминқышқыл кодтайды
    C) Кодондар қабаттасады
    D) Код тек адамдарға тән
    E) ДНҚ-да тек бір код бар

"Түсіну" деңгейі

  1. Қандай кодон трансляцияны бастайды?
    A) УАА
    B) АУГ ✅
    C) УАГ
    D) УГА
    E) ЦЦГ

  2. Егер мРНҚ кодоны ГГА болса, оған сәйкес тРНҚ антикодоны қандай?
    A) ГГА
    B) ЦЦУ ✅
    C) ААГ
    D) ГГЦ
    E) ГГГ

  3. Егер ДНҚ тізбегі АТЦГТА болса, оған сәйкес мРНҚ қандай болады?
    A) УАГЦАУ ✅
    B) ГЦТАТГ
    C) АУГЦГУ
    D) ТАГЦАТ
    E) ЦГТУГЦ

"Қолдану" деңгейі

  1. Егер мРНҚ кодоны ЦЦГ болса, оған сәйкес тРНҚ антикодоны қандай болады?
    A) ГГЦ ✅
    B) ААГ
    C) УУЦ
    D) ЦЦГ
    E) ГГА

  2. Егер бір мРНҚ молекуласында 300 нуклеотид болса, ол қанша аминқышқылды кодтайды?
    A) 30
    B) 100 ✅
    C) 60
    D) 10
    E) 300

  3. Егер мРНҚ кодоны ААГ болса, оған сәйкес тРНҚ антикодоны қандай болады?
    A) УУЦ ✅
    B) ЦЦА
    C) АУГ
    D) ГГУ
    E) ААГ

  4. 100 аминқышқылды кодтайтын мРНҚ молекуласында нуклеотидтың саны?

А) 30
B) 100
C) 60
D) 10
E) 300+

20. Егер мРНҚ кодоны ЦЦГ болса, оған сәйкес тРНҚ антикодоны қандай болады?
A) ГГЦ ✅
B) ААГ
C) УУЦ
D) ЦЦГ
E) ГГА



V. Сабақты қорытындылау, баға қою -5 минут.

Өткен және жаңатақырыптарды игергендігі бойынша білім деңгейі тексеріліп, критериге сәйкес қойылған бағалар оқушыларға мәлімделеді.

VI. Үйге тапсырма беру -2 минут

Тапсырма: Оқу құралын және интернет қосымша әдебиеттерін пайдала отырып, «Туыстық дәрежені дәлелдейтін генетикалық зерттеулер» тақырыбында презентация әзірлеңдер.

Н.Абылайханова, А.Қалыбаева, А.Пәрімбекова, Б.Үсіпбек, Е.Швецова. 27-32 беттер



Биологиялық диктант:

Транскрипция және трансляцияның кезеңдері

I. "Есте сақтау" деңгейі (негізгі теориялық білімді тексеру)

1. Транскрипция дегеніміз не?
Жауап: ДНҚ молекуласынан мРНҚ синтезделу процесі.

2. Транскрипция процесі жасушаның қай бөлігінде жүреді?
Жауап: Ядрода.

3. Транскрипция кезінде қандай фермент қолданылады?
Жауап: РНҚ полимераза.

4. ДНҚ-ның қандай тізбегі транскрипция үшін матрица ретінде қызмет етеді?
Жауап: Антисенстік (комплементарлы) тізбек.

5. Транскрипция кезінде қандай РНҚ түзіледі?
Жауап: мРНҚ (ақпараттық РНҚ).

6. Трансляция дегеніміз не?
Жауап: мРНҚ-дағы ақпарат негізінде ақуыз синтезделу процесі.

7. Трансляция қай жерде жүреді?
Жауап: Рибосомада.

8. Трансляцияға қандай РНҚ түрлері қатысады?
Жауап: мРНҚ, тРНҚ, рРНҚ.

9. Трансляцияның негізгі үш кезеңін атаңыз.
Жауап: Инициация, элонгация, терминация.

10. Ақуыз молекуласы қандай құрылымдық бірліктерден тұрады?
Жауап: Аминқышқылдарынан.



II. "Түсіну" деңгейі (процестерді түсіндіру және салыстыру)

11. Транскрипция мен трансляцияның басты айырмашылығы қандай?
Жауап: Транскрипция кезінде ДНҚ-дан мРНҚ түзіледі, ал трансляция кезінде мРНҚ негізінде ақуыз синтезделеді.

12. ДНҚ-дағы тимин (Т) транскрипция кезінде қандай азотты негізге сәйкес келеді?
Жауап: Урацил (У)

13. Неліктен РНҚ молекуласы ДНҚ сияқты қос тізбекті емес?
Жауап: Өйткені РНҚ тек генетикалық ақпаратты тасымалдау және ақуыз синтезін реттеу үшін қажет, ал ДНҚ тұрақты ақпарат сақтау үшін екі тізбекті болып келеді.

14. тРНҚ-ның негізгі қызметі қандай?
Жауап: Аминқышқылдарын рибосомаға тасымалдау.

15. Трансляцияның инициация кезеңінде қандай оқиға болады?
Жауап: Рибосома мРНҚ-мен байланысып, бастапқы кодон (АУГ) арқылы синтез басталады.

III. "Қолдану" деңгейі (есептер және тәжірибелік сұрақтар)

16. Егер ДНҚ тізбегі: АТГЦГА болса, оған сәйкес мРНҚ қандай болады?
Жауап: УАЦГЦУ.

17. Егер мРНҚ кодоны ГГА болса, оған сәйкес тРНҚ антикодоны қандай болады?

Жауап: ЦЦУ.

18. Егер бір мРНҚ-да 300 нуклеотид болса, ол қанша аминқышқыл кодтай алады?
Жауап: 100 (өйткені бір аминқышқыл үш нуклеотидтен тұратын кодонмен анықталады: 300 ÷ 3 = 100).

19. Егер трансляция процесі кезінде қателік кетсе, ол ақуызға қалай әсер етеді?
Жауап: Ақуыздың құрылымы мен қызметі бұзылып, жасушаға кері әсер етуі мүмкін.

20. Трансляция тоқтау үшін қандай кодон қажет?
Жауап: Стоп-кодондар (УАА, УАГ, УГА).



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.03.2025
212
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі