жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Генетиканың даму тарихы. Г.Мендель оның еңбектері
Сабақты өткізу жоспары №17
Пәні: Биология
Курс, топ:1 курс 1 топ «Ветеринария»
Сабақтың өткізілетін күні: 04.02.20
Сабақтың өткізілетін уақыты:
Сабақтың өтілетін орны:№2 дәрісхана
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы: Генетиканың даму тарихы. Г.Мендель оның еңбектері
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға генетиканың даму тарихы түсіндіре отырып, Г.Мендель еңбектерімен таныстыру.
2.Дамытушылық : Өз бетіншеізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Еркін сөйлеу , салыстыра білу қабілеттерін дамыту. Оқыту кезінде студенттерге әр түрлі тапсырмалар орындата отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;
3.Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, сәйкестік тесті
Сабақтың көрнекілігі иоборуд: , слайд, таратпа материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: ( Сұрақ -жауап)
1.Табиғатта көбеюдіңкең таралған екі түріқалай аталады? Жынысты көбею және жыныссыз көбею
2.Жыныссыз көбеюдің екі түрі бар олар қалай аталады? Нағыз жыныссыз және вегетативті көбею
3.Вегетативті көбеюдің екі түрі бар олар қалай аталады? Табиғи вегетативті көбею және қолдан вегетативті көбею
4. Телу дегеніміз не? Бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып, екінші өсімдікке ұластыру.
5.Жынысты көбеюдіңжыныссыз көбеюден негізгі айырмашылығы қандай?
Көбеюге екі организм қатысады.
6.Ұрықтану дегеніміз не? Гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс жасушаларының ядроларының қосылуы.
7.Ұрықтанған жасуша қалай аталады? Зигота
8.Эмбриология нені зерттейді? Организм ұрығының дамуын
9.Эмбриология ғылымының негізін қалауда үлес қосқан ғалым кім? К.Бэр
10.Тура даму дегеніміз не ? Организмнің бірден ересек түріне ұқсап дамуы
IІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын жариялау:
Тақырыбы:Генетиканың даму тарихы. Г.Мендель оның еңбектері
ЖОСПАР
1.Генетиканың даму тарихы
2.Г.Мендельдің моногибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары
«Бұлт, құлп, кілт» әдісі
1.Бұлт әдісі топтық жұмыс мәтінді пайдалана отырып сұрақтарға жауап береді.
А) Генетика ғылымына қатысты тарих құрастыру
1.Генетика ғылымы нені зерттейді? Генетика-бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылықпен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы.
2.Тұқым қуалаушылық дегеніміз не? Ұрпақтар белгілі бір дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады.
3.Өзгергіштік дегеніміз не? Организмнің тұқымқуалаушылық қасиеті сыртқы орта факторының әсерінен үнемі өзгеріп отырады.
4.Генетика терминін кім және қай жылы ұсынды?Генетикатерминін 1906 жылы ағылшын биологі У.Бэтсон ұсынды.
5.Тұқымқуалаушылық туралы ежелгі дәуір ғалымдары қандай пікірде болды?
Гиппократ: Жұмыртқа жасушасы мн спермий организмдердің барлық бөліктерінің қатысуымен қалыптасады және ата-ананың бойындағы белгі –қасиеттері ұрпағына тікелей беріледі деп есептеді.
Ал Аристотель: белгі қасиеттердің тұқым қуалауы тікелей жүрмейді,яғни, тұқым қуалайтын материал дененің барлық бөліктерінен құрастыруға арналған қоректік заттардан заттардан жасалады.
6.Тұқымқуалаушылықты дәлелдеу үшін Г.Мендель қандай еңбек жазды? Г.Мендельдің «Өсімдікб удандарымен жүргізілген тәжірибелер» деген еңбегі жарық көрді.
7.Генетика дамуына Қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі қандай?
Генетика мен селекция дамуында Қазақстан ғалымдарының үлесі ерекше.Алыстан будандастыру, мутагенез, полиплоидия, гетеозис т.б мәселелерді қамтитын генетикалық зерттеулер жүргізілуде
ә)Әр топ өз тапсырмасын қорғау керек
б) топ аралық бағалау
Құлп әдісі бұл жұптық жұмыс мәтінді оқып отырып берілген тапсырмаларды орындау
Моногибридті будандастыру. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеудің ғылыми негізін Грегор Мендель қалады. Ол өз тәжірибелеріне қолайлы объекті ретінде бұршақты алды. Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда бұршақтың мынадай айрықша қасиеттері бар:
1) бірнеше белгілері бойынша бір – бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар;
2) өсіруге қолайлы;
3) гүліндегі жыныс мүшелері күлте жапырақшаларымен толық қалқаланып тұратындықтан, өсімдік өздігінен тозаңданады. Сондықтан таза дамып – жетілетіндіктен, белгілері ұрпақтан – ұрпаққа өзгеріссіз беріледі;
4) бұл өсімдіктің сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады.
Мендель бұршақтың 22 сортын таңдап алды. Ол өсімдіктің негізгі жеті белгісіне көңіл аударды: сабағының ұзындығы, тұқымының пішіні мен түсі, жемістерінің пішіні мен түсі, гүлдерінің түсі мен орналасуы. Мендель өз тәжірибелерін 8 жыл бойы жүргізді.
Ген – ДНҚ молекуласының бөлігі.
Локус – гендердің хромосомалардағы орны.
Генотип – тұқым қуалайтын гендердің жиынтығы.
Аллель – гендердің бірнеше күйде болуы
Гомозигота – бірдей аллельді гендері бар (АА және аа) гаметалардың қосылуынан пайда болған организмдер.
Гетерозигота – әр түрлі аллельді гендері бар (Аа) гаметалардың қосылуынан пайда болған организмдер.
Зигота – аталық және аналықгаметалардыңқосылуынанпайдаболған организм.
Гамета – жынысжасушалары
Аллельдігендер – гомологіхромомсомалардыңбірдейлокусындаорналасқанальтернативтібелгілердіңдамуынанықтайтынгендер.
Доминантты ген – басымдылық көрсететін ген. (А)
Рецессивті ген – көрінбейтінбелгініанықтайтын ген (а).
Фенотип – тұқым қуалайтынгендердіңсыртқыортадакөрінуі.
Басымдылықбелгі – екігомозиготалыата – анадараларынбудандастырунәтижесіндепайдаболғанбіріншіұрпақбуданындакөрінетінбелгі. Мысалы, бұршақөсімдігітұқымыныңтүсісары, тегісболуы.
Рецессивтікбелгі – екігомозигталыата – анадараларынбудандастырунәтижесіндепайдаболғанбіріншіұрпақбуданындакөрінбейқалғанбелгі.Мысалы, бұршақгүлініңтүсіақнемесежасыл, тұқымыныңбұдырнемесетегісболуы.
В – доминанттытегіспішіні
b – рецессивтікедір – бұдырлыпішін
Р – ата – аналық форма
а
налықбелгі
а
талықбелгі
F – ұрпақтары
Г – гаметалар
F1, F2, F3 – бірінші, екінші, үшіншіұрпақтары.
Мына сөйлемдерді толықтыр:
Бірдей гендерді гомозиготалы деп, ал әртүрлі гендерді гетерозиготалыдеп атайды. Басым гендерді доминантты, ал басылыңқы рецессивтідейді, ата-ананы АА,ааәріпімен, ұрпақтарын Аа әріпімен белгілейді. Гендердің жиынтығын генотип ,ал сыртқы көрінісін фенотипдеп атайды.
Сызба нұсқамен танысып, түсіндіру
Бекіту:
Кілт әдісі бұл жеке жұмыс каһоот арқылы тестілерге жауап береді.
Генетика ғылымы зерттейді?
А) сұрыптауды; Б) эволюцияны;
с) тұқымқалаушылық пен өзгергіштікті.
2.Мендельдің бірінші заңы қалай аталады?
Б) Біркелкілік заңы; С) Ажырау заңы.
3.Басым гендерқалайаталады?
А) рецессивті; Б) доминантты; С) аллельді.
4.Гендердің жиынтығықалайаталады ?
А) генотип; Б) фенотип; С) кроссинговер.
5. Дигибридтібудандастыруды тап?
А) Аа ; Б) AaBbCc; С) AaBb.
6. Дигибридті будандастырудыашқанғалым?
А) Морган; Б) Мендель; С) Вавилов.
7. Мендельдіңекінші заңықалайаталады?
А) Тәуелсізажыраузаңы; Б) Біркелкілікзаңы; С) Ажыраузаңы.
8. Бірдейгендерқалайаталады?
А) гетерогизоталы ; Б) эпистаз; С) гомозигота.
9. Мендель қандай өсімдікке тәжірибе жүргізді?
А) бұршақ; Б) қызанақ; С) намазшамгүл
10. Организдердің ішкі-сыртқы белгілерініңжиынтығықалайаталады?
А) генотип; Б) фенотип; С) кроссинговер.
Жоспарды құрған: Р. Қуатбекова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген