400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Геоэкологиялық зерттеу әдістері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Геоэкологиялық зерттеулер әдістеріне далалық,тәжірибелік сипаттар, салыстырулар мен модельдеу болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Геоэкологиялық зерттеу әдістері

Қызылорда «Қызмет» колледжі

Тұрымбетова Ж.Т

Г еоэкологиялық зерттеулер әдістемесі жеткіліксіз дамыған. Оның негізінен пәндер аралық дәстүрлі ландшафты географиялық және экологиялық зерттеулер тәсілдері мен принциптер құрайды. Геоэкологиялық зерттеулер әдістерінің негізі далалық, тәжірибелік, сипаттамалар, салыстырулар мен модельдеу (үлгілеу) болып табылады.

Аталған әдістерді жалпы қызметі: бірыңғай методологиялық жүйелеу. Геоэкологиялық зерттеуле әдістерін жүйелеуді мағынасы өзара байланысқан әр түрлі объектілерді табиғат элементі ретінде және антропогенез факторларының әр түрлі техникалық объекті және технологиялық процестер түрінде бірге талдау.

Жүйелеу әдісі – табиғи орта элементтеріннің өзара әсерлесуін терең және мұқиятоқып зерттеуге мүмкіндік береді. Далалық геоэкологиялық зерттеулер процесінде ауаның, судың, топырақтың және биоталық табиғи антропогендік ластануының фондық сипаттамалары оқып-зерттеледі. Мұнда табиғи территориялық кешендердің биомассалары мен биоөнімділігін сипаттайтын мәліметтер талданады. Географиялық жүйелердің құрылымы мен динамикасы әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларды зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Оларды зерттеу анықталған табиғи антропогендік кешен (ландшафт) мен шектелген қоршаған ортаның экологиялық жағдайларының сапалық және сандық қалыптасуына антропогенездің әсеріне байланысты жүргізіледі.

Геоэкологиялық зерттеулердің сипаттамалар әдісі табиғи антропогендік ландшафтың экологиялық фонын жан-жақты талдау жүргізумен шұғылданады. Талдау анықтамалық-статистикалық, картографиялық, аэро-, ғарыштық материалдар негізінде жасалады.

Геоэкологиядағы негізгі зерттеу түрінің бірі – салыстыру әдісі. Бірдей токсономикалық деңгейдегі геожүйелердің экологиялық ұқсастығын белгілеу мен шұғылданады. Талдау үшін ұқсас геожүйелер таңдап алынады. Салыстыру әдісі талданған геожүйенің геоэкологиялық қасиеттерінің динамикасының экологиялық жағдайының эволюциялық заңдылықтарын анықтайды.

Тәжірибелік әдісі – популяциялардың қоршаған орта факторларына реакциясын-жауабын оқып-зерттейді. Геоэкологияда бұл әдісті пайдалану адамның табиғи антропогендік жүйелердің экологиялық жағдайларына бейімделу мүмкіндіктерін табиғи ортаның ластану заңдылықтарын геожүйенің қызметіе анықтауға қолданады.

Модельдеу (үлгілеу) әдісі – зерттейтін экожүйенің бірнеше есе кішірейтілген үлгілерін жасайды. Мысалы, зерттелетін су қоймасының лабораториялық үлгісін дайындайды.

Модельдеу үш элементті қамтуға тиіс :

  1. Талданатын кеңістік (геожүйенің шекарасы);

  2. Геожүйелердің қызметін анықтайтын компоненттер;

  3. Талдаудың уақыт бойынша аралығы.

2. Геоэкологиялық картографиялау.

Қазіргі картография ежелден немесе осыдан 30 ж. бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелден Египетте, Антикалық Гренландияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша ара қашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастаған. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мал азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды ауыспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалар мен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан баксталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе ұлы географиялық ашылулар кезеңінде жиһанкез саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруге таптырмас құрал болады.

Қазіргі картография ғылымы жаңа технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуы мен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуе суреттерді сондай-ақ сандық карталар жасауға мүмкіндік ашқан әр түрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда.

Геоэкологиялық картографиялау методикасы жеткіліксіз дамыған. Мұндағы ең басты қиындық табиғи жүйелердің экологиялық орнықсыздануының кретерийлерінің кешендерін ескеру және анықтау болып табылады. Бағытталған антропогендік әсерлердің тізбегі нәтижесінде геожүйе құрылымы орнықтылығының бұзылу дәрежесі ең негізгі мәселені құрайды. Экологиялық фонның сандық өзгерісі геожүйе комплексін сипаттайтын табиғи антропогендік жүйенің экологиялық орнықсыздануының интегралдық дәрежесінің қосындысы. Антропогендік әсерлерді кешенді бағалау кретерилері шектік рауалы экологиялық жүктеме арқылы бағаланады. Осы көрсеткіш атмосфера ауасының, судың және топырақтың, табиғи антропогендік жүйенің барлық компоненттерінің өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш. Құрастырылған геоэкологиялық карталар қазіргі кездегі және болашақта мүмкін болатын шектік рауалы экологиялық жүктемені жеке геожүйелер үшін анықтауда қолданылады. Бұл интегралдық көрсеткіштер ШРК-ның бақыланатын деңгейлерін геожүйе жеке компоненттері үшін қоршаған ортаны негізгі ингидридентті түрінде қарастырады. Шектік рауалы экологиялық жүктеме деңгейлері қоршаған ортаның геоэкологиялық орнықсыздануының сыныптарын анықтайды :

І. Ең жоғары;

ІІ. Өте жоғары;

ІІІ. Жоғары;

ІV. Елеусіз жоғары;

V. Елеусіз;

VІ. Ең төмен;

VІІ. Бірқалыпты.

Қоршаған ортаның геоэкологиялық орнықсыздануының сыныптары табиғаттың жеке компоненттері үшін қоршаған ортаны ластаушы заттардан ШРК нормасынан ауытқуын көрсетеді. Геоэкологиялық картографиялау Қазақстанның картографиясының даму бағытының бірі. Геоэкологиялық карта жаратылыстану саласындағы барлық карталардың негізі. Оның негізінде қазба байлық, тектоникалық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық карталарды шығаруға болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
25878
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі