400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Геоэкологиялық зерттеулер негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Геоэкологиялық зерттеулер негіздері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлімі: 3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері

Мектеп:

Күні:11.12.2023


Сынып: 10 20 оқушы

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Геосфералардың ластануы

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

Геосфералардың ластану денгейін анықтап себеп-салдарын зерттеу

Сабақтың мақсаттары

Геосфералардың ластану денгейін анықтап себеп-салдарын талқылайды

Жоспар

Сабақтың жоспарланған уақыты

мұғалім әрекеті

оқушы әрекеті

бағалау

ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

-Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру

«Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісін қолдану арқылы оқушылардың алдыңғы білімін тексеру:

  1. Геоэкология ғылымының мақсаты не?

  2. Геоэкология ғылымының зерттеу нысандарын атаңдар?

  3. Геоэкология ғылымының міндеті неде?

  4. Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы неде деп ойлайсыңдар?

  5. Табиғаттың ластану көздерін атап беріңдер?

  6. Экологиялық ластану көздеріне мысал келтіріңдер?

қойылған сұрақтарға жауап береді

мадақтау әдісі

алдыңғы білім

Сабақтың ортасы

25 минут

1-тапсырма

«Джигсо» әдісі арқылы топтарға шағын мәтін беру арқылы оқылым мен тыңдалым, сыни ойлау дағдысын қалыптастыру

1 топ. Жерді құрайтын, құрамы мен тығыздығы әр түрлі, концентрлік (шамамен сфералық) қабаттар. Олар сыртқы және ішкі геосфералар болып бөлінеді. Атмосфера  - газ массасынан және ылғалдан тұратын жердің ауа қабаты.  Гидросфера — су қабаты, оның жоғарғы шекарасы су алаптарының ашық беті арқылы өтеді.

Талдау сұрағы: Сыртқы геосфераны қамтитын аралықты атап, сипаттама беріңіз.

1,Геосфера

2.Сыртқы аралығы

3.Жалпы сипаттама




2-топ. Биосфера — жердің органик. өмір бар жоғарғы жағын құрайды.Ол гидросфераны, атмосфераның озон қабатынан төмен жағын және литосфераның жоғарғы бөлігін қамтиды. Ядро — жердің орталық өзегін құрайтын өте тығыз қабат. Ол сыртқы сұйық және ішкі (орталық) субядродан тұрады. Мантия - жер қыртысы мен ядро аралығында орналасқан ең үлкен аралық қабат. 

Талдау сұрағы: ішкі геосфераға қамтитын аралықты атап, сипаттама беріңіз.

1.Геосфера

2.Ішкі аралығы

3.Жалпы сипаттама




3 топ. Геоэкология толық жер бетін емес, тек геосферамен қиылысатын, адам мекендейтін жер бетінің жұқа қабығын зерттейді. Барлық геосферада табиғи ресурстардың сарқылуы байқалады, табиғи нысандардың сапасы нашарлап, олар табиғи қасиетінен айырылады, барлық биосфера нысандарында өмір сүру жағдайлары тез нашарлайды.

Талдау сұрағы: геосфералардың ластануының себеп-салдарын анықтаңыз.

1.

Себебі:

Салдары:

Дескриптор:

  • Бірінші мәтінмен танысып, сыртқы геосфераны қамтитын аралықты атап, сипаттамасын жазады.

  • Екінші мәтінмен танысып ішкі геосфераға қамтитын аралықты атап, анықтамасын көрсетеді

  • Үшінші мәтінмен танысып, геосфералардың ластануының себеп-салдарын анықтайды.

әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстарын орындап, сыныпқа ұсынады

жетістік баспалдағы



2- тапсырма. жеке жұмыс.

«Кері дизайн» әдісінде оқушылар талдау сұрақтары жауап беріп, кескін картаны толтырады.

Геосфера нысандарының сапасы неге бұзылады?

Атмосферада антропогендік өзгерістер қалай қалыптасады?

Биосфераның өзгеріске ұшрауына не себеп болады және оның салдарын қалай түсіндіресіз?

Мәліметтерді қолданып, кескін картаға экологиялық ластану аймақтарын түсір.

Дескриптор:

  • Геосфераның нысандарының бұзылуын анықтайды

  • Атмосферада антропогендік өзгерістер қалыптасуын жіктейді

  • Биосфераның өзгеріске ұшрауына себептер мен салдарын анықтап, тұжырым жасайды

  • Мәліметтерді қолданып, кескін картаға сызып көрсетеді

сұрақтарға жауап береді, кескін картаға экологиялық ластану аймақтарын түсіреді



Сабақтың соңы

10 минут

«ҚҚҚ» әдіс арқылы сабақты қорытындылау. Оқушыларға тапсырманы орындаудағы қызықты, қиын, құнды болған жерлерін жазуды ұсыну

Қызықты

Қиын

Құнды




Бағалау. Сабақтағы белсенділіктері мен білім дағдыларын меңгеру деңгейіне қарай бағалау.

сабаққа қатысты кері байланыс береді









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі