Қызылорда «Қызмет»
колледжі
Баяндама
Пән
оқытушысы:Тұрымбетова Жарқынай
Тұрымбетқызы
Қызылорда,2018ж
Геофизикалық мониторингтің бір түрі -
климаттық мониторинг
Геофизикалық мониторингтің бір түрі – климаттық мониторинг.
Климаттық өзгерістердің зардаптарын болжау үшін дәл және сенімді
ақпараттарды білу қажет. Ол үшін дамыған елдерде климатты үздіксіз
тексерудің – климаттық мониторинг жүйесі құрылған. Мұндай жүйелер
климат туралы мәліметтерді жинау және жалпылау, ағымдағы
өзгерістердің зардаптарын бағалау, сондай-ақ басқару органдары мен
қоғамға жеткізумен шұғылданады.
Ресейдегі климаттық мониторинг жүйесі “Экология және
ғаламдық климат институты” негізінде дамып келеді. Оның жетекшісі
академик Израэль Ю.А. Климаттық мониторинг “Атмосфера – мұхит –
құрлық беті – криосфера - биота” климаттық жүйесі элементтерінің
ұзақ мерзімді өзара әсерлесуі туралы мәліметтерді жинақтау және
талдау қызметін атқарады және климатологияның өз бетінше бір бөлімі
ретінде қарастырылады.
Климаттық мониторинг
1)
климаттық өзгерістерді табиғи ортаның басқа компоненттерінің
өзгерістерімен байланысты зерттейді;
2)
климаттық жүйенің мүмкіндігінше орнықты болу жағдайларын
оқып-зерттейді.
Климаттық мониторинг метеорологиялық мәліметтер негізінде
жұмыс істейді. Гидрометеорологиялық станциялар үздіксіз бақылаулар
нәтижесінде климаттың анықталған уақыт аралықтарында болатын
өзгерістері жөнінде бюллетеньдер дайындайды. Климаттық мониторинг
мәліметтері ай сайын және жылына бір рет интернет-ақпаратқа да
жіберіліп тұрады.
Елімізде
климаттық мониторингті КазГидромет жүргізеді. Қазгидромет –
гидрометеорологиялық қызмет көрсететін бірден бір мекеме. Суретте
Қазгидрометтің Қоршаған орта жағдайын бақылау стансаларының
орналасу сұлбалары 9 (а, ә, б) суретте келтірілген.

9 сурет,
а. Қоршаған орта жағдайын бақылау
стансаларының сұлбасы.


9 сурет,
ә. Қоршаған орта жағдайын бақылау
стансаларының сұлбасы


9 сурет,
б. Қоршаған орта жағдайын бақылау
стансаларының сұлбасы.
Бүгінгі
күні температура, жауын-шашын, ылғалдылық, бұлттылық, сондай-ақ,
атмосферадағы СО2 және т.б. “жылулық газдар” сияқты көптеген
қосымша параметрлерді ескеруге тура келеді. Соңғы кездері климат
тұрақтылығының сиректігіне байланысты климаттық бақылау түрлері де
өзгеріп отыр. Климаттағы кездейсоқ өзгерістерді талдауға
негізделген қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Климатты
бақылау жылдан жылға климаттағы әдеттегіден жылыну немесе салқындау
сияқты өзгеріс-тердің болып жатқанын дәлелдеп отыр. Мысалы, жылдық
орташа тем-ператураның мәні Ресейдің Байкал аймағында +3,5 С-қа
жоғарылаған. Қазақстанда жауын-шашын азайып, құрғақшылық етек
алған, ғаламдық жылыну проблемасы өз алдына. Мұндай өзгерістердің
көбеюі экологиялық тұрақсыздықпен, шектен тыс ластанумен
түсіндіріліп отыр. 10 суретте климаттық мониторингтің
автоматтандырылған стансасы көрсетілген.

10
сурет. Климаттық мониторингтің автоматтандырылған
стансасы
Келесі
суреттерде осы климаттық мониторингтің автоматтандырылған
стансасында орналастырылған әр құралдың жеке суреттері келтірілген.
Құралдардың толық көрсеткіштері беріледі.
Радиациялық
гамма-фонды өлшегіш

11
сурет. Радиациялық гамма-фонды өлшегіш құрал және оның
көрсеткіштері.


12
сурет. Қысым өлшегі құрал және оның көрсеткіштері.


13
сурет. Жел жылдамдығы мен бағытын өлшегіш құрал.


14
сурет. Ауа температурасы мен ылғалдылықты өлшегіш құрал.


15
сурет. Күн радиациясын өлшегіш құрал және оның
көрсеткіштері.
Қоршаған
ортаның мониторинг жүйесін дамыту бағдарламасында климаттық
мониторинг жүйесін дамыту мәселесі қойылып отыр:
-
аэрометеорологиялық бақылау желісін дамыту, стационарлық
аэрометеорологиялық орындарды құру;
-
гидрометеорологиялық бақылаулар деректерінің
автоматтандырылған жүйесін құру;
-
елді
мекендердің радиациялық мониторингін жүргізу;
-
бақылаудың жаңа және қозғалмалы орындарын құру;
-
ақпараттың жеңілдігін және дәлдігін қамтамасыз ету
мақсатында техниканы қайта жарақтандыру және дамыту;
-
Топырақтың қуаңшылығының мониторинг жүйесін
құру.