География 8 сынып бжб 1 3 токсан жауаптары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

География 8 сынып бжб 1 3 токсан жауаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрланбаған, дұрыс, толық жауаптар!
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Физикалық география» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысы.Географиялық

қабықтың заңдылықтары.

Оқу мақсаты

8.3.5.1. Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын

графикалық түрде көрсетіп, түсіндіреді

8.3.5.2. Географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын

түсіндіреді

Бағалау критерийі Білім алушы

• Географиялық қабықтың құрамы мен құрылысын

графикалық түрде бейнелейді

• Географиялық қабық заңдылықтарының маңыздылығын

сипаттайды

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Орындау уақыты 15 минут



Тапсырмалар

  1. Берілген анықтамаға сүйеніп, сызбаны толықтырыңыз.



Географиялық қабық дегеніміз – жер шарының біртұтас қабығы. Оның құрамына

атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы қабаты, гидросфера мен биосфера

кіреді, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты және олардың арасында ұдайы зат және

энергия айналымы жүріп отырады.



«Географиялық қабықтың құрылысы» сызбасы



2. Мәтінді оқып шығыңыз.

(a) Географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарын анықтаңыз.

Географиялық қабықтың

аса маңызды жалпы заңдылықтарына оның тұтастығы, зат және қуат алмасуы,

ырғақтылығы, зоналылық жатады. Географиялық қабықтың тұтастығына оның құрамдас

бөліктеріне өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелді болуынан көрінеді. Егер осы

компоненттердің біреуі өзгеріске түссе табиғат тепе –теңдігінің заңдылығы бұзылады, яғни

қазіргі дүниежүзінде болып жатқан табиғи экологиялық өзгеріске ұшырайды.



(b) Мәтіннен негізгі заңдылықтарға қатысты көрсетілген мысалдарды табыңыз.

Ол температура мен жауын-шашынның

жылдық барысынан, кейбір ендіктерде жыл мезгілдерінің ажыратылуынан, өзендердегі су

режимімен, құстардың жылы жаққа қайтуларынан, қыста ұйқыға кететін жануарлардан және т.б.

құбылыстардан айқын көрінеді.



Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтары.

Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтар бар. Олар бүкіл

географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғаты

кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан

келтірмей, табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Географиялық қабықтың

аса маңызды жалпы заңдылықтарына оның тұтастығы, зат және қуат алмасуы,

ырғақтылығы, зоналылық жатады. Географиялық қабықтың тұтастығына оның құрамдас

бөліктеріне өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелді болуынан көрінеді. Егер осы

компоненттердің біреуі өзгеріске түссе табиғат тепе –теңдігінің заңдылығы бұзылады, яғни

қазіргі дүниежүзінде болып жатқан табиғи экологиялық өзгеріске ұшырайды.



Батпақтардың құрғату кезінде топырақтың сортаңдануы, ауыл шаруашылығын дұрыс

жүргізбеуі салдарынан құнарлы жерлер шөлге айналып кетуі мүмкін. Географиялық қабықтағы

компоненттердің өзара байланысы тоқтаусыз жүретін зат алмасуы нәтижесіндегі жүзеге асады.

Географиялық қабық компоненттері алмасуының бірнеше түрі бар. Атмосферадағы ауа

айналымы, гидросферадағы су айналымы, литосферадағы зат айналымы. Жердің Күнді айналуы

табиғаттағы жыл ішіндегі ырғақтылықты тұғызады. Ол температура мен жауын-шашынның

жылдық барысынан, кейбір ендіктерде жыл мезгілдерінің ажыратылуынан, өзендердегі су

режимімен, құстардың жылы жаққа қайтуларынан, қыста ұйқыға кететін жануарлардан және т.б.

құбылыстардан айқын көрінеді. Жердің даму тарихында жүздеген мыңдаған миллиондаған

жылдарды қамтиды. Мысалы апаттар, жер сілкінулер, климаттың суынуы т.б. Материктер мен

мұхиттардағы табиғат кешендерінің құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге

қарай географиялық зоналылық заңдылығына сәйкес өзгереді. Жер бетіндегі Күн жылуының

әркелкі таралуынан экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай ақ жер бедерінің

сыртқы күштерінің әсер етуі, өзен мен көлдердің ерекшеліктері, топырақ түзілу процестері,

өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.03.2024
378
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі