География 8 сынып ТЖБ 1,2,3,4 тоқсанға арналған жауаптарымен

Тақырып бойынша 31 материал табылды

География 8 сынып ТЖБ 1,2,3,4 тоқсанға арналған жауаптарымен

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЖБ, дескрипторы, бал қою кестесі, жауабы бәрі бар!
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тоқсан бойынша
жиынтық бағалауға арналған
спецификация
«География»
8-сынып

2

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты …………………………………………… 4
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат ................................... 4
3. Күтілетін нәтиже ............................................................................................................................ 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу .. 6
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері .......................................................... 6
7. Модерация және балл қою ........................................................................................................... 7
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................. 8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ........................... 14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ........................... 20
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ........................... 27

3

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан
барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған
оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтиже
Біледі:
Практикалық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;
географиялық зерттеулер әдістерін; аумақтық кешендерді; географиялық объектілердің,
процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу және орналасу ерекшеліктерін;
заманауи геоақпараттық жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктері мен қолдану аясын;
географиялық қабық пен географиялық ортаның, геосфералардың құрамын, құрылымын,
заңдылықтарын, дамуының басты кезеңдерін; карталардың түрлерін, жіктелуін және
элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және
Қазақстан Республикасының табиғаты ерекшеліктерін; әлем, жекелеген аймақтар, елдер
және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және салалық құрылымын, даму
жағдайлары мен факторларын; халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен
нысандарын; елді мекендердің түрлерін, құрылымын, Қазақстан аймақтарының табиғиресурстық әлеуетін; елдердің типологиясын; экономикалық жүйелердің модельдерін;
халықаралық байланыстардың түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын.
Түсінеді:
табиғи
және
әлеуметтік–экономикалық
заңдылықтардың,
процестердің,
құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің
ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара
байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін,
кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал
өрісін, өзара әрекеттестігін.
Қолданады:
тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін
негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу
жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында
географияның заңдары мен формулаларын;нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді,
демографиялық көрсеткіштердің маңыздылығын түсіндіруде есептеу әдістерін қолданады;
картометрия тәсілдерін, кеңістікте бағдарлау және навигациялық дағдыларды.
Талдайды:
ғылыми –жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; графиктік
және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық
құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық
ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану
ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын;
географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми4

жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; демографиялық проблемаларды;
Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік
дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын.
Жинақтайды:
кесте,сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін
жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме
жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді, эксперимент және зерттеулер
жүргізу жоспарын; эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу,
жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.
Бағалайды:
жасалған эксперименттің нәтижелерін ; түрлі физикалық және химиялық процестердің
адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; тірі табиғат компоненттері
арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс
пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық
объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
Сипаттамасы
дағдыларының
деңгейі
Білу және
Жер бедерінің түрлерін топтастырады, тау
түсіну
жыныстары мен минералдарды қасиетіне қарай
жіктейді, ауылшаруашылығы және өнеркәсіп,
қызмет
көрсету
салаларын
ұйымдастыру
формаларын сипаттайды.
Қолдану
География ғылымының салаларын графикалық
түрде көрсетеді, географияның салаларға бөлінуін
дәлелдейді,
зерттеу
әдістерін
анықтайды,
география
ғылымындағы
зерттеулердің
маңыздылығын
түсіндіреді,
тақырыптық
каталарды оқиды, тақырыптық карталарды
қосымша
элементтермен
толықтырады,
географиялық номенклатура нысандарын кескін
картада белгілейді, атмосфераның ғаламдық
циркуляциясын сипаттайды және дәлеледейді, әр
материктердегі
климаттық
белдеулердің
ұқсастықтар мен айырмашылығын ажыратады,
құрлық суларының түрлері мен қалыптасуын
сипаттайды, өзендердің гидрологиялық режимін
дәлелдейді,
биіктік
белдеулердегі
табиғат
зоналарының қалыптасуын дәлелдейді, табиғат
зоналарын
жоспар
бойынша
сипаттайды,
географиялық қабықтың құрамы мен құрылымын
графикалық түрде көрсетеді, халық санын
анықтаудың
әдісін
сипаттайды,
елдердің
демографиялық
көрсеткіштерін
графикалық
формада көрсетеді, елдерді демографиялық
проблемелары бойынша жіктейді, шаруашылық
салаларын жіктейді, дүниежүзілік шаруашылықты
5

Ұсынылған
тапсырма түрі
КТБ -Көп таңдауы
бар тапсырмалар
ҚЖ -Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ -Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар

Жоғары деңгей
дағдылары

жоспар бойынша сипаттайды, саяси картаның
негізгі нысандарын жіктейді, әлем елдерін елдің
басқару формасы және мемлекеттік құрылымы
бойынша жіктейді.
Жер бедерінің адам өмірі мен шаруашылығына
ТЖ - Толық
әсерін анықтайды, географиялық зерттеулерді
жауапты қажет
сандық және сапалық деректер бойынша ететін тапсырмалар
жинақтайды, климат түзуші факторларды
анықтайды және сипаттайды, климаттың адам
өмірі мен шаруашылық әрекетіне әсерін
анықтайды, адам әрекетітінің атмосфера мен
климатқа кері әсерін анықтап, шешу жолдарын
ұсынады, құрлық суларының экологиялық
проблемаларын жіктейді және шешу жолдарын
ұсынады, су апаттарының алдын алу жолдарын
дәлелдейді, өсімдік және жануарлар дүниесін
қорғау керектігін дәлелдейді және қорғау
жолдарын
ұсынады,
демографиялық
көрсеткіштерді есептейді, жеке елдер үшін
демографиялық саясаттың өзіндік моделін
дәлелдейді, экономикалық инфрақұрылымның
маңыздылығына
қорытынды
жасайды,
ауылшаруашылығының, өнеркәсіп және қызмет
көрсету салаларының орналасу факторларын
анықтайды, саяси картадағы сандық және
сапалық өзгерістерді анықтайды, елдердің саясигеографиялық орналасуын талдайды.

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан
I
II
III
IV
Барлығы

Білу және түсіну

Қолдану

22%
0%
11%
11%
11%

55%
45%
55%
44%
49%

Жоғары деңгей
дағдылары
23%
55%
34%
45%
40%

6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар
6

(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

7

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 30
Тапсырманың түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ –толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір
жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті
бағаланады.

8

1–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім

Тексерілетін мақсат

8.1.1.1 География ғылымының салаларға
бөлінуін графикалық түрде көрсетіп
түсіндіреді
Географиялық
8.1.1.2 География ғылымы салаларындағы
зерттеу әдістері маңызды зерттеулерді анықтайды
8.1.1.4 Сандық және сапалық
географиялық деректерді өңдеп, талдайды

Картография
және деректер
базасы

8.2.1.1 Тақырыптық карталарды
сипаттайтын қосымша элементтерді
құрастырады: профиль, диаграмма,
график, кесте
8.2.1.2 Географиялық шартты белгілер мен
карталарды сипаттайтын қосымша
элементтерді қолдана отырып,
тақырыптық карталарды оқиды
8.2.1.3 Географиялық номенклатура
нысандарын кескін картадан көрсетеді
8.3.1.2 Жер бедері түрлерін жіктейді

Физикалық
география

8.3.1.5 Тау жыныстары мен минералдарды
түрлі белгілері бойынша жіктейді
8.3.1.10 Жергілікті компонентті қосымша
қамту негізінде жер бедерінің адамзат
тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін
әсеріне баға береді

Тапсырма
саны*

Тапсырма
№*

Тапсы
рма
түрі*

Орындал
у
уақыты,
мин*

Бал
л*

Қолдану

1

3

ҚЖ

4

4

Қолдану

1

4

ҚЖ

3

3

Жоғары деңгей
дағдылары

1

8

ТЖ

10

6

Қолдану

1

5

ҚЖ

4

3

Қолдану

1

6

ҚЖ

4

3

Қолдану

1

7

ҚЖ

3

3

Білу және түсіну

1

1

КТБ

1

1

Білу және түсіну

1

2

КТБ

1

1

Ойлау
дағдыларының
деңгейі

Жоғары деңгей
дағдылары

9

9

13

9

8
1

Барлығы
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Бөлімге
берілетін
балл
саны

9

ТЖ

10

6

40

30

30

Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Жер бедерінің негізгі түрлерін анықтаңыз.
А) тау, жазық
В) үстірт, тау
С) ойпат, үстірт
D) қырат, ойпат
Е) жазық, ойпат
[1]

2. Шөгінді тау жынысын анықтаңыз.
А) гнейс
В) мәрмәр
С) кварц
D) әктас
Е) гранит

[1]

3. Берілген мәтінді оқып шығыңыз.
(а) Осы мәтін негізінде география ғылымының салаларын графикте көрсетіңіз.
(b) Мәтіннен ғылым салаларының зерттейтін аумағын анықтаңыз.____________

[2]
[2]

География – ең ежелгі ғылымдардың бірі. Ол бүкіл Жер бетінің және оның жеке бөліктерінің
табиғат жағдайларын, халқының шаруашылығы мен әлеуметтік тұрмысын зерттейді.
География негізінен физикалық география және экономикалық география болып екіге
бөлінеді. Физикалық география (грекше физис – табиғат) табиғат денелері мен
құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Географияның бұл саласы
табиғаттың құрамдас бөліктерінің (жер бедері, ауа райы, жер беті суы, топырақ өсімдік және
жануарлар) бір-бірімен өзара байланысын, бір-біріне тигізетін әсерін, соның негізінде
олардың аумақ бойынша сараланып таралуын анықтауды мақсат етіп қояды. Экономикалық
география (грекше экономия – шаруашылық басқару) өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын
көлік пен байланыс құрал-жабдықтарын, халықтың аумақ бойынша таралуын қарастырады,
табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді.
4. Берілген суреттер арқылы маңызды географиялық зерттеулердің негізгі түрлерін
анықтаңыз.

1-сурет

2-сурет

3-сурет

1-сурет _________________________________________________________________
2-сурет _________________________________________________________________
3-сурет _________________________________________________________________

10

[1]
[1]
[1]

5. Картада Қазақстан территориясында жауын - шашынның таралуы мен буланушылықтың
орташа мөлшері берілген. Осы тақырыптық картаны толықтыру үшін 2 қосымша элемент
қосып, себебін жазыңыз.

(a) Қазақстанда жауын - шашын ең көп түсетін жерді анықтаңыз._________________
(b) Қазақстанда жауын - шашын ең аз түсетін жерді анықтаңыз.__________________

[1]
[1]

(c) Картада берілген ауа райы элементі мен құбылысын оқудың маңыздылығын
түсіндіріңіз._____________________________________________________________
[1]
6. Қазақстанның тектоникалық және сейсмикалық карталарын қолдана отырып:
(а) Шығыс-Еурропа платформасының еліміздің қай бөлігінде орналасқанын анықтаңыз.
______________________________________________________________________
[1]
(b) Батыс-Сібір плитасының
еліміздің қай бөлігінде орналасқанын анықтаңыз.
______________________________________________________________________
[1]
(с) Еліміздің қай бөлігінде жер сілкінісі 9 балдық күшпен болатынын анықтаңыз.
______________________________________________________________________
[1]
7. Кескін картада көрсетіңіз.

(a) Дүниежүзінің ең биік тау шыңын. ________________________________________
(b) Дүниежүзінің ең төмен жерін. __________________________________________
(c) Дүниежүзіндегі ең үлкен көлді. __________________________________________

11

[1]
[1]
[1]

8. Х. Колумбтың саяхаты бойынша берілген карта-схемаға талдау жасаңыз.

(a) Х.Колумб саяхатының негізгі мақсатын жазыңыз. __________________________
[1]
(b) Х.Колумб саяхатында экспедицияның өз бағытынан ауытқуына себепші болған жағдайды
анықтаңыз. _______________________________________________________________
[1]
(c) Х.Колумбтың 2-саяхатында Испанияға үлкен байлық табудың орталығы болған «алтын»
қоры мол аралды анықтаңыз. ________________________________________________
[1]
(d) Х.Колумбтың 3-саяхатындағы сәтсіздік неге байланысты болғанын анықтаңыз.___
[1]
(e) Х. Колумтың 4-саяхатқа бару себебін жазыңыз. ______________________________
[1]
(f) Қателіктеріне қарамастан Х.Колумб саяхатының маңызын жазыңыз. ___________
[1]
9. Өз аймағыңыздағы жер бедерінің бір түрін таңдап алыңыз және төмендегі жоспар
негізінде талдаңыз.
(a) Жер бедерінің түрін анықтаңыз. __________________________________________
[1]
(b) Басым дамыған шаруашылық түрін анықтаңыз._____________________________
[1]
(c) Қалыптасқан қосалқы шаруашылықтың түрін жазыңыз._______________________
[1]
(d) Жер бедерінің шаруашылық салаларын дамытуға қолайлы және қолайсыз тұстарына баға
беріңіз.___________________________________________________________________
[2]
(е) Қорытынды жасаңыз. _________________________________________________ [1]

12



Жауап

1
2
3

a. Тау, жазық
d. Әктас
a. География

4

5

6

7

8

9

Балл қою кестесі
Балл

физикалық экономикалық
b. Физикалық география (грекше физис – табиғат) табиғат
денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу
заңдылықтарын зерттейді.
Экономикалық география (грекше экономия – шаруашылық
басқару) өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын көлік пен
байланыс құрал-жабдықтарын, халықтың аумақ бойынша
таралуын қарастырады, табиғат жағдайлары мен табиғат
байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді
1. Ғарыштық зерттеулер
2. Географиялық ақпараттық зерттеулер (ГАЖ)
3. Далалық (саяхатшылар) зерттеулер
a. Жауын-шашын ең көп түсетін жер – Алтай,
b. Жауын-шашын ең аз түсетін жер – Арал маңы шөлдері (Үлкен
Борсық құмы)
c. Себебі климаттық картада жекелеген аймақтардың
ерекшеліктерін нақтылау маңызды болып табылады
a. Еліміздің шығысында
b. Еліміздің солтүстігінде
c. Еліміздің оңтүстігінде
Кескін картада белгілейді:
a. Джомолунгма шыңын
b. Өлі теңізді
c. Каспий теңізін
a. Батыс жолымен Үндістанға жол ашу
b. Қатты желдердің әсерінен пайда болған теңіз толқындары
негізгі бағытты өзгертіп алуына себеп болды
c. Испаньола аралы
d. Испан каролі тарапынан пайда болған саяхатшының саяхат
жұмыстарына сенімсіздігі
e. Үндістанды, Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу
туралы жасаған ұсынысы
f. Адамзатқа жаңа жерді ашып беруі, бірақ өзінің білмеуі
Жер бедерінің түрін анықтайды
Басым шаруашылық түрін атайды
Қосалқы шаруашылық түрін жазады
Шаруашылықты дамытуға жер бедерінің қолайлы жағын
бағалайды
Шаруашылықты дамытуға жер бедерінің қолайсыз жағын
бағалайды
Қорытынды жасайды
Жалпы балл

1
1
1
1
1

1

1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
30

13

Қосымша
ақпарат

Өз
аймағының
жер
бедерінің бір
түрін
таңдайды

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30
Тапсырманың түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір
жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу
қабілеті бағаланады.

14

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім

Физикалық
география

Физикалық
география

Тексерілетін мақсат
8.3.2.1 Климат түзуші факторларды
талдайды
8.3.2.2 Атмосфераның ғаламдық
циркуляциясын талдап, түсіндіреді
8.3.2.4 Әр материкте орналасқан ұқсас
климаттық белдеулерді салыстырады
8.3.2.5 Жергілікті компонентті қосымша
қамту негізінде климаттың адамзат
тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін
әсеріне баға береді
8.3.2.6 Адамзат әрекетінің атмосфера
мен климатқа тигізетін кері әсерін
топтастырып, шешу жолдарын ұсынады
8.3.3.1 Құрлық суларының қалыптасу
жолдарын анықтайды
8.3.3.4 Қазақстандық компонентті
қосымша қамту негізінде өзендердің
гидрологиялық режимін түсіндіреді
8.3.3.6 Жергілікті компонентті қосымша
қамту негізінде құрлық суларының
экологиялық проблемаларын жіктеп,
шешу жолдарын ұсынады
8.3.3.7 Жергілікті компонентті қосымша
қамту негізінде су апаттарының алдын
алу шараларын ұсынады

Тапсырм
а саны*

Тапсырм
а№*

Тапсырм
а түрі*

Балл
*

Жоғары деңгей
дағдылары

Орындал
у
уақыты,
мин*

1

5

ТЖ

6

4

Қолдану

1

1

ҚЖ

3

3

Қолдану

1

2

ҚЖ

3

3

Ойлау
дағдыларының
деңгейі

18

Жоғары деңгей
дағдылары

1

6

ТЖ

5

4

Жоғары деңгей
дағдылары

1

7

ТЖ

6

4

Қолдану

1

3

ҚЖ

3

2

Қолдану

1

4

ҚЖ

4

2
12

Жоғары деңгей
дағдылары

1

8

ТЖ

5

4

Жоғары деңгей
дағдылары

1

9

ТЖ

5

4

40

30

Барлығы
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

9

15

Бөлімге
берілеті
н балл
саны

30

Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Суретте атмосфераның ғаламдық циркуляциясы берілген.

(a) Жоғары қысым аймағы орналасқан климаттық белдеуді анықтаңыз.___________ [1]
(b) Төменгі қысым аймағы орналасқан климаттық белдеуді анықтаңыз.___________ [1]
(c)
Тропиктік белдеуден соғатын тұрақты желдерді атаңыз._____________________ [1]
2. Солтүстік Америка және Евразия материгіндегі қоңыржай белдеудің ұқсастығы мен
айырмашылығын кестеге жазыңыз.
a.Қоңыржай белдеудің тек
Солтүстік Америкаға тән
ерекшелігі

ҚОҢЫРЖАЙ БЕЛДЕУ

b.Ұқсастықтары

с. Қоңыржай белдеудің тек
Евразия материгіне тән
ерекшелігі

3. Сурет бойынша жер асты суларының пайда болу жолдарын анықтаңыз.

[3]

(a) Артезиан суларының пайда болу жолын анықтаңыз. _______________________ [1]
(b) Қабат аралық сулардың пайда болу жолын жазыңыз. ______________________ [1]

16

4. Сырдария өзенінің гидрологиялық режимін түсіндіріңіз.

(a) Гидрограф бойынша су көлемінің ең төмен айын анықтап, себебін
жазыңыз_____________________________________________________________
(b) Гидрограф бойынша су көлемінің ең жоғары айын анықтап, себебін
жазыңыз._____________________________________________________________
5. Климат түзуші факторларды атап, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін талдаңыз.
(a) Географиялық ендікке байланысты климат өзгерісін жазыңыз.________________
(b) Географиялық орынның климатқа әсерін анықтаңыз. ________________________
(c) Жер бедерінің әсерін түсіндіріңіз._________________________________________
(d) Ауа массаларының климат өзгерісіне әсерін сипаттаңыз._____________________

[1]
[1]

[1]
[1]
[1]
[1]

6. Мәтінмен танысыңыз. Осы мәтін негізінде талдау жасаңыз.
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу,
екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және
орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға
мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат
жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз,
тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды
дауылдарды жатқызуға болады.
(a) Климаттың ауыл шаруашылығына жағымды жағын жазыңыз._______________
(b) Өзіңіз анықтаған қолайлы климаттық жағдайлар Қазақстанның қай аймақтарында
кездесетіндігін анықтаңыз.______________________________________________
(c) Өз аймағыңызда жиі кездесетін қолайсыз атмосфералық құбылысты атаңыз.
_____________________________________________________________________
(d) Осы құбылыстың шаруашылыққа тигізетін әсерін бағалаңыз.______________

[1]
[1]
[1]
[1]

7. Төмендегі суретте антропогендік факторлардың климат пен атмосфераға тигізетін әсері
көрсетілген.

17

(a) Климат пен атмосфераға әсер ететін антропогендік факторды топтастырыңыз.
_____________________________________________________________________
[1]
(b) Климаттың өзгеруінен болатын қауіпті климаттық құбылыстарды атаңыз.
_____________________________________________________________________
[1]
(c) Өз аймағыңызда болатын қауіпті климаттық құбылыстың негізгі көзі қандай фактордан
болатынын жазыңыз.
_____________________________________________________________________ [1]
(d) Қауіпті климаттық құбылыстардың алдын алу жолдарын ұсыныңыз.
___________________________________________________________________________ [1]
8. Жергілікті жердегі құрлық суларының бір түрін мысалға ала отырып, талдаңыз.
(а) Өз жеріңіздегі құрлық суының қолданылатын бір түрін жазыңыз.
_____________________________________________________________________
(b) Құрлық суының ластану көзін атаңыз.
_____________________________________________________________________
(c) Ластанудан туындайтын бір экологиялық мәселені (проблема) жазыңыз.
_____________________________________________________________________
(d) Экологиялық мәселені шешу жолын ұсыныңыз.
____________________________________________________________________

[1]
[1]
[1]
[1]

9. Өз аймағыңызда болатын су апаты түрін төмендегі жоспар негізінде талдаңыз.
(a) Су апатының түрін атаңыз.
____________________________________________________________________
(b) Пайда болатын мерзімін анықтаңыз.
____________________________________________________________________
(c) Қандай құбылыстарға байланысты болатынын түсіндіріңіз.
____________________________________________________________________
(d) Су апатының алдын алу жолын ұсыныңыз.
____________________________________________________________________

18

[1]
[1]
[1]
[1]

Балл қою кестесі
Жауап


1

2

3
4
5

6

7

8

9

a. Тропиктік, арктикалық және антарктикалық
b. Экваторлық, қоңыржай
c. Пассаттар
a. Теңіздік болады
b. Биоресурстарының ұқсастығы
c. Теңіздік және континенттік болып бөлінеді
a. Терең қабаттан жоғары қысыммен шығуы
b. Су өткізбейтін қабаттар орналасады
a. Тамыз айы, антропегендік фактор
b. Мамыр айы, қар суының еруі, жауын- шашын
a. Күннің түсу бұрышы өзгереді
b. Теңіздік және континенттік (шұғыл өзгеретін)
климаттың қалыптасуы
c. Жазық және таулы аймақтардағы температура,
жауын- шашын, қысым өзгерістерінің болуы
d. Қысым аймақтарына (жоғары және төменгі)
байланысты ауа массаларының қозғалысы
a. Ылғал, жылу, жарық
b. Солтүстік және Орталық аймақтарда
c. Өз аймағындағы қолайсыз атмосфералық құбылысты
атайды (дауыл, қуаңшылық, құрғақшылық т.б.)
d. Адам денсаулығы мен шаруашылыққа әсерін
бағалайды (оқушының ойлау деңгейіне байланысты)
a. Химиялық, физикалық, биологиялық
b. Жылыну, парниктік жылыну эффектісі, қышқыл
жаңбыр т.б.
c. Өз аймағында кездесетін қауіпті құбылысты жазады
(мұздықтардың еруі, сел, қышқыл жаңбыр т.б.)
d. Сүзгілер орнату, альтеративті түрлерін құру,
ағаштар отырғызу т.б.
a. Өзен
b. Ауылшаруашылық қалдықтары
c. Малдардың қырылу, өсімдіктердің өспей қалуы
d. Қосымша су қоймаларын құру
a. Су басу
b. Көктемде
c. Қардың еруі
d. Бөгет құру, арықтарды тазалап ашу

Балл
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
30

Жалпы балл

19

Қосымша
ақпарат

көл, бұлақ
өнеркәсіп
адам
денсаулығы
сүзгілер
тасқын
жазда
мұздықтардың
еруі
бөгет құру

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны – 30
Тапсырманың түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір
жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу
қабілеті бағаланады.

20

3–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім

Физикалық
география

Физикалық
география

Әлеуметтік
география

Тексерілетін мақсат

Ойлау
дағдыларының
деңгейі

8.3.4.1 Табиғат зоналары мен биіктік
Білу және түсіну
белдеулерінің қалыптасуын түсіндіреді
8.3.4.2 Табиғат зоналарын жоспар
Қолдану
бойынша сипаттайды
8.3.4.5 Өсімдік әлемі мен жануарлар
Жоғары деңгей
дүниесін қорғау қажеттілігін дәлелдейді,
дағдылары
қорғау жолдарын ұсынады
8.3.5.1 Географиялық қабықтың құрамы
мен құрылысын графикалық түрде
Қолдану
көрсетіп, түсіндіреді
8.4.1.2 Дүниежүзі елдерін халықтың
Қолдану
ұдайы өсу түрі бойынша жіктейді
8.4.1.3 Елдердің демографиялық жағдайын
талдап, демографиялық көрсеткіштерін
есептейді: халық саны, туу және өлім
Жоғары деңгей
коэффициенттері, табиғи және
дағдылары
механикалық өсім, жалпы өсім, жасжыныстық көрсеткіштер, ұлттық және
діни құрам
8.4.1.4 Елдердің демографиялық
көрсеткіштерін графикалық түрде ұсынып,
Қолдану
түсіндіреді
8.4.1.5 Дүниежүзі елдерін демографиялық
Қолдану
проблемалары бойынша жіктейді
8.5.1.1 Табиғи ресурстарды экономикалық
Жоғары деңгей
және экологиялық тұрғыдан бағалайды
дағдылары

Экономикалық
география
Барлығы
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Тапсырм
а саны*

Тапсырма
№*

Тапс
ырма
түрі*

Орындалу
уақыты,
мин*

Балл
*

1

1

КТБ

2

1

1

2

4

2

1

7

ТЖ

6

4

1

3

ҚЖ

4

4

1

4

3

4

1

8

7

5

7

4

14

1

5

ҚЖ

4

2

1

6

ҚЖ

4

3

1

9

ТЖ

6

5

5

40

30

30

9

21

ТЖ

Бөлімге
берілетін
балл
саны

Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуындағы басты ұқсастықты атаңыз.
А) жылу мен ылғалдың арақатынасы
В) қысым мен жылудың арақатынасы
С) қысым мен ылғалдың арақатынасы
D) желдер мен ылғалдың арақатынасы
2. Берілген мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз.
(a) Табиғат зонасының атауын табыңыз. ______________________________________
(b) Табиғат зонасының басты ерекшелігін анықтаңыз. __________________________

[1]
[1]
[1]

Толық жетілмеген батпақты топырақтардағы мүкті-қыналы және бұталы
өсімдіктерден тұратын табиғат зонасы. Мұнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі
соғады. Сондықтан бұталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Ең көп тараған өсімдік - бұгы
мүгі, солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады.
3. Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген мәтінді қолданып, географиялық қабықтың құрамы
сызбасын толықтырыңыз.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында осы географиялық қабық туралы ілім
негізі қаланды. Географиялық қабық ілімінің қалыптасуына А. Гумбольдт, В.В. Докучаев
және В.И. Вернадский еңбектері зор. Географиялық қабық ғаламшарда ең үлкен табиғат
кешені болып табылады. Географиялық қабық дегеніміз – Жер шарының біртұтас
қабығы. Оның құрамдас бөліктері: атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның
жоғарғы қабаттары, гидросфера, биосфера олардың арасында зат пен энергия алмасуы
жүреді. Заттар: қатты, сұйық, газ тәрізді. Энергияны күннен алады. Зат пен
энергия айналымы: ауа айналымы, су айналымы, биологиялық айналым, жер
қыртысындағы зат пен энергия айналымы үздіксіз тізбекті құрайды.

[4]

22

4. Дүниежүзі халықтарының ұдайы өсу типтері картасын қолданып, сұрақтарға жауап
беріңіз.

(a) Ұдайы өсудің І типіне жататын Шетелдік Европаның бір мемлекетін анықтаңыз.
__________________________________________________________________________ [1]
(b) Ұдайы өсудің ІІ типіне жататын Африканың бір мемлекетін анықтаңыз.
__________________________________________________________________________ [1]
(c) Ұдайы өсудің І типіне жататын Шетелдік Азияның бір мемлекетін анықтаңыз.
__________________________________________________________________________ [1]
(d) Ұдайы өсудің ІІ типіне жататын Оңтүстік Американың бір мемлекетін анықтаңыз.
___________________________________________________________________________ [1]
5. Берілген кестедегі елдердің табиғи өсуін бағаналы диаграммада көрсетіңіз.
Мемлекет
Оман
Ирак
Кот-д´Ивуар

Табиғи өсу, ‰
49
36
35

Мемлекет
Украина
Ресей
Белоруссия

Табиғи өсу, ‰
- 6,2
- 5,2
- 4,0

6. Картаны қолдана отырып, елдерді демографиялық проблемалары бойынша жіктеңіз.

23

[2]

Ұдайы өсу коэффициентінің
жоғары болуына байланысты
азық-түлік жетіспейтін елдер
(2 мемлекет)

Ұдайы өсу коэффициентінің
жоғары болуына
байланысты жердің дауы
туындайтын елдер (2
мемлекет)

Ұдайы өсу коэффициентінің
төмен болуына байланысты
ұлттардың жоғалып кету
қаупі туындайтын елдер
(2 мемлекет)

[3]

7. Төмендегі сызбаға қарап, талдау жасаңыз.

(a) Табиғатта өсімдіктердің азаюына әсер ететін адамның бір әрекетін атаңыз.
______________________________________________________________________
(b) Табиғаттағы жануарлардың азаюына әсер ететін адамның бір әрекетін атаңыз.
______________________________________________________________________
(c) Адам үшін өсімдік пен жануардың бір маңызын жазыңыз.
_____________________________________________________________________
(d) Биологиялық ресурстарды қорғау жолын қарастырыңыз.
_______________________________________________________________________

[1]
[1]
[1]
[1]

8. (a) Ұлыбританияның 2016 жылғы халық санына байланысты деректерін пайдалана
отырып, ел халқының жалпы өсімін есептеңіз.
Туылған адам саны
819 401 Келген адамдар саны
Қайтыс болған адам саны 595 397 Кеткен адамдар саны
Халықтың табиғи өсімі,
Көші-қон бойынша халықтың өсімі, адам
адам
Халықтың жалпы өсімі 2016 жыл, адам

600 000
270 000

[3]

24

(b) Ұлыбритания халқының саны қандай көрсеткіш есебінен көбейіп отырғанын анықтаңыз.
Себебін түсіндіріңіз.
________________________________________________________________________________
_______________________________
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
12.03.2024
2084
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі