География 8 сынып тжб 3 тоқсан толық жауаптары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

География 8 сынып тжб 3 тоқсан толық жауаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
География 8 сынып тжб 3 тоқсан толық жауаптары. Дұрыс жауаптар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



1.Табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуындағы басты ұқсастықты атаңыз.

А) жылу мен ылғалдың арақатынасы

В) қысым мен жылудың арақатынасы

С) қысым мен ылғалдың арақатынасы

D) желдер мен ылғалдың арақатынасы

[1]



2. Берілген мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз.

(a) Табиғат зонасының атауын табыңыз. [1]

Табиғат зонасының атауы- тундра

(b) Табиғат зонасының басты ерекшелігін анықтаңыз. [1]

Табиғат зонасының басты ерекшелігі- толық жетілмеген батпақты топырақ болып келеді.

Толық жетілмеген батпақты топырақтардағы мүкті-қыналы және бұталы

өсімдіктерден тұратын табиғат зонасы. Мұнда күшті желдер мен қарлы борандар жиі

соғады. Сондықтан бұталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Ең көп тараған өсімдік - бұгы

мүгі, солтүстік бұғыларының негізгі азығы болып табылады.



3. Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген мәтінді қолданып, географиялық қабықтың құрамы

сызбасын толықтырыңыз.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында осы географиялық қабық туралы ілім

негізі қаланды. Географиялық қабық ілімінің қалыптасуына А. Гумбольдт, В.В. Докучаев

және В.И. Вернадский еңбектері зор. Географиялық қабық ғаламшарда ең үлкен табиғат

кешені болып табылады. Географиялық қабық дегеніміз – Жер шарының біртұтас

қабығы. Оның құрамдас бөліктері: атмосфераның төменгі қабаттары, литосфераның

жоғарғы қабаттары, гидросфера, биосфера олардың арасында зат пен энергия алмасуы

жүреді. Заттар: қатты, сұйық, газ тәрізді. Энергияны күннен алады. Зат пен

энергия айналымы: ауа айналымы, су айналымы, биологиялық айналым, жер

қыртысындағы зат пен энергия айналымы үздіксіз тізбекті құрайды.

[4]

Атмосфера қабаты Биосфера қабаты Гидросфера қабаты Литосфера қабаты



4. Дүниежүзі халықтарының ұдайы өсу типтері картасын қолданып, сұрақтарға жауап

беріңіз.

(a) Ұдайы өсудің І типіне жататын Шетелдік Европаның бір мемлекетін анықтаңыз.

Германия, Испания, Чехия

[1]

(b) Ұдайы өсудің ІІ типіне жататын Африканың бір мемлекетін анықтаңыз.

Алжир, Кения

[1]

(c) Ұдайы өсудің І типіне жататын Шетелдік Азияның бір мемлекетін анықтаңыз.

Қытай

[1]

(d) Ұдайы өсудің ІІ типіне жататын Оңтүстік Американың бір мемлекетін анықтаңыз.

Бразилия

[1]



5. Берілген кестедегі елдердің табиғи өсуін бағаналы диаграммада көрсетіңіз.



Мемлекет

Табиғи өсу, %

Мемлекет

Табиғи өсу, %

Оман

49

Украина

-6,2

Ирак

36

Ресей

-5,2

Кот-д´Ивуар

35

Белоруссия

-4,0

[2]

Shape2 Shape1 50

Shape5 4Shape4 Shape3 0

Shape6 30

2Shape7 0

Shape8 10

0Shape12 Shape11 Shape10 Shape9

-Shape13 10









6. Картаны қолдана отырып, елдерді демографиялық проблемалары бойынша жіктеңіз.

Ұдайы өсу коэффициентінің

жоғары болуына байланысты

азық-түлік жетіспейтін елдер

(2 мемлекет)

Ұдайы өсу коэффициентінің

жоғары болуына

байланысты жердің дауы

туындайтын елдер (2

мемлекет)

Ұдайы өсу коэффициентінің

төмен болуына байланысты

ұлттардың жоғалып кету

қаупі туындайтын елдер

(2 мемлекет)

Чад, Орталық Африка Республикасы

Қытай, Үндістан

Франция, Германия

[3]



7. Төмендегі сызбаға қарап, талдау жасаңыз.

(a) Табиғатта өсімдіктердің азаюына әсер ететін адамның бір әрекетін атаңыз. [1]

Өсімдіктерді жұлу, ағаштарды кесу, бұталарды сындыру.

(b) Табиғаттағы жануарлардың азаюына әсер ететін адамның бір әрекетін атаңыз. [1]

Аңшылықпен айналасу

(c) Адам үшін өсімдік пен жануардың бір маңызын жазыңыз. [1]

Таза ауа мен азық

(d) Биологиялық ресурстарды қорғау жолын қарастырыңыз. [1]

Қызыл кітапқа енгізіп, қорғау



8. (a) Ұлыбританияның 2016 жылғы халық санына байланысты деректерін пайдалана

отырып, ел халқының жалпы өсімін есептеңіз.

Туылған адам саны

819 401

Келген адамдар саны

600 000

Қайтыс болған адам саны

595 397

Кеткен адамдар саны

270 000

Халықтың табиғи өсімі,

Адам

224004

Көші-қон бойынша халықтың өсімі, адам

330000

Халықтың жалпы өсімі 2016 жыл, адам

554004 адам



[3]

(b) Ұлыбритания халқының саны қандай көрсеткіш есебінен көбейіп отырғанын анықтаңыз.

Себебін түсіндіріңіз.

Ұлыбритания халықының саны ұлғаюы көші-қон ағынының есебінен көбейіп отыр.

[2]





9. Өз аймақтарыңыздағы табиғи ресурстың бір түрін алып, төмендегі жоспар негізінде

талдаңыз.Алматы

(а) Табиғат ресурсының жергілікті жер үшін маңыздылығына 1 дәлел келтіріңіз. [1]

Алматы қаласы үшін табиғи ресурстардың маңыздылығын жақтайтын дәлелдердің бірі-қала тұрғындарға қоршаған ортаның сұлулығы мен тазалығынан ләззат алуға мүмкіндік беретіні

(b) Табиғи ресурстың жергілікті жердің экономикасын дамытудағы үлесіне 1 дәлел

келтіріңіз. [1]

Алматыдағы әдемі табиғат, таулар, өзендер мен көлдер сияқты табиғи ресурстардың алуан түрлілігі туризмді дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер туғызады

(с) Пайдалану кезінде қоршаған ортаға әсерін 1 мысалмен жазыңыз. [1]

Пикниктен немесе серуендеуден кейін табиғатта қоқыс қалдыру.

(d) Өндіру кезіндегі әсеріне экологиялық баға беріңіз. [1]

Алматының өндірістегі әсерін экологиялық бағалау әр түрлі болуы мүмкін және кәсіпорындар қолданатын нақты жағдайлар мен технологияларға байланысты. Мысалы қоршаған ортаның ластануына, атмосфераға зиянды заттардың шығарылуына, су объектілеріне зиянды заттардың төгілуіне және биоәртүрлілікке теріс әсер етуі мүмкін.

(е) Экономикалық маңызы мен экологиялық әсерін салыстырып, қорытынды жазыңыз.

Қорытындылай келе, Алматының экономикалық маңызы мемлекет үшін маңызды болғанымен, экологиялық мәселелерге көбірек көңіл бөліп, қоршаған ортаның сақталуын және оның тұрғындарының болашақта әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін қаланың тұрақты дамуын ынталандыру қажет.

[1]

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.03.2024
604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі