400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"География әлемінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен баланы жан-жақты дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республиксының Білім және ғылым министірлігі





«География әлемінде»

факультатив курсының бағдарламасы

8 сынып





Құрастырған: Дайрабекова Асима Курбанбековна













Түсінік хат

«Материктер мен мұхиттардың физикалық» географиясы - физикалық географиясының аймақтық бөлімі.Ол әрбір материк пен мұхит табиғатының жалпы географиялық заңдылықтарын табиғатындағы ұқсастық және айырмашылық белгілерін анықтайды. Оқушылардың географиялық білімдерін тереңдетуге  және    кәсіптік бағдар алу қажеттілігіне сәйкес ,географиялық білімдерін жетілдіруде,баланың жеке тұлға ретінде  дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуына курстың берері мол.Курс барысында оқушылардың Жердің ғаламшар ретінде дамуы және жер бетінде тіршіліктің пайда болуы ғажайыптары жайлы ,жердің пайда болуының жалпы теориясы,жер қозғалысының географиялық салдары,саралану,даму қозғалысы(динамика)т.б географиялық қабық заңдылықтары туралы, әлемнің географиялық бейнесін сипаттайтын білім мазмұны кеңейтіліп,тереңдетіледі.

Мақсаты:

-Географияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып,оқушыларды ақпараттандырылған қоғамда өмір сүруге бағдарлау.

 -Тұлғаның өзіндік әлеуетінің дамуына ықпал етуші танымдық қабілеттерін арттыру.

-Қазіргі өзгермелі дүниеде тұлғаның  өз бетінше шешім қабылдауына дағдыландыру.

-Елдердің табиғат жағдайларымен табиғат ресурстарын шаруашылық тұрғыдан бағалауға;

-Халықтардың тарихи-этнографиялық,қоғамдық және әлеуметтік,экономикалық мәселелерді оқып үйренуді қалыптастыру;

-Оқушыларға дүниежүзі елдерінің халқын олардың салт-дәстүрлерін,дінін,мәдениетінен кеңірек оқытып үйрету;

-Дүниежүзі елдерінің географиялық жағдайы,табиғат ресурстары мен халықтар туралы,шаруашылығы және өның ғылыми-техникалық жағдайындағы даму беталыстары жайында түсінік беру;

-Түрлі тақырыптық карталармен жұмыс істей білуі;

-Сұрақтарға толық жауап беріп, тапсырмаларды ынта қоя орындауларын қадағалау;

-Курс бойынша алған білімін ғылыми зерттеушілік жұмысқа бағыттау;

-Географиялық мәдениеті мен білімін жетілдіруді қалыптастыру;

-Оқушыларды еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие беру;

-Әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жалпы қабілетін дамыту.

Өзектілігі:Дүние жүзі елдеріне қатысты өзекті мәселелерді зерттеуде оқушылардың практикалық іс-әрекет дағдыларын дамыту.

Мәселе:Дүние жүзі елдеріндегі аймақтық және ғаламдық  мәселелердің түпкілікті шешімін таппауы;экологиялық жағдайдың қауіпті құбылысқа айналуы;елдер арасында өзара интеграцияланған экономиканың толық дамымауы;елдердің географиялық тұрғыдан дамуы жонінде толық ақпараттың тапшылығы.

Бағдарланған мамандықтар:

география,геология,биология,экология,экономика,бағалау.маркетинг.

Күтілетін нәтиже:

7 – сынып оқулығы бойынша берілетін мұхиттар мен материктер тақырыптары бойынша білімдерін дамыту.

Коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы

Ұлттық мәдениетін құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азаматы.

Оқыту технологиясы:СТО технологиясы.тб

Көрнекілік құралдары : көрсетілімдік аспаптар мен стендер,баспа құралдары,бейнефильмдер,бейнефрагменттер.глобус, карталар,кесте,сызбалар,әдістемелік әдебиеттер.

Бағдарламаны жүргізу формалары: Реферат, сынақ, тест, лекция.

Бағдарламаны аяқтау формалары: Тест, сарамандық жұмыстар

Ғылыми болжам:Бұл бағдарлама, оқушылардың 7 сыныптарда жинақтаған материалдарын тереңдете оқыту арқылы алған білімдерін кеңейтіп, ойлауын, сараптама жасай білуін, өз ойын толық жеткізе білумен қатар, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады.

Дүние жүзі елдері географиясының ғылыми мәселелеріне талдау жасау, салыстыру, себеп-салдарын анықтау, жоба құру және болжам жасау сияқты шығармашылық іздену мен ғылыми зерттеу жұмыстарының әдістемесін меңгерген жеке тұлғаны тәрбиелеуге болар еді.

«География әлемінде» курсын оқыту ұстанымдары:

1. Ғылымилық

2. Байланыстылық

-Оқушылар теориялық білімі негізінде практикалық тапсырмаларды орындау біліктіліктерін қалыптастыру.

-Бағалау,болжау,анықтау,сипаттау,түсіндіре білуі қажет.

-Оқушының коммуникативтік,ақпараттық құзыреттіліктерін арттыру.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Әлемдік география кітабы. Дорлинг Киндерсли баспасы. Лондон.   1996 ж орысша аудармасы.

2. География және табиғат журналы №3 2003 ж, №1,3,5,6 2004 ж, №3,5,6      2005 ж, №3 2006ж.

3.«Химия,биология және география»журналы

4. Қазақ энциклопедиясы. Алматы, 2001 ж.

5. ҚР энциклопедиялық анықтама. Алматы, 2001 ж.

6.Қазақстан географиясы және экология мектепте және ЖОО-да оқыту















«География әлемінде» курсының

№

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі


1.

Кіріспе

1



2.

Дүниежүзілік мұхит жалпы физикалық -георгафиялық сипаттама


1



3.

Атлант мұхиты

1



4.

Тынық мұхиты

1



5.

Евразия материгі

1



6.

Евразия материгінің жер бедері

1



7.

Евразияның табиғат зоналары

1



8.

Евразия климаты

1



9.

Евразияның ішкі сулары

1



10

Солтүстік Америка материгінің қалыптасуы мен табиғатының даму кезеңдері

1



11

Солтүстік Американың жер бедері

1



12

Солтүстік Американың климаты

1



13

Солтүстік Американың ішкі сулары

1



14

Оңтүстік жарты шар материктері.Оңтүстік Америка

1



15

Материк табиғатының даму мен қалыптасу кезеңдері.Жер бедері

1



16

Оңтүстік Американың климаты

1



17

Оңтүстік Американың ішкі сулары

1



18

Оңтүстік Американың өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесі

1



19

Африка материгі

1



20

Африканың климаты

1



21

Африка материгінің ішкі сулары

1



22

Африка материгінің топырақ- өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі

1



23

Австралия материгі

1



24

Австралия климаты,ішкі сулары,органикалық дүниесі

1



25

Мұхиттық аралдар

1



26

Антарктида материгі

1



27

Антарктиданың климаты

1



28

Антарктиданың табиғаты

1



29

Мұхит түбі релефінің ерекшелшегі

1



30

Мұхиттағы тіршілік дүниесі

1



31

Беткі ағыстар. Мұхиттағы тіршілік

1



32

Дүние жүзіндегі мұхиттар

1



33

Беткі ағыстар

1



34

Мұхиттардың географиялық орны

1




Барлығы:

34сағат





























































тақырыптық жоспары





Сабақтың тақырыбы   Дүниежүзілік мұхит жалпы физикалық -георгафиялық сипаттама

 Жалпы мақсаттар       Танымдық: Гидросфера ,дүниежүзілік су айналымы,табиғаттағы су айналымы жайлы толық мағлұмат беру, және  түсіндіруге әртүрлі жұмыс түрлерін ұсыну.

Эмоциялық: сыныптағы ынтымақтастық ықпалдастық орта қалыптастыру

Әлеуметтік: әлеуметтік өзара әрекеттесу барысында жұмыс түрлерін ұсыну

Оқу нәтижесі       Гидросфера ,су қабығы жайлы білімін толықтарыды. Өзгенің пікірін   тыңдауға үйренеді.Оқушылардың лайықты іс-әрекеттердегі ой-пікірлерін тыңдау арқылы ынталандыруЖеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын салыстыру

 Тапсырма көздері        1. Ақпаратпен танысу /жеке жұмыс/

2.Топтық жұмыс          2. Терминдермен жұмыс

Негізгі идеялар   механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);

Сабақтың көрнекілігі  Атлас жинағы, кескін карталар , Саяси карта, суреттер, стикер,постер,видео ролик

I. Ұйымдастыру    кезеңі

 Үй тапсырмасын сұрау

 Жаңа сабақ

 Топтық тапсырмалар

 Жеке жұмыс

 Бағалау

 Үйге тапсырма

        Сергіту сәті. «Тілек айту»

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

1,2,3 деп топқа бөлу.

 І.  СТО-ды дамыту үшін миға шабуыл стратегиясы бойынша сұрақтар стратегиясы      «Миға шабуыл» сұрақтар қою.

1. Гидросфера дегеніміз не?

2. Гидросфераның құрамына нелер жатады

3. Табиғатта су неше күйде кездеседі?

4. Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?

5. Мұхит суының қандай басты қасиеттері бар?

6. Судың мұхиттан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін не деп атайды?

7. Табиғатта су қандай күйде кездеседі ?

8. Судың қандай қасиеті бар?

9. Мариан шұңғымысын кім зерттеді?

 Топтық жұмыс арқылы  мәтінмен жұмыс жүргізу.

Топтаса отырып, ойланады, талқылайды. Постер арқылы қорғайды.

 І топ. Дүниежүзілік мұхит

ІІ топ . Мұхиттардың ашылу тарихы

ІІІ топ. Мұхит бөліктері

Бағалау критерилері

1.Тақырыптың ашылуы

2.Түсіндірілуі

3.Маңыздылығы

 «Өзін-өзі және топтағы мүшелерді бағалау»

 «Теңізден өту» тапсырмалары

І тапсырма     Кім картаны жақсы біледі?   (Кесте толтыра отырып, картадан көрсету.)

№      Мұхит-

тың аты      Қандай жарты шарда орналасқан Мұхиттың ең терең жері       Қандай құрлықтардың жағалауын шайып жатыр

        Мұхиттың ерекшіліктері

1       Тынық  мұхиты  Батыс жарты шар        11022м

Мариан шұңғымасы    Еуразия, Аустралия,Солтүстік және

Оңтүстік Америка        Ауданы Жағынан ең үлкені

2       Атлант мұхиты   Батыс ,шығыс жарты шар    8742м

Пуэрто – Рико шұңғымасы  Еуразия, Африка ,

Солтүстік және Оңтүстік Америка        Балыққа ең бай мұхит

3       Үнді  мұхиты      Шығыс Жарты шар         7209м

Зонд аралдары   Еуразия, Африка, Аустралия, Антарктида     Ең жылы

 және тұзы жоғары мұхит

4       Солтүстік мұзды мұхиты      Солтүстік жарты шар  5527м

Гренландия теңізі        Еуразия мен Солтүстік Америка   Ауданы

Жағынан ең кішісі және ең суық мұхит

 ІІ  тапсырма    «Ең ерекше»   ойыны

Өзіндік ерекшелігі       Мұхиттың аты

ең үлкен

ең суық

ең жылы

ең ұзын

ең кіші

ең тұзды

ең оңтүстіктегі

ең солтүстіктегі

ең тереңі

ең ендісі

жануарлар дүниесіне ең байы

ең мұздысы

ең аралы көп

балық аулаудағы ең негізгісі

        Тынық

Солтүстік мұзды

Тынық

Атлант

Үнді

Cолтүстік мұзды

Үнді

Солтүстік мұзды

Тынық

Тынық

Тынық

Солтүстік мұзды

Тынық

Атлант

 ІІІ тапсырма   «Балық аулау»

 Әр мұхитқа байланысты     шығанақтар, бұғаздар, өзендер, көлдерді тауып,

орналасқан жерін картаға түсіреді.

ІҮ тапсырма      Семантикалық карта.

Саргасс-теңіз

Жерорта –ішкі теңіз

Баренц-шеткі теңіз

Гудзон –шығанақ

Дрей-бұғаз

Мозамбик-бұғаз

Үнді-жылы мұхит

Гренландия-арал

Сары - теңіз

Лабрадор - түбек

Мадагаскар - арал

Гибралтар – бұғаз

Аравия – түбек

 «Ой –толғаныс»          «Керісінше ойлау стратегиясы»

 Жаратылыстары адам қайран қаларлық таңғажайып тіршілік иелері мұхит астында өмір сүруде. Асқан ақылдылықпен, ғажайып шеберлікпен жаратылған бұл дүниені ғалымдар енді ғана ашқан мұхит суларының араласпау құпиясын біле отырып, әлемнің әлі ашылмаған жұмбақ сырлары, ғажайып құпияларының көптігін байқаймыз

 1. Су болмаса нендей жағдай болар еді?

2. Дүниежүзілік мұхит сулары тұщы суға айналса нендей жағдай болар еді?

3.Солтүстік Мұзды мұхит еріген жағдайда не болар еді?

 Формативті бағалау      1. Сабақ туралы жалпы ойың?

                                        2. Сіздің дамуға әсер еткен сабақтағы аспектініз?

 


Сабақ тақырыбы:  Атлант мұхиты

Сабақ мақсаты:  Мұхиттардың табиғат жағдайы, мұхит суының қалыптасуы, а) білімділік  температурасы, тұздылығы су массалары мен беткі ағыстары, олардың қалыптасуы мен таралу ерекшеліктері туралы білім беру. Табиғат ресурстары мен байлықтары,  мұхит табиғатын қорғау шаралары  туралы экологиялық білім беру.   ә) дамытушылық    Өздігінен жұмыс жасау дағдыларын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту. б) тәрбиелілік        География, Физика, биология пәндерінен  алған теориялық білімдерін табиғат құбылысының құпиясын танып білуге, өмірмен байланыстыра білуге тәрбиелеу
Сабақ көрнекілігі:  Мұхиттар картасы    (слайд    суреттері) Электрон. оқулық.

Сабақ түрі:        Сарамандық жұмыс

Сабақ әдісі:         өзіндік жұмыс

Сабақ барысы:         2.Сарамандық жұмыс тапсырмалары:

 1. Ұйымдастыру кезеңі            Мұхиттар атауларының сыры неде?

     Тынық мұхит аталу себебі:   (1530 жылы 28 қарашада) Ф.Магеллан Жер шарын айналу саяхатында Тынық мұхитынан жүзгенде бірнеше ай бойы мұхит тыныштық сақтаған, сол себепті аталған.

   Атлант мұхиты – Гректер мифологиясының кейіпкері, Аспан әлемін екі иығына көтеріп ұстап тұрған, алып Атланта есіміне берілген дейді. ХҮІ-ғасырдың басында әр түрлі атаулар берілген. Геракл мұнараларының артқы жағында орналасқан теңіз деп, «Атлантик», « Батыс мұхит», деген сияқты көптеген атаулар берген екен. Қазіргі атауы  1507 жылы Вальдземюллер картасында бейнеленеді.

   Үнді мұхиты – Үндістан жағаларын шайып жатқандықтан берілсе керек. Бірақ, І-ғасырда Ежелгі Римде Помпоний Мел Үнді теңізі деп атаған екен. Ал Ресейде Индей теңізі деп атаған.  Ал, орыс саяхатшысы А.Никитин ХҮ-ғасырларда  жоғарыда келтірілген екі атауды да қолданған. ХҮІ ғасырдан бастап, ХІХ ғасырдың ширегіне  дейін Индей теңізі деп аталып келген. 1811 жылы Гериссон Максимович картасында  да осы атпен бейнеленген. 1823 жылдан бастап, Үнді мұхиты болып аталды.

   Солтүстік мұзды мұхиты – ХҮІІ ғасырларда батыс Еуропалықтар картасында Гиперборей мұхиты деп аталды. Бұл атау – Гректердің солтүстік жел құдайы-Борей есімі. Ал, орыс саяхатшылары: «Суық теңіз», «Мұзды теңіз» т.б деп атаған. ХІХ ғасырда қазіргі атауын  адмирал Ф.П. Литке Осы Арктиканы зерттегенде  қойған екен.  Солтүстік деп, географиялық орнына аталса, Ал Мұзды деп, мұхит бетін мұз басып жатқандықтан аталса керек.








Мұхитқа сипаттама беру жоспары:

Мұхит атауы

Геог-қ орныАуданы,  Көлемі

Мұхит табанының жер бедері.

Орт. тереңдігі мен ең терең жері

Климаты

Беткі ағыстар

Мұхит ерекшеліктері

Теңіздерімен аралдары

Мұхит 

байлықтары

Тынық









Атлант









Солтүстік мұзды мұхит









Үнді









           

        Қорытындылау. Оқушылар білімін  бағалау.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу мазмұндау. Кескін карта түсіру

Сабақтың тақырыбы: Тынық мұхиты

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік:             Оқушыларды Тынық мұхитымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Тынық мұхит – д.ж-гі ең үлкен және ежелгі мұхит. Тынық мұхит тек үлкендігімен ғана емес, мұхит табанындағы жер қыртысының өте күрделілігімен, жиі қозғалғыштығымен, өте тереңдігімен, жанартау атқылау мен жер сілкіну құбылыстарының жиі байқалуымен, суында жылу қорының мол болуымен, аралдардың көптігімен, тіршілік дүниесінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Географиялық орны. Тынық мұхиттың негізгі бөлігі батыс жарты шарда, экватордың екі жағын ала орналасқан. Ол Африкадан басқа материктің барлығын шайып жатыр. Мұхиттың әсіресе Еуразия материгін шайып жатқан бөлігінде жағалау өте күшті тілімденген: мұнда жағалық теңіздер мен ірілі-ұсақты шығанақтар, бұғаздар өте көп. Олардың көпшілігі материктік қайраңда орналасқандықтан онша терең емес. Ал кейбір теңіздер литосфералық плиталардың жымдасу аймағында орналасқандықтан өте терең және мұхиттан аралдық доғалар арқылы бөлініп жатыр.

Зерттелуі. Тынық мұхит табиғатын нақты, ғылыми тұрғыдан зерттеу тек екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Экспедициялар негізінен Дүниежүзілік мұхит  мен материк арасындағы өзара байланыстарды зерттеу мақсатында ұйымдастырылды.

1957 жылы Ресейдің «Витязь» ғылыми-зерттеу кемесі Тынық мұхитта зерттеулер жүргізіп, оның ең терең бөлігі – Мариана шұңғымасын ашты. Қазіргі кезде Тынық мұхит табиғатын зерттеу арнайы құрылған халықаралық ұйымның басшылығымен жүргізілуде.

Табиғаты. Тынық мұхит ең ежелгі мұхит, ол түгелдей дерлік Тынық мұхит литосфералық плитасында орналасқан. Мұхиттық плитаның көршілес жатқан материктік плиталармен  жымдасқан жері мұхит табанының өтпелі аймақтарына сәйкес келеді.

Мұхиттағы пасаттар басым болатын экватор бойында жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден кем болмайды. Тынық мұхиттың солтүстік-батысындағы Еуразия жағалауында муссондық циркуляция күшті байқалады. Жазғы муссон материк жағалауы мен аралдарға мұхиттан мол ылғал әкелсе, қыста материктен соғатын суық, әрі құрғақ муссон қоңыржай белдеудегі жағалық теңіздердің ұзақ уақыт қатып жатуына себепші болады. Ал сол ендіктердегі ашық мұхитта судың беткі температурасы әлдеқайда жоғары болады. Осы жағалаудағы тропиктік белдеуде жаздың аяғы мен күздің басында қысым айырмашылығы әсерінен қалыптасатын тайфундар байқалады. Ал қоңыржай белдеулерде жылдың салқын мезгілінде батыс желдерінің ықпалы күшейеді.

Тынық мұхиттың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өте бай және алуан түрлі болып келеді. Олардың басқа мұхиттардағы тіршілік дүниесінен басты айырмашылығы – өте ежелгі және алып түрлердің көптеп кездесуі. Бұл ерекшеліктер мұхит суының көлеміне, табиғат жағдайларының алуан түрлілігіне байланысты. Тынық мұхитта басқа мұхиттарда кездеспейтін балықтарлың өте ежелгі түрлері, теңіз кірпілері, семсерқұйрық, теңіз мысығы, теңіз құндызы, теңіз қабыланы сақталып қалған. Өте бағалы албырт балық түрлерінің 95%-ы Тынық мұхиттың Еуразия жағалауында тіршілік етеді. Осы маңда суық және жылы сулар араласатындықтан минтай, камбала, майшабақ, таңқышаяндар көп ауланады, жалпы тіршілік дүниесіне өте бай.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Тынық мұхит табиғатының басты ерекшеліктері қандай?

  2. Тынық мұхиттың қай аудандарында теңіз дауылдары соғады?

  3. Тынық мұхитқа ғана тән жануарлардың түрлерін атаңдар.

  4. Тынық мұхитты адамдар қандай қажетіне пайдаланады?

Қорытынды: Қорытындылай келе, Мұхит байлықтарын ретсіз пайдалану, сулардың мұнаймен, радиоактивті қалдықтармен ластануы соңғы жылдары белең алуда. Әсіресе, өнеркәсібі күшті дамыған елдер орналасқан жағалауларда ластану дәрежесі жоғары. Ластанған сулар ағыстармен бүкіл мұхит айдынына таралады, тіпті Антарктика жағалауындағы жануарлардың денесінен зиянды заттар табылған. Тіршілік ортасының шамадан тыс ластануынан және шектен тыс аулаудың нәтижесінде ерекше теңіз жануарлары – су сиырлары жойылып кеткен. Қазіргі кезде теңіз мысықтары мен киттердің санының азаюына байланысты оларды аулауға тыйым салынған.

Үйге тапсырма: §57-оқуға. Кескін картаға түсіріп келу.

Сабақ тақырыбы: Еуразия материгі.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Еуразия материгі жайлы білімдерін толықтыру, оларға географиялық орны және қашық нүктелері орналасуын дәл анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, картамен жұмыс істей білу шеберлігін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілікке, экологиялық саналыққа тәрбиелеу. Қасындағы жолдасына көмек беруге үйрету.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдістері: Интерактивті оқыту, сұрақ-жауап, тірек-сызба.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, орыс тілі, информатика, математика.
Көрнекілік құралдар: Компьютер, слайд, электронды оқулық мәтіні, дүние жүзінің физикалық картасы.
Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын түгендеу.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
«Ой қозғау» стратегиясы.
1) Ескі, ежелгі материкті атаңдар.
2) Солтүстік жарты шарға қай материктер кіреді?
3) «Венн диаграммасы»
Слайд-1
№ Ұқсастығы № Айырмашылығы
Слайд -2
Фьорд дегеніміз не?
III. Жаңа сабақ
(7- кластың электронды оқулықпен жұмыс)
Интерактивті тақтаға оқушылардың назарын аудару.
Слайд-3 (Суретін көрсету)
Бұл материкте біздің Отанымыз –Қазақстан орналасқан.
Қосымша мәлімет қосу: Еуразия материгінің дәл ортасын ғарыштағы спутниктің көлемін есептеп шығарғанда, қазақ жерінде, Ұлы Абайдың Жидебай жайлауында екені анықталды.
Еуразияның қақ ортасы екенін анықтайтын пирамида орнатылып, оның 4 жағына қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерінде жазылып қойылған.
Слайд-4 интерактивті тақтадан көрсету. (Тірек-сызба)
Еуразия екі дүние бөлігінен тұрады.
Еуропа Азия
“эреб”-бату “асу”- шығыс
Слайд-5 (Дәптерге көшіру және кескін картаға түсіру)
Ең, ең, ең...........
• 1.Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы - Гималай тауындағы
• Джомолунгма шыңы, биіктігі 8848м
• 2.Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан
• жер - Арабия түбегіндегі, Өлі теңіз - 403м
• 3.Жер шарындағы ең үлкен түбек – Арабия,ауданы - 3млн. км²
• 4.Ең суық жер - Солтүстік Шығыс Сібірде - Оймякон,-71ºС
• 5.Ең ыстық жер - Тар шөлі, +53°С
• 6.Аса құрғақ аптапты Араби түбегінің оңтүстігінде жауын-шашын - 15мм аз
• 7.Жауын-шашын көп түсетін жер – Гималайдың оңтүстік –шығыс беткейінде Черапунджи елі, 12000мм
• 8.Жер шарындағы ең үлкен көл - Каспий теңізі, ауданы - 390мың.км ²
• 9.Жер шарындағы ең терең көл - Байкал көлі, тереңдігі - 1620м
Слайд- 6
Шеткі нүктелері:
Солтүстігі - Челюскин мүйісі (77°43‘с.е. 104°18‘ш.б.)
Оңтүстігі - Пиай мүйісі (1°16‘с.е. 103°30‘ш.б.)
Батысы – Рока мүйісі (38°47‘с.е. 9°34‘б.б.)
Шығысы - Дежнев мүйісі (66°05‘с.е. 169°40‘ш.б.)
Слайд-7
Ең алып материк - Еуразия (тірек-сызба)
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Слайд-8 (Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін INSERT кестесін толтыру)
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
V. Бағалау.
VI.Үйге: §14.62-63 бет.
1.
Кескін картамен жұмысты аяқтау.
2. Атлас картадан номенклатура жаттау.
3. «Еуразия материгіне саяхат».Эссе жазу.
4. Интернеттен қосымша мәлімет табу.

Сабақтың тақырыбы:Еуразияның жер бедері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларға жер бедеріндегі пайдалы қазбалармен таныстыру, білімдерін кеңейту, күнделікті іс-әрекетке қатысты білімдерін тереңдету.

2.Дамытушылық Оқушылырдың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты жандандыру.

3. Тәрбиелік Оқушыларды басқа мемлекеттердің жерімен таныстыра отырып, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге, табмғаттағы бар байлықты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Еуразияның жер бедері алуан түрлі. Материктің теңіз деңгейінен орташа биіктігі 840 м, оның ауданынан жартысынан астамын таулар құрайды. Еуразияда дүние жүзіндегі аса  биік тау жүйелері орналсқан. Мұндағы 14 шыңның абсолюттік биіктігі 8000 м-ден жоғары. Олардың 11-і Гималай тауларында орналасқан, ең биік жері – Джомолунгма (Эверест), 8848м.  Таулардың аралығын кең-байтақ жазықтар алып жатыр. Еуразияның жер бедерінің тағы бір ерекшелігі – биіктік ауытқуларының зор болуы: теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Өлі теңіз (-403м) бен  Джомолунгманың биіктігі арасындағы айырмашылық 9251м-ге жетеді.  Еуразия жер бедерінің аталған ерекшеліктері  маериктің даму тарихы мен оны құрайтын жер қыртысындағы өзгерістермен байланысты.

Материктің негізін құрайтын Еуразия литосфералық плитасы әр түрлі геологиялық жастағы құрылымдардың жымдасуынан түзілген. Олардың ең  ежелгісі – Шығыс еуропа, Сібір, Қытай-Корей және Оңтүстік Қытай платформалары. Олардың аралығындағы қозғалмалы бөліктерде болған кейінгі тау жасалу әсерінен платформалар әр түрлі өзгерістерге ұшырап, бір-бірімен жалғасады. Соның нәтижесінде материктің көлемі ұлғайады. Кейінірек оған ежелгі Гондвана материгінің сынықтары – Арабия мен Үндістан платформалары келіп ығысты. Еуразия литосфералық плитасының ығысу жүрген оңтүстік бөлігінде өте күшті тау жүйелері – Кавказ таулары, Армян және Иран таулы қыраттары, Памир, Тибет таулы қыраты, Гималай таулары қалыптасты. Материктің шығысында  Тынық мұхиттық плита Еуразия  плитасының астына сыналап енетін бөлікте аралдар доғалары мен мұхиттық терең шұңғымалар түзілген. Бұл аймақтағы жер қыртысы осы уақытқа дейін өте қозғалмалы болып келеді.

Еуразия арқылы дүние жүзіндегі аса ірі екі сейсмикалық белдеу өтеді. Альпі – Гималай белдеуі еуразияның оңтүстік-батысынан Азияның оңтүстік-шығысына дейін созылып жатыр. Оның солтүстік бөлігі біздің еліміздегі таулы аудандарды да қамтиды.

Күшті жер сілкінулер Тынық мұхиттық геосинклиналдық белдеуде де байқалады. Сондай апатты жер сілкінудің бірі 1923 жылы Жапония астанасы Токио қаласын қиратты. Жер сілкіну нәтижесінде 140 мың адам қаза тауып, 1 млн-ға жуық адам баспанасыз қалды. Мұндай жер сілкіну мұхит түбінде де жиі байқалады. Жер сілкіну орталықтарынан жан-жаққа шеңбер жасап, жылдам тарайтын күшті толқындар – цунами жағалаудағы қалаларға үлкен апат әкеледі. Жапонияның жағалауында 1896 жылы болған осындай апат кезінде 27 мың адам мен 10 600 – ден астам үйді теңіз толқыны лезде шайып әкеткен. Осы белдеуде жанартаулардың атқылауы да жиі байқалады. Сондықтан бұл белдеуді Тынық мұхиттағы «Отты шеңбер» деп атайды. Еуразиядағы ең биік сөнбеген жанартау – Ключи Шоқысы (4750м) мен 1883 жылы Жер тарихындағы ең апатты атқылау болған Үлкен Зонд аралдарындағы Каракатау жанартауы да осы белдеуде орналасқан.

Жер сілкіну жиі болатын аймақтарда көп қбатты үйлердің іргетасы ерекше жобамен қаланады, яғни жер сілкінісіне төзімділігі ескеріледі. Жанартау әрекеті тоқталмаған кейбір аудандарға ыстық сулардың атқылауы – гейзерлер тән. Камчаткада әйгілі Гейзерлер аңғары орналасқан. Адамдар Исландия мен Камчаткада гейзерлердің ыстық суын үйлерді жылытуға пайдаланады.

Пайдалы қазбалар түзілу жағдайына байланыста магмалық және шөгінді болып екі топқа бөлінеді. Магмалық пайдалы қазбалар Жер қойнауынан жарылыстар бойымен магманың сыртқа көтерілуінен түзіледі. Олар негізінен кристалды жыныстар ашық немесе жер бетіне жақын жатқан аудандарда шоғырланған.

Шөгінді пайдалы қазбалар теңіздік және континенттік шөгінділер қалың жиналған аудандарда таралған. Темір, фосфорит, боксит кендері мен әр түрлі тұздар да шөгінді жыныстар құрамында кездеседі.

Мұнай мен газдың мол қоры мұхиттағы органикалық заттардың түпкі шөгінділер құрамында ұзақ уақыт жатуы нәтижесінде пайда болған. Олардың кен орындары платформаның теңіздік шөгінді жыныстарымен толтырылған шеткі иіндерінде орналасады.

Дүние жүзіндегі аса ірі фосфорит кен орындары біздің еліміздегі Қаратау қойнауында шоғырланған. Фосфорит тыңайтқыш өндіруден пайдаланылады.

Пайдалы қазбаларды өндіру барысында қоршаған ортаға зиян келеді: жер қойнауында бос кеңістіктердің пайда болуы, жер бедері сипатының өзгеруі, ауа мен судың, топырақтың ластануы, өсімдіктер мен жануарларға нұқсан келуі және т.б. Сондықтан табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, оларды өндіру барысында табиғатты қорғаудың шараларын ескерудің маңызы зор.

Жаңа сабақты бекіту:  

Еуразияның пайдалы қазбалары

Магмалық:

Темір кен орындары: Үндістан, Ресей, Қытай (Курск магнит аномалиясы), Норвегия;

Алтын сирек кездесетін металдар:

Якутия-сапфир, рубин-Үндістан, Шри-Ланка

 


Шөгінді: темір, фосфорит әр түрлі шөгінді жыныстар.

Мұнай-газ: Парсы шығанағы, Солтүстік, Жерорта теңізі, Батыс-Сібір, Каспий маңы.

Таскөмір: Уэльс, Жоғарғы Силезия, Рур, Донецк, Қарағанды.

Фосфорит: Қаратау.

Боксит: Қазақстан, Қытай, Альпіде.


Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Еуразия материгінің жер бедері мен пайдала қазбаларының түрлерімен таныстық.

Үйге тапсырма: §16-17 – оқу, кескін картаға жер бедері мен пайдала қазбаларды түсіру. Жер бедерінің негізгі белгілерін анықтау, кескін кртамен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы:Еуразия материгінің табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.

2.Дамытушылық Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықпен жұмыс істеуге, картамен жұмысты жандандыруға есте сақтау қабілеттерін жандандыру.

3. Тәрбиелік:         Басқа елдің табиғатымен таныса отырып, өз елінің, жерінің табиғатын сүюге, аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Схема арқылы

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карталар, оқулық, кескін карталар, каточкалар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Еуразия солтұстік  жарты шардың барлық климат белдеулерін алып жатқандықтан, мұнда солтүстік жарты шарға тән барлық  табиғат зоналарының жиынтығы кездеседі. Олар материктің көп бөлігінде ендік бағытқа сәйкес, батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. 

Солтүстіктегі арктикалық аралдардан бастап, тайга зоналарына дейін  табиғат зоналары ендік бағытта тұтас алап болып созылып жатыр. Ал одан оңтүстікке қарай зоналар батыстан шығысқа қарай жіңішке жолақтар түрінде таралады.   

Еуразия материгінің табиғат зонасы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Онда табиғат зоналарының барлық белгілері бар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, субтроиктік, субарктикалық, арктикалық.

 

Табиғат зонасы

Табиғат жағдайы

Жануарлары мен өсімдіктері

1

Арктикалық шөл

Жазы өте суық әрі қысқа. Қысы -40ºС

Мүк, қына, балдыр, ақ аю, ақ түлкі

2

Тундра мен орманды тундра

Жауын-шашын аз, температура төмен, климаты қатал, күшті жел, қарлы боран жиі болады.

Мүк, қына, бұталар, бұғы, бұлан, қоңыр аю, кеген, құр.

3

Тайга

Жазы біршама жылы әрі ұзақ. тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі, топырағы күлгін батпақты.

Ағаш текті өсімдіктер, қылқанжапырақтылар, қарағай, шырша, май қарағай, самырсын, балқарағай, зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан.

4

Аралас және жалпақ жапырақты ормандар

Таига мен жалпақ жапырақты ормандары арасында жатыр.

Қылқанды, ұзақ  және жалпақ жапырпақты орман, емен және амур барқыт ағашы, лианалар, корей самырсыны. Зубр, аю, кедра.

5

Орманды дала және дала

Шығыс Еуропа мен Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде Алтайға дейін

Жалпақ жапырақты ағаштар, емен, үйеңкі, қайың, көктерек, селеу. Қасқыр, қарсақ, түлкі, тышқандар.

6

Шөлейт және шөл, шөлейтті

Каспий маңы ойпатынан басталады. Қыста мин.-40ºС, жазда мак.+50ºС.

Жусан, селеу, бетеге, бұйырған сексеуіл, қызғалдақ, қаңбақ. Жабайы түйе, құлан, ақбөкен.

7

Қатты жапырақты мәңі жасыл ормандар

Жазы ыстық, құғақ, қысы жылы , жаңбырлы.

Емен, тығын емені, қарағай, лавр, грек жаңғағы, зәйтүн.

8

Субтропикті дала

Жазы өте ыстық

Цитрус, анар, жүзім, жер жаңғағы.

9

Субтропикті ылғалды, муссондық ормандар.

Жазы ылғалды, қысы біршама құрғақ.

Магнолия, камелия, камфора, лавр, бамбук, емен, шамшат, шегіршін. Жолбарыс, қабылан, Гималай аюы, бамбук аюы-панда, маккака, гиббон, тоты құстар, үйректер.

10

Тропиктік шөлдер

Ең ыстық, ең құрғақ климат.

Құрма пальмасы, бөкендер, онагр, таргыл қорқау қасқыр, шиебөрілер.

11

Саванналар, сирек ормандар

Жауын-шашынның түсуі мен мөлшерінің мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. 

Пальмира пальмасы,сандал ағашы, тик, майлы ағаш.

12

Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар

Аса құрғақ емес, жаңбырлар саваннадан көбірек жауады

Жабайы, пілдер, маймылдар.

13

 

 

Экваторлық белдеудегі ылғалды ормандар

Жауын-шашын мол, температура тұрақты жоғары.

Ротанг пальмасы, лианалар, орхидеялр. Мүйізтұмсықтар, бұқалар, макакалар, ит басты маймылдар, ірі орангутандар, жолбарыс, қабылан, тауыс.

14

Биіктік белдеулер

Биіктеген сайын ылғалдың артуына қарамастан, ауа температурасы төмендейді

Қодас, қар барысы, ұлар, аюлар, арқарлар, буволдар, жабайы пілдер, қабылан, жолбарыс.

Жаңа сабақты бекіту:Тест

1. Қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы –

 А) тундра;

 В) тайга;

 С) шөл;

 Д) орманды тундра;

2. Тайга мен жалпақ жапырақты ормандар аралығында орналасқан -

А) шөлейт; 

В) арктикалық шөл;   

С) аралас орман; 

Д) шұраттар;

3. Қоңыржай белдеуінің табиғат зоналары –

А) арктикалық шөлдер;   

В) қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар; 

С) саванналар;

Д) орманды дала және дала;

4. Жер асты сулары жақын жатқан шұраттарда  не  өседі?

А) панда;   

В) грек жаңғағы;  

С) құрма пальмасы;  

Д) лавр ағашы;

5. Экваторлық белдеудің ылғалды ормандарында кездесетін әдемі құсты ата?

А) попугай;   

В) тауыс;   

С) тауық;  

Д) түйеқұс; 

 6. Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарына қандай белдеу тән?

А) қоңыржай;  

В) тропиктік; 

С) субтропиктік;  

Д) экваторлық белдеудің ылғалды ормандары;

7. Шөл зонасының ортасында орналасқан атақты шөл –

А) Такла-Макан;  

В) Сахара;  

С) Сарыарқа; 

Д) Қызылқұм;

8. Бамбук аюы –

А) Гималай аюы; 

В) Гризли; 

С) қоңыр аю;  

Д) панда;

9. Орманды даланың негізгі жануары –

А) кірпі;  

В) жираф;  

С) піл;  

Д) қасқыр;

10. Шөлдердегі температура –

А) 30ºС- 40ºС;   

В) 40º-қа дейін;  

С) 50º-қа дейін;  

Д) 40º-тан жоғары;

Қорытынды:  Қорытындылай келе, бүгінгі сабақта Еуразия материгінің табиғат зоналарының түрлерімен таныстырдым. Жаңа сабақты бекіту үшін оқушылардың білімдерін тест арқала тексердім.

Үйге тапсырма: §22 оқу. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіру. Қосымша материалдар, суреттер қорын жинап әкелу.

Сабақтың тақырыбы:Еуразия материгінің климаты

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Еуразия материгінің климатымен таныстыру, олардың климат қалыптастырушы факторлары мен алатын орындары.

2.Дамытушылық Оқушыларға климаттық белдеулердің ерекшеліктері мен маңызына тоқтала отырып, оқушылардың тез ойлануға, шешімдерін дұрыс айтуға дағдыоандыру.

3. Тәрбиелік Климаттың адам өміріндегі қажеттіліктерін білуге, табиғаттағы өзгерісті анық байқауға болатынына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Дүниежүзінің физикалық картасы, Еуразияның климат картасы, оқулық, сұрақтар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

       Еуразия климаты алуан түрлі. Мұнда солтүстік жарты шарға тән климаттық барлық белгілері байқалады. Еуразия материгі солтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін кесіп өтеді, тіпті оңтүстік-шығысындағы аралдар оңтүстік жарты шардың исубэкваторлық белдеуін алып жатыр. Материкте климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, батыстан шығысқа қарай өзгереді. Бұл климат қалыптастырушы  факторлардың әсерінен болатындығы түсіндіріледі.

Материктің географиялық орны мен әртүрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі поляр шеңберінен солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе, оңтүстікке қарай біртіндеп артады.

Сондықтан материктің солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, онда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орнайды, ал оңтүстігінде қыс мүлде болмайды. Жазда еуразияның қиыр солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып, ауа температурасы едәуір жоғары ьолады.

Материк бойынша жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі әр түрлі.  Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жері Еуразиядағы Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейі болғанымен, жалпы алғанда материктің көпшілік бөлігінде, әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ. Ьұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, мұхиттар мен ондағы беткі ағыстардың ықпалына, ауа массаларының қасиеттеріне, жер бедерінің сипаттарына байланысты.

Еуразия материгінде едәуір үлкен аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеу бойынша өзгереді. Биіктік климаттық белдеулер Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Гималай тауларында айқын байқалады. Тибет пен Памирге жвлдың басым бөлігі аязды, ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән.

Климаттық белдеулер. Еуразияның алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін климаттық белдеулерді қарастырайық.

Арктикалық  климаттық белдеуге Еуразияның арктикалық аралдары мен Солтүстік Мұзды мұхит суы мен шайылып жатқан солтүстік бөлігі кіреді. Жыл бойы аса суық, құрғақ арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Ауа температурасы тұрақты түрде төмен , қыста -40ºС, -50ºС –қа деінгі қатты аяздар байқалады. Ұзақтығы бірнеше айдан аспайтын қысқа полярлық жаз кезінде көкжиектен онша биік көтерілмейді.

Субарктикалық климаттық белдеу Исландия аралынан басталып,  жіңішке жолақ түрінде өтеді. Арктикалық климатқа қарағанда салыстврмалы түрде жұмсақ: өтпелі белдеу болғандықтан қыста арктикалық, жазда қоңыржай ауа массалары ықпал етеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері аз болуы  мен топырақтың тоңдануына байланысты батпақты жерлер көп.

Қоңыржай климаттық белдеу – Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу. Сондықтан мұнда климаттық жағдайлардың батыстан шығысқа және солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі айқын байқалады. Белдеуде қоңыржай теңіздік (атланттық) және қоңыржай континенттік ауа массалары қалыптасады.

Белдеудің еуропалық бөлігінде Солтүстік Атлант жылы ағысы мен Атлант мұхитынан соғатын батыс желдерінің әсерінен теңіздік климат қалыптасады. Мұнда қыс жұмсақ, қаңтардың орташа температурасы 0ºС-тан жоғары, ауа райы құбылмалы, тұмандар жиі байқалады. Көбінесе жаңбыр күйінде жауатын жауын-шашынның мөлшері жылына 1000 мм-ден артық, оның басым бөлігі қыс кезіне келеді. Атлант мұхитының әсерінен жаз онша ыстық болмайды. Осындай климаттық жағдай солтүстіктегі Исландияға да тән.

Шығысқа қарай Атлант мұхитының ықпалы әлсіреп, континенттік ауа массаларының әсері күшейетіндіктен Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады. Жазы жылы, қысы суық. Қыста ашық, аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады. Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән.

Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артады. Мұндай климат шұғыл континенттік деп аталады.

Тынық мұхит жағалауларына қарай климат біртіндеп муссондық сипатқа ауысады. Муссондық климаттың ерекшеліктерін ауа массаларының жыл мезгілдеріне қарай алмасуы анықтайды.

Субтропиктік климаттық белдеу материкті батыстан шығысқа қарай кесіп өтеді. Сондықтан бұл белдеуде де климат әр түрлілігімен ерекшеленеді. Белдеуге жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді.

Белдеудің Жерорта теңізі маңындағы бөлігінде жаз өте ыстық, құрғақ болып келеді, ал қысы батыс желдерінің әсерінен жылы, жаңбырлы болады. Мұндай климат субтропиктік жерортатеңіздік деп аталады.

Белдеудің орталық бөлігінде таулы аудандарда биік таулық субтропиктік климат қалыптасады. Тынық мұхит жағалауларына субтропиктік муссондық климат тән.

Тропиктік климаттық белдеу материктің тек батыс бөлігін қамтиды. Бұл белдеуде тропиктік климат континенттік сипат алады. Оның басты себебі Үнді мұхитынан келетін ылғалды ауа массалары биік таулардың кедергі болуынан ішкі аудандарға өте алмайды. Сондықтан ауа температурасы жыл бойы жоғары, әсіресе жазда аңызақ, аптап ыстықтарға ұласады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ге дейін, тіпті кейбір жерлерде бұл көрсеткіш 50 мм-ден де аз. Осы белдеу ыстық, құрғақ тропиктік континенттік ауа массаларының қалыптасу аймағы болып табылады. Мұнда Еуразияның аса ірі шөлдері орналасқан.

Субэкваторлық климаттық белдеу Үндістан, Үндіқытай түбектері мен оларға жалғасып жатқан аралдарды (қандай?) қамтиды. Гималай тауы климат айрық жота болғандықтан белдеудің солтүстік шекарасы оның биік бөлшіктері арқылы өтеді. Осы тау жотасы арқылы екі өтпелі климаттық бедеу бір-бірімен шектеседі (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Жазда Үнді мұхиттан мол ылғал әкелетін экваторлық ауа массалары субтропиктік белдеу шегіне дейін жетеді. Гималай тауы мен Үндіқытай түбегі шектесетін ауданда  жауын-шашынның Жер шарындағы мол түсетін ауданы (орташа мөлшері 12000 мм, ең көп мөлшері 20000 мм). Қыста материктен соғатын құрғақ тропиктік ауаның ықпалы күшейеді. Тропиктік және экваторлық ауа массаларының маусым бойынша алмасуынан қалыптасатын, қысы құрғақ, ал жазы жаңбырлы болатын мұндай климат тропиктік муссондық деп аталады.

Экваторлық белдеу Еуразияның оңтүстік-шығысындағы аралдарды қамтиды (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Жыл бойы экваторлық ауа массалары басым болады. Айлық орташа температура үлкен ауытқуларға ұшырамайды, жыл бойы +24ºС-тан төмен түспейді.Тұрақты түрде екі жарты шардың пассаттарының ықпалында болатындықтан, жауын-шашын өте мол түседі. Көктем мен күзде жауын-шашынның мөлшері күрт артады. Жоғары температура мен мол ылғалдылық жағдайында ыстық әрі қапырық ауа райы қалыптасады.





Жаңа сабақты бекіту:

Еуразияның климаттық белдеулері

Материктің  тек батыс бөлігін қамтиды.

Исландия, Ұлыбритания аралдары, Батыс Еуропа. Шығысқа Орал тауына дейінгі аралықта. Шығыс Еуропа жазығы. Оралдан шығысқа қарай. Тынық мұхит жағалауы.

Еуразия жерінің жартысына жуығын алып жатқан таулы аймақ.

Арктикалық аралдар мен Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы.

Жерорта теңізі маңы.

Үндістан мен Үндіқытай түбектері. Гималай тауы – климаты айрықша жота болып табылады.

Оңтүстік Шығыс Азия аралдары

Қорытынды:  Қорытындылай келе климаттық белдеулердің әрқайсысына тоқталып, таралу аймағын анықтадық.  Адамның тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне климаттың әсерін түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §18-19 – оқу, әңгімелеу. Кескін картаға Еуразияның климатын түсіру. Қосымша материалдар әкелу.


Сабақтың тақырыбы:Еуразия материгінің ішкі сулары

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік:   Материк ішкі суларының жер бедері мен климатка байланыстылыгын көрсете отырып, Еуразия өзендерінің жалпы ерекшеліктерін, сондай–ақ Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарының су алаптарының ерекшеліктерін көрсету.

 Дамытушылық: Оқыту барысында әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдана отырып,оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру және логикалық ойлау қабілетін дамыту,ой өрісін кеңейту.                

Тәрбиелік:   Оқушыларды табиғатты сүйе білуге,оны қорғауға өзара сыйластыққа,үнемі сабаққа дайын келуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  Жаңа сабақты меңгерту.

Cабақтың әдісі: Аралас сабақ: түсіндірмелі сұрақ жауап, тест жұмысы, ойындар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі:

II. Үй тапсырмасын сұрау:

1-5 топқа Берген, Лиссабон, Абасири, Калькутта, Ұланбатыр қалаларының диаграммалары беріледі. Оқушылар диаграммаларға қарап, сол қаланың ең ыстық және суық айларын, жылдық жауын-шашынның мөлшерін, түсетін мерзімдерін анықтау.

Тест жұмысы

1. Еуразия материгін неше климаттық белдеу кесіп өтеді?

     а)6                                                              б) 8                    

     ә)7                                                         в)9

2. Еуразияның оңтүстік шығысындағы аралдарды қамтитын белдеуді ата?

   а)Экваторлық                                           б) Қоңыржай 

   ә) Тропиктік                                                        в) Арктикалық

3. Ауа температурсы тұрақты түрде төмен қыста -40 С, -50 С болатын белдеу.

   а) Субарктикалық                                                                б) Субтропиктік

   ә) Субэкваторлық                                                                в)Арктикалық

4. Исландия аралынан басталып, жіңішке жолақ түрінде өтеді?

а) Арктикалық                                  б) Экваторлық

ә) Қоңыржай                                     в) Субарктикалық

5. Биіктік климаттық белдеулер қай тауларда айқын  байқалады?

 а) Аппалач, Орал                          б)Альпі, Кавказ, Тянь- Шань, Гималай

 ә)Гиндукуч, Карпат                      в) Тибет, Памир

6. Дүние жүзіндегі ауданы жөнінен ірі материк?

а) Солтүстік Америк                       б)Аустралия

ә) Еуразия                                            в)Африка

7. Еуразиядағы ең аумақты климаттық белдеу?

а) Қоңыржай                                б) Тропиктік 

ә) Арктикалық                             в) Экваторлық

8. Тропиктік климаттық белдеу материктің қай бөлігін қамтиды?

а) Оңтүстік батыс                             б) Шығыс

ә) Оңтүстік шығыс                           в) Батыс

9. Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып, тауларда артуын не деп атайды?

а) Континенттік                                     б)Шұғыл континенттік

ә) Муссондық                                                    в) Қоңыржай континеттік

10. Субтропиктік климаттық белдеуге жазда және қыста қандай ауа массалары әсер етеді.

а) Тропиктік, қоңыржай          б) Арктикалық, қоңыржай   

ә) Арктикалық                          в) Қоңыржай теңіздік, қоңыржай конт.

Жауаптары:1-Ә, 2-А, 3-В, 4-В, 5-Б, 6-Ә, 7-А, 8-В, 9-Б, 10-А  

Еуразия ішкі суға бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейінгі екінші орында. Мұнда жер шарының көптеген ірі өзендері, көлемді және терең көлдері, жер асты суының мол қоры бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Олардың орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.

Өзен торы материктің ішкі аудандары мен оңтүстік – батысында өте сирек, тек жағалық бөліктеріне қарай жиілейді. Материктің  ⅓  бөлігін ішкі тұйық алап құрайды. Солтүстік Мұзды мұхит алабына материктің Ресей жері арқылы ағып өтетін ең ірі өзендері мен Скандинавия түбегінің қысқа өзендері жатады.

Бұл өзендер негізінен қар суымен және жазғы жаңбыр суымен қоректенеді. Олар ұзақ уақыт қатып жатады. Көктемде бастауынан сағасына дейін мұздан біртіндеп босайтындықтан, мұз құрсаулары пайда болып, су қатты тасиды. Таудан басталатын өзендердің жоғары ағысында судың құлама күшін пайдаланып, жұмыс істейтін су электр стансалары салынған. Жазықтағы ірі өзендер кеме қатынасы мен ағаш ағызуға пайдаланылады.

  Атлант мұхиты алабына Еуропалық бөліктегі өзендер жатады. Ірілері: дунай, Рейн, Висла және т.б. Өзендердің көпшілігі таулардан басталатындықтан, жоғары ағысында шоңғалдар мен сарқырамалар жасап, тар аңғарларымен арындап ағады. Жазыққа шыққан соң ағыны бәсеңдеп, кең аңғармен жайылып ағады.  Өзендер әр түрлі климаттық белдеулер арқылы ағып өтетіндіктен, олардың жеке бөліктерінде қоректену көзі әр түрлі болуы мүмкін. Солтүстіктегі өзендердегі еріген қар мен жаңбыр суының, ал оңтүстіктегі таудан басталатын өзендерде мұздық пен жаңбыр суының үлесі артады. Бұл алаптағы өзендер халық жиі қоныстанған, өнеркәсіп орындары тығыз шоғырланған бірнеше елдің жері арқылы ағып өтетіндіктен мейлінше ластануға ұшыраған. Өзендері кеме қатынасына жарамды, ал оңтүстіктегі өзендер егістер мен бау – бақшаларды суаруға пайдаланылады.

   Тынық мұхиты алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Янцзы, Хуанхэ, Меконг жатады. Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиялық ендікке байланысты кейбіреуі қатады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді қоспағанда, барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.

   Үнді мұхиты алабының ірі өзендеріне Үнді, Ганг, Брахмапутра, Тигр және Евфрат жатады. Бұл өзендер таудан басталатындықтан, мұздықтармен, жаңбыр суымен қоректенеді. Жазғы жаңбырлы маусым кезінде өзендердің деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендер негізінен егістік алқабын суаруға пайдаланылады.

   Ішкі тұйық алапқа Шығыс Еуропа жазығының, Орал тауы мен Кавказдың едәуір бөлігі, Орта Азия мен Қазақстан жері түгелдей дерлік, Иран таулы қыраты мен Арабия түбегінің ішкі аймақтары жатады. Бұл алаптағы өзендердің ірілері – Еділ, Жайық, Әмудария, Сырдария, Іле өзендері ғана ішкі көлдерге құяды. Ал ұсақ өзендер жазда кеуіп қалады немесе құмға сіңіп кетеді. Бұл алаптың ең ірі өзені – Еділ. Шығыс Еуропа арқылы ағып өтіп, Каспий теңізіне кең атырау жасап құяды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында өзен қыста ұзақ уақыт бойы қатып жатады, ал көктемде қар еріген  кезде тасиды. Еділ жылдың басқа мезгілінде жаңбыр, жер асты суымен қоректенеді. Өзен бойында 7 ірі бөген салынған.

   Еуразияда көлдер көп, олардың қалыптасуы, аумағы, суының қасиеттері, таралу заңдылығы әркелкі. Көлдер материктің солтүстік – батысында жиі шоғырланған. Олардың қазаншұңқырлары жер қыртысының біртіндеп төмен түсуі мен мұздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде пайда болғн. Сондықтан жағалық сызықтары күшті тілімденген, терең және тұщы сулы болып келеді. Ең ірілері – Ресейдегі Ладога, Онега, Скандинавиядағы Венерн, Веттерн көлдері.

   Жер қыртысындағы терең жарылыстарда орналасқан көлдерге Байкал, Ыстықкөл, Зайсан, Женева және т.б. көлдер жатады. Бұл көлдер табиғатының әсемдігімен, суының тереңдігімен және мөлдірлігімен ерекшеленеді. Байкал- дүние жүзіндегі суы аса мөлдір, ең терең көл (ең терең жері 1620 м). Мұнда Жер шарындағы тұщы судың 20 %-ы жиналған. Байкалға 336 өзен құйып, жалғыз өзен – Ангара ағып шығады.

   Еуразиядағы кеңінен таралған көлдер қатарына ежелгі мұхиттар орнында қалып қойған қалдық көлдер жатады. Олардың ең ірілері – Каспий, Арал, Балқаш, Лобнор және т.б. Бұл көлдердің суы көбінесе тұзды болып келеді.

   Көлдер тұщы су қоры, туризм мен демалыс орындары ретінде, кәсіптік балық аулау мен кеме қатынасы үшін кеңінен пайдаланылады.

  Қазіргі заманғы мұз басу Еуразияның солтүстігіндегі аралдарда (Исландия, Шпицберген, Франц-Иосиф Жері архипелагы, Жаңа Жер аралының солтүстігі), сондай-ақ биік тауларды (Альпі, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Тибет, Гималай) таралған. Памир тауында материктегі ең ірі Федченко мұздығы (ұзындығы 77 км) орналасқан. Тау басындағы мұздықтардан материктегі ең ірі өзендер бастау алады. Егер осы мұздықтар болмаса шөлді аудандарды суландырып, дақылдар егуге мүмкіндік беретін өзендер де болмас еді.

    Көп жылдық тоңдар Еуразияның солтүстігіндегі үлкен алқапты алып жатыр. Тоңдардың оңтүстік шекарасы Монғолияға дейін жетеді. Тау жыныстарының тоңды қабатында мұз жатады, оның қалыңдығы Кола түбегінде бірнеше метр болса, Таймыр түбегінде 1500 метрге дейін жетеді. Жазда тоңды қабат 40-150 см тереңдікке дейін ериді. Ғалымдар көп жылдық тоңның пайда болу себебін қатал климат жағдайында жылдық орташа температура 0◦С- тан төмен болуымен және қардың жұқа болуымен түсіндіреді. Мәңгі тоң қабатының қалың болуы оның өте ертеде қалыптасқындығын дәлелдейді. Көп жылдық тоң арқылы ағатын өзендер көктемде арнасынан асып жайылып, ұшы-қиырсыз батпақтар түзеді. Көп жылдық тоң жол салу, тұрғын үй құрылысы жұмыстарын қиындатады.

  Батпақтар жауын-шашынның булану мөлшерінен артық болатын жазықтар мен көп жылдық тоң бар аудандарда кең таралған. Еуразияда Жер шарындағы батпақтардың 80% - ы орналасқан. Батпақтар, әсіресе Батыс Сібір жазығы мен Полесье, Мешера, Амур бойы, Колхида ойпаттары мен Балтық бойында көп. Шымтезекті батпақтардан шымтезек (торф) өндіріледі. Батпақты аудандарды құрғату арқылы шабындықтарға, егістіктерге айналдыруға болады.

    Еуразия материгінде жер асты суларының да мол қоры бар. Жер асты сулары өте таза болғандықтан ауыз суы ретінде көбірек пайдаланылады. Әсіресе қабатаралық (артезиан) суларының маңызы зор. Ірі артезиан алаптары Батыс Сібір мен Қазақстан, Орта Азия мен Монғолия жерлеріне тән. Құрамында тұздар мен газдардың ерітіндісі болатын минералды сулар емдік бағытта пйдаланылады. Олар көп жағдайда ыстық және радонды болып келеді. Әлемдік курорттар мен демалыс орындары құрамы әр түрлі минералды суларға бай аудандарда (Солтүстік Кавказ, Карпат, Оңтүстік Еуропа, Алтай, Тянь-Шань таулары және т.б.) орналасқан.

Өзен дегеніміз не? Өзенді сипаттау.

Ішкі сулары: Өзендері, көлдері, мұздықтары, жер асты сулары, батпақтары, көп жылдық тоңы.

Өзен торы: 1. Солтүстік Мұзды Мұхит алабы – Енисей, Лена, Обь.

2. Атлант мұхит алабы – Дунай, Рейн, Висла.

3. Тынық мұхит алабы – Хуанхэ, Янцзы, Амур.

4. Үнді мұхит алабы – Ганг, Үнді, Брахмапутра.

5. Ішкі тұйық алап – Еділ, Сырдария, Іле.

Көлдері:   Қалдық – Арал, Каспий, Балқаш.

 ІІІ.  Географиялық диктант

 1.Еуразия су қоры жөнінен .... кейінгі екінші орында.

 2.Еуразия өзендері  Тынық , Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит және алаптарға бөлінеді.

 3.Солтүстік  Мұзды мұхиты алабының өзендері қыста ұзақ уақыт .... жатады.

 4. Атлант мұхиты алабына .... бөліктегі өзендер жатады. 
 5. Ішкі тұйық алаптың ең ірі өзені ..... Ол ..... теңізіне  құяды.
 6. Тынық  мұхиты алабына енетін өзендер .... басталады.
 7. Байкал ..... материгіндегі ең .....  көл.
 8. Үнді мұхит алабының  өзендері ..... суларымен қоректенеді.

ІV.  Картамен жұмыс

1. Картадан обь өзенін табыңыз.

2. Жер шарындағы ең үлкен көлді көрсетіңіз, оған қандай өзендер құяды?

3. Еуразиядағы тау мұздықтары қай тауларда кездеседі? Картадан көрсетіңіз.

4. Еуразиядағы қалдық көлдерді картадан көрсетіңіз.

5. Сырдария өзенін картадан көрсетіңіз, ол бастауын қай таудан алады?

  1. V. Дұрыс – бұрыс ойыны

Ойын шарты: Сұрақтар оқылады. Дұрыс жауабын айтса, оқушылар қол шапалақтайды, егер қате оқыса үнсіздік білдіреді.

1.Сырдария және Амудария өзендері Атлант мұхит алабына жатады ( бұрыс).

2. Батпақтар жауын-шашын көп түсетін аудандарда кең таралған (дұрыс).

3. Еуразия материгі су қоры жөнінен Оңтүстік Америкадан кейін екінші орында (дұрыс).

4. Еділ мен Жайық өзендері арал теңізіне құяды (бұрыс).

5. Байкал көлі жер шарындағы ең терең көл (дұрыс).

6. Қазақстанда жер асты суының мол қоры бар (дұрыс).

7. Арал теңізі тектоникалық көлге жатады (бұрыс).

8. Дунай, Рейн, Висла өзендері Атлант мұхит алабына жатады (дұрыс).

9. Солтүстік мұзды мұхит алабының өзендерімен қыста кемелер қатынайды (бұрыс).

10. Елбасымыз қолдап отырған Кіші Арал жобасы болашақта толығымен аяқталған кезде, Кіші арал теңізі суға толады (дұрыс).

 VI. Қорытынды:

Еуразия крассворды

  1. Каспий теңізіне құятын басты өзен.

  2. Атлант мұхиты алабының ірі өзені.

  3. Арал теңізіне құятын өзен.

  4. Елімізде бұл көл атымен аталатын қала бар.

  5. Федченко бұл .......

  6. Еуропалық бөліктегі ірі өзендердің бірі.

  7. Еуразиядағы ең ірі өзен.



 

Е

 

 

 

 

 

 

У

 

 

 

 

 

 

Р

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

З

 

 

 

 

 

 

И

 

 

 

 

 

Я

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1.Еділ   2. Дунай  3. Сырдария  4. Балқаш 5. Мұздық 6. Висла  7. Янцзы

VII. Үй тапсырмасы: § 20. Мазмұндап келу. Ганг, Сырдария, Хуанхэ, Обь, Дунай өзендерінің біріне сипаттама беру


Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгіне саяхат

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі:  Өздік ізденіс жұмыс

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Қызығушылықты ояту

ІІІ. Материкке шолу

IV. Бекіту

V. Қорытындылау. Бағалау

VI. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылықты ояту. Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,

Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.

АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,

Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,

Макензи, Миссисипи суым қандай!

Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,

Тамаша көрген адам таң қалғандай.

-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Солтүстік Америка)

-Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға «өрмекшінің торын» құрайды)

Ең үлкен тау мұздығы – Аляска

ІІІ. Материкке шолу.

-Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193 м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба? (сынып төрт топқа бөлініп жұмыс жасайды) 

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.

1-тапсырма

Кескін картаға Солтүстік Американың шеткі нүктелерін белгілеу. (әр топтан бір оқушы шығып орындайды)

1 топ – Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Мерчисон мүйісі)

2 топ – Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)

3 топ – Солтүстік Американың батыс шеткі нүстесін көрсету. (Принц Уэльский мүйісі)

4 топ – Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі) 

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

2-тапсырма

Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2, 3-ші бағандарда  зерттеушінің суреті тұрады атын және ашқан жерлерін табуы тиіс)

Жылдар және ғасырлар

Зерттеушілердің

аты-жөні мен суреттері

Ашқан және зерттеген жерлері

1492 жылы

Хростофор Колумб

 

 

Материктің оңтүстік жағалауын ашты

ХV ғасырда

Джон Кабот

Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты

ХVІІ ғасырда

Генри Гудзон

Александр Макензи

Материктің солтүстік және шығыс жағалауында жаңа жерлерді ашты

1741 жылы

    Витус Беринг

  Алексей Чириков

Аляска жағалауын зерттеді

 

ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ

3-тапсырма

Кескін картада белгіленген сандарда қай объектілер орналасқан және пайдалы қазбаларын шартты белгілер арқылы түсіру. (1-топ мұнай, 2- топ тас көмір, 3-топ темір, 4-топ табиғи газды түсіреді)

№1- Солтүстік Америка материгінің батыс бөлігіндегі тау. (Кордильера тауы)

№2- Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі тау. (Аппалач тауы)

№3- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Орталық жазық)

№4- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Ұлы жазық) 

КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР.

4-тапсырма

-Солтүстік Америка материгінің климаты қай материкпен ұқсас? (Еуразия)

-Неше кламматтық белдрек кесіп өтеді? (6 белдеу)

Климаттық белдеулерге байланысты сұрақтарға жауап беру.

№1- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 0 С)

№2- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)

№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)

№3- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)

ІШКІ СУЛАРЫ

5-тапсырма

Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған себептерді белгілеу.

Өзендерінің ерекшеліктері

Себептері

Жауаптары

Миссисипидің күрделі режимін

а) сең жүру көктемнің аяғында жоғары ағыстан басталады

1-ә

Жаз айынның басында Макензи өзенінің төменгі ағысында мұз кептеулері жиі пайда болып тұрады

ә) бірнеше климаттық белдеулер арқылы ағып өтеді

2-а

Колораданың саласы жоққа тән

б) жауын-шашын көп болады

3-в

Колумбияның жыл бойына суы мол

в) жауын-шашын аз түседі

4-б

 

ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ

6-тапсырма

Сандық диктант: Төменде берілген зоналарға сәйкес келетін белгілерді санмен көрсету.

№1 топ. Арктикалық шөл – 6, 2

№2 топ. Тундра және тайга – 1,7

№3 топ. Аралас жалпақ жапырақты орман және шөлейт – 4, 5

№3топ. Орманды дала – 3, 8

  1. Бұл зонада карибу бұғысы тіршілік етеді.

  2. Өсімдігі мүк пен қына.

  3. Зонада биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, боз, шалғын т.б. өсімдіктері өседі.

  4. Мұнда тікенекті бұталар, жусан өседі.

  5. Климаты ылғалды, жұмсақ болып келеді.

  6. Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа еңген қойөгіз тіршілік етеді.

  7. Жануарлардан қара аю, гризли аюы, сілеусін т.б. бар.

  8. Ылғал мен жылу жеткілікті болғандықтан топырағы қара және күрең болып келеді. 

ХАЛҚЫ МЕН ЕЛДЕРІ

7-тапсырма

Солтүстік Америка материгінің  төрт мемлекеті карточкада берілген қай топқа қай ел келеді сол елдің астанасын жазу және картадан көрсету.

Мемлекеттер

Астанасы

АҚШ

Вашингтон

Канада

Оттава

Мексика

Мехико

Панама

Панама

 

ІV. Бекіту тапсырмалары.                   Т Е С Т

 І нұсқа

  1.  Солтүстік Америка материгінің  экваторға қатысты орны.

а) тек оңтүстік жарты шарда жатыр

ә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда

б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді

в) тек солтүстік жарты шарда жатыр

2. Солтүстік Америка материгінің  ең төмен жатқан жері.

а) Каспий теңізі              ә) Өлім аңғары

б) Өлі теңіз                     в) Валдес түбегі

3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.

а) Куба                         ә) Гаити

б) Баффин жері           в) Гренландия

4. Мына белдеудің қайсысы Солтүстік Америкада кездеспейді?

а) экваторлық              ә) арктикалық

б) қоңыржай                в) тропиктік

5. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.

а) Калифорния             ә) Лабрадор

б) Гольфстрим             в) Батыс желдер

ІІ нұсқа

1. Солтүстік Америка материгінің  бастапқы меридианға қатысты орны.

а) түгелдей шығыс жарты шарда жатыр

ә) көпшілік бөлігі батыс жарты шарда

б) түгелдей батыс жарты шарда жатыр

в) көпшілік бөлігі шығыс жарты шарда

2. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.

а) -150 м   ә) -132 м    б) -86 м   в) -403 м

3. Солтүстік Американың ең ұзын өзені.

а) Миссисипи        ә) Ниагара

б) Макензи            в) Колумбия

4. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?

а) арктикалық                 ә) қоңыржай

б) тропиктік                    в) экваторлық

5. «Прерий» деп нені айтады?

а) шөлді                    ә) саваннаны

б) орманды               в) даланы

Жауаптары:

І нұсқа

1

2

3

4

5

в

ә

в

а

б

ІІ нұсқа

1

2

3

4

5

б

б

а

ә

в

Әр топ бір-бірлерін тексереді. Дұрыс жауабы тақтада жазылып тұрады.

V. Қорытындылау. Бағалау.

-Бүгінгі саяхат-сабағымызда біз Солтүстік Американың ең биік Мак-Кинли шыңына жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? (биік таудың суретінде Қазақстанның туы тұрады ). Әр топ тапсырмаларды жақсы орындады. Өмір де, білімде де осындай биік шыңдарға жете біліңіздер.

VІ. Үйге тапсырма: «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын шығарма жазу.


Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың жер бедері, пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбаларымен таныстыру, олардың маңызына, ерекшеліктеріне тоқталу.

2.Дамытушылық Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін, сауаттылығын арттыру арқылы талдау жүргізіп  дамыту.

3. Тәрбиелік Оқушыларды басқа мемлекеттердің жерімен таныстыра отырып, алатын орнына баға беру арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Солтүстік Американың физикалық картасы , атлас карта, оқулық, суреттер, карточкалар

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:       

Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым, таулар материктің 1/3 бөлігін алып жатыр. Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде бұл бөлікте Канаданың Арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған Орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігінде Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді біртіндеп биіктейді, кең алқапты Ұлы жазық алып жатыр.

Ірі қазаншұңқырларды алып жатқан мұздық-тектоникалық көлдер жүйесі бір-бірімен қысқа өзендер жүйесімен жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп, тасымалдаған жыныстар – монералармен жабылған.  Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділерден түзілген.

Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың Арктикалық архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы және Аппалач таулары жатады.

Материктің батыс бөлігін бойлай Жер шарындағы ұзын тау жүйесі болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда «тау жотасы, тау тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір-бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. «Сьерра» испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Сьерра-Невада, Сьерра-Мадре жатоларындағы қатар тізіле орналасқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің аралығын өте көлемді, кең алқапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр.

Кордильераның ішкі бөліктерінде жанартаулар атқылауынан түзілген Йеллоустон үстірті орналасқан. Мұнда 3000-нан астам гейзерлер мен ыстық бұлақтар бар.

Солтүстік Американың ең биік нүктесі (Мак-Кинли, 6193 м)оның солтүстігінде орналасқан, мұндағы тауларды қалың мұз басып жатыр.

Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың (темір, мыс, никель және т.б.) кен орындары кең таралған. Орталық жазық пен Ұлы жазықтың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мұнай, газ, тас көмірмен қатар, магмалық жолмен түзілген түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келеді. ХІХ ғасырда Кордильера қойнауынан өзендер ағызып әкелген шөгінді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған, жер кейіннен «Өлім аңғары» деген атқа ие болды. Тарихта бұл кезең «алтын дүрбелең» деп аталады.

Жаңа сабақты бекіту:

1-темір,2-мұнай, 3-тас көмір, 4-мыс, 5-никель, 6-газ

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары жайлы жалпы түсінік бердім.

Үйге тапсырма: §30-оқу, мазмұндау. Кескін картаға жер дері мен пайдалы қазбаларын түсіріп келу.


Сабақтың тақырыбы:Солтүстік Американың климаты

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларды Солтүстік Американың климат жағдайына түсінік бере отырып, олардың маңызы мен  ерекшеліктеріне тоқталу.

2.Дамытушылық Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке мтәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Солтүстік Американың климат картасы, атлас карта, оқулық, суреттер, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:      

Солтүстік Америка солтүстік жарты шарда Еуразиямен қатар орналасқандықтан, климаттық жағдайлары ұқсас болып келеді. Материк солтүстік жарты шардағы экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық белдеулерді кесіп өтеді.

Материк ауданының Еуразияға қарағанда шағын болуы; солтүстік полюске неғұрлым жақын орналасуы; оңтүстігіне қарай сүйірленуі; батысы биік баулы, ал шығысының аласа болуы; ендік бағыттағы таулардың болмауы – міне осының барлығы климаттың өзіндік ерекшеліктерін қалыптастырады.

Материктің солтүстігіндегі мәңгі мұз құрсап, қар жамылғысы қалың жататын аудандарда күн сәулесінің кері шағылысуы күшейеді. Сондықтан ауа температурасы төмен болады, осында қалыптасқан суық ауа массалары еш кедергісіз оңтүстігіндегі Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Оның нәтижесінде субтропиктік белдеуде де қар жауады. Солтүстік Американың шығысындағы Атлант мұхитынан келетін жылы, ылғалды ауа массалары Арктикадан келетін суық ауа массаларының әсерін шектеп отырады. Материктің батысында орналасқан Кордильераның биік жоталары Тынық мұхиттан келетін ауа массаларының құрлыққа тереңдеп енуіне кедергі келтіреді. Сондықтан оңтүстікте Мексика шығанағы үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массалары солтүстікке қарай емін-еркін өте алады.

Сондықтан күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар – торнадо жиі байқалады. Жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін кенеттен пайда болатын торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды да көтеріп әкетеді. Орталық жазықта аңызақтар мен құрғақшылық, топырақтың құнарлы қабатын ұшырып әкететін шаңды дауылдар жиі байқалады. Ал Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар – ураган жиі болып тұрады. «Ураган» майя тілінде «дауыл құдайы» дегенді білдіреді.

Солтүстік Американың климаты алуан түрлі. Канаданың Арктикалық архипелагында, Гренландия қаңтардың орташа температурасы -40ºС, ал материктің оңтүстігінде +20ºС болады. Шілденің орташа температурасы солтүстік жағалық бөліктерінде +8ºС-қа әрең жетсе, оңтүстігіндегі кейбір жерлерде +30ºС-тан асады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері де әркелкі. Материктің оңтүстік-шығысы мен Кариб теңізінің аралдарында жауын-шашын көп түседі, солтүстікке және батысқа қарай жауын-шашын біртіндеп кемиді. Тек Кордильераның солтүстік-батыс жағалауындағы тау беткейлерінде жауын-шашын мөлшері қайта артады. Оған батыс желдері ықпал етеді.

Жаңа сабақты бекіту:

1. Материктің климаттық картасын пайдаланып, қаңтар мен шілде изотермаларының жүру бағыттары мен көрсеткіштерін, маусым бойынша желдердің басым бағыттарын, жылдық жауын-шашынның таралу мөлшерін анықтап, себептерін анықтаңдар.

2. климаттық белдеулер картасын пайдаланып, материктегі климаттық белдеулер мен олардағы климат жағдайларын анықты; Еуразияны осындай белдеулермен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттаңдар. Нәтижелерін қысқаша дәптерлеріңе жазыңдар.

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, Солтүстік Американың климатымен танысып, анықтадық

Үйге тапсырма: §31-оқу, кескін картаға Солтүстік Американың климатын түсіріп келу. Осы тақырыпқа қатысты тест сұрақтарын құрастырып келу.

Тақырыбы: Солтүстік Америка ішкі сулары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Солтүстік Америка материгінің климат жағдайларының ерекшеліктерін көрсету және Еуразия климатымен салыстырып, жалпы сипаттама (климат қалыптастырушы факторлар, климаттық белдеулер) беру. Солтүстік Америка ішкі суларының ерекшеліктерін, Атлант, Солтүстік Мұзды және Тынық мұхиттар алаптары өзендерінің ерекшеліктерін көрсету, өзен сипаты мен көлдер торын анықтау.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Солтүстік Американың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (20 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (30 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту 30мин

V кезең – үй тапсырманы беру (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексергенде мынадай сұрақтар мен тарсырмалар береді: Солтүстік Американың жер бедері ерекшеліктерін атаңдар. Таулары мен жазықтарының жату бағыттары қандай? Солтүстік Америка мен Еуразияның жер беті құрылыстарын салыстырыңдар. Солтүстік Американың негізгі тау жүйелерін, таулы қыраттарын, үстірттерін атап, оларды картадан көрсетіңдер. Солтүстік Америка материгінде қандай пайдалы қазбалар кездеседі? Картадан олардың орналасқан жерлерін көрсетіңдер.

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларды орындайды. Солтүстік Американың жер бедері ерекшеліктерін атайды. Таулары мен жазықтарының жату бағыттары солтүстіктен оңтүстікке қарай. Солтүстік Америка мен Еуразияның жер беті құрылыстарын салыстырады. Солтүстік Американың негізгі тау жүйелерін, таулы қыраттарын, үстірттерін атап, оларды картадан көрсетеді. Солтүстік Америка материгінде кездесетін пайдалы қазбаларды атайды. Картадан олардың орналасқан жерлерін көрсетеді.

ІІІ

Мұғалім оқулықтағы параграфтың басында берілген тақырыпқа кіріспе әңгімелесу сұрақтарын пайдалана отырып, климаттың қалыптасуына қандай факторлардың әсер ететіндігін анықтайды.

Бұл тақырыпта өткенде оқушылардың климаттық картамен жұмыс істеу дағдылары қалыптасқандықтан картаны пайдалана отырып әңгімелесу әдісі арқылы өткізуге болады.

Солтүстік Америка материгі қандай ендіктердің аралығында орналасқан? Солтүстік Америка материгінің жер бедерінің ерекшеліктерін естеріңе түсіріңдер.

Материктің Солтүстік полярлық шеңбері мен Солтүстік тропиктің аралығында орналасуы күн сәулесінің әр түрлі түсуіне және әр түрлі ауа массаларының қалыптасуына себеп болады.

Шығысы мен батысында таулармен қоршалып жатуы Тынық және Атлант мұхиттарынан келетін ылғалды ауаны ішке енгізбейді.

Материктің орта бөлігіндегі кең байтақ жазықтар арқылы солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке қарай ауа еркін қозғала алады. Осының салдарынан ауа массалары арасында температура мен қысымның үлкен айырмашылықтары туып, құбылмалы ауа райын қалыптастырады.

Солтүстік Американың ішкі сулары тақырыбын мүмкіндігінше оқулықпен және карталарды пайдаланып өз беттерінше оқып үйренуге болады. Мұғалім өзендер мен көлдерге алаптары бойынша сипаттама жасау үшін картаны пайдалана отырып, әңгімелесу өткізеді. Ол үшін мынадай сұрақтар қояды: Солтүстік Америка өзендері қай мұхиттарға құяды? Атлант мұхиты алабына жататын ірі өзендерді көрсетіңдер.

Солтүстік Америка өзендер жүйесі климаттық жағдай мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардың басым бөлігі Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Тынық мұхит алабындағы өзендер ұзындығы қысқа болып келеді. Мұғалім оқушыларға атлас карталарын және кескін картаға түсірген мұхит алаптары шекараларын көрсете отырып, өзен жүйелерінің бұлай орналасу себептерін анықтауларына тапсырма береді.

Мұғалім өзендерге жеке алаптары бойынша сипаттама беруді Атлант мұхиты алабынан бастайды. Оқушыларға мынадай әңгімелесу сұрақтарын қояды: Атлант мұхиты алаптары суайрық жоталары қай жермен өтеді? Атлант мұхиты алаптарына жататын ірі өзендерді атап, оларды картадан көрсетіңдер. Бұл өзендердің қоректену ерекшеліктерін анықтаңдар.

Атлант мұхиты алаптары өзендері мен көлдерін оқып үйренгенде, мұғалім жалпы сипаттамадан басқа, Миссисипи өзені жүйесін сипаттауға тоқталады.

Мұғалім Солтүстік Американың көлдеріне сипаттама бергенде көл қазаңшұңқырларының пайда болу жолдарына олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Ұлы көлдер туралы оқушыларға әңгімелеп береді.

Мұғалім Солтүстік Американың көлдеріне сипаттама бергенде көл қазаңшұңқырларының пайда болу жолдарына олардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Ұлы көлдер туралы оқушыларға әңгімелеп береді.

Мұғалімді тыңдап, параграфтың басында берілген тақырыпқа кіріспе әңгімелесу сұрақтарына жауап береді. Осы сұрақтарға жауап алу негізінде Солтүстік Америка климатының қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты болатынын анықтайды:

а) солтүстік полюске жақын орналасуы;

ә) солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзына бойы созылып жатуы;

б) оңтүстікке қарай сүйірленуі;

в) тау жоталарының меридиан бағытында жатуы;

г) материктің орталық бөлігін кең көлемді жазықтардың алып жатуы.

Оқушылар Солтүстік Америка материгінің климатының қалыптасу ерекшеліктерін анықтағаннан кейін оқулық мәтінін және карталарды пайдалана отырып, Еуразия мен Солтүстік Американың климаттық белдеулеріне салыстырмалы түрде сипаттама береді.

Климаттық белдеу

Солтүстік Америка

Еуразия

Арктикалық



Субарктикалық



Қоңыржай



Субтропиктік



Тропиктік



Субэкваторлық



Экваторлық




Оқушылар оқулық мәтінінде кездескен өзендер мен көлдердің аттарын дәптерлеріне жазып отырады. Кескін картаға Солтүстік Мұзды, Атлант және Тынық мұхиттары алаптары шекараларын сызып, өзендер аттарын жазады.


Оқушылар кескін картаға Солтүстік Американың

ірі өзендері мен көлдерін түсіреді.

V

Үй жұмысы:

1. §31, 32 оқып, мазмұнын айту.

2. Тапсырмаларды аяқтау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

VІ

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.



Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Сабақтың мақсаттары: 
1. Білімділік: Оқушалардың Оңтүстік Америка материгі бойынша алған білімдерін пысықтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін кеңейту, өз қабілеттерін ашуға ұмтылдыру, картамен дұрыс шапшаң жұмыс жасауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік:  Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ
Оқыту әдісі: Іздену
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Оңтүстік Американың, Африка материгінің физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.
Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту
Оқушыларды 4 топқа бөлу.
1 топ Оңтүстік Америка
2 топ Африка
3 топ Антрактида
4 топ Аустаралия

Сайыс кезеңдері.
І кезең: Ең....Ең....
ІІ кезең: "Қатені табыңыз"
ІІІ кезең: "Ойлан, тап!"
ІV кезең: "География тілі - Карта"
V кезең: "Жүзден жүйрік"
VІ кезең: "Эссе"«Менің Оңтүстік Америкадағы күндерім ...»

Команда капитандарын анықтау. 
І кезең: Ең....Ең....
Интерактивтік тақтада кесте шығарылады. Сол кестеге әр топ өзінің көрсетілген ұяшығына ОА ең ең деген ерекшеліктерін бірітіндеп шығып толтырады. Қайталанған ерекшеліктер есепке алынбайды. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Жалпы кезеңнің орындалуына 5 минут беріледі.
ІІ кезең: "Қатені табыңыз"
Әр топқа ОА-ға қатысты сөйлемдер беріледі. Сол сөйлемдердің ішінен қатесін анықтау қажет. Тапсырманың орындалуына 3 минут беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. 
І топ: Оңтүстік Америка материгі көлемі жөнінен 4 орын алады. Христофор Колумб  Тынық мұхиты және Атлант мұхитын бөлетін Отты жер аралын ашты. XIV-XV ғасырларды жылдары Гумбольдттың басшылығымен Оңтүстік Америкаға саяхат жасады. 1932 – 1933 жылдары биолог Америго Веспуччи Оңтүстік Американың мәдени өсімдіктерін анықтады.
Дұрыс жауабы: Оңтүстік Америка материгі көлемі жөнінен 4 орын алады. Магеллан Тынық мұхиты және Атлант мұхитын бөлетін Отты жер аралын ашты. 1799 – 1804 жылдары Гумбольдттың басшылығымен Оңтүстік Америкаға саяхат жасады. 1932 – 1933 жылдары биолог Вавилов Н.И. Оңтүстік американың мәдени өсімдіктерін анықтады.
ІІ топ: Оңтүстік Американың жалпы ауданы 18,9 млн км2. Оңтүстік Американың шеткі нүктелері Солтүстік нүктесі-Гальинас. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд. Батыс нүктесі-Париньяс. Шығыс нүктесі-Эль-Абьяд. 1499 жылы Х.Колумб Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан. Оңтүстік Американы 2 мұхит шайып жатыр. 
Дұрыс жауабы: Оңтүстік Американың жалпы ауданы 18,3 млн км2. Оңтүстік Американың шеткі нүктелері Солтүстік нүктесі-Гальинас. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд. Батыс нүктесі-Париньяс. Шығыс нүктесі- Кабу Бранку. Оңтүстік Американы Х.Колумб ашты. 1499 жылы Америго Веспуччи Гвиана және Венесуэла жағалауларымен жүзіп отырып, Амазонканың сағасына дейін барып, кері қайтқан. Оңтүстік Американы 2 мұхит шайып жатыр.
ІІІ топ: Америго Веспуччи 1501 жылғы саяхатынан қайтар жолында үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып, оған "Кіші Венеция" деген ат берген. Х.Колумб өзінің бесінші саяхатында 1498 жылы тамыз айында тұңғыш рет ОА-ның Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Рио-де-Жанейра қаласы испан тілінен аударғанда "қаңтар көлі" деген мағынаны білдіреді.

Дұрыс жауабы: Америго Веспуччи 1499 жылғы саяхатынан қайтар жолында үлкен шығанақтың жағалауын Венецияға ұқсатып, оған "Кіші Венеция"(Венесуэла) деген ат берген. Х.Колумб өзінің үшіншісаяхатында 1498 жылы тамыз айында тұңғыш рет ОА-ның Ориноко өзенінің сағасына келіп жетті. Рио-де-Жанейра қаласы испан тілінен аударғанда "қаңтар өзені" деген мағынаны білдіреді.
ІV топ: Атақты орыс климат зерттеушісі А.Й.Вороновский 1874 жылы ОА-ның климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді. 1932-33 жылдар аралығында орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктің ежелгі егіншілік орталықтарын анықтап, ОА-ны картоп, күріш, қызанақтың отаны екенін дәлелдеді. Оңтүстік Американы Антарктика материгінен Магеллан бұғазы бөліп тұр. 
Дұрыс жауабы: Атақты орыс климат зерттеушісі А.Й.Воейков 1874 жылы ОА-ның климатының өзіндік ерекшеліктерін зерттеді. 1932-33 жылдар аралығында орыс ботанигі Н.И.Вавилов материктің ежелгі егіншілік орталықтарын анықтап, ОА-ны картоп, жүгері, қызанақтың отаны екенін дәлелдеді. Оңтүстік Американы Антарктика материгінен Дрейк бұғазы бөліп тұр.

ІІІ кезең: "Ойлан, тап!"
Бұл кезеңде әр топқа бір-бір мәтін оқылады, сол мәтінды тыңдай отырып не туралы айтылып жатырғанын табуы керек. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Егер көмек сұралып, көмек берілген жағдайда дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
І топ: ХVІ ғасырдың басында атақты саяхатшы Оңтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай жүзіп, оңтүстіктегі бұғаз арқылы материктің оңтүстік-батыс жағалауын айналып өткен. Осы ғасырдың аяғында дәл осы жолмен өткен атақты теңіз қарақшысы Френсис Дрейк Отты жер аралының батысымен оңтүстікке қарай жүзіп, Тынық және Атлант мұхиттарын жалғастырып жатқан бұғазды ашқан. Қай саяхатшы туралы айтылған?(Фернан Магеллан)
Қосымша көмек: Бұғазға сол саяхатшының есімі берілген. 
ІІ топ: Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтарды алып жатыр. Бұл белдеуде температура жыл маусымдары бойынша өзегіп отырады, жазда орташа температура +28С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Чако жазығында материктегі ең жоғарғы температура +47С байқалған. Бұл қай климаттық белдеу?(Тропиктік климаттық белдеу.)
Қосымша көмек: Негізгі климаттық белдеуге жатады.
ІІІ топ: Топырақ жамылғысы фералитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.  Көрінісі жыл мезгілдеріне қарай өзгеріп отырады. Өсімдіктері: акация, мимоза, кактус. Жануарлары: пекари, тапир, құмырсқа жегіш және т.б. Бұл қандай табиғат зонасы?(Саванналар және Сирек ормандар)
Қосымша көмек: кампос, льянос.
ІV топ: Бұл ел Инктер мәдениетінің ескерткіштері "ежелгі өркениет елі, ОА-ның археологиялық мұражайы" деп атайды. Мұнда биіктаулық Титикака көлі орналасқан, жерінің 60% ормандар алып жатыр. Елді ата. (Перу)
Қосымша көмек: Анд елдері тобына кіреді.
ІV кезең: "География тілі - Карта"
Бұл кезеңде оқушылар интерактивтік тақтаға шығарылған кескін картмен жұмыс жасайды.І топ: Өзендері, ІІ топ: көлдері, ІІІ топ: Астаналары, ІV топ: елдерін кескін картаға сызып көрсетеді. 1 топтан тек 2 оқушы шығуға ғана рұқсат етіледі. Әр топқа 3 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс белгіленген обьект 2 ұпаймен бағаланады. 
V кезең: "Жүзден жүйрік" Бұл кезеңде топтарға жалпылама сұрақтар қойылады. Әр топ өз жауаптарын алдарындағы ақ параққа жазып бастарына көтеріп көрсетеді. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. 

1. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктің құрамында болды?(Гондвана)
2. Оңтүстік Америка не арқылыСолтүстікАмерикағажалғасты?(Панама мойнағы)
3. Еңылғалдыжәнееңжасыл материк (Оңтүстік Америка)
4. Солтүстікнүктесі-Гальинасм-12°с.е 72°б.б
5. Оңтүстік нүктесі –фроуэрд 54°о.е-71°б.б
6. Батыс нүктесі-Париньяс 5°о.е.-82°б.б.
7. Шығыс нүктесі-Кабу-Бранку7°о.е. 34°б.б.
8. Еңсуы мол өзен(Амазонка)
9. Ең биік тау көлі  (Титикака)
10. Еңбиіксарқырама   (Анхель)
11. Еңұзын тау жүйесі   (Анд)
12. Оңт.Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі –Аконкагуаның биіктігі 6960 м
13. материктің ең төмен жатқан нүктесі (-40м) орналасқан. Вальдес түбегіндегі 

VІ кезең: Қорытынды:Балалар, көзімізді жұмайық, өзімізді Оңтүстік Америкада жүргендей сезінейік. Өз ойымызша, қиялдайық. «Менің Оңтүстік Америкадағы күндерім ...» (эссе)

Бағалау. Әр топқа берілген бағалау қағазы бойынша бағалаймын. 

Үйге тапсырма: Тарауды қорытындылау, қайталау.

Тақырыбы:  Материк табиғатының даму мен қалыптасу кезеңдері

Сабақтың мақсаттары:

  1.   Білімділік: Оқушыларға оқылып отырған мәселенің негізгі идеясын зерттеліп отырған құбылысын, фактінің заңның айқын, материктер мен мұхиттарға нақты түсінік беру.

  2.   Дамытушылық: Оқушылардың жаңа білімді қорытындылау, жүйелеу, қабылдау, ойға сақтау қабілетінің жоғары деңгейіне жетуін қамтамасыз ету және дамыту.

  3. Тәрбиелік: Материктер мен мұхиттарға деген қызығушылықты тудыру, оның құрылымын өз бетінше зерттеуге баулу.

Сабақ түрі:  Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, проблемалық түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүние жүзінің картасы, атлас карта, суреттер, карточкалар

Сабақтың жоспары:

№

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

3.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

4.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпқа кіріп, оқушылармен  амандасып, оқушылардың зейінін тұрақтандырып, жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.

Жаңа сабақты түсіндіру: Материктерде құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұлан-ғайыр жазықтардың табиғаты, дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттерін жатқызамыз.

Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн.км-ге тең. Ол материктер мен мұхиттарға бөлінген. Құрлықты құрайтын материктер мен аралдар үлесіне шамамен 149,1 млн км немесе бүкіл Жер бетінің 29,2%-ы келеді.

Жер шарында барлығы алты материк бар. Материктер қалыптасуы мен қазіргі табиғат ерекшеліктеріне сәйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай тәртіппен қарастырылады: Еуразия (54 млн км астам), Солтүстік Америка (24,2 млн км), Оңтүстік Америка (18,3 млн км), Африка (30,3 млн км), Аустралия мен Мұхит аралдары (9,0 млн км-ге жуық), Антарктика (14 млн км). Материктерге таяу жағалаудағы қайраңдар мен материктік беткейлерде материктік аралдар орналасқан. Олар – жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен құрлықтың кейіннен бөлініп қалған бөліктері, көбінесе ауданы ауқымды келеді (Гренландия, Мадагаскар, Британ аралдары және т.б.). Мұхиттардың қозғалмалы бөліктерінде жанартаулық аралдар (Исландия, Гавай, Азор аралдары), ал судың беткі температурасы +25С-тан жоғары аймақтарында маржандық аралдар (Үлкен Аустрия Тосқауыл рифі, Маржан теңізінің аралдары) орналасқан. Аралдар жеке-дара және топ болып кездеседі, аралдар тобын архипелаг деп атайды. Жер шарындағы ірі архипелагтар қатарына Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы жатады.

Құрлық материктерге бөлінумен қатар, дүние бөліктеріне де жіктеледі. Дүние бөліктері дегеніміз құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар. Дүние бөліктері де алтау: Еуропа, Азия, Африка, («Ескі дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа Дүние»).

Жер шарының аса ірі материгі Еуразияны ежелгі грек географтары екі дүние бөлігіне ажыратқан. Бұл дүние бөліктері Месопотамияны мекендеген ежелгі халықтар – финикиялықтардың «эреб»-батыс, «асу»-шығыс деген сөздерінің негізінде Еуропа және Азия деп аталған. Кейінірек ашылған Солтүстік және Оңтүстік Америка материктері табиғат жағдайларының айырмашылықтарына қарамастан, біртұтас Америка дүние бөлігіне біріктірілген. Дүние бөліктерінің құрамына көршілес жатқан аралдар да енеді.

Дүниежүзілік мұхит. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы 316 млн км, бұл Жер беті ауданының 70,8%-ын құрайды. Ол материктер арқылы төрт мұхит айдынына бөлінеді: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттары.

Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы (11 022м). Мұхиттар құрлықтың бөліктерімен тығыз байланыста бола отырып, ондағы табиғат жағдайларының қалыптасуына зор ықпал жасайды.

Жаңа тақырыпты бекіту:

Сұрақ: Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 510,2 млн км²

Сұрақ: Жер шарында барлығы қанша материк бар және оларды ата?

Жауап:  6 материк, Еуразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктика

Сұрақ: Жер шарындағы ірі архипелагтарды ата?

Жауап: Канаданың Арктикалық архипелагы, Малайя архипелагы, Шпицберген архипелагы.

Сұрақ: Дүние бөліктері дегеніміз не?

Жауап: Құрлықтың ашылуы мен қоныстану ерекшеліктеріне сәйкес         шартты түрде ажыратылатын тарихи-географиялық ірі аймақтар

Сұрақ: Дүние бөліктері қанша және оларды ата?

Жауап: 6, Еуропа, Азия, Африка («Ескі Дүние»), Америка, Аустралия, Антарктика («Жаңа дүние»)

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

Жауап: 361 млн км²

Сұрақ: Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жерін ата және оның тереңдігі    қанма метр?

Жауап: Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы, 11 022 метр

 Қорытынды:        Қорытындылай келе,  материктер мен аралдар, дүние      бөліктерін және  дүниежүзілік мұхиттың маңызын ашып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §1. Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытады? оқу және кесін картаға материктер мен мұхиттарды түсіру.


Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың климаты.
Жалпы мақсаты: Оқушылардың Оңтүстік Американың климаты мен оны қалыптастырушы факторлары туралы түсінігін қалыптастыру; Негізгі және өтпелі климаттық белдеулер туралы білімдерін кеңейту; Оқушыларды климаттық картамен климатограммалармен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Міндеті: Оңтүстік Америка материгіндегі климат жағдайын рекордтық көрсеткіштер себебін анықтау; Ылғалды материк екенін дәлелдеу;
Сабақ түрі Жаңа сабақ
Көрнекілік Атлас, презентация, стикер,
Түйінді идеялар: • Оңтүстік Америка - ең ылғалды материк
• Солтүстігіне оңтүстігі қарағанда суықтау
• Мұхит жағалауында жер бетіндегі ең құрғақ жер – Атакама шөлі орналасқан, - 0, 8 мм
Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Көшбасшылық
• Психологиялық ахуал
• Оқушылардың климат белдеулері атымен 5 топқа бөлу
• Бағалау парақтарын үлестіру.
Теория бойынша: «Білу» (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? деген сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеу)
Бағалау:
1дұрыс жауап 5ұпай
Үй тапсырмасы: «Сиқырлы мозайка»
1. Оңтүстік Американың суы мол өзені
2. Дүние жүзіндегі ең ұзын тау
3. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама?
4. Оңт. Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі
5. Ориноко өзені қай жазық арқылы ағып өтеді?
6. Ең төмен жатқан нүктесі
7. Анхель сарқырамасы орналасқан өзен
8. Дүние жүзіндегі ең ірі эстуарийлік өзен сағасы?
9. Дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі
10. Кактус өсімдігінің шыққан жері
11. Өзен аңғарларымен қатты тілімденіп, мүжілуге ұшыраған үстірт
Теория бойынша:
«Түсіну» (Неге? Неліктен? Себебі?
Не үшін?)
Бағалау:
1дұрыс жауап 5ұпай
1. Ой шақыру:
1. Климаттық белдеулер қандай түрлерге бөлінеді? Негізгі және өтпелі
2. Ауа массалары деп нені айтамыз?
Белгілі бір аумақтағы бірдей қасиеттерге ие ( температурасы, ылғалдығы, мөлдірлігі) үлкен көлемдегі ауа жиынтығы
3. Қандай ауа массаларының түрін білесіңдер, олар қандай қасиеттерге ие?
Экваторлық - ылғалды және ыстық;
Тропиктік - ыстық және құрғақ;
Қоңыржай - ылғалды және салқын;
Арктикалық және антарктикалық - суық және құрғақ;
4. Климатты қалыптастырушы негізгі факторларды атаңдар?
Географиялық ендік, жер бедері, ауа массалары, мұхиттың ықпалы
2. Себебін анықтаңдар: Әр топқа 5 түрлі климатограмма ұсынылады, диаграммаға қарай отырып, өз тобының климаттық белдеуін анықтап, себебін түсіндіреді



Сабақтың тақырыбы:Оңтүстік Американың ішкі сулары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Оңтүстік Американың ішкі суларының аса маңызды ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушыларға өзендер мен көлдердің таралуына жер бедері мен климаттың байланыстылығын көрсете отырып, білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға адам өміріне ішкі сулардың пайдасы мен қандай зияны бар екенін тәрбиелік жолмен айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: ауызша баяндау, сұрақ қою

Көрнекілігі: Оңтүстік Американың физикалық картасы, слайд, суреттер, смайлик, видеоролик.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Мұғалім: Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?

Балалар: Оңтүстік Американың климаты, кескін картаға материктің климаттық белдеулерін және мұхит жағалауларындағы ағыстар жүйесін белгілеу.

Оқушылар үйге берілген тапсырма Оңтүстік Америка материгінің климаты бойынша мынадай әр климаттық белдеудің атауы жазылған кеспе таратамын. Дұрыс жауап  берген оқушыға смайлик беріледі. Сабақ барысында кім көп жинаса соған жақсы баға қойылады.

1-тапсырма.

1. Климат қалыптастырушы факторлар.

 2. Экваторлық климаттық белдеу

3. Субэкваторлық климаттық белдеу

4. Тропиктік климаттық белдеу

5. Субтропиктік климаттық белдеу

6. Қоңыржай климаттық белдеу.

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі

Жоспары:

1.Оңтүстік Американың өзендері

2.Көлдері      

Сендер Оңтүстік Америка жеріне жауын-шашынның мол түсетінін білесіңдер. Сондықтан Жер шарындағы ең беткі суға бай материк болып табылады.

Өзендері. Материктің батысындағы Анд таулары Атлант және Тынық мұхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мұхитына құяды. Атлант мұхитына және оның Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері құяды. Анд тауларынан басталатын Амазонка Жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысында өзен арнасы арқылы 1 сек-да 220 мың м³ су ағып өтеді. Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше есе артық. Амазонканың арнасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км-ге дейін жетеді. Өзен жаңбыр көп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар. Өзеннің 500-ден астам салалары бар, оларды суының түсіне қарай «ақ өзендер» (суында сазды жыныстар көп) және «қара өзендер» (суында шіріген өсімдік қалдықтары көп) деп атайды. Амазонканың деңгейі ірі және мол сулы оң жақ салаларының есебінен наурыз-сәуір айларында айрықша көтеріледі. Атлант мұхитындағы толысудың (ол қандай құбылыс?) әсерінен өзен суы 1,5-5 м-ге дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км-ден астам қашықтыққа кері ағады. Жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын бұл кері ағысты жергілікті үндістер амазуну (пороруку) деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан.

Амазонка мен оның салалары тіршілікке бай. Өзеннің суы тымық бөліктерінде өте ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін виктория-регия кездеседі. Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық –ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып арапаима және жыртқыш ұсақ пиранья балықтары, электрі су жыланы, тұщы су дельфині –иния, кайман қолтырауындары тіршілік етеді. Амазонка өзенінің жойқын күші мен оның алабындағы қорыс батпақтары, қалың ну ормандардың құпиясы әлі толық ашылмағандықтан адамдарға үрей мен қорқыныш туғызады.

Парана мен Ориноко да мол сулы өзендер қатарына жатады, олардың Амазонкадан басты айырмашылығы – су деңгейі маусымға байланысты өзгереді. Парана өзенінің су жинау алабы Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік беткейі мен Анд тауцлары аралығындағы жазықтарды қамтиды. Өзен басталар бөлігінде таулы үстірттен құлап ағатындықтан бірнеше сарқырамалар жүйесін қалыптастырады. Оның ең ірісі – Игуасу (биіктігі 72 м) 300 тармаққа бөліп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырамалардың бірі болып табылады. Парана орта және төменгі ағысында кең жайылып, баяу ағады, суының деңгейі мамыр айында көтеріледі. Ориноко өзені Гвиана таулы үстіртінен басталып, Ориноко ойпаты арқылы ағып өтеді. Атлант мұхитына құяр жерінде өзен сағасы үлкен атырау жасайды. Ориноко өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан. Бұл екі өзенде су қуатының мол қоры бар, сонымен қатар кеме жүзуіне қолайлы.

Анхель және Игуасу сарқырамасы видеороликтен көрсетіледі.

Тынық мұхитына Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тау арқылы үстіртті бөлігінің өзендері ішкі тұйық алапқа жатады.

Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі тектоникалық Титикака көлі орналасқан. Көл атауы аймара үндістерінің тілінде «қалайы алаңы» дегенді білдіреді. Бұл атау судың ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.

Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар. Материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі – Маракайбо. Оның түбінен мұнай өндіріледі.

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

1.«Алма ағашы» ойыны.   Слайд арқылы сұрақтар қойылады. Жауап берген оқушыға смайлик беріледі.

1. Оңтүстік Америка өзендері қандай алаптарға бөлінеді?

2. Материктің мол сулы, ірі өзендерін атаңдар.

3. Амазонканың жыл бойы сулы болуын немен түсіндіруге болады?

4. Амазонка өзенінде қандай тіршілік өкілдері кездеседі?

5. Титикака қандай көл қатарына жатады?

 2. «Суреттерді таны» ойыны. Слайдтан суреттер көрсетіледі.

 

Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама,  Оның құлау биіктігі – 1054 м.

(Анхель сарқырамасы)

 

 

Жер шарындағы ең мол сулы өзен.

(Амазонка өзені)

Жер шарындағы ең әдемі сарқырама құлау биіктігі – 72  м

(Игуасу сарқырамасы)

Көлдің бетінде қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан. Бұл қай көл?

(Титикака көлі)

 

 

Түбінен мұнай өндірілетін көл.

(Маракайбо көлі)

 

Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық –ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг болатын алып балық.

(арапаима балығы)

 Картамен жұмыс. «Географиялық домино» ойыны. Бұл ойында екі оқушы шығып, картадан өзендер мен көлдерді көрсетіп шығады.   

5. Сабақты қорытындылау кезеңі

 Енді оқушылар мына сөзжұмбақты шешейік.

 

7

 

 

4

 

6

Т

8

А

5

О

И

И

 

3

М

П

Р

Т

Г

1

2

П

А

О

И

И

У

А

М

А

З

О

Н

К

А

Н

А

Р

У

П

О

А

С

Х

Р

А

Н

О

К

К

У

Е

А

Н

У

 

О

А

 

Л

К

А

 

 

Ь

А

 

 

Й

Б

О

Сұрақтары:

1. Жер шарындағы ең биік сарқырама.

2. Оңтүстік Америкадағы лагуналық көл.

3. Суының деңгейі мамыр айында көтерілетін өзен.

4. Жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын бұл кері ағысты жергілікті үндістер не деп атайды?

5. Тұзды көл.

6. Анхель сарқырамасы орналасқан өзен.

7. Анд тауында орналасқан тектоникалық көл.

8. Құлау биіктігі 72 м, 300 тармақ болап ағатын сарқырама.

6. Үйге тапсырма беру кезеңі      

Мазмұндау. Кескін картаға Оңтүстік Американың  өзендері мен көлдерін түсіру.

7. Бағалау кезеңі

Смайлик арқылы оқушыларды бағалау


Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Американың өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесі

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере  отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.

ІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен,  кестемен,  электронды оқулықпен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.

ІІІ Тәрбиелік: Оқушыларға   Оңтүстік  Американың   қайталанбас тіршлік дүниесін қорғау және сақтау шараларын  түсіндіру барысында эстетикалық  және  экологиялық  тәрбие беру.

Көрнекіліктер: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, таратпа материалдар, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пысықтау, көрсетілімді әдіс.

Сабақ тың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

·         Сәлемдесу, сыныпты түгендеу

·         Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

·         Оқушылардың назарын  сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

Ішкі сулары

Географиялық диктант.

1.Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама – (Анхель )

2.Амазонкадағы ең ірі балық ұзындығы 4 м, салмағы 200кг (арапаима)

3.Түбінен мұнай өндірілетін көл – … (Маракайбо)

4. …  су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)

5.Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда  …  деп аталады. (Қалайы алаңы)

6. 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама – … (Игуасу)

7. Жазда кеуіп қалатын тұзды көл – … деп аталады.  (Поопо) 

Үлестірмелі материалдар:

ІІІ Өткен сабақты бекіту

ІV  Жаңа сабақтың мақсатын қою

V Жаңа сабақты түсіндіру

Сергіту сәті. Бейне -сюжет

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары  ажыратылады:

1.     Ылғалды экваторлық ормандар (гилея);

2.     Ауыспалы ылғалды (муссонды)  ормандар;

3.     Саванналар мен сирек ормандар;

4.     Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;

5.     Жалпақ жапырақты ормандар;

6.     Субтропиктік дала (пампа);

7.     Шөлейт және шөл;

8.     Анд тауларындағы биіктік белдеулер.

 

Табиғат зонасы

Табиғат жағдайы

Топырағы

Өсімдігі

Жануарлары

Ылғалды экваторлық ормандар(гилея)мен ауыспалы ылғалды ормандар(сельвас)

Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді

Қызыл-сары ферралитті

Ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі.

Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп

Саванналар мен сирек ормандарОриноко саваннасы –льянос, Бразилия саваннасы –кампас

 

Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.

Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады

Льяноста – пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.Кампоста –ағаштар аз, көбіне тікенекті  кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі.

Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы

Субтропиктік дала(пампа)

Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады.

Құнарлы шымды қызғылт топырақ

Пампа  шөбі, қоңырбас, қамыс

Пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер.Өзен жағаларында теңіз шошқасы, терісі бағалы саз құндызы мекендейді.

Шөлейт зонасы

Қиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды.

Сұр, қоғыр топырақ

Сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі.

Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы мен пума

 

Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде  температура 25-30°С-қа ауытқиды. Соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды – гаруаны қалыптастырады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін  тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Анд тауында ламаның жабайы түрі – викунья мен гуанако мекендейді. Ал жергілікті халық – альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

3500-3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік – Раймонд пуйясы өседі.

Кактустың шыққан жері – Бразилия таулы үстірті

VІ Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінігін тексеру

Дәптермен жұмыс: термин сөздерді дәптерге жазу

Гилея – Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары

Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония  ну орманы

Льянос – Ориноко саваннасы

Кампос – Бразилия саваннасы

Пампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала

Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»

Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.

Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш

VІІ Сабақты бекіту:

1.Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?

2.«Ғаламшардың өкпесі» деп қай аймақты айтады?

3.Льянос пен кампостың қандай айырмашылықтары бар?

4.Анд тауының символы деп қандай жануарларды атайды?

5.Амазония ормандарының қазіргі экологиясы туралы не айта аласың?

Семантикалық карта


Ылғалды экваторлық ормандар

Ориноко саваннасы

Бразилия саваннасы

«Ғаламшардың өкпесі»

Субтропиктік дала

Сельвас




+


Гилея

+





Льянос


+




Кампос



+



Пампа





+

 

VІІІ Сабақты қорытындылау

Картамен жұмыс:

1.      Оңтүстік Американың өсімдіктері мен жануарларының аттарын жазып шығыңыз.

2.      Оңтүстік Американың картасын құрастыр.

3.      Қалайы –вольфрам белдеуін тап.

4.      Берілген номенклатураны орнына қойып шығыңыз.

5.      Оңтүстік Американың ойпаттарын көрсет.

6.      Оңтүстік Американың  таулы қыраттарын белгіле.

7.      Оңтүстік Американың  шеткі нүктелерін тауып, картадан белгілеңіз.

VІІІ Үйге тапсырма:

Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын белгілеу.

Тақырыбы: Африка материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік:     Оқушыларды Африка материгімен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу және экономикалық байланыстарын анықтау.

            2.Дамытушылық:      Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

  1. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін, Отанын, жерін сүюге оны құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

 Жаңа сабақты түсіндіру:   

Географиялық орны. Африка оңтүстік жарты шар материктері қатарына енгенімен, оның көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда жатыр. Екі тропик шеңберінің аралығында орналасқандықтан материкке күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка Жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік тропик шеңбері кесіп өтетін материктің ең енді бөлігіне Сахара шөлі сәйкес келеді.

Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12 км-лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады.

Африка жағалаулары онша тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жэағалауында қолайлы қойнаулар аз, ірі шығанақтары-Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі түбек Сомали («Шығыс Мүйіс») орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшел, Маскарен аралдарының тобы жатады. Африканың батысында Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары мен Гвинея шығанағының аралдары орналасқан.

Атлант мұхитының сулары Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқылы Гвинея жылы ағысы өтеді, оған солтүстіктен Канар суық ағысы жалғасады. Гвинея ағысы оңтүстіктен суық сулар әкелетін Бенгел суық ағысымен араласып, тропик маңында күшін жояды. Жылы және суық ағыстар түйісетін Жасыл Мүйіс аралдары мен Ангола жағалауында мұхит суы тіршілікке өте бай келеді.

Жерорта теңізі жағалауы Сахарамен бірге жаз кезінде жоғары қысымды белдеу құрайтындықтан ыстық әрі құрғақ болады. Теңіздің материкке тигізетін қолайлы әсері тек қыста айқын байқалады. Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз аралығында Африка мен Еуразияны жалғастырып жатқан жіңішке Суэц мойнағы орналасқан.

Үнді мұхиты алабына енетін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарылыста орналасқан. Ол Дүниежүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды бөлігі, бұған теңіздің екі материктегі тропиктік шөлдер аралығында орналасуы және теңіз түбінде тұзды көлдерінің болуы әсер етеді.

Үнді мұхитының Сомали түбегі жағалауына Мадагаскар аралының солтүстігінен басталатын Сомали суық ағысы әсер етеді. Бұл жағалау экватор маңындағы орнына қарамастан Африкадағы ең құрғақ аудандар қатарына жатады.

Зерттелу тарихы. Африка туралы мәліметтер Еуразия халықтарына ерте кезден –ақ белгілі болған. Әсіресе оның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан ірі мемлекеттері туралы тарихи-географиялық деректер ежелгі грек және рим оқымыстыларының жазба еңбектері мен карталарында көп кездеседі.

ХІV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. 1497-99 жылдары Васко да Гама басқарған Португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған.

Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып-білуде ағылшын Давид Ливингстонның еңбегі өте зор.

ХІХ ғасырдың аяғында орыс ғалымы В.В.Юнкер Ніл өзені бойымен Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасап, материктің осы бөлігі туралы құнды мәліметтер жинады.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Африканың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар?

  2. Карта бойынша масштабты пайдалана отырып, Африканың 20ºш.б. бойымен ұзындығын және материктің Сахара шөліндегі ең енді бөлігін есептеңдер.

  3. Физикалық картаны пайдалана отырып, Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің ең терең жерлерін және су асты жоталарын анықтаңдар.

  4. Африка табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан қандай саяхатшыларды білесіңдер?

 Қорытынды: Қазіргі кезде Африканың ұлттық парктері мен қорықтарында көптеген елдердің ғалымдарының қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ғаламшардағы табиғаты ерекше аймақтар ретінде ЮНЕСКО-ның шешімімен «Биосфера Алтын Қорына» енгізілген Сахара шөлі мен Мадагаскар аралы халақаралық ұйымдардың қатысуымен жоспарлы түдде зерттелуде.

 Үйге тапсырма: §44-оқу. Кескін картаға Африка материгін түсіріп келу.

Тақырыбы:Африканың климаты.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды Африканың климатымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

            2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы   шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен жұмысты жандандыру

  1. Тәрбиелік:  Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін оята отырып, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі, пікір алмасу.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Африканың климат картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:   

Материктің дәл ортасы арқылы экватор сызығы кесіп өтетіндіктен Африканың басым бөлігі  жыл бойы күн сәулесін мол алады. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеде  жаз кезінде Күн сәулесі дәл төбеден тік түседі. Сондықтан материктің көпшілік бөлігінде жылдық орташа температура +20ºС –тан төмен болмайды. Жаз айларында солтүстік тропикті кесіп өтетін Сахара үстінде ауаның олрташа температурасы +35ºС, +40ºС-қа дейін көтеріледі. Ең салқын деп есептеледін қиыр оңтүстік жағалық жазықтардың өзінде ауаның орташа температурасы +8ºС –тан төмен түспейді.

Африка экватордың екі жағында орналасқандықтан екі жарты шарда маусымдық айырмашылық байқалады. Ең алдымен бұл айырмашылық әр жарты шардағы ылғалдың түсу мезгілі мен мөлшерінен көрінеді. Мысалы, шілді, тамыз айларында солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, жаңбырлы, қапырық ауа райы орнықса, ал оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, құрғақ ауа райы қалыптасады.

Климаттық белдеулер.  Африканың географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады.

Экваторлық белдеу Конго өзені алабының бойындағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалауы алып жатыр. Аумағы онша үлкен емес. Бұл белдеуге бүкіл жыл бойы ылғалды экваторлық ауа массалары әсер етеді. Ауа райы әдетте таңертең ашық болады, түске қарай жердің беті қатты қызуына байланысты ауа жоғары көтеріліп, бұлттар пайда болады.

Субэкваторлық белдеулер экваторлық белдеуден екі жарты шардың шамамен 20º ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды. Оңтүстік субэкваторлық белдеудің батыс шекарасы Бенгал суық ағысының әсерінен солтүстікке қарай ығысқан. Субэкваторлық климаттың экватор климатынан басты айырмашылығы – жауын-шашын мөлшерінің аздау болуы және оның жыл мезгілдеріне қарай түсуінен байқалады.

Тропиктік белдеулер материктің екі тропиктік шеңбер үстіндегі бөлігін қамтиды. Солтүстік тропиктік климаттық белдеу батыстан шығысқа қарай өте енді және аса зор Еуразия материгі мен көршілес орналасқан. Бұл белдеуге осында қалыптасқан тропиктік континенттік ауа массалары мен Еуразия үстінен құрғақ, ыстық ауа әкелетін пассаттар әсер етеді. Сондықтан белдеуде Жер шарындағы ең ыстық, ең құрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан. Мұнда күндіз ауаның орташа температурасы +40ºС және одан да жоғары көтеріледі. Құмның беті +70ºС-қа дейін қызады, керісінше түнде ауа мен жер беті тез суынады.

Субтропиктік белдеулер материктің солтүстік және оңтүстік шеткі бөліктерін қамтиды. Өтпелі белдеу болғандықтан мұнда жазада тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді. Солтүстік субтропиктік белдеу Жерорта теңізінің жағалауын алып жатыр. Температураның жыл мезгілдеріне қарай ауытқуы айқын байқалады.

 Жаңа сабақты бекіту:

  1. Африка материгіне қандай климаттық белдеулер тән? Олардың орналасуының қандай ерекшеліктері бар?

  2. Оқулық мәтінін пайдаланып, әр климаттық белдеуге тән басты белгілерді ажыратыңдар.

  3. Солтүстік және оңтүстік жарты шардағы бірдей климаттық белдеулердің айырмашылықтарын анықтаңдар.

  4. Климаттық карталарды пайдалана отырып, оқулық соңындағы жоспар бойынша Мадагаскар аралының климатын сипаттаңдар.

 Қорытынды: Қорыта келгенде, Африкада жыл бойы температураның жоғары болуы кофе, какао, құрма және майлы пальма сияқты бағалы тропиктік және цитрустар, шай, мақта тәрізді субтропиктік дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Материкте қоңыржай ендіктердің дақылдары да өсіріледі. Ылғал жетіспейтін аудандар қолдан суарылады.

 Үйге тапсырма:  Кескін картаға Африканың климатын түсіріп келу.



Сабақтың тақырыбы: Африка материгінің ішкі сулары

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: Африка материгінің ішкі сулары жөнінде түсінік беру,картадан өзен көлдерін тауып сипаттама бере білуді меңгеру.

Ә) Тәрбелік мәні:Оқушыларды тіршілік көзі суды қорғай,үнемдей білуге, табиғат байлықтарын қорғауға, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу

Б) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз ойын жеткізе білу қабілетін, сөйлеу мәдениетін, картамен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, картамен жұмыс жүргізу әдістері

Сабақты ұйымдастыру формасы: Блум жүйесі

Оқытудың формасы:Ұжымдық, жеке-даралап оқыту

Көрнекілігі: Африканың физикалық картасы, интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар.кесте.Электронды оқулық

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Кезекші мәліметі

Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасы

а) “Зымыран сұрақтар!” ойыны.

ә) Сәйкестендіру кестесі

а) “Зымыран сұрақтар!” ойыны.

1. Шеткі нүктелері дүниенің төрт бұрышына да бағытталған материк-Африка

2.Африкада қандай климаттық белдеулер қайталанады, қайсылары қайталанбайды?

Жауабы: Экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады олар: Субэкваторлық, тропиктік, Субтропиктік

3.Африка климатындағы басым ауа массаларын ата? Экваторлық,Қоңыржай,Тропиктік,Мұхит ағыстары

4.Жер шарындағы ең жоғары температура

Жауабы: +58ºС 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген.

5.Жауын шашын ең аз жауатын жер?

Жауабы:Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген.

6. Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері?

Жауабы:Ассаль көлінің деңгеі-153 м

7. Теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі-

Жауабы:Килиманджаро жанартауы биіктігі-5895 м

8. Қандай пайдалы қазбаларға бай?

Жауабы:Мыс, мырыш, уран, алмас, алтын, таскөмір, мұнай, газ

9. Бұл бұғаз Үнді мұхитының батыс бөлігінде, Африка мен Мадагаскар аралын бөліп тұрады. Ол жер бетіндегі ең ұзын бұғаз?

Жауабы:

10.Бұл канал теңіз көліктеріне Африканы айналып өтпей-ақ, Еуропадан Азияға тіке шығуға мүмкіндік береді, ол-

Жауабы:Суец


ә) Сәйкестендіру кестесі.

Климаттық белдеулер

Ерекшеліктері

А)Субтропиктік

1.Материктің солтүстік және оңтүстік шеткі нүктелерін қамтиды.

Ә)Тропиктік

2.Жазы ыстық (+28ºС), құрғақ, қысы біршама жылы (+10ºС), ылғалды болады.

Б)Субэкваторлық

3.Экваторлық белдеуден екі жарты шарда шамамен 200 ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды.

В)Экваторлық

4.Конго өзені алабының экватор бойындағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалаын алып жатыр.


5.Жерорта теңізінің жағалауын алып жатыр

6. Материктің екі тропиктік шеңбер үстіндегі бөлігін қамтиды. Солтүстігі батыстан шығысқа қарай өте енді және аса зор Еуразия материгімен көршілес орналасқан.

7.Жазда жиі-жиі құмды дауылдар-самум желдері соғады, аспан ылғи шаңытып тұрады.

8.Белдеуге жазда экваторлық, қыста тропиктік ауа массалары әсер етеді

9.Таңертеңгі ашық ау райы түстен кейін найзағайлы нөсерге ұласады. Күн күркіреп, бірнеше сағат нөсер жаңбыр жауып, кешке қарай ышылады.

10.Белдеуде Жер шарындағы ең ыстық, ең құрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан

А. 1,2,5.

Ә. 6,10, 7

Б.3,8

В. 4,9

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:

«Таза тақта» ойынын ойнай отырып бұрынғы оқығанымызды қайталап, еске түсіріп алайық.

Тақтаға шыққан оқушы кез-келген қағазға жасырылған сұрақты таңдай отырып жауап береді . Жасырылған сұрақ біткен кезде тақта тазаланады.

Бұрынғы оқыған ұғымдарын анықтау. Қысқаша диктант

1.Өзеннің басталатын жері

2.Өзеннің басқа өзенге, көлге, теңізге құятын жері

3.Негізгі өзен барлық салаларымен қоса

4.Құрлықтағы табиғи ойысқа жиналған су

5.Арна деп аталатын ойпаң арқылы ағатын су

6.Биіктен құлап ағатын өзен

7.Жер қыртысының жоғарғы бөлігіндегі сулар.

Жауаптары:

1.Бастау; 2. Саға; 3.Алабы; 4.Көл; 5.Өзен;

6. Сарқырама; 7.Жер асты сулары

Ішкі сулар

КөлӨзен

Батпақтар Мұздықтар

Жер асты сулары

Құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Африкадағы өзен жүйесінің неғұрлым жиі таралған жері-экватор маңы мен материктің оңтүстік шығыс бөлігі.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Африканың өзен алаптарын түсіндіру.

Ірі өзендердің көпшілігі Атлант мұхитына құяды.

Африканың ірі өзендері:

1. Ніл -Жер шарындағы ең ұзын өзен.

2.Конго (Зайр)- Экваторды екі рет кесіп өтетін Африка өзені ең мол сулы өзені, су жинау алабы мен суының молдығы жағынан дүние жүзінде Амазонкадан кейін екінші орын алады. Өзеннің ұзындығы-4320км.

3.Нигер

4.Замбези

5.Лимпопо

Африканың ірі көлдерінің барлығы дерлік Ұлы Шығыс Африка жарылысының бойында орналасқан. Сондықтан пішіндері көбіне созылыңқы болып келеді.

3.. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Африканың көлдерін түсіндіру.

Танганьика

Көлдерінің ең тереңі, ені 50-80 км, ұзындығы 650 км.

Виктория.

Африканың ең үлкен көлі

Тана

Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының өзен аңғарын бөгеуінен пайда болған.Одан Көк Ніл ағып шығады.

Чад

Қалдық көл.Солтүстік Африкада ежелгі су айдындарының орнында сақталып қалған.

ІV. Бекіту кезеңі:

  1. Семантикалық карта

  2. «Кескін картамен жұмыс»

  3. Ой толғаныс.

  4. Ең,ең,ең… ойыны

  5. «Озық ойлы» оқушы

  6. «Африка» сөзжұмбағы


Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

1.Семантикалық картамен жұмыс

Объектілер

көл

өзен

тау

шөл

мүйіс

түбек

Атлас



+




Сахара




+



Замбези


+





Чад

+






Намиб




+



Ніл


+





Сомали






+

Колахари




+



Ине





+


2. «Кескін картамен жұмыс»

Картаға өзен-көлдерді белгілеу.

3. Ой толғаныс.

«Көл» сөзіне ассоциациялық ой жиынын жасау. Жеке, жұппен, топпен.

4. Ең, ең, ең… ойыны

Ең ірі сарқырама Ең ірі көлі

Тугела. Биіктігі-993м Виктория, ауданы-68мың км²

Орташа тереңдігі-40 м.

Ең ірі аралы-Мадагаскар, ауданы-

590мың км²

Ең суы мол өзен Конго (Зайр), Ең терең көлі Танганьика,тереңдігі-1435м ұзындығы-Ұзындығы-650км, ені-50-80км

4320 км

5.«Озық ойлы» оқушы

Белгілі бір өзенге жоспар бойынша сипаттама беру.

Өзен аты:


1.Өзеннің материктегі орны, алабы


2.Өзен қайдан бастау алады, қайда құяды?


3.Өзеннің су жинау алабы


4.Өзеннің қоректену көздері


5.Шаруашылық маңызы


ҮІ Жаңа сабақты бекіту:

«Африка» сөзжұмбағы

Сұрақтары:

Үнді мұхиты алабының өзені (Замбези)

Африка деген сөз берберлердің қандай тайпасынан шыққан (Африги)

Гвинея шығанағына құятын өзен (Нигер)

Африканың ең үлкен көлі (Виктория)

Африканың ең мол сулы өзені (Конго)

Көк Ніл басталатын көл (Тана)








З

А

М

Б

Е

З

И

А

Ф

Р

И

Г

И


Н

И

Г

Е

Р



В

И

К

Т

О

Р

И

Я


К

О

Н

Г

О


Т

А

Н

А


Сұрақтар:

1.Африка өзендері қандай алаптарға бөлінеді?

2.Ол Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа қарай кесіп өтіп, Замбези өзенін зерттейді, Виктория сарқырамасын тауып, Конго өзені ағысын, Ньясса көлін сипаттап жазды. Ол 30 жыл Африкада тұрып, сонда қаза тапты. Бұл қай саяхатшы?

Жауабы:(Ағылшын саяхатшысы Давид Ливинхстон)

3. Көлдер неге Африканың шығысында шоғырланған?

4.Ежелгі мысырлықтар оны «киелі өзен» деп атаған және оған табынған, ол-

5.К.И.Чуковскийдің белгілі өлеңіндегі жолдарда Африкадағы тағы бір өзеннің аты аталады. Ол қандай өзен?

Айболит мініп бүркітке Оны күткен-гиппопотам

Ұшып келеді биікте —————дан, ————-дан.

6.Бұл өзеннің қай мұхит алабына жататынын анықта——————-

А) Бұл өзен ұзындығы мен алабының ауданы бойынша Конго мен Нілден кейін тұрады, алайда Жер бетіндегі ірі өзендердің қатарына жатады Нигер

Б)Африканың оңтүстігіндегі бұл өзеннің аты кемпірқосақтың жеті түсінің біреуімен үндес (орыс тілінде)————

5.Картадан көлдерді көрсет

Кескін карта түсіру.

Қорытынды.

Бағалау

VІІ. Үй тапсырмасы:

Африка материгінің ішкі сулары.

Кескін картамен жұмысты аяқтау.

ҮІІІ Оқушы еңбегін бағалау:

Сабақтың тақырыбы: Табиғат зоналары
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Оқушыларға табиғат зоналарымен таныстыра отырып, 
негізгіерекшеліктері мен маңызына тоқталып әр түрлі ұғымдар қалыптастыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын оята отырып, картамен жұмыс істеуге, өз бетімен шығармашылықпен шұғылдануыға дағдыландыру. 
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға табиғат зоналарымен таныстыра отырып, 
негізгіерекшеліктері мен маңызына тоқталып әр түрлі ұғымдар қалыптасады Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояна отырып, картамен жұмыс істеуге, өз бетімен шығармашылықпен шұғылдануыға дағдыланады. 
Түйінді идеясы:Әсем де,көркем Африка табиғаты. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері,жұмыс түрі: Сәйкестендіру тапсырмасы,сандар сөйлейді, "Екі түрлі түсініктеме күнделігі",Еркін жазу,кім тапқыр? 
Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б. 
Бағалау:Формативті бағалаудың 12 стратегиясы 
Сабақтың барысы: 
Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті 
Кіріспе 1.Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, бойларымен тұрғызып 3 топқа бөледі,сабаққа назарын аударады. 
1.Интерактивті тақтадан сәйкестендіру тапсырмасын орындатады, 
2.Сандар сөйлейді тапсырмасын орындатады,картамен жұмыс жасатады. 
3.Кескін карталарын жұп болып тексеріп,қателіктерін түзетеді,мұғалім жинап алады. 1.Оқушылар амандасады,сабаққа дайындалады топқа бөлінеді,топтық міндеттерін бөліседі. 
1.Интерактивті тақтадан сәйкестендіру тапсырмасын орындап,тапқан нысанды картадан көрсетеді. 
2.Сандар сөйлейді тапсырмасын орындайды,картадан көрсетеді. 
Кескін карталарын жұп болып тексеріп,қателіктерін түзетеді,мұғалімге жинап береді. 
Тұсаукеср Мұғалім таныстырылым көрсетіп ,түсініктеме беру арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашып,мақсатын оқушылармен айқындайды. 
1 "Екі түрлі түсініктеме күнделігі" тапсырмасын орындатады,жақсы орындаған оқушыларға дауыс беру арқылы бағалайды. 
Сергіту сәті "Африка әуені"табиғаты жайында таныстырылыммен. Екі түрлі түсініктеме күнделігі. 
Оқушылардан дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.) Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс 
Негізгі бөлім 
"Кім тапқыр "ойынынын ойнатады. "Кім тапқыр "ойыны ортаға топтан шыққан оқушы Африка жануарының бейнесін,пішінін,жүрісін салады ,қалғантоптың оқушылары оның қандай жануар болатынын тауып,қандай табиғат зонасында өмір сүретінін анықтайды.Мадақтаулар арқылы бағалау 
Қорытынды 1. Мұғалім сабақты қорытындылауға "Еркін жазу" тапсырмасын орындатады,сабаққа белсен араласқан оқушыларды атапөтіп,мадақтайды. 
2.Үйге тап-ма: Тақырыпты оқу.Кескін картамен жұмыс. Зоналық табиғат кешендеріне сипаттама тапсырмасын ізденіс арқылы орындайды. 
Еркін жазу. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады 
ІІІ.топ Сәйкестендір 
Ніл................................................өзен 
Мадагаскар.....................................арал 
Танганика.......................................көл 
Африги..........................................тайпа 
Кап...........................................тау 
Үнді................................................мұхит 
Тугела.......................................сарқырама 
Килиманджаро.........................жанартау 
ІV.топ Сандар сөйлейді 
1) 30,3 
2) 6671км 
3) 7-5 тонна 
4) 4-7 м 
5) -153 
6) 6000 
Зоналық табиғат кешендеріне сипаттама: 
р/с Зоналық табиғат кешенінің аты Топырағы Өсімдік жамылғысы Жануарлар дүниесі 
Шаруашылық маңызы Антропогендік процестер Экологиялық жағдайы Құрамды бөліктері (компоненттері) арасындағы байланыс 

Сабақтың тақырыбы: Аустралия Одағы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Аустралия Одағы туралы жалпы мәлімет алу және елдің шаруашылығының ерекшеліктерімен танысу;
2) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, берілген тақырып бойынша оқушылардың жан-жақтылығын арттыру;
3) Тәрбиелілік: Шапшаңдыққа, алғырлыққа, ұйымшылдыққа, белсендік көрсетуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, экономика, экология
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.
2) Үй жұмысын сұрау.
І. Аустралияның шеткі мүйістерін жаз.
Батыста – Стип - Поинт
Шығыста – Байрон
Солтүстікте – Иорк
Оңтүстікте – Саут - Ист - Поинт
ІІ. Сөзжұмбақ.
1. Муррейдің ірі саласы. Дарлинг
2. Ұшпайтын құс. Казуар
3. Ең биік нүктесі. Косцюшко.
4. Аустралияның эмблемасындағы құс. Түйеқұс
5. Кеуіп қалған өзен арналары. Крик
6. Жалқау, қалталы аю. Коала
7. Ұлттық парк. Улуру
8. Тасман аралындағы құс. Киви
9. Аустралияның эндемик ағашы. Акация
ІІІ. Аустралияның табиғат зоналарын атап, жаз.
1) Шөлейт және тропиктік шөл зонасы
2) Саванналар және сирек ормандар зонасы
3) Мәңгі жасыл ылғалды ормандар зонасы.
ІV. Бой сергіту.
Төменде берілген нысандарды картадан көрсету.
- Үлкен Тосқауыл Рифі
- Косцюшко тауы
- Виктория шөлі
- Карпентария шығанағы
- Сидней қаласы
- Мельбурн қаласы
- Эйр көлі
V. Мені тап.
Слайдта көрсетілген жануардың атын атап, қандай табиғат зонасында кездесетінін айту.
VІ. Геодиктант. Көп нүктенің орнына сөз қою.
● Материктегі.................. 75% - ы, ал жануарлардың... % - дайы тек қана Аустралияға тән.
●......... аралында ылғалды мәңгі жасыл ормандар басым.
● Орманда биіктігі 1, 8 метрге жететін, ұшпайтын......... құсы мекендейді.

VІІ. Кім жылдам?
В А Л П И Э К Т - Эвкалипт
Н С А А Н В А - Саванна
Е Г У К У Р Н - Кенгуру
О Ц К О С К Ш Ю - Косцюшко
Х Д А Е И Н - Ехидна
А Л А К О - Коала
Н О Г Д И - Динго
И В И К - Киви
М Э У – Эму
VІІІ. «Бұл не?» Төменде берілген сөздердің қандай нысана екенін, не мағына білдіретінін тауып айту.
Эйр
Муррей
Үлкен Суайрық жотасы
Жаңа Гвинея
Үлкен Тосқауыл Рифі
Динго
Вилли - вилли
Крик
Дарлинг
Эвкалипт
Коала
Налларбор
Куперс - Крик
Суккулент
Равенал
Скрэб
ІХ. Бәйге.
♦ Тропиктік шөл зонасында кездесетін шөлдер түрі.
♦ Оңтүстік жағалаудағы шөл.
♦ Налларбор шөлін кім, қашан ашты?
♦ Суккулентті өсімдіктер қандай өсімдіктер?
♦ “Аустралияның өлі жүрегі” деген не, ол қандай табиғат зонасында?
♦ Аустралия шөлінің Африка шөлдерінен айырмашылығы.
♦ Саванна зонасындағы топырақ түрі.
♦ Ормандар материктің қандай бөлігін алып жатыр?
♦ Тасман аралының жануарлары мен құстары.
♦ Аустралия гондваналық плита құрамында болғанын дәлелдейтін жағдайлар
♦ Эндемик деген не?
Жаңа сабақ:
Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасмания аралын бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр. Қазіргі кезде халық саны 21 млн. адамнан асады. Елдегі қала халқының үлесі 86% - дан асады. Мемлекеттің байырғы халқы аборигендер метистермен қосқанда халықтың 1%- ын құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің саны көп.
Аборигендер бір - бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200 - ден астам тайпалардан құралған. Аборигендар аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген.
Еуропадан қоныс аударған ағылшын ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты.
Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Тау - кен өнеркәсібі дамып, қалыптасқан. Машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібі өркендеген. Аустралия меринос қойларының саны жөнінен дүние жүзінде
1 - ші орында. Елдің оңтүстік - шығыс және оңтүстік - батыста бидай егіледі. Аборигендер бір - бірінен тілдік айырмашылықтары арқылы бөлінетін 200 - ден аса тайпалардан құралған. Олар экваторлық қар нәсілдің Аустралиялық тобына жатады. Өңі қара қошқыл, бұйра қара шашты, кең танаулы, қабақтары шығыңқы болып келеді. Аборигендер аңшылық кәсіпті жақсы меңгерген. Олардың ойлап тапқан аңшылық қаруы бумеранг деп аталады. Бумерангты лақтырса, нысанаға дәл тиеді, ал егер тимей қалса, аңшының қолына қайтып келеді.
Бекіту. Тест.
1. Аустралияның халық саны.
1. 19
2. 20
3. 21
2. Халықтың қанша пайызы қалада тұрады?
1. 85
2. 86
3. 86
3Мал шаруашылығынан шаруашылық түрі
2. 1. түйе
2. қой
3. кенгуру
4. Жерінің ауданы бойынша нешінші орында?
1. 4
2. 5
3. 6
5. Аустралия Одағын қандай ел бірлестігіне мүше
1) Ұлыбритания
2) Германия
3) Франция
Қорытынды. Бағалау
.

Сабақтың тақырыбы:Климаты. Өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға климат пен өзен көлдермен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Аустралия материгінің  физикалық  картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия – Жер шарындағы ең құрғақ материк. Материктің көпшілік бөлігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық, құрғақ климат тән. Аустралияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыстар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі.

Материктің оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетіндіктен күн сәулесі мол түседі. Тіпті бірдей ендіктерде жатқан Оңтүстік Африкамен салыстырғанда Аустралияда жазғы ауа температурасы жоғары болады. Бұл Аустралияның батыстан шығысқа қарай енді болуына байланысты. Материкте жаз айларының орташа температурасы +24ºС, +28ºС шамасында, ал ең жоғарғы температура (+52,8ºС) Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген. Қыста ауаның орташа температурасы +12ºС-тан +24ºС аралығында ауытқиды. Ал Аустралия Альпісінде ауа температурасының -20ºС-қа дейін төмендеуі байқалған. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқулары пассаттардың бағытына да әсер етеді.

Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстігіне қарай субэкваторлық, тропиктік, субторпиктік климаттық белдеулерді алып жатыр. Тек Тасман аралының оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай климаттық белдеуге енеді.

Өзендері мен көлдері. Климатының құрғақ болуына байланысты Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз. Материк жерінің жартысынан көп бөлігін (60%) қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кеуіп қалатын өзен арналары – криктер тән болады. Криктер сирек жауатын жаңбырдан кейін аз ғана уақыт суға толады. Олардың барлығы дерлік материк орталығындағы қалдық көлдерге құяды. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик.

Аустралия өзендері негізінен жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Тек Аустралия Альпісінен басталатын өзендер көктемгі еріген қар сулары есебінен де толығады. Бүкіл жыл бойына суы мол болатын өзендер Аустралияның жауын-шашын мол түсетін шығысында орналасған. Тынық мұхит алабына жататын бұл өзендер қысқа болғанымен ағыны қатты, шоңғалды болып келеді.

Аустралияда көлдер өте аз. Ертеректегі су айдынының орнында сақталып қалған қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында шоғырланған. Бұл көлдер өте таяз, суы тұзды болып келеді, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Ең ірісі – Эйр көлі.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Аустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Африкамен салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар.

  3. Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек?

  4. Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?

Қорытынды: Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Үйге тапсырма: §54-оқуға. Кескін картаға климаты мен өзен көлдерін түсіріп келу.


Сабақтың тақырыбы: «Мұхиттық аралдар»

Мақсаты: Мұхит аралдарына сипаттама бере отырып, оқушыларға аралдардың табиғаты, климаты туралы білім беру.

Міндеті:

А. Мұхит аралдарының зерттелуі, тұрмыс – тіршілігі, ірі аралдармен таныстыру

Б. Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

С. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру

Көрнекіліктер:

  • интерактивті тақта

  • кескін карта

  • глобус

  • физикалық карта

  • тірек – сызба

  • стикерлер

  • электрондық оқулық

  • кеспе кағаздар

  • А3 А4 қағаздары

  • Оқулық


Оқытудың нәтижелері:

  • Ойлаудың іске асуын белгілеп отырады;

  • Бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастырады;

  • Ақпаратпен ынталы жұмыс жасайталады;


Сабақ түрі: ашық сабақ

Қадамдар:

  • Үй тапсырмасын тексеру

  • Топпен жұмыс

  • Электронды оқулықпен жұмыс

  • Рефлексия

  • Бағалау

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

  • Ұйымдастыру

  • Сабаққа жұмылдыру

  • Топқа бөлу

  • Тапсырмаларды тарату

ОShape3 Shape1 Shape2

Айырма-

шылығы

қушының іс-әрекеті:

Ү

Мұхит

Теңіз

й тапсырмасын тексеру

1- тапсырма

1-топ. СТО «ВЕНН диаграммасы» әдісі


2-топ. СТО. «Кластер» әдісі


3-топ Картамен жұмыс

Тынық мұхитының зерреушілерін көрсету.


Сергіту сәті: Жанбырша биі


Жаңа сабақ тың мазмұнын ашу.

СТО «Мағынаны тану».

«Миға шабуыл»: а) мұхиттық аралдарға саяхат


2-тапсырма Диологтық оқыту

1-топ ә) кескін картамен жұмыс

Picture 2

2-топ Кілттік сөздер

Қара арал-

Ұсақ арал-

Көп арал-

Атолдар-

Папуас-

Маори-

3-топ

Мұхиттық аралдардың елдері мен халқын сипаттау.

Мұхит Аралдары – Тынық мұхиттың орталығы және оңтүстік-батыс бөлігіндегі аралдары тобы (10 мыңдай). Жері 1,3 млн км2. Аралдар Солтүстік жарты шардың субтропиктік (28° 25’ солтүстік ендік) және Оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктері (52° 30’ оңтүстік ендік) аралықтарында орналасқан. Ең ірі аралдары Жаңа Гвинея мен Жаңа Зеландия мұхит аралдары жерінің 80%-ын қамтиды. Бүкіл құрлықты дүние бөліктеріне бөлгенде мұхит аралдары Австралиямен қосылып айтылады. Халқы (Австралиясыз) 8 млн-дай

Мұхит аралдары Меланезия (батыстағы ең ірі аралдар), Микронезия (Меланезиядан солтүстегі ұсақ аралдар), Жаңа Зеландия және Полинезияға (қалған ұсақ аралдарының бәрі) бөлінеді. Рельефі және геологиялық құрылысы. Батыс Микронезия, Меланезия және Жаңа Зеландия аралдарының рельефі таулы, тілімделген. Ең биік жері Жаңа Гвинеядағы Джая тауы 5029 м. Вулкандық жыныстардан бұл ауданда басымы – базальт. Вулкандық аралдарға Гавай, Самоа, Маркиз, Кук (Оңтүстік), Тубуаи, Пасха т.б., маржанды аралдарға Маршалл, Каролин, Гилберт, Эллис, Токелау, Кук (Солтүстік), Феникс, Лайн, Туамоту, Науру, Ошен және басқа ұсақ аралдар жатады. Пайдалы қазындылардан маңыздылары – никель рудалары (Жаңа Каледония), фосфат (Науру және Рождество аралдары), мұнай (Жаңа Гвинея), алтын (Жаңа Гвинея, Фиджи), көмір (Жаң Зеландия), мыс (Бугенвиль).

Ашылу тарихы және зерттелуі. Дүние жүзін айналу сапары кезінде Ф.Магеллан Мариана аралдарын (1521), 1528-29 испандық А.Сааведра Молукка аралдарына барар сапарында Маршалл және Каролин аралдарын, оның отандасы А.Менданья (1568) Соломон, Маркиз аралдарын және Санта-Крус архипелагын (1959), А.Тасман (1642-43) Тасман, Жаңа Зеландия, Тонга және Фиджи аралдарын, Л.А.Бугенвиль (1767) Меланезия аралдарының бірқатарын ашты. Дж.Кук (1768-79) Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігіне алғаш сапар шегіп, Общество, Туамоту, Жаңа Гебрид, Жаңа Каледония, Тынық мұхиттың солтүстік бөлігінен Гавай аралдарын ашты. 19 ғасырда мұхит аралдарын ашуда және зерттеуде орыс жиһанкездері И.Ф.Крузенштерн, Ю.Ф.Лисянский, О.Е.Коцебу, В.М.Головнин, Ф.Ф.Беллинсгаузен, М.П.Лазарев, Ф.П.Литке және т.б. көп үлес қосты. Жаңа Гвинея халқының антропологиясы мен этногрофиясын орыс ғалымы Н.Н.Миклухо-Маклай зерттеді. Тарихи анықтама. Алғашқы қоныстанушылар (Аустралия халқының және Меланезиядағы ежелгі негр тектес тобының ата-тектері протоаустралоидтар) мұхит аралына Оңтүстік-Шығыс Азиядан бұдан 20-30 мың жыл бұрын, келесі толқын (Меланезия тұрғындарының көпшілігінің ата-тектері - протомеланезиялықтар) 5-6 мың жыл бұрын келген. Микронезия мен Полинезияны қоныстану б.з. 1-мың жылдығында жүзеге асырылды. 19 ғасырға дейін мұхит аралдары еуропалық мемлекеттердің назарынан тыс қалып келді. 19 ғасырдың 1-жартысында Жаңа Гвинеяның батыс бөлігін Нидерланд, 1840 ж. Жаңа Зеландияны Англия, 1842 ж. Маркиз аралдарын Франция отарлады. 1874 ж. Фиджиді Ұлыбритания, 1884 ж. Гвинеяның солтүстік-шығыс бөлігін Германия, 1898 ж. Гавай, Гуам аралдарын АҚШ басып алды. Ұзақ жылдарғы отаршылдарға қарсы жүргізген күрес нәтижесінде 1962 ж. Батыс Самао, 1963 ж. Батыс Ириан, 1968 ж. Науру, 1970 ж. Тонга, Фиджи тәуелсіздік алды. 1973 ж. Папуа – Жаңа Гвинеяның өзін-өзі толық ішкі басқаруы жарияланды.

Полинезия (поли... және nesos — арал) — Тынық мұхиттың орталық бөлігіндегі Мұхиттық аралдар құрамындағы аралдар тобы. Полинезияның құрамына Гавайи, Туамоту, Тонга, Самоа, Пасха, т.б. топаралдар кіреді. Климаты — экваторлық, тропиктік; пассат желдері басым

Микронезия, Микронезия Федеративтік Штаттары – Тынық мұхиттың батыс бөлігінде,Микронезия аралдары геология түзілу тегі жағынан әр түрлі: жанартаулық таулы аралдардан бастап, маржанды аралдарға дейін кездеседі. Кейбір аралдарда әрекеттегі жанартаулар бар.

Жаңа Зеландия - Тынық Мұхиттың оңтүстік-батыс жағында орналасқан екі (Солтүстік және Оңтүстік деп аталатын) аралдан, сонымен қатар басқа да ұсақ аралдардан (Стюарт, Чатам) тұратын ел. Жергілікті Маори ұлты Жаңа Зеландияны Аотиароа (Ұзын Ақ Бұлт Елі) деп атайды. Жаңа Зеландия қарамағына сонымен қатар Куук аралдары Найю (өзін-өзі басқарғанымен еркін құрамында); Токелау; Росс Тәуелділігі (Жаңа Зеландияның Антарктикадағы территориясы). Халқының басым бөлігі Еуропалықтар, ал ежелгі Маори тұрғындары ең ірі кіші ұлттардың бірі, Азиялықтар мен Маориге жатпайтын Полинезиліктер көбінесе урбанды аудандарда кезедеседі.


3-тапсырма СТО. «Проблемма қою» әдісі

Мұхиттық аралдардын ластануының алдын алу жолдары қандай?


ІV Бекіту.

«Синку – эй» стратегиясы

Сұрақтарға зат есім, сан есім, сын есім, етістік сөздер арқылы жауап беріледі.

  1. Мұхиттың орталық және оңтүстік – батысында шоғырланған аралдар тобы қалай аталады.( мұхит аралдары)

  2. Мұхит аралдарының саны қанша? ( 7 мыңнан астам)

  3. Мұхит аралдары экватордың екі жағында қандай белдеулер аралығын алып жатыр? (субтропиктік белдеуі мен қоңыржай белдеуі)

  4. Ірі аралдарды атаңыз? (Жаңа Гвинея, Гавай т.б)

  5. Тарихи – географиялық ерекшеліктеріне байланысты Мұхит аралдары қандай топтарға жіктеледі?

  6. Мұхит аралдарына алғаш өз зерттеулерін кім жүргізді?

  7. Пайда болу ерекшеліктеріне қарай жіктелуін атаңыз?

  8. Гавай аралындағы Мауна - Лоа жанартауыныңбиіктігі қанша? ( 4170м)

  9. Маржандық аралдар қандай екі топқа бөлінеді?

  10. Жаңа Гвинея аралында 12 жыл тұрып, өз зеттеулерін жүргізген орыс ғалымы?

  11. Жаңа Зеландия аралының халқының саны қанша?( 4.4 млн)

  12. Жерінің 16 % - ын қорықтар мен ұлттық парктер алып жатқан арал?

  13. Көп аралдар тобы қалай аталады?

  14. Маржандық аралдарға қандай аралдарды жатқызамыз? ( Маршалл, Каролин)

«Ойға тоқу« стратегиясы

А)« Мұхит аралдарының қалалары» сөзжұмбақ шешу:

  1. Мұхит аралдарындағы қала, АҚШ-ның 50-ші штаты болып табылады?

  2. Жаңа Зеландияның Солтүстік аралында орналасқан қала?

  3. Жаңа Зеландияның астанасы?

  4. Фиджи мемлекетінің астанасы?

  5. Тонга мемлекетінің астанасы?

  6. Самоа мемлекетінің астанасы?

  7. Мариана архипелагындағы қала?

  8. Ә)Кескін картамен жұмыс



Рефлексия «Басбармақ » әдісі

1-Түсіндім. 2-Түсінгендеймін . 3-Түсінбедім.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды бағалау.

Бағалау өлшемдері арқылы

Антарктика. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік:             Оқушыларды Антарктика. Материктің географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық:     Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік:            Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Географиялық орны. Ежелгі Гондвана материгінің құрамында бірге болғанына қарамастан, Антарктиканың қазіргі табиғат жағдайлары оңтүстік жарты шардың басқа материктеріне ұқсамайды. Ол айырмашылықтар материктің оңтүстік поляр аймағындағы орнымен байланысты түсіндіріледі. Антарктика басқа материктерден алшақ орналасқан, олардан орасан зор мұхит айдындары арқылы бөлініп жатыр. Антарктика жағалауындағы өте салқын мұхит сулары материкті айнала қозғалатын Батыс желдерінің шеңберлік ағыс жүйесін құрайды. Антарктикаға жалғасып жатқан Тынық, Атлант және Үнді мұхиттары суларының шеткі бөліктері негізгі мұхит айдындарынан осы шеңберлік суық ағыс арқылы бөлініп жатыр. Сондықтан мұндағы судың беткі температурасы мен тұздылығы, тіршілік дүниесі құрамы жағынан аталған мұхиттардан үлкен айырмашылық жасайды. Сондықтан Антарктика жағалауындағы мұхит сулары шартты түрде Оңтүстік мұхит деп аталады. Материк пен оның жағалауындағы теңіздер табанына дейін қалың қайраңдық мұздықтар құрсалған.

Ашылу және зерттелу тарихы. Антарктика – ең соңғы ашылған материк. Белгісіз оңтүстік жерлің бар екендігі туралы мәліметтер ертеден-ақ белгілі болған. Дегенмен еуропалық теңізшілердің осы бағытта жасаған көптеген саяхаттары сәтсіздіктерге ұшырап, мақсатына жетпеген. 1772-1775 жылдар аралығында ағылшын теңізшісі Джеймс Кук оңтүстік материкті іздеп, саяхатқа шыққан. Оңтүстік поляр шеңберін үш рет кесіп өткен Дж. Кук Антарктика жағалауына біршама жақындап барған, бірақ қалың мұздан әрі өте алмай кері қайтқан. Нәтижесінде ғалым егер материк табыла қалса, тек полюстің маңында ғана болуы мүмкін деген қорытынды жасаған. Куктың тұжырымдамаларынан кейін ұзақ уақыт оңтүстік материкті іздеуге ешкім әрекет жасаған жоқ.

Антарктиданың ашылуы мен зерттелуінде Ресей ғалымдарының үлесі зор. 1819-1821 жылдары Ф.Ф. Беллинсгаузен мен М.П. Лащзарев басқарған «Восток» және «Мирный» желкенді кемелерімен саяхатқа шыққан орыс экспедициясы Антарктика материгі жағалауына бес рет жақындап барып, көптеген аралдарды ашты. Экспедиция материк жағалауына тұңғыш рет тоқтаған 1820 жылдың 28 қаңтары Антарктиканың ашылған күні болып табылады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында АҚШ, Ұлыбритания, Аустралия, Норвегия және басқа көптеген елдер Антарктиданы зерттеу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырылды. Жүйелі зерттеулер Халықаралық геофизикалық жыл (1957-1958 жылдар) бағдарламасы негізінде Ресей мен 11 ел материк пен оның жағалауындағы аралдарда 57 база құрып, бірлесе жүргізуінен басталды.

Жаңа сабақты бекіту:

  • Жердің 99%-ын қалың мұз жауып жатыр, мұздың орташа қалыңдығы 1720 м-ге жуық, ең қалың жері 4300 м (Шмидт жазығы);

  • Антарктика – Жер шарындағы ең биік материк, оның мұз жамылғысымен қоса есептегендегі орташа биіктігі 2040 м;

  • Материктегі мұздың жалпы көлемі 24 млн км³, бұл дүние жүзіндегі тұщы су қорының 80%-ын құрайды;

  • Антарктика – Жер шарының суықтық полюсі, мұнда 1983 жылы ғаламшарымыздағы ең төмен температура (-89,2ºС) тіркелген;

  • Материктің ең биік нүктесі биіктігі 5140 м болатын Винсон тауы, ал теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Бентли ойысы (-2555 м);

  • Антарктикада сөнбеген жанартаулар бар, олардың ең ірісі Эребус жанартауы (3794 м);

  • Оңтүстік полюс үстінде таңның атуы мен күннің батуын жылына бір рет қана байқауға болады.

Қорытынды: қорытындылай келе, Антарктика табиғаты халықаралық заңдар негізінде қорғауға алынған. Сондықтан Антарктиканы ғылым мен бейбітшілік материгі деп атайды. Материк пен оның жағалауын зерттеген батыл да табанды, жігерлі де ер жүрек зерттеушілердің аттары олардың құрметіне қойылған жер атауларында мәңгілік сақталады. Антарктика табиғатын зерттеп-білу ғаламшарымызлағы тіршілік дамуының өткені мен болашағын түсінуге мүмкіндік береді.

Үйге тапсырма: §59-оқуға. Кескін картаға материті түсіріп келу.

Сабақтың тақырыбы Антарктиданың табиғаты

Сабақтың мақсаты

А) білімділік:Антарктиданың табиғаты ,климаты жағалауындағы тіршілік дүниесі жайлы білім алу.

Ә) тәрбиелік: пікірлерді тыңдай отырып сараптауға,

бағалауға тәрбиелеу.

Б) дамытушылық: шығармашылыққа,өз ойларын тиянақты талдап жеткізуге, дәлелдеу,ой-тұжырымдау салыстыру,негізгі мазмұнды ажырата білу,зерттеу қабілетін ашу.

Сабақтың түрі

аралас

Сабақтың типі

Жаңа білім беру.

Әдісі

Блум тассономиясы

Бағалау

Бірін –бірі бағалау,топтық бағалау,формативті бағалау

Көрнекіліктер

Антарктида картасы,органикалық дүниесі видео,суреттер,атлас т.б.

Сабақ барысы. І –кезең.

І Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сергіту.

2.Топқа бөлу.

Көпір тапсырмалары. Үй тапсырмасы.

Өткен сабақ бойынша тест тапсырмаларын аламын.

Бірін-бірі бағалау.

ІІ-кезең

Топтық жұмыс

Жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау.Мәтінді оқып шығу

Теория бойынша «Білу»(тақырып мазмұны бойынша Кім?Не?Қандай?Қалай?Нені?қашан?

Сияқты сұрақтарға жауа беретін толық ақпарат іріктеліну керек.

Оқушылар мәтінді оқып шығады.

Бос орынға қажетті сөздерді оқулықтан тауып жазыңдар.

  1. Антарктида мұзының орташа қалыңдығы…………….м , ең қалың жері…… м.

  2. Росс теңізі жағалауында сөнбеген …………… жанартауы орналасқан.

  3. Жер бедерінің ерекшелігіне қарай Антарктида …….. Антарктида және ……………….. Антарктида болып екіге бөлінеді.


Теория бойынша : «Түсіну»(Неге?Неліктен? Себебі?, Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына тереңдету үшін қойылады.

Себебін анықтаңдар.

1. Антарктиданы неліктен мұз құрсап жатыр?

2. Антарктида жағалауларына қарай неге ағынды желдер соғады?

3. Неліктен Антарктида материгінде тіршілік мұхит суымен байланысты?

Теория бойынша :

«Талдау»

1. Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

Тақырыптың басты идеясын 3.Ұқсастығы неде?жаз.

Венн диаграммасы арқылы Антактиданы өзіне жақын жатқан Аустралия материгімен салыстыр.

Тақырыптың басты идеясы неде?

Антарктида суықтық полюсі,түгел дерлік мұз құрсап жатыр. Онда тұрғылықты халық жоқ. Бұл ғылым мен бейбітшілік материгі.

«Жинақтау» (Қорытынды шығар,анықтама бер,тірек-сызба құрастыр,тақырыптың басты идеясын түсіндір)

Тақырыптың басты идеясын сызба түрінде постерге сызыңдар.

Практика бойынша : «Қолдану»

(оқулықпен жұмыс )Кескін картамен жұмыс.

1. Антарктида материгін кескін картаға түсіріңдер.

2. Антарктиданың Еуразия материгіне дейінгі қашықтығын өлшеңдер.

Практикасы : «Баға беру»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады)

Қалай ойлайсыңдар?

1. Антарктида материгіндеі мұздар ери қалса,онда қандай өзгерістер болар еді?

2. Егер сен болашақта зерттеуші немесе саяхатшы болсаң,материкте әлі толық зерттелмеген жерлерді зерттер ма едің?

Қорытындылау Бағалау

Теория бойынша : «Түсіну»(Неге?Неліктен? Себебі?, Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына тереңдету үшін қойылады.

Себебін анықтаңдар.

1. Антарктиданы неліктен мұз құрсап жатыр?

2. Антарктида жағалауларына қарай неге ағынды желдер соғады?

3. Неліктен Антарктида материгінде тіршілік мұхит суымен байланысты?

Теория бойынша :

«Талдау»

1. Салыстыр

2.Айырмашылығы неде?

Тақырыптың басты идеясын 3.Ұқсастығы неде?жаз.

Венн диаграммасы арқылы Антактиданы өзіне жақын жатқан Аустралия материгімен салыстыр.

Тақырыптың басты идеясы неде?

Антарктида суықтық полюсі,түгел дерлік мұз құрсап жатыр. Онда тұрғылықты халық жоқ. Бұл ғылым мен бейбітшілік материгі.

«Жинақтау» (Қорытынды шығар,анықтама бер,тірек-сызба құрастыр,тақырыптың басты идеясын түсіндір)

Тақырыптың басты идеясын сызба түрінде постерге сызыңдар.

Практика бойынша : «Қолдану»

(оқулықпен жұмыс )

Кескін картамен жұмыс.

1. Антарктида материгін кескін картаға түсіріңдер.

2. Антарктиданың Еуразия материгіне дейінгі қашықтығын өлшеңдер.

Практикасы : «Баға беру»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады)

Қалай ойлайсыңдар?

1. Антарктида материгіндеі мұздар ери қалса,онда қандай өзгерістер болар еді?

2. Егер сен болашақта зерттеуші немесе саяхатшы болсаң,материкте әлі толық зерттелмеген жерлерді зерттер ма едің?

Сабақтың тақырыбы: Материктің табиғаты 
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты:Оқушыларға Антарктида табиғаты, жер бедері, климаты, биоресурстары, пайдалы қазбалары жөнінде түсіндіру.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге топтық жұмысқа дағдыландырып,өзін-өзі реттеуге баулу. 
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға Антарктида табиғаты, жер бедері, климаты, биоресурстары, пайдалы қазбалары жөнінде түсінеді.Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге топтық жұмысқа дағдыланып,өзін-өзі реттеу жүзеге асады. 
Түйінді идеясы:Антарктида халықаралық қорғауға алынған аймақ. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері,жұмыс түрі: Жанды сұрақ,Джигсо,Соңғы 5 минут 
Ресурстар :Интерактивті тақта,ұялы телефон, оқулық, маркер шығу парағы,үлестірме қағазы т.б. 
Бағалау:Формативті бағалаудың 12 стратегиясы 
Сабақтың барысы: 
Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті 
Кіріспе Мұғалім амандасады оқушыларды түгендеп, ,сабаққа назарын аударады"Жүректен жүрекке" тренинг жүргізеді.Антарктида жануарларын құрастыру арқылы топқа бөледі. 
1.Жанды сұрақ Мұғалім алдын-ала сыныптағы жас ерекшелігі бар немесе тұйық оқушыларды жинап сұрақ қойғызып видеокамерамен түсіріп алады. 1.Оқушылар амандасады,сабаққа дайындалады.Оқушылар жүректен жүрекке тренинг арқылы ізгі тілек білдіреді. Топқа бөлінеді,топтық міндеттерді бөліседі. 
1.Кез-келген оқушы жанды сұраққа жауап бере алады,ал сұрақ қоюшы оған рахметін айтады,сынып қол шапалақтап құрмет көрсетеді. 
Тұсаукеср Мұғалім жаңа тақырыпты ашады. 
Мінезім сәл қаттылау 
Жақтарым да бар ғой бірақ жақсылау 
Мысалы менде ғалымдардың ғылыми 
Станциялары жұмыс жасайды бақылау. 
Жануарларым тюлень, теңіз мысығы, 
Пингвиндер,ақ аю менің қызығым 
электронды оқулықтан жаңа сабақты таныстырады,тақырыпты ашады,картамен, 
таныстырады.Қосымша сұрақтарына жауап береді. 
Мұғалім жаңа тақырыпты меңгеру үшін «ДЖИГСО» әдісін пайдалануды ұсынады Оқушылар тақпақты интерактивті тақтадан оқып,талдайды Ой қозғау стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап беріп ,тақырыптарды байланыстыра отырып,жаңа тақырыпты ашады, электронды оқулықтыкөреді ,карта мен таныс 
ады, қосымша сұрақтарын қояды. 
«ДЖИГСО» әдісі бойынша оқушылар мәтінді топқа бөлініп оқып, әрқайсысы өз тобына келгенде оқығанын айтып беруге тырысады. 
Негізгі бөлім 
Сергіту сәті пингвиндер биі 
1.Деңгейлік тапсырма 
2Антарктида материгін қорытындылау үшін геотапсырма орындатады. 
Оқушылар жеке тапсырмаларды орындап ,мұғалімге тапсырады 
Қорытынды 1. Мұғалім сабақты қорытындылауға соңғы 5 минут тапсырмасын жүргізеді,сабаққа белсене араласқан оқушыларды атап өтіп,мадақтайды. 
2.Үйге тап-ма: Тақырыпты оқу.Кескін картамен жұмыс 
Оқушылар соңғы 5 минут тапсырмасы бойынша сабақтан не алғанын ,нені білу қажеттілігін,оны қайдан алуға болатынын айтып қорытындылайды. 
Оқушылар кері байланыс жасайды 
Не ұнады:............................................ 
Не қиын болды: ................................ 
Тілегім: ............................................... 
Геотапсырма 
1. Антарктида жағалауындағы шартты түрдегі мұхит. 
2. Материктегі мұздың орташа қалындығы. 
3. Мұздың ең қалын жері. 
4. Оңтүстік поляр шеңберін 3 рет кесіп өткен ағылшын саяхатшысы. 
5. Оңтүстік полюске жеткен норвег саяхатшысы. 
6. Сөнбеген жанартауы. 
7. Материктің мұз астында жатқан бөлігі. 
8. Жер бедерінің ерекшелігіне қарай материк бөлінеді? 
9. Жазғы орташа температура. 
10. Жер шарының ең төмен температурасы. 
11. Жер шарының суық полюсі тіркелген стансасы. 
12. Күн сәулесін кері шағылыстыратын мұз жамылғысының мөлшері. 
13. Антарктида пингвиндерінің ең көп тарағаны. 
14. Салмағы 50 кг жететін пинвин. 
15. Жаз кезінде қардан босап, тез жылынатын жерлері. 
Жауаптың нұсқалары: 
1. 4300 м 
2. Руаль Амундсен 
3. Оңтүстік мұхит 
4. Батыс және шығыс Антарктида 
5. 1720 м 
6. -30 о С - 50 о С 
7. Джеймс Кук 
8. «Восток» 
9. Тасты Антарктида 
10. Адели 
11. Эребус 
12. Император 
13.(-89,2 о С) 
14. Антарктидалық шұраттар 
15. 90% 
Дұрыс жауаптары: 1- 3; 2-5; 3-1; 4-7; 5-2; 6-11; 7- 9; 
8-4; 9-6; 10-13; 11-8; 12-15 ; 13-10; 14- 12; 15-14. 
3 деңгей Оқулық мәтінін,ғаламторды,картаны пайдаланып , Антарктиданың жер бедері және материктің қазіргі жер бедерінің қалыптасуындағы ежелгі мұздықтың рөлі туралы жаз. 
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
 2 деңгей 
Антарктидалық шөл,шұраттар дегенді қалай түсінеміз ? 
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
 1 деңгей 
Неліктен Антарктида материгіндегі тіршілік мұхит суымен байланысты? 

Сабақтың тақырыбы:Мұхиттағы тіршілік дүниесі

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік Оқушыларға мұхиттағы тіршілік жайлы түсінік бере отырып, оның ерекшеліктері мен маңыздылығын және шаруашылықтағы алатын орны жайлы түсінік беру

 2.Дамытушылық: Картамен, атласпен, кескін картамен, оқулықпен, жұмыс дәптерлерімен жұмыс істей білуге, іздендіруге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік Оқушыларды білімділікке, ізденімпаздылыққа, саналылыққа, уақытты үнемдеуге, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер

Сабақтың жоспары:

№

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Дүниежүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер бабылуда. Мұхит суында тіршілікке қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариана шұңғымасында да жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтарда да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетінен тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, біржасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м-ге дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 т-ға дейін жететін алып киттер тіршілік етеді.

Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығару арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Тіршілік ету жағдайына байланысты мұхиттағы тіршілік дүниесі планктон (грекше «қалқыма»), нектон (грекше «жүзгіш») және бентос (грекше «тереңдік») деп аталатын 3 топқа бөлінеді.

Планктон ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі бір жасушалы балдырларда, әр түрлі қарапайымдардан, ұсақ шаяндардан, теңіз құрттарынан, ішек қуыстылардан және бақалшақтардан тұрады. Өсімдіктер планктоны – жануарлар планктонының негізгі қорек көзі. Мұхиттағы аса ірі сүтқоректілер (кит тәрізділер мен ескек аяқтылар) де планктонды азық етеді. Нектонды мұхит сулары мен оның беткі бөлігінде еркін жүзетін балықтар, теңіз сүт қоректілері, теңіз жыландары мен тасбақалар, ірі моллюскалар құрайды. Нектон неғұрлым ірі жануарлардан тұрады. Олардың жалпы биомассасы бентостың жиынтық массасынан 23 есе аз. Бентосты мұхит түбінде бекініп тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі құрайды. Олар мұхит түбінде тіршілік етуге бейімделген әр түрлі балдырлардан, теңіз шөптерінен тұрады.

Бентостағы тіршілік дүниесі селбесіп өмір сүруге бейімделген.

Дүниежүзілік мұхит суларында жануарлардың 150 мыңға жуық, өсімдіктердің 15 мыңнан астам түрі кездеседі, олар саны жағынан өте көп болуымен ерекшеленеді.

Зерттеулер ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктерімен жабдықталған қуатты ғылыми-зерттеу кемелерінің, мұхит түбінде жұмыс істейтін арнайы автоматты стансалардың, сондай-ақ жасанды Жер серіктерінің көмегімен жүргізіледі.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, мұхиттағы тіршілік дүниесімен таныстық.

Адамдар теңіздер мен мұхиттардың тіршілік дүниесін қандай мақсатта пайдаланатынын білдік.

Үйге тапсырма: §10 оқу. Мұхитта тіршілік ететін жануарлары мен өсімдіктерін толықтырып дәптерге жазып келу. Кескін картаға дүниежүзілік мұхиттағы баклыққа бай аудандарды анықтап, картадан көрсету


Тақырыбы: Беткі ағыстар. Мұхиттағы тіршілік

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Мұхит суының қалыптасуы, температурасы, тұздылығы, су массалары мен беткі ағыстары, олардың қалыптасуы мен таралу ерекшелігі туралы білім беру. Мұхит-Атмосфера-Материктер арасындағы су айналымы мен ауа қозғалысы нәтижесінде жүзеге асатын өзара байланысты ашу. Дүниежүзілік мұхиттың матерктердің климат жағдайына тигізетін әсерін ашып көрсету.

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Дүниежүзілік мұхит суларында тіршіліктің таралу ерекшелігі, мұхит табиғатын зерттеу жолдары, мұхит табиғатын қорғау шаралары туралы экологиялық білім беру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІІ

Ең алдымен мұғалім гидросфера дегеніміз не, оның құрамдас бөліктеріне не эжатады деген сұрақтарды қояды. Одан кейін дүниежүзілік мұхит деген не деген сұрақ қояды.

Сосын балаларды үш топқа бөледі. Бірінші топқа – Дүниежүзілік мұхит суы, екінші топқа – су массалары, беткі ағыстардың түрлері, үшінші топқа – мұхиттағы тіршілік дүниесі деген тақырыптарды бөледі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.

ІV

Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды.

Балалар климаттық белдеулерді картадан көрсетеді және негізгі беткі ағыстарды көрсетеді. Сосын параграфтар соңындағы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады.


VІ

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.


Үй жұмысы:

1. §10 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға дүниежүзілік мұхит суындағы негізгі беткі ағыстарды түсіру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.


Сабақтың тақырыбы: Мұхиттар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Дүниежүзі мұхиттары туралы түсініктерін қалыптастырып, оларды картадан, таба білуге және оларды бір-бірімен салыстыру.

Сабақтың міндеттері: 1.Дүниежүзілік мұхит және оның түрлеріне түсінік беру картадан көрсете білуге үйрету. 2. Мұхит ерекшеліктерін анықтау, оқушылардың қызығушылығын арттыру. 3.Картамен жұмыс істеу қабілетін дамыту және білімдерін тереңдету.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: жарты шарлар картасы, интерактивті тақта, глобус, атлас кескін карта

Сабақ түрі: аралас сабақ. Қолданылатын әдіс: сұрақ-жауап, тірек сызба. Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі 2 Үй тапсырмасын сұрау

3 Жаңа тақырып барысы 4 Бекіту кезеңі 5 Үйге тапсырма беру Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың тазалығын бақылау, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын сұрау № Сұрақ Жауап 1 Гидросфера- жердің қандай қабығы? Гидросфера жердің су қабығы 2 Гидросфераға не жатады? Гидросфераға мұхиттар, көлдер жер асты сулары , батпақ сулары және мұздықтар мен атмосферадағы су булары- жердің су қабығы гидросфераны құрайды . (грек сөзінен аударсақ гидро-су) 3 1литр теңіз суының құрамында неше грамм тұз болады ? (1 литр теңіз суының құрамында 35гр тұз бар, негізінен ас тұзы мен магний тұзының ерітінділері болады 4 Арасан дегеніміз не ? Емдік сулардың шығып жатқан жерін айтамыз) 5 Қазақстанда емдік қасиеті бар қандай жерлерді білеміз? (Сарыағаш, Алмаарасан, Қапаларасан, Барлық арасан, Жаркент арасан) 6 Грек мифологиясында су құдайын кім деп атайды? (Посейдон) 7 Римдіктерде су құдайын кім деп атайды Нептун 8 Табиғатта су қандай күйде кездеседі ? (табиғатта су үш күйде кездеседі бу, мұз,қатты). 9 Судың қандай қасиеті бар? (Су түссіз, мөлдір иісі дәмі жоқ. ұдайы ағып жатады) 10 Су адам денесінде, өсімдіктерде неше пайыздан тұрады Адам денесінің 65%-ын , ал өсімдіктерде бұдан да көп күнбағыс бір жазда 40 литр су сіңіреді, ал алма ағашы мұнда суды бір күнде сіңіреді 11 Суда еритін заттарды ата? суда еритін заттарды мұз, қант ,құм 12 Судың химилық формуласын ата ? (Н2 О ) (Н2 О ) Жаңа сабақ барысы :Үй тапсырмасымен байланыстыру. Материктердің аралығында орналасқан үлкен сулы алқаптарды мұхит деймізМұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен)..Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361, 1 млн шаршы шақырым немесе жер бетінің ¾ бөлігін алып жатыр. Дүние жүзі мұхиттарын төртке бөлінеді. Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит . Мұхиттардың ішіндегі ауданы және көлемі жағынан ең үлкені , ең тереңі Тынық мұхиты.Екінші Солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан Атлант мұхиты. Оңтүстікте орналасқан үнді мұхиты. Төртінші ауданы, көлемі жағынан ең кішкентайы , солтүстікте орналасқан Солтүстік мұзды мұхиты. Ендеше, балалар өлеңімізде айтылғандай, бүгінгі тақырыбымыз гидросфераның бір бөлігі мүхиттар. Бүгінгі сабақтың жоспары: 1. Дүниежүзілік мұхит және оның түрлері. 2.Мұхит суының температурасы. 3.Мұхит суының тұздылығы қандай? 4.Мұхиттағы ағыстар. 5. Мұхитта кездесетін пайдалы қазбалар. 6.Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай? 1 бағыт. Дүниежүзілік мұхит және оның түрлері. 1. Тынық мұхиты – ауданы жағынан ең үлкені. 2. Атлант мұхиты – ең созылыңқы және ең ерте игерілген. 3. Үнді мұхиты ең жылы әрі ең тұзды. 4. Солтүстік мұзды мұхит – ең кішісі, ең суығы. 2 бағыт. Мұхиттардың орташа температурасы. 1. Тынық мұхиты 19,4 ºС. 2. Атлант мұхиты 16,5 º С. 3. Үнді мұхиты 17,3 ºС. 4. Солтүстік мұзды мұхиты -1 ºС. 3 бағыт. Мұхит суының тұздылығы. 1. Мұхиттың суы тұзды және ішуге мүлдем жарамсыз. 2. Тұздылық санның мыңнан бір бөлігі – промиллемен өлшенеді. 3. 1 литрде 35 грамм тұз болады 4. Ең жоғарғы тұздылық Үнді мұхитында 36,5‰. Қызыл теңізде 41‰ 5. Ең төменгі тұздылық Солтүстік мұзды мұхитта 32‰ 6. Судың тұздылығы – еріген тұздардың 1 литр судағы граммен алынған мөлшері. 4 бағыт. Мұхиттағы ағыстар. 1. Жылы ағыстар картада қызыл түспен көрсетіледі. (Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты жылы ағыс- Гольфстрим) 2. Суық ағыстар картада көк түспен көрсетіледі. (Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс -Батыс желдер) 5 бағыт. Мұхиттағы пайдалы қазбалар. 1.Табиғи газ: Маңғыстау түбегінде. 2. Мұнай – парафин, бензин, гудрон, керосин. 3. Тыңайтқыштар – ауыл шаруашылығында пайдаланады. 4. Ас тұзы. 5. Құрылыс заттары – цемент, әктас. 6 бағыт. Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай? 1. Мұхитта 150мың жануар түрі мен 10000 балдыр кездеседі. 2. Мұхиттағы зерттеулерді ЮНЕСКО бақылайды. 3. Балықтар (теңіз мысығы, минтай, кашалот). 4. Өсімдіктері (теңіз капустасы, балдырлар). Мұхиттағы тіршіліктің таралуы қандай? (Слайд бойынша). Енді балалар, оқулықтың және атластың көмегімен кестені толтыру. Оқушылар топқа бөлініп жұмыс жасайды. Глобустан мұхитты табады, оқулықтан тақырыпты оқиды, жұмыс барысында талдауға салып, салыстырады, сараптама береді және олардан қорытынды шығарады. Слайд жұмысы (кесте мұхиттар) Мұхиттар. № Мұхиттың аты Қандай жарты шарда орналасқан Мұхиттың ең терең жері Қандай құрлықтардың жағалауын шайып жатыр Мұхиттың ерекшіліктері 1 Тынық мұхиты Батыс жарты шар 11022м Мариан шұңғымасы Еуразия, Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка Ауданы жағынан ең үлкені 2 Атлант мұхиты Батыс ,шығыс жарты шар 8742м Пуэрто – Рико шұңғымасы Еуразия, Африка , Солтүстік және Оңтүстік Америка Балыққа ең бай мұхит 3 Үнді мұхиты Шығыс Жарты шар 7209м Зонд аралдары Еуразия, Африка, Аустралия, Антарктида Ең жылы және тұзы жоғары мұхит 4 Солтүстік мұзды мұхиты Солтүстік жарты шар 5527м Гренландия теңізі Еуразия мен Солтүстік Америка Ауданы жағынан ең кішісі және ең суық мұхит Оқушылар тақтаға шығып тірек сызбаны қолдану арқылы жауап береді. Географиялық диктант. 1. Атлан мұхиты 2. Қызыл теңіз. 3. Солтүстік Мұзды мұхит. 4.Тынық мұхиты 5. Үнді мұхиты 1. Тұздылығы 42% болатын теңіз. 2. Көлемі жөнінен 2 –орын алатын мұхит. 3.7209м Зонд аралдары 4. 11022м Мариан шұңғымасы 5.Ең суық мұхит. Кім картаны жақсы біледі? (Географиялык объектілерді картадан көрсету.) 1. Батыс желдер ағысы. 2. Гольфстрим ағысы. 3. Тынық мұхиты. 4. Атлант мұхиты 5. Үнді мұхиты 6. Солтүстік мұзды мұхиты Кескін картамен жұмыс (кескін картаға мұхиттарды белгілеу) Географиялық орнын тап: Нүктенің орнына керекті сөзді жазу 1.Дүние жүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл жер бетінің ¾ бөлігі немесе______млн шқ тиеді. 2.____________-жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит. 3. Дүние жүзілік мұхиттың бөліктері бір-бірімен____________ арқылы жалғасады. 4.Мұхит ағыстарының түрлері: 1)-------------- 2)------------------ 4.Су айналымдары: 1) ________________2)______________ «Бәйге» ойыны. (Кім бірінші жауап береді?) «Ең ерекше» Өзіндік ерекшелігі Мұхиттың аты ең үлкен ең суық ең жылы ең ұзын ең кіші ең тұзды ең оңтүстіктегі ең солтүстіктегі ең тереңі ең ендісі жануарлар дүниесіне ең байы ең мұздысы ең аралы көп балық аулаудағы ең негізгісі Төмендегі елді мекендерге ең жақыны Астанаға Алматыға Сенің туған (тұрған) жеріңе Ең алыста орналасқан Астанадан Алматыдан Сенің туған (тұрған) жеріңнен Тынық Солтүстік мұзды Тынық Атлант Үнді Cолтүстік мұзды Үнді Солтүстік мұзды Тынық Тынық Тынық Солтүстік мұзды Тынық Атлант Солтүстік мұзды Үнді Атлант Тынық Тынық Тынық Бекіту кезеңі: 1. Мұхит дегеніміз не? 2. Мұхиттар жер бетінің неше пайызын құрайды?71% 3. Көлемі жағынан ең үлкен мұхитты ата? 4. Қай мұхит суының температурасы жылы? 5. Ең балыққа бай мұхитты ата? 6. Көлемі жағынан екінші мұхитты ата? 7. Тұздылығы жоғары теңізді ата? 8. Ең ауданы жағынан кіші мұхитты ата? 9. Ең тұздылығы төмен мұхитты ата? 10. Мұхитта қандай пайдалы қазбалар кездеседі? 11. Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты жылы ағысты ата? (Гольфстрим) 12. Ағыстар неше түрге бөлінеді?(жылы және суық) 13.Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағысты ата ( Батыс желдер) 14. Ең терең шұңғыманы ата? (Мариан) Қорытындылау кезеңі: Мұғалім: Сонымен, балалар бүгінгі тақырыбымызда мұхиттың түрлерімен, олардың тереңдігімен, қандай құрлық жағалауларын шайып жатқанын, мұхиттың түбімен, мұхиттағы кездесетін өсімдіктермен, жануарлармен, мұхиттағы болатын құбылыстармен таныстық.



Сабақтың тақырыбы

Беткі ағыстар, мұхиттағы тіршілік

Түрі, типі

Зерттеу сабағы, жаңа сабақты меңгерту

Сілтеме

Бағдарлама, интернет ресурстары, оқулық

Жалпы мақсаты

Жаңа сабақ бойынша білімдерін кеңейту, жаңғырту

Оқыту нәтижелері

Тақырыпты топпен жасау арқылы меңгереді, карталар бойынша сипаттама бере алады

Сабақтың негізгі идеясы

Оқушыларға ребус арқылы ой тасталады.Олар ойланып шешімін табады.ЖИГСО, концепцуалды кесте, венн диаграммасы арқылы жаңа сабақта топтық тапсырмалар беріліп, өздерінің атқарған жұмыстарына жауапкершілікпен өзара қарауларына ықпал ету

Сабақтың көрнекілігі

Электронды оқулық, интернет қорлары, бағдарлама, карта

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Уақыт

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, бағалау парағын тарату, сабаққа психологиялық ахуал орнату, топ ережесімен таныстыру, оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастыру

Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын әзірлеу, смайликтер бойынша топқа бөлініп отыру

2мин

Сабақтың мақсатымен танысу

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.Сабақтың мақсатын айқындау, оқушыларғы таныстыру.

Сабақтың мақсаты туралы пікірлерін айтады

1мин

Бағалау критерийлерімен танысу

Топқа алдын-ала таратылып қойған бағалау парағы беріледі.берілген тапсырмалар бойынша топ өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, суммативті бағалау

Бағалау критерийлерімен танысады

1мин

Қызығушылықты ояту

«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы ребус беріледі.Сол бойынша жаңа тақырыптың аты шығады.

Сынып болып құнды пікірлерді ортаға салады, талқылайды


3мин


Мағынаны ажырату кезеңі

Берілген тақырып бойынша мәтінді оқып негізін таба білуге бағыттайды, ЖИГСО әдісін пайдаланып оқушыларға бірін-бірі оқытуды ұсынады, қосымша материалдар береді.Сергіту сәтін ұйымдастырады.

Мәтінді оқып танысады, негізін табуға тырысады, ЖИГСО әдісі бойынша бір-біріне түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады.

10мин

Негізгі идеяны ашу

Сабақтың барысында негізгі идеяны ашу үшін оқушыларға бағыт беру, түрткі болу, жаңа тақырыпты талдауға, ой қорытуға, толықтыруға,нәтижеге жетуге жетелеу

Сабақ барысында негізгі идеяны ашу үшін жаңа тақырыпты талдайды,ой қорытады, нәтижеге бағыттайды.

5мин

Ой-толғаныс кезеңі

Венн диаграммасын толтыру

Жұмыс істеу кезінде беткі ағыстар, мұхиттағы тіршілік айырмашылығы мен ұқсастығын салыстыра алады,постер құрастырады.

5мин

Қорытындылау

Шағын тест арқылы кері байланыс жасау

Алған білімдерін нақты бағалау.Стикерлерге критерийлер бойынша ойларын жазу.

5мин

Бағалау

Бағалау критерийлері бойынша жүзеге асады.Суммативті бағаны қояды.

Бағалау өзара топтар,бірін-бірі және мұғалім тарапынан формативтік бағалау мен жиынтық бағалау арқылы жүргізіледі.

1мин

Үйге тапсырма

Кескін картамен жұмыс, тақырып соңында берілген сұрақтармен тапсырмалараға жазбаша жауап жазып келу

Оқушылар күнделіктеріне берілген тапсырманы азып алады

2мин


Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Мұзды және Атлант мұхиты.

Сабақтың мақсаты: Мұхиттардың географиялық орнын,

Пайдалы қазбаларын оқыту, тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру.

ппікірлерін айтады; топпен, өз бетімен жұмыстана алады;

Сабақ барысында қолданылатын жұмыс түрлері: Сергіту сәті, топтық жұмыс, постер қорғау, ассоциация жасау, әңгімелесу, диалог, талдау, кері байланыс.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Көрнекі құралдар : Компьютер, доп, маркер, карта, бағалау парағы, үлестірмелі материалдар.

Негізгі ресурстар: «Материктер мен мұхиттар географиясы оқулығы, қосымша интернеттен алынған материалдар, мұхиттар карталары, атлас карталары , энциклопедия.

Сабақтың барысы:

I. Сергіту сәті ( 3 минут) «Бүгін менің көніл күйім қандай?

Топқа бөлу: өзендер, көлдер, шығанақтар, бұғаздар ( төрт топқа бөліп отырғызу.

II.Қызығушылықты ояту

« Миға шабуыл» ( 10 минут)

Доп беру арқылы сұрақтар қойып, үй тапсырмасын бекіту. Допты қағып алу арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді.

1)1.Гидросфера дегеніміз не?

2. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы қанша?

3. Мұхит суының басты қасиеттері не?

4. Мұхит суының тұздылығы немен өлшенеді?

5. Д. Ж. Мұхиттағы тұздылықтың ең жоғары көрсеткіші қай жерде?

6. Мұхит суының шамамен қанша пайызын мұздықтар алып жатыр?

7. Мұздықтар қандай түрге бөлінеді?

8. Мұхиттағы тіршіліктің таралуына не себепші болды?

9. Не себепті мұхитты « тіршілік бесігі» деп атайды? Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай топтарға бөлінеді?

2). Ой шақыру.

« Су деген тіршіліктің қаны емеспе,

Су деген табиғаттың жаны емеспе,

Су жоқ жерде өмір жоқ , ол ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емеспе?!

Өлең жолдарында не туралы жазылғанын түсіндіреді, талдайды, жауап береді.

3) Оқушыларға алдын ала берілген тапсырмамен жұмыс

Сллтүстік мұзды мұхит пен Атлант мұхиты туралы рефераттарды тыңдау.

III. Мағынаны тану.( 10 минут)

4 топқа берілетін тапсырмалар:

  1. Мұхиттардың зерттелу тарихы;

  2. Тіршілік дүниесі

  3. Табиғаты

  4. Экологиясы.

Әр топ берілген тақырыпты талқылап, түсінгендерін талқылау парағына сурет салу немесе жазу арқылы түсіндіреді.

IV. Ой толғау. ( 15 минут)

Топтық жұмыс.

  1. Эссе жазу.

  2. Өлең шығару.

  3. Сурет салу.

  4. «Егер табиғатқа тіл бітсе, онда...........» деген тақырыпта өз ойларын ортаға салу.


V.Бағалау. ( 5 минут)

Критерийлерге қарап бағалаушылардың бағасымен танысып, өзінің бағасын шығару. Рефлексия парағын тарату. Инсерт әдісі. Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.

VI. Үйге тапсырма беру. ( 2 минут )

  1. Мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлар жайлы тың мәліметтер жазып келу.

  2. Шығармашылық жұмыс

«Келешекте мұхит қандай болады?»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
761
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі